Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 12.04.2023 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 20.08.2026 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 12.04.2023 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | В. Школьник |
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 121 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 12.04.2023 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.
3. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың бағасы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады және ол:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетін шикі газ көлемінің бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалатын шикі газды өндіруге жұмсалған шығыстарды;
2) ұлттық операторға шикі газды өткізетін жерге дейін оны тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды;
3) он пайыздан аспайтын мөлшердегі рентабельділік деңгейін қамтиды.
4. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың бағасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады және ол:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетін шикі газ көлемінің бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалатын шикі газды өндіруге жұмсалған шығыстарды;
2) шикі газдан тауарлық газды өндіруге жұмсалатын шығыстарды;
3) ұлттық операторға тауарлық газды өткізетін жерге дейін оны тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды;
4) он пайыздан аспайтын мөлшердегі рентабельділік деңгейін қамтиды.
4-1. Заңның 15-бабының 4-1-тармағына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша өз қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өндіретін тауарлық газдың бағасы көрсетілген күнге дейін жер қойнауын пайдалануға арналған өзге келісімшарттар (лицензиялар) шеңберінде шикі газ өндіру жүзеге асырылмаған жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) қатысты:
1) ұлттық операторға тауарлық газды өткізудің болжамды орнынан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары жүйесі арқылы тасымалдауға арналған шығыстар;
2) тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан ұлттық операторға тауарлық газды өткізудің болжамды орнына дейін тасымалдауға арналған шығыстар;
3) ұлттық оператордың он пайызға дейінгі мөлшердегі рентабельділік нормалары шегеріле отырып, тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары мен тауарлық газдың экспорттық бағаларының орташа арифметикалық мәні негізге алынып, көмірсутектер кен орнын әзірлеу мен шикі газды қайта өңдеудің күрделілігі ескеріле отырып осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Осы тармақта көзделген тауарлық газдың бағасын айқындау тәртібі өз қызметін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған (берілген) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өндіретін тауарлық газдың осындай жер қойнауын пайдаланушының ұлттық операторға тауарлық газды өткізуінің жылдық көлемінің 2023 жылдың алдындағы қатарынан күнтізбелік бес жылдағы орташа арифметикалық мәнінен асатын көлемдеріне де қолданылады.
5. Заңның 15-бабының 6-тармағына сәйкес шикі және (немесе) тауарлық газды иеліктен шығаруды жүргізуге ниеті бар жер қойнауын пайдаланушылар уәкілетті органға мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газ бағасының құжатпен расталған есеп-қисаптарын алдағы жылдың 1 қаңтарынан кешіктірілмейтін мерзімде сараптамаға жібереді.
Бұл ретте оның шеңберінде ағымдағы күнтізбелік жылы шикі газды өндіру жоспарланған өткен жылғы 1 шілдеден кейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша осындай өндіру басталғанға дейін 2 айдан кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың бағасын бекіткен күнінен бастап оны күшіне енгізе отырып, жер қойнауын пайдаланушының қолда бар нақты деректері (бар болған жағдайда) мен жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған тиісті базалық жобалық құжаттың негізінде есептеулер ұсынылады.
6. Осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес айқындалатын, жоспарланатын кезеңге ұлттық оператор мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасы ұлттық оператор өткен күнтізбелік жылы сатып алған шикі және тауарлық газдың бағасынан он пайыздан аспайды.
