Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.05.2017 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
"Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 154) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 30.04.2026 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мына:
1) осы бұйрыққа 1–қосымшаға сәйкес "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабымен белгіленген ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2, 3, 4–қосымшаларға сәйкес "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабымен белгіленген ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң он күнтізбелік күн ішінде, осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтықтың жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Мәдениет және спорт министрі | А. Мұхамедиұлы |
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына 1-қосымша |
|
| Нысан |
Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 30.04.2026 № 79 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с № | Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар |
1 | 2 |
Букмекерлік кеңсе үшін | |
1 | осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға және "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) сәйкес өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы ғимараттың (ғимараттың, құрылыстың, ғимараттың бір бөлігінің) болуы туралы (растайтын құжаттарды ұсына отырып) мәліметтер* |
2 | осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар (растайтын құжаттарды ұсына отырып: тауарға арналған декларация, тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша жүкқұжаты, шот-фактурлар, сатып алу-сату шарты) болуы туралы мәліметтер |
3 | осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (Күзет қызметі туралы заң) 5-бабы 1-тармағына сәйкес күзет қызметімен айналысуға лицензия алған заңды тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер** |
4 | "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Ойын бизнесі туралы заң) 15-бабы 2-тармағына сәйкес букмекерлік кеңсенің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары** |
5 | бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 40000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде банктік салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт |
Тотализатор үшін | |
1 | осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға және "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) сәйкес өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы ғимараттың (ғимараттың, құрылыстың, ғимараттың бір бөлігінің) болуы туралы (растайтын құжаттарды ұсына отырып) мәліметтер* |
2 | осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар (растайтын құжаттарды ұсына отырып: тауарға арналған декларация, тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша жүкқұжаты, шот-фактурлар, сатып алу-сату шарты) болуы туралы мәліметтер |
3 | осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес лицензия алған заңды тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер** |
4 | "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Ойын бизнесі туралы заң) 15-бабы 2-тармағына сәйкес букмекерлік кеңсенің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2024 жылғы 9 қазандағы № 175 "Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35240 болып тіркелген) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ойын мекемесінің, букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың жұмыс істеуінің үлгілік қағидаларында, ставкаларды қабылдау және өткізілетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу қағидалары** |
5 | бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым), Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 10 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде банктік салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт |
Казино үшін | |
1 | осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға және "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) сәйкес өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін үш жұлдыздан төмен емес санаттағы қонақ үй кешеніндегі меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ғимараттың (ғимараттың, құрылыстың, ғимараттың бір бөлігінің) болуы туралы (растайтын құжатты ұсына отырып: үш жұлдыздан төмен емес санаттағы қонақ үй кешенін аккредиттеу туралы куәлік немесе сертификат) мәліметтер* |
2 | осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар туралы (растайтын құжаттарды ұсына отырып: тауарға арналған декларация, тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша жүкқұжаты, шот-фактурлар, сатып алу-сату шарты) болуы туралы мәліметтер |
3 | қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары |
4 | "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Ойын бизнесі туралы заң) 15-бабы 2-тармағына сәйкес букмекерлік кеңсенің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2024 жылғы 9 қазандағы № 175 "Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35240 болып тіркелген) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ойын мекемесінің, букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың жұмыс істеуінің үлгілік қағидаларында, ставкаларды қабылдау және өткізілетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу қағидалары** |
5 | Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ойын мекемесінің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары |
6 | бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 60 000 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейлі банкпен жасасқан шарт |
Ойын автоматтары залы үшін | |
1 | осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға және "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) сәйкес өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін казино қызметі жүзеге асырылатын үш жұлдыздан төмен емес санаттағы қонақ үй кешеніндегі меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ғимараттың (ғимараттың, құрылыстың, ғимараттың бір бөлігінің) болуы туралы (растайтын құжатты ұсына отырып: үш жұлдыздан төмен емес санаттағы қонақ үй кешенін аккредиттеу туралы куәлік немесе сертификат) мәліметтер* |
2 | осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар туралы (растайтын құжаттарды ұсына отырып: тауарға арналған декларация, тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша жүкқұжаты, шот-фактурлар, сатып алу-сату шарты) болуы туралы мәліметтер |
3 | қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары |
4 | "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Ойын бизнесі туралы заң) 15-бабы 2-тармағына сәйкес букмекерлік кеңсенің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2024 жылғы 9 қазандағы № 175 "Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35240 болып тіркелген) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ойын мекемесінің, букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың жұмыс істеуінің үлгілік қағидаларында, ставкаларды қабылдау және өткізілетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу қағидалары** |
5 | Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ойын мекемесінің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары |
6 | бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 60 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт |
Ескертпе:
* Өтініш берушілер мәліметтерді жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесінен алады (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар түрінде);
** Өтініш берушілер мәліметтерді "Е-лицензиялау" цифрлық жүйесінен алады.
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізіндегі казино қызметі жүзеге асырылатын үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақ үй кешенінде, үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.05.2017 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Туризм және спорт министрінің 26.09.2024 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
№ | Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі | Ғимараттың мекенжайы | Жылжымайтын мүлікке құқық беретін құжаттың атауы, күні, нөмірі | Кассалар туралы мәліметтер (саны, мекенжайы, орналасқан орны, электронды кассаның мекенжайы (болған жағдайда) | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және өрт қауіпсіздігі салаларында рұқсат беру құжаттарының болуы | Ескертпе (эпидемиялық маңызы жоғары объектілер үшін-санитариялық – эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық маңызы шамалы объектілер үшін-қызметтің басталғаны туралы хабарлама) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Меншік құқығындағы жабдықтардың болуы туралы мәліметтер
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 26.09.2024 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ р/с | Ойын жабдығының атауы | Ойын жабдығының түрі | Сатып алынған жабдықтың шартының нөмірі мен күні | Жабдықты қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі мен күні | Мақсаты (букмекерлік кеңсеге немесе тотализаторға немесе казиноға немесе ойын автоматтары залдарына арналған) | Саны | Сериялық немесе инвентарлық нөмірі | Өндіруші | Техникалық жай-күйі (жаңа, бұрын пайдаланылған) | Сәйкестік сертификатының нөмірі және күні, берген орган (жаңа ойын автоматтары үшін) | Жабдықтарды тестілеу күні (жаңа ойын автоматтары үшін) | Бақылау-кассалық аппараттың (фискализатор) нөмірі (болған жағдайда) | Т ехнологиялық тұрғыдан ойын автоматына енгізілген ұтыс пайызы (ойын автоматтары үшін) | Тауар белгісінің тауы |
Ойын |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына 4-қосымша |
Нысан
Күзет қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.10.2020 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарттың нөмірі және күні | Күзет қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан заңды тұлғаның атауы | Күзет қызметтерін көрсететін заңды тұлғалардың бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Лицензияны берген орган | Күзет қызметін жүзеге асыру үшін лицензияның нөмірі және күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |