Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2020 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 52) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2020 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
_____________Ә. Исекешев
2015 жылғы 23 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы 16 шілде
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/143 бұйрығымен бекітілген |
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2020 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 52) тармақшасына "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты көрсетілген қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленеді және аумағында құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әкімшілік орган – "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес ұрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындаған ұлттық әкімшілік орган;
2) өтініш беруші –лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімінен өту үшін тиісті рұқсат беру органына жүгінген немесе хабарлама жіберген жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі, лицензиат, екінші санаттағы рұқсатты иеленуші;
3) Конвенция –Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы" 1999 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қосылған Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция;
4) ғылыми ұйым – Конвенция бойынша ғылыми қорытынды беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындаған ұйым;
5) үлгі – Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгізілген кез келген тірі немесе өлі жануар немесе олардың оңай танылатын кез келген бөлігі немесе дериваты;
6) рұқсат – рұқсат беру органдары лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын, жеке немесе заңды тұлғаның қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға құқығын растау;
7) тарап – өзі үшін Конвенция күшіне енген мемлекет.
2-тарау. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру тәртібі
3. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттардың бірі конвенцияның ІІІ-V бабына сәйкес ғылыми органның қорытындысы болып табылады.
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға ғылыми қорытынды алу үшін өтініш беруші ғылыми ұйымға қағаз нысанында мыналарды:
1) осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға ғылыми қорытынды алуға арналған өтінішті;
2) Қазақстан Республикасының аумағына үлгілерді импорттау кезінде, егер үлгі Конвенцияға 1, 2, 3-қосымшаларға енгізілген жағдайда, экспорттауға арналған рұқсаттың немесе кері экспорттауға арналған сертификаттың көшірмесін;
3) Қазақстан Республикасының аумағында мекендейтін жануарларды, олардың бөліктері мен дериваттарын табиғи ортасынан алу жағдайында электрондық құжат нысанындағы аң аулауға арналған рұқсаттың көшірмесін;
4) аушы жыртқыш құстарды Қазақстан Республикасының аумағына импорттау, аумағынан экспорттау және (немесе) кері экспорттау кезінде сақиналары (микрочиптері) бар фотосуреттерді, сондай-ақ аушы жыртқыш құс паспортының көшірмесін;
5) үлгілерді Қазақстан Республикасының аумағына импорттау, аумағынан экспорттау және (немесе) кері экспорттау кезінде аталған іс-қимылды жасау ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарттың немесе шарттың көшірмесін, сондай-ақ импортталатын, экспортталатын және (немесе) кері экспортталатын өнімнің саны мен көлемі, жынысы, өнім түрі мен оның сипаттамасы (тірі, консервіленген, ұрықтандырылған, криоконсервіленген) туралы мәліметтер көрсетілген құжатты;
6) Қазақстан Республикасында қолдан өсірілген үлгілерді Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттау және (немесе) кері экспорттау кезінде Конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның көшірмесі және (немесе) Конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың әкімшілік органда тіркелуі туралы куәлік, аралық бонитирлеу актілері, сондай-ақ сатып алған жағдайда үлгілерді сатып алу туралы құжаттардың (жүкқұжат, шарт, актілер) көшірмелерін жібереді.
4. Ғылыми ұйым Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға ғылыми қорытынды алуға арналған өтініш келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны қарайды және ғылыми қорытынды береді не мынадай:
1) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға ғылыми қорытынды алуға белгіленген нысан бойынша өтініш берген;
2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер болған;
3) егер үлгілерді импорттау, экспорттау және (немесе) кері экспорттау олардың тірі қалуына қатер төндіретін жағдайларда ғылыми қорытынды беруден бас тартады.
5. Ғылыми қорытынды ғылыми ұйымның фирмалық бланкісінде ресімделеді, оған уәкілетті лауазымды адам қол қояды және ғылыми ұйымның мөрі басылады.
