"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы | |
| Ауыл шаруашылығы министрінің | |
| міндетін атқарушы | С.Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 1 сәуір
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығымен бекітілген |
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 21.05.2020 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі − Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заң) 9-бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес әзірленді және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында квоталарды бөлу тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аңшылық шаруашылығы субъектісі – бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аңшылық шаруашылығын жүргізетін жеке немесе заңды тұлға;
2) аумақтық бөлімшелер – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциялары;
3) жануарлар дүниесі объектілерін үшін алып қою квотасы – жануарлар дүниесін пайдаланушылар үшін аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейтін жануарларын алып қою лимитінің бір бөлігі;
4) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті – жануарлар дүниесі объектілерін олардың табиғи өсімі мен саны сақталатын жағдайда алып қоюдың жол берілетін шекті көлемі;
5) ведомство – уәкілетті органның құзыреті шегінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы стратегиялық, реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
6) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі;
7) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шұғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілегін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.3. Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою квоталарын бөлу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңның 29-бабы 1-тармағының төртінші және бесінші бөліктеріне сәйкес ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап келесі жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңге белгіленетін аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимиттерінің негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында, жануарлардың аңшылық объектісі болып табылатын түрлерін алып қою квоталарын бөлу аңшылық алқаптарының өнімділігін және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің жануарлар түрлерін аулауға арналған өтінімдерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. "Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу" мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидалардың 1-қосымшасында жазылған.
Көрсетілетін қызмет беруші осы Қағидаларға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы нормативтік құқықтық акті бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында аңшылық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою квоталарын бөлу тәртібі"
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Көрсетілетін қызметті беруші аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша алып қою квотасын алуға өтінім түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты қызметкерге орындауға береді.
Жауапты қызметкер 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталарды бөлу туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған цифрлық құжат нысанында жібереді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Көрсетілетін қызметті беруші жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған лимиттер бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде аңшылық шаруашылығы субъектілері бөлінісінде аң аулау объектілері болып табылатын, жануарлар түрлерін алып қоюға арналған квоталарды бөлуді жүзеге асырады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы;
5) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңы 19-1-бабының 6) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-03/271а бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11005 болып тіркелген), жануарлар түрлерін алып қоюға өтінім берілген квота белгіленген тәртіппен бекітілген аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою нормативтеріне сәйкес анықталады.
15. Қолайсыз табиғат құбылыстары (жұт, ауру) салдарынан жануарлар түрлерінің саны азайған жағдайда жануарлардың түрлерін алып қоюға арналған квота жануарлар түрлерінің нақты ресурстарына сүйене отырып белгіленеді.
16. Егер жануарлар түрлерінің ресурстары оларды алып қоюға мүмкіндік бермесе, онда жануарлар түрлерін алып қоюға арналған квота бөлінбейді.
Ғылыми мақсаттарда жануарлар түрлерін алу квотасын бөлу резервтік қордағы аңшылық шаруашылықтар аумағында есептік деректердің болуын ескере отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
19. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
22. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
25. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
26. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
27. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушының әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы көрсетілетін қызметті алушыға белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:
әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңы 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.| Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 1-қосымша |
"Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Аңшылардың және аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі | "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал). |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны | цифрлық (ішінара автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: цифрлық (ішінара автоматтандырылған). |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақысыз көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі | Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюға квоталарды бөлу кезінде мыналарды ұсыну қажет: осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған цифрлық құжат нысанында аңшылық шаруашылығы үшін аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлері бойынша алып қою квотасын алуға арналған өтінім. Көрсетілетін қызметті алушы аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша есептік деректер негізінде өтінімді ұсынады. |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Көрсетілетін қызметті берушіл мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады: |
10 | мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті цифрлық нысан түрінде ЭЦҚ болған жағдайда ала алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Жануарлар түрлерін алып қоюға мәлімделген квота "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11005 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-03/271а бұйрығымен бекітілген, аң аулау нысаны болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюды белгіленген нормаларына сәйкес болуы тиіс. |
| Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Аңшылық шаруашылығы үшін аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша алып қою квоталарын алуға өтінім
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Аңшылық шаруашылығының атауы | Жануардың түрі | Үстіміздегі жылғы (дарақтар) саны | Бекітілген (дарақтар) алып қою квотасы | Сұралып отырған алу квотасы (дарақтар) | Оның ішінде (тұяқтылар үшін) | ||
аталықтары | ұрғашылары | төлі | |||||
үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінімді берген күн "__"___________20___жыл. ______________________________________________________________________________
(аңшылық шаруашылығы субъектісі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы,
мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер
болып табылатын
тұлғаларды қоспағанда)
| мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда) |
|
| Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын алуға арналған өтінім
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.02.2015 № 18-04/149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 5-қосымша |
|
| Нысан |
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу туралы хабарлама
Құрметті _____________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы)
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталар сізге осы Қағидада айқындалған тәртіппен жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде бөлінетінін және көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылатын хабардар етеміз.
Сұрақтар туындаған жағдайда___________________________________
_____________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы, мекенжайы және ресми сайты)
____________________________________________________________
жүгінуді сұраймыз.
____________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Мөр орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
Байланыс телефондары: _______________________________________
Күні 20 ____ жылғы " _" ______________.
| Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 6-қосымша |
|
| Нысан |
Рейтингтік бағалауды есептеу парағы
Ескерту. 6-қосымша алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 7-қосымша |
|
| Нысан |
Балық ресурстарын және басқа су жануарларын алып қою квоталарын бөлу қорытындылары
Ескерту. 7-қосымша алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 23.09.2025 № 253 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.