| Мемлекеттің артықшылықты | |
| құқығы шеңберінде ұлттық | |
| оператор сатып алатын шикі | |
| және тауарлық газдың шекті | |
| бағасын айқындау қағидаларына | |
| 1-қосымша |
Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың шекті бағасын айқындау
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 20.08.2026 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық операторға шикі газды өткізген жағдайда, оның шекті бағасын жер қойнауын пайдаланушы мынадай формула бойынша есептейді:
Pc = Cp + TC + R мұндағы,
РС – мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың шекті бағасы, бір мың текше метрі үшін теңгемен;
Ср – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, бір мың текше метрі үшін теңгемен, ол алдыңғы күнтізбелік жыл үшін мына формула бойынша есептеледі:

СF – Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есептермен расталған, жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер бетіне шығарумен және оларды бастапқы өңдеумен (байытумен) тікелей байланысты алдыңғы күнтізбелік жыл үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай мен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, теңге;
Gp – алдыңғы күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газ өндіру көлемі, бір мың текше метр;
Op – алдыңғы күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай өндіру көлемі, тонна;
0,857 – шикі газдың бір мың текше метрін тоннаға ауыстыру коэффициенті;
r – 0-ден 1-ге дейінгі диапазондағы құндық коэффициент, ол мынадай формула бойынша айқындалады :
![]()
Gp – алдыңғы күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газ өндіру көлемі, бір мың текше метр;
Op – алдыңғы күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай өндіру көлемі, тонна;
AEPG – тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін, Қазақстан Республикасының шекарасындағы тауарлық газдың алдыңғы күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, бір мың текше метрі үшін теңгемен;
AEPо – тарифтердің негізінде айқындалатын, шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін, Қазақстан Республикасының шекарасындағы шикі мұнайдың алдыңғы күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, тоннасы үшін теңгемен;
*Ескертпе: шикі мұнай өндірілмеген жағдайда, r құндық коэффициенті 1-ге тең;
ТС – тарифтер негізінде айқындалатын, шикі газды ұлттық операторға өткізудің жоспарланатын орнына дейін тасымалдау шығыстары, бір мың текше метрі үшін теңгемен;
R – ұлттық операторға N % мөлшеріндегі шикі газды өткізу кезіндегі жер қойнауын пайдаланушының рентабельділігі, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
R = Cp x N мұндағы,
N – жер қойнауын пайдаланушы белгілейтін, бірақ 10 пайыздан аспайтын мән.
| Мемлекеттің артықшылықты | |
| құқығы шеңберінде ұлттық | |
| оператор сатып алатын шикі | |
| және тауарлық газдың шекті | |
| бағасын айқындау қағидаларына | |
| 2-қосымша |
Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың шекті бағасын айқындау
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 20.08.2026 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық операторға тауарлық газды өткізген жағдайда, оның шекті бағасын жер қойнауын пайдаланушы мынадай формула бойынша есептейді:
PC = Cp * r1 + [CRE + TC] x r2 + R мұндағы,
Рс – мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың шекті бағасы, бір мың текше метрі үшін теңгемен;
Ср – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, бір мың текше метрі үшін теңгемен, ол алдыңғы күнтізбелік жыл үшін мынадай формула бойынша есептеледі:

СF – Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есептермен расталған, жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылы үшін жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер бетіне шығарумен және оларды бастапқы өңдеумен (байытумен) тікелей байланысты, алдыңғы күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай мен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, теңге;
Gp – алдыңғы күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газ өндіру көлемі, бір мың текше метр;
Op – алдыңғы күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай өндіру көлемі, тонна;
0,857 – шикі газдың бір мың текше метрін тоннаға ауыстыру коэффициенті;
r1 – 0-ден 1-ге дейінгі диапазондағы құндық коэффициент, ол мынадай формула бойынша айқындалатын:
![]()
Gp – алдыңғы күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газ өндіру көлемі, бір мың текше метр;
Op – алдыңғы күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай өндіру көлемі, тонна;
AEPG – тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін, Қазақстан Республикасының шекарасындағы тауарлық газдың алдыңғы күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, бір мың текше метрі үшін теңгемен;
AEPo – тарифтердің негізінде айқындалатын, шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін, Қазақстан Республикасының шекарасындағы шикі мұнайдың алдыңғы күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, тоннасы үшін теңгемен;
*Ескертпе: шикі мұнай өндірілмеген жағдайда, r1 құндық коэффициенті 1-ге тең;
CRE –алдыңғы күнтізбелік жылы өндірілген шикі газдан тауарлық газ өндірудің өзіндік құны, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
![]()
СFG – Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есептермен расталған, жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылы үшін жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын, шикі газды өңдеуге тікелей байланысты және мұнай мен шикі газ өндірудің өзіндік құнының құрамына кірмейтін, алдыңғы күнтізбелік жылы шикі газды өңдеудің жалпы өзіндік құны, бір мың текше метрі үшін теңге;
QG – тауарлық газ өндіру көлемі, бір мың текше метр;
QCG – өңдеуге жіберілген шикі газдың көлемі көлемі, бір мың текше метр;
ТС – табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтер негізінде айқындалатын, тауарлық газды ұлттық операторға оны өткізудің жоспарланатын орнына дейін тасымалдау шығыстары, бір мың текше метрі үшін теңгемен;
r2 – бірнеше көрсеткішті көрсететін коэффициент;
газ өндіру көлемі;
тауарлық газ сапасы;
газ өндіру көлеміне қосымша өнім (сұйытылған мұнай газы) өндіру көлемі, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
r2 = r2.1*r2.2* r2.3 мұндағы,
r2.1 – алдыңғы күнтізбелік жылдағы газ өндіру көлемінің коэффициенті, мынадай диапазондарда есептеледі:
газ өндіру көлемі 1000 млн м³ дейін болғанда коэффициент 0,7-ге тең;
газ өндіру көлемі 1000 млн м³-тен 2000 млн м³-ке дейін болғанда коэффициент 1-ге тең;
газ өндіру көлемі 2000 млн м³-тен 3000 млн м³-ке дейін болғанда коэффициент 2-ге тең;
газ өндіру көлемі 3000 млн м³-тен 4000 млн м³-ке дейін болғанда коэффициент 4,5-ке тең;
газ өндіру көлемі 4000 млн м³-тен асқанда коэффициент 5,7-ге тең;
r2.2 – тауарлық газ сапасының коэффициенті, мынадай формула бойынша есептеледі:
r2.2 = r2.2.1*r2.2.2*r2.2.3* r2.2.4*r2.2.5*r2.2.6*r2.2.7*r2.2.8 мұндағы,
Негізгі көрсеткіштер (ҚР СТ 1666 "Магистральдық газ құбырлары арқылы жеткізілетін және тасымалданатын жанғыш табиғи газдар. Техникалық шарттары" бойынша нормаланады):
r2.2.1 – күкіртсутек массасының коэффициенті, г/м³, мынадай диапазондарда есептеледі:
0,007 нормадан асып кеткен жағдайда коэффициент 0,7-ге тең, 0,007 норма шегінде болғанда коэффициент 1-ге тең;
r2.2.2 – меркаптанды күкірт массасының коэффициенті, г/м³, мынадай диапазондарда есептеледі:
0,016 нормадан асып кеткен жағдайда коэффициент 0,7-ге тең, 0,016 норма шегінде болғанда коэффициент 1-ге тең;
r2.2.3 – ылғалдағы шық нүктесінің С коэффициенті, мынадай диапазондарда есептеледі:
қоңыржай макроклиматтық аудан үшін 1 мамырдан бастап 30 қыркүйекті қоса алған кезеңде нормадан минус 3 асып кеткен жағдайда коэффициент 0,7-ге тең, норма минус 3 шегінде болғанда коэффициент 1-ге тең;
қоңыржай макроклиматтық аудан үшін 1 қазаннан бастап 30 сәуірді қоса алған кезеңде нормадан минус 5 асып кеткен жағдайда коэффициент 0,7-ге тең, норма минус 5 шегінде болғанда коэффициент 1-ге тең;
суық макроклиматтық аудан үшін 1 мамырдан бастап 30 қыркүйекті қоса алған кезеңде нормадан минус 10 асып кеткен жағдайда коэффициент 0,7-ге тең, норма минус 10 шегінде болғанда коэффициент 1-ге тең;
суық макроклиматтық аудан үшін 1 қазаннан 30 сәуірге дейінгі кезеңде нормадан минус 20 асып кеткен жағдайда коэффициент 0,7-ге тең, норма минус 20 шегінде болғанда коэффициент 1-ге тең;
r2.2.4 – төменгі жану жылуының коэффициенті, МДж/м³, мынадай диапазондарда есептеледі:
мәні кемінде 32,5 болған кезде коэффициент 1-ге тең, мәні кемінде 32,5 болған кезде коэффициент 0,7-ге тең;
Қосалқы көрсеткіштер:
r2.2.5 – метан құрамының коэффициенті, моль %, мынадай диапазондарда есептеледі:
92-ден кем болғанда коэффициент 0,85-ке тең, 92-ден жоғары болғанда коэффициент 1-ге тең;
r2.2.6 – этан құрамының коэффициенті, моль %, мынадай диапазондарда есептеледі:
нормадан 6 асып кеткен жағдайда коэффициент 0,85-ке тең, норма 6 шегінде болғанда коэффициент 1-ге тең;
r2.2.7 – – пропан құрамының коэффициенті, моль %, мынадай диапазондарда есептеледі:
нормадан 3 асып кеткен жағдайда коэффициент 0,85-ке тең, норма 3 шегінде болғанда коэффициент 1-ге тең;
r2.2.8 – азот құрамының коэффициенті, моль %, мынадай диапазондарда есептеледі;
нормадан 2 асып кеткен жағдайда коэффициент 0,85-ке тең, норма 2 шегінде болғанда коэффициент 1-ге тең;
r2.3 – алдыңғы күнтізбелік жылғы қосымша өнім бойынша коэффициент (сұйытылған газды өткізуден түскен кірістің газ өндіру көлеміне қатынасы), бір мың текше метрі үшін теңгемен, мынадай диапазондарда есептеледі:
мәні 5000-нан көп болғанда коэффициент 0,7-ге тең, мәні 5000-нан аз болғанда коэффициент 1-ге тең;
R – ұлттық операторға N % мөлшерінде тауарлық газды өткізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының рентабельділігі, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
R=(Cp+CRE)хr1хN мұндағы,
N – – жер қойнауын пайдаланушы белгілейтін, бірақ 10 пайыздан аспайтын мән.
| Мемлекеттің артықшылықты | |
| құқығы шеңберінде ұлттық | |
| оператор сатып алатын шикі | |
| және тауарлық газдың шекті | |
| бағасын айқындау қағидаларына | |
| 3-қосымша |
Көрсетілген күнге дейін жер қойнауын пайдалануға арналған өзге де келісімшарттар (лицензиялар) шеңберінде шикі газ өндіру жүзеге асырылмаған жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша өз қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өндіретін тауарлық газдың бағасын, сондай-ақ 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған (берілген) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша өз қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өндіретін тауарлық газ көлемдерінің, осындай жер қойнауын пайдаланушының ұлттық операторға 2023 жылдың алдындағы қатарынан бес күнтізбелік жылдағы тауарлық газды өткізудің жылдық көлемінің орташа арифметикалық мәнінен асатын көлемдерін айқындау
Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 12.04.2023 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 20.08.2026 № 310-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық операторға тауарлық газды өткізген жағдайда, оның бағасын жер қойнауын пайдаланушы мынадай формула бойынша есептейді:
PC = [70%] * (Pэкспорт – MHO – Tэкспорт – Tinvest) * Cij + [30%] * Pвнутр .
мұндағы,
PC – мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын, көрсетілген күнге дейін жер қойнауын пайдалануға арналған өзге де келісімшарттар (лицензиялар) шеңберінде шикі газ өндіру жүзеге асырылмаған жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша өз қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өндіретін тауарлық газдың, сондай-ақ 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған (берілген) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша өз қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өндіретін тауарлық газдың, осындай жер қойнауын пайдаланушының ұлттық операторға 2023 жылдың алдындағы қатарынан бес күнтізбелік жылдағы тауарлық газды өткізудің жылдық көлемінің орташа арифметикалық мәнінен асатын көлемдерінің бағасы, бір мың текше метрі үшін теңгемен;
Pэкспорт – ұлттық оператордан алынатын мәліметтер негізінде айқындалатын Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен шекарасындағы тауарлық газдың ағымдағы экспорттық бағасы, бір мың текше метрі үшін теңгемен;
Pвнутр – ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің ағымдағы күнтізбелік жылға бекітілген шекті бағаларының орташа арифметикалық мәні, бір мың текше метрі үшін теңгемен;
MHO – жер қойнауын пайдаланушыдан Қытай Халық Республикасы шекарасына дейін магистральдық газ құбырлары жүйесі арқылы тауарлық газды тасымалдау шығыстарын шегере отырып, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен шекарасындағы тауарлық газдың ағымдағы экспорттық бағасының 10%-ына дейінгі ұлттық оператордың рентабельділігі, мың текше метрі үшін теңгемен;
Tэкспорт – тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қытай Халық Республикасы шекарасына дейін магистральдық газ құбырлары жүйесі арқылы тасымалдау шығыстары, мың текше метрі үшін теңгемен;
Tinvest – табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын тауарлық газды ұлттық операторға өткізудің жоспарланатын орнына дейін тасымалдау шығыстары, бір мың текше метрі үшін теңгемен;
Cij – кен орнын игерудің күрделілік коэффициенті:
егер кен орны "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 36-бабының 1-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген параметрлерге сәйкес келмесе, онда кен орнын игерудің күрделілік коэффициенті 0,8-ге тең;
егер кен орны "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 36-бабының 1-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген параметрлердің біріне сәйкес келсе, онда кен орнын игерудің күрделілік коэффициенті 1-ге тең.
Егер 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша ұлттық операторға тауарлық газды өткізу қатарынан бес күнтізбелік жылдан аз уақыт жүзеге асырылса, онда осындай өткізу кезеңі үшін ғана жылдық көлемнің орташа арифметикалық мәні қолданылады.