6. "Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті атынан әкімшілік орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 22.10.2025 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elісense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға өтініш;
2) жеке мақсатта импорттауды, экспорттауды және (немесе) кері экспорттауды жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, осы импорттау, экспорттау және (немесе) кері экспорттау туралы ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарттың немесе шарттың цифрлық көшірмесін;
3) үлгілерді Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде, егер үлгі Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгізілген жағдайда, экспорттауға арналған рұқсаттың немесе кері экспорттауға арналған сертификаттың цифрлық көшірмесін;
4) ғылыми ұйым қорытындысының цифрлық көшірмесін;
5) жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағында табиғи мекендеу ортасынан алу жағдайында, цифрлық құжат нысанындағы аң аулауға арналған рұқсатын береді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус жіберіледі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтерді Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат беру үшін бюджетке мемлекеттік баж төлеуді, аң аулауға рұқсатты көрсетілетін қызметті беруші тиісті цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні рұқсат алуға келіп түскен өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне орындауға береді (көрсетілетін қызметті алушы сағат 18.00-ден кейін немесе Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды қалыптастырады және оны көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен қол қойылған цифрлық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Құжаттар топтамасы толық болған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға сәйкестігін қарайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат беру туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған цифрлық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру орны туралы хабарлама жіберіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік маңызы бар қызметті көрсетуден бас тартады:
1) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылуы негіздері бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
5) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңының 19-1-бабының 6) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Рұқсат осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат беру журналына қол қойғыза отырып, өтініш берушінің сенімхаты бойынша өтініш берушіге (не сенімхат бойынша өкіліне) беріледі.
12. Рұқсатта осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген ақпарат, оны берген сәттен бастап тек алты ай ішіндегі үлгілерді импорттау, экспорттау және (немесе) кері экспорттау үшін қолданылу кезеңі қамтылады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлеріменхалықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатынжануарлар түрлерін Қазақстан Республикасыныңаумағына импорттауға, Қазақстан Республикасыныңаумағынан экспорттауға және (немесе)кері экспорттауға ғылыми қорытынды алуға арналған өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Үлгілерді импорттауға, экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға ғылыми қорытынды беруіңізді сұраймын ____________________________________________________________________
1. | Импорттау, экспорттау және (немесе) кері экспорттау мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, өсімді молайту мақсаттары, цирктерде өнер көрсету немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бақтары, ботаникалық бақтар және музейлер арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке берулер) | |
2. | Мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауы көрсетілген үлгі | |
3. | Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздер, азу тістері, қан, уылдырық, сондай-ақ бұйымдар, тірі жануарлар үшін – жынысы мен жасы, ұқсастық белгілерінің бар-жоғы) | |
4. | Үлгілердің саны және (немесе) салмағы | |
5. | Үлгілердің шығу тегі (табиғаттан алынды, жасанды жолмен шығарылды немесе өсірілді немесе басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сый немесе мұра ретінде алынды) | |
6. | Түрлері Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу туралы куәліктердің (тің) нөмірі және күні (бар болса) | |
7. | Үлгілер Қазақстан Республикасы аумағында қолдан өсірілген болса, түрлері Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның (лардың) нөмірі және күні (бар болса) | |
8. | Егер жануарлардың түрлері, олардың бөліктері мен дериваттары табиғи ортасынан Қазақстан Республикасы аумағындағы жануарлар түрлерінің санын реттеу арқылы алынса, саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға берілетін рұқсат қағазының нөмірі мен күні | |
9. | Экспорттаушының және импорттаушының орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін – үйінің мекенжайы, паспорттық деректері) |
үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берілген күн 20____жылғы "___"_____________________________.
