Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.";
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан және жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;";
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;";
2) тармақшаның бесінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;";
50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"50) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдармен, астананың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып, бірыңғай индустрияландыру картасы бойынша жалпы үйлестіруді жүзеге асыру;";
53) және 54) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"53) өнеркәсіптік кластерлердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
54) өнеркәсіптік кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 54-1) тармақшамен толықтырылсын:
"54-1) жүйе құраушы кәсіпорындардың айналасындағы өнеркәсіптік кластерлерді мемлекеттік қолдау шараларының тізбесін, оларды ұсыну шарттары мен тәртібін әзірлеу және бекіту;";
71) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"71) өнеркәсіптік кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
86) тармақша алып тасталсын;
99-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"99-6) елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын және олардың үлгілік нысанын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
102) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"102) өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, өнеркәсіптік кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну;";
104) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"104) тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін беру және оның қолданысының күшін жою бойынша сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 104-1) және 104-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"104-1) өндірістік қуаттар теңгерімін бағалауды қалыптастыру;
104-2) өндірістік қуаттар теңгерімін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;";
140) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"140) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен және энергетикалық ресурстарды жылына бір жүз мың және одан көп тонна шартты отын көлемінде тұтынатын мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісімен ерікті негізде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы келісім жасасу;";
150) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 189-1) және 189-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"189-1) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумақтарында қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу тәртібін бекіту;
189-2) индустриялық аймақтарды салалық жоспарлауды келісу;";
мынадай мазмұндағы 205-1), 205-2) және 205-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"205-1) мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыруға жəне іске асыруға қатысу;
205-2) инвесторлармен жəне өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
205-3) инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу жəне олардың тиімділігін бағалау;";
334) және 335) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"334) елді мекендерді, өнеркәсіптік кешендерді және (немесе) басқа да шаруашылық объектілерін жобалауға және салуға астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының алдағы құрылыс учаскесінің астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы оң қорытындысын келісу;
335) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсаттарын келісу;";
395) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"395) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ерекше мәртебесі бар астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстық маңызы бар қаланың сәулет бейнесін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын келісу;";
446) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"446) елді мекендердің коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін басқару, пайдалану және дамыту кезінде астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;";
452-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"452-2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымдарының елді мекендерде бұрыннан бар активтерін кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарын субсидиялау кезінде астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асыру;";
452-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"452-5) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымдарының сарқынды суларды тазарту құрылысжайлары кешендерін салу және реконструкциялау жобаларын іске асыру үшін тартылған облигациялық қарыздарды өтеуге және оларға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарын субсидиялау кезінде астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асыру;";
518) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"518) өнеркәсіптік кластерлердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу;";
16-тармақтың 6-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасының Құрылтайында, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |