"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 60) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Коса беріліп отырған Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
_____________Ә. Исекешев
2015 жылғы 17 сәуір
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы 9 маусым
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/153 бұйрығымен бекітілген |
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 15.09.2020 № 221 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 60) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргізуге рұқсат беру (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 29.10.2025 № 291 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жануарларды интродукциялау – жануарлар түрлерінің дарақтары бұдан бұрын мекендемеген таралу аймақтарынан (таралу облыстары) тыс олар үшін жаңа жерлерге оларды әдейі немесе кездейсоқ тарату;
2) жануарларды реинтродукциялау – жануарлар түрлерінің дарақтарын бұрынғы мекендеу орындарына әдейі қоныстандыру;
3) жануарларды будандастыру – шаруашылықта пайдалы озық белгілері немесе қасиеттері бар дара нұсқаларды алу мақсатында жануарлардың алуан түрлерінің немесе тұқымдарының дара нұсқаларын шағылыстыру;
4) алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 29.10.2025 № 291 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 29.10.2025 № 291 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Рұқсат беру тәртібі
4. Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беруге өтінім (бұдан әрі – өтінім) "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша цифрлық түрде көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған цифрлық құжат нысанындағы өтінім;
2) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге арналған биологиялық негіздеменің цифрлық көшірмесі.
"Жануарларды интродукциялауға, реинтродукциялауға және гибридтеуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Өтінім беру кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге қарауға жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған цифрлық құжат нысанында өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған цифрлық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.
Рұқсаттың қолданылу мерзімі бір күнтізбелік жылдан аспайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің негізгі талаптарының тізбесінде баяндалған мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші теріс жауап берген кезде уәжді бас тартуды ресімдеп, жолдайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректер енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, кімнің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалынады, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беруге өтінім Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге (қажеттісінің астын сызу) рұқсат беруді сұраймын.
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастырудыжүргізудің мақсаты _____________________________________________
Жануар түрі ___________________________________________________
Жануардың саны мен салмағы ____________________________________
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды
жүргізудің мерзімі ______________________________________________
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды
жүргізу ауданы _________________________________________________
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және теріс мәліметтер ұсынғаным үшін
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын. Цифрлық
жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берілген күн 20____жылғы "___" _________________________
_____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), электрондық цифрлық қолтаңба
| Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және гибридтеу өндірісіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 3 (үш) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Цифрлық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру не уәжді бас тарту. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: цифрлық |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Ақысыз |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзілі ссағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған цифрлық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушіге өтінімі; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Рұқсаттың қолданылу мерзімі бір күнтізбелік жыл. |
| Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат
Уәкілетті орган ведомствосының деректемелері мемлекеттік тілде |