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрдің (бар болса) орны
(дара кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 03.06.2026 № 105 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады: www.egov.kz (бұдан әрі-портал). |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 3 (үш) жұмыс күн |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | цифрлық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде. |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Қазақстан Республикасының аумағына жануарлардың халықаралық саудада жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен сауда жасау туралы Конвенцияның қолданылу аясына жататын түрлерін импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) реэкспорттауға арналған рұқсатты осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру орны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. |
6. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Ақысыз |
7. | Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші – дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жұмыс істейді.Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жұмыс істейді (көрсетілетін қызметті алушы сағат 18:00-ден кейін немесе демалыс және мереке күндері, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтінішті қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі. |
1)осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған цифрлық құжат нысанындағы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан жабайы фауна мен флораның жойылып кету қаупі төнген түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданысына жататын жануарлар түрлерін әкетуге және (немесе) кері әкетуге рұқсат алуға өтініш; |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10. | Мемлекеттік қызметтер көрсетудің, оның ішінде цифрлық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар. |
Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан жабайы фауна мен флораның жойылып кету қаупі төнген түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданысына жататын жануарлар түрлерін әкетуге және (немесе) кері әкетуге арналған рұқсат жабайы фауна мен флораның жойылып кету қаупі төнген түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның VI-бабының талаптарына сәйкес келеді. |
Нысан
| ____________________________ Қызмет көрсетушінің атауы кімнен______________________ (заңды тұлғаның толық атауы), _________________________ Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ____________________________ (жеке кәсіпкердің) адрес_______________________ (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй №, № пәтер (бар болса), телефон) деректемелері ________________________ (бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі) |
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат алуға арналған
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
өтініш Үлгілерді __________________________________ импорттауға, (қажеттісінің астын сызу керек) экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсат беруді сұраймын.
1 | Импорттау, экспорттау және (немесе) кері экспорттау мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, өсімді молайту мақсаттары, цирктерде өнер көрсету немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бақтары, ботаникалық бақтар және музейлер арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке басына беру | |
2 | Мемлекеттік, орыс және латын тілдерінде атауы көрсетілген үлгі | |
3 | Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздер, азу тістер, қан, уылдырық, сондай-ақ бұйымдар және басқалар, тірі жануарлар үшін – жынысы мен жасы, сәйкестендіру белгілерінің бар-жоғы) | |
4 | Үлгілердің саны және (немесе) салмағы | |
5 | Үлгінің шығу тегі (табиғаттан алынған, жасанды жағдайларда шығарылған немесе өсірілген, басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сыйға немесе мұраға алынды және тағы басқалар) | |
6 | Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу туралы куәліктердің (-тің) нөмірі және күні (бар болса) | |
7 | Егер үлгілер Қазақстан Республикасы аумағында жасанды жағдайларда өсірілген болса, Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның (-лардың) нөмірі және күні (бар болса) | |
8 | Егер жануарлардың түрлері, олардың бөліктері мен дериваттары Қазақстан Республикасы аумағында жануарлар санын реттеу арқылы табиғи ортадан алынса, саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алуға арналған рұқсаттың нөмірі мен күні |
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлері мен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаты
Конвенция о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения (СИТЕС) |
ОРИГИНАЛ |
Сonventіon on Іnternatіonal Trade | |||||||||
Қазақстан РеспубликасыЭкология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Министерство Экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан
| Экспорт |
Қазақстан Республикасындағы СИТЕС
| |||||||||
Export | |||||||||||
Импорт | |||||||||||
Прочие | |||||||||||
Экспортер / Реэкспортер: |
Разрешение №: | ||||||||||
Действительно до: | |||||||||||
Импортер: |
Особые условия: | ||||||||||
Для живых животных данное разрешение действительно только, если условия транспортировки соответствуют рекомендациям СИТЕС, а в случае авиаперевозки правилам ИАТА | |||||||||||
Русское и латинское название |
Описание образца, |
Приложение |
Источник |
Цель |
Количество | ||||||
A | |||||||||||
Страна происхождения |
Номер разрешения и | ||||||||||
В | |||||||||||
Страна происхождения |
Номер разрешения и | ||||||||||
Настоящее разрешение выдано: | |||||||||||
Подтверждение экспорта / реэкспорта |
Заполняется в пункте | ||||||||||
Название образца | Количество | ||||||||||
А | |||||||||||
В | |||||||||||
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе)кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру журналы
Р/с | Кімге берілді | Үлгінің атауы | Саны | Қайда/қайдан | Рұқсат берілген күні және нөмірі | Алушының аты, әкесінің аты (бар болса) тегі,сенімхат | Алушының қолы |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 |



