Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 111) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылықты жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалудың бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 15 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
________________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 13 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
________________ В. Школьник
2015 жылғы 13 қаңтар
| Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығымен бекітілген |
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.04.2020 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 111) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер туралы заң) әзірленіп жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру тәртібін және "Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидалардың қолданысы жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалану үшін қолданылады.
3. Осы Қағидалардың қолданысы қорғаныс және азаматтық өнімге жататын жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға қолданылмайды.
4. "Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.09.2025 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.09.2025 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2) рұқсат - лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растау;
3) жарылғыш зат - белгілі бір жағдайларда сыртқы әсерлердің әсерінен жылу мен газ тәрізді өнімдердің көп мөлшерін бөле отырып, тез өздігінен таралатын химиялық айналуға (жарылысқа) қабілетті конденсацияланған химиялық зат немесе осындай заттардың қоспасы;
4) жарылғыш зат негізіндегі бұйым - өздігінен немесе басқа жарылғыш заттармен бірге дайындалған түрде пайдалануға арналған қабықшаға немесе онсыз жасалған соңғы мөлшердегі жарылғыш заттың жинақы массасы.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.09.2025 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
6. Мемлекеттік қызметті алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жолдайды www.egov.kz (бұдан әрі-портал):
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жарылыс жұмыстарын қауіпсіз орындау шарттарын, бөлшектердің ұшуы бойынша қауіпсіз арақашықтықтарды, соққы ауа толқынының әсерін, жарылыс кезіндегі улы газдардың әсерін, сейсмикалық әсерді нақтылайтын есептеулер көрсетілген мәліметтерді қамтитын электрондық құжат;
3) жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде:
жер бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу орнын, қауіпті аймақтың шекараларын, қауіпті аймақты күзету бекеттерін және оның шегінде орналасқан тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, темір жолдарды, автомобиль жолдарын, каналдарды, құбырларды, электр беру желілерін көрсете отырып, жергілікті жердің жоспарын қамтитын электрондық құжат;
жер асты жағдайында жарылыс жұмыстарын жүргізу орнын, қауіпті аймақтың шекараларын, қауіпті аймақты күзету бекеттерін қою орнын, сондай-ақ газ бен шаң бойынша шахтаның (кеніштің, геологиялық барлау жұмыстары объектісінің) қауіптілігі туралы мәліметтерді жаза отырып, тау-кен жұмыстарының жоспарын қамтитын электрондық құжат.
Жарылғыш материалдарды пайдалана отырып, сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпті аймақты күзету және жұмыс бейіндерінің схемаларын қамтитын электрондық құжат ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес баяндалған.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, не болмаса оны алмастыратын тұлғаға жібереді, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 15.04.2025 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жолдайды.
Ұсынылған құжаттар толған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мәліметтерінің дұрыстығын тексереді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатты не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.
Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады".
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.8-1. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
Ескерту. Қағида 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар.
10. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер сатысы туралы деректерді цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкіметтің" операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) күн ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.| Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларына 1-қосымша нысан |
Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]
| [Мемлекеттік органның атауы] басшысына |
Өтініш нөмірі: [Нөмірі]
Өтініш күні: [Күні]
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруге арналған
ӨТІНІШ
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 75-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден қоса берілген құжаттар тізбесін
қарап, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беруді сұрайды.
________________________________________________________________
(қызмет түрін көрсету)
________________________________________________________________
___________________________________________________ мақсатында
Жарылыс жұмыстарына басшылық жасау:
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жарушының бірыңғай кітапшасының
нөмірі, берілген күні)
Жарылыс материалдарын сақтау орны:
__________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері)
Қосымша:
[Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі]
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын және анық емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
_________________________
| [Тегі, аты, әкесінің аты | |
| (болған жағдайда), электрондық | |
| цифрлық қолтаңбасы] |

| Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша нысан |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын | - |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | www.egov.kz "Цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесін беру нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру немесе дәлелді бас тарту |
7 | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жинау тәсілдері | Тегін |
8 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліспен. |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) өтініш; |
10 | Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) осы Ережелердың 6-тармағында көрсетілген |
11 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
| Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларына 3-қосымша |
|
| нысан |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
[Мемлекеттік органның атауы] |
| [Наименование государственного органа] | ||
[Мемлекеттік органның деректемелері] | [Реквизиты государственного органа] | |||
Нөмірі: [Құжат нөмірі] | [Заңды тұлғаның атауы] | |||
Өтініш нөмірі: [Нөмірі] | [Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)] | |||
Берілген күні: [Күні] | ||||
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге
| ||||
| ||||
| Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларына 4-қосымша |
|
| Нысан |
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
[Мемлекеттік органның атауы] |
| [Наименование государственного органа] | ||
[Мемлекеттік органның деректемелері] | [Реквизиты государственного органа] | |||
Күні: [Берілген күні] | [Заңды тұлғаның атауы] | |||
Нөмірі: [Құжат нөмірі] | [Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)] | |||
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
| ||||
| ||||








