Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.12.2022 № 442 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.12.2022 № 442 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актінің нысаны;
2) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.08.2026 № 312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;3) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.08.2026 № 312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
4) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау және беру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.12.2022 № 442 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.08.2026 № 312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 18-02/211 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7676 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 477-482 (27555) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) тіркелген осы бұйрық алынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данада баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Премьер-Министрінің орынбасары - | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мырзахметов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 1 қараша
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 453 бұйрығына 1-қосымша |
Нысан
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы акті
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.12.2022 № 442 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
________________________ |
20__ жылғы "____"________ |
1. Бақылау органының атауы _____________________________________
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру тағайындау туралы актінің (мерзімді ұзарту туралы қосымша актінің (бар болса)) күні мен нөмірі, оның негізінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізілген
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі және лауазымы
___________________________________________________________________
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізу кезінде қатысқан бақылау субъектісінің атауы немесе аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізу күні, орны және кезеңі
___________________________________________________________________
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
№ | Анықталған бұзушылықтар тізбесі | Тексеру парағының атауы және бұзушылықтар анықталған талаптардың тармақтары |
1 | ||
2 |
7. Бақылау субъектісі өкілдерінің, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу кезінде қатысқан адамдардың бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартуы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы
___________________________________________________________________
9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіні алдым (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті тұлғасының/ жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы, күні
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қосымша "____" парақта
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 453 бұйрығына 2-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.08.2026 № 312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары– Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 453 бұйрығына 2-1-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама /Протокол об административном правонарушении в области племенного животноводства № ____
Ескерту. Бұйрық 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.12.2022 № 442 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.08.2026 № 312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 453 бұйрығына 3-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау және беру қағидалары
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.12.2022 № 442 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабы 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау және беру тәртібін айқындайды.
2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың (бұдан әрі – мемлекеттік инспектор) актілеріне мыналар жатады:
1) бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы акт (бұдан әрі – акт);
2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама (бұдан әрі – нұсқама);
3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (бұдан әрі – хаттама).
Глава 2. Мемлекеттік инспектордың актілерді жасау және беру тәртібі
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік инспектор акт және нұсқама жасайды.
Акт Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 152-бабының 2, 3, 4 және 9-тармақтарына сәйкес жасалады.
Нұсқаманы мемлекеттік инспектор Кодекстің 152-бабының 6 және 7-тармақтарына сәйкес жасайды.
4. Акт және нұсқама үш данада жасалады.
Мемлекеттік инспектор актінің/нұсқаманың бірінші данасын Қазақстан Республикасы Бас прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21964 болып тіркелген) бекітілген Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту және күшін жою туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларына сәйкес электрондық нысанда құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына, актінің/нұсқаманың екінші данасын қағаз тасығышта қол қойғызып немесе электрондық нысанда танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар үшін бақылау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның өкілетті адамына, жеке тұлғаға) тапсырады, актінің/нұсқаманың үшінші данасы мемлекеттік инспекторда қалады.
Электрондық нысанда қалыптастырылған акт және нұсқама бақылау субъектісінің таңдауы бойынша "цифрлық үкіметтің" веб-порталы немесе құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйелері арқылы беріледі.
Электрондық нысанда қалыптастырылған акт және нұсқама бақылау субъектісі көрсеткен электрондық почта мекенжайына да жіберіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.05.2026 № 189 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Хаттамаларды асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның уәкілетті лауазымды адамдары мыналар бойынша толтырады:
соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс) 407-бабы (екінші және үшінші бөліктері), 462 және 463-баптары);
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган қарауы тиіс әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша (Кодекстің 407-бабы (бірінші бөлігі)).
Хаттамаларды мыналар толтырады:
1) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы;
2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары;
3) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары және олардың орынбасарлары;
4) облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.08.2026 № 312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама осы бұйрыққа 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
7. Хаттаманы жазу кезінде іс жүргізу тілі анықталады. Өзіне қатысты іс қозғалған адамға, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысатын куәларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462, 654, 738, 744, 754, 755, 810, 811-баптарына сәйкес олардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі түсіндіріледі, ол туралы хаттамада белгі қойылады.
8. Хаттамаға оны толтырған адам және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 803-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адам (адамның өкілі) қол қояды. Жәбірленушілер мен куәлар болған кезде, хаттамаға жәбірленуші мен куәлар қол қояды.
9. Тиісті түрде хабардар етілген, өзіне қатысты іс қозғалған адам болмаған немесе келмеген жағдайда, хаттамаға оған қатысты іс қозғалған адамның жоқтығы немесе келмейтіні туралы белгі қойылып, оны толтырған адам қол қояды.
10. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша Хаттамаға қол қойып қабылдаудан бас тартқан жағдайда, оны толтырған адам хаттамаға тиісті жазба жасайды.
11. Өзіне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне хаттамамен танысуға мүмкіндік беріледі. Аталған адамдар хаттаманың мазмұны бойынша түсініктемелер мен ескертулер бере алады, сондай-ақ оған қол қоюдан өзінің бас тарту себептерін баяндай алады, ол хаттамаға қоса беріледі. Бұл адамдар хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, онда тиісті жазба жазылады. Өзіне қатысты іс қозғалған адамның хаттамаға қол қою фактісі осы адамның хаттамамен танысқанын куәландырады және оның әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін мойындау болып табылмайды.
12. Өзіне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге хаттама жасалғаннан кейін оның көшірмесі осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, дереу қолхатпен табыс етіледі.
Хаттама электрондық нысанда жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларға оның "цифрлық үкіметтің" веб-порталында немесе құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық сервисінде орналастырылғаны туралы хабарланады.
Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамның (адам өкілінің) өтініші бойынша хаттаманың көшірмесі қағаз жеткізгіште тапсыру не ол көрсеткен почталық немесе электрондық мекенжайға жіберу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 85 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20962 болып тіркелген) бекітілген Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларының 10-тармағында көзделген өзге де тәсілмен дереу ұсынылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.05.2026 № 189 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Хаттама Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 803-бабының бесінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша өзіне қатысты іс қозғалған адам болмаған жағдайда, ол жасалғаннан кейін екі тәулік ішінде өзіне қатысты іс қозғалған адамды хабардар ете отырып, тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі. Өзіне қатысты іс қозғалған адамды алған кезден бастап үш тәулік ішінде хаттаманы қайтармау фактісі оған қол қоюдан бас тарту деп танылады, бұл туралы хаттаманың көшірмесіне тиісті жазба жасалады.
14. Хаттама әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталғаннан кейін дереу жасалады.
15. Кодекстің 13-тарауына сәйкес жүргізілетін тексеру барысында әкімшілік құқық бұзушылық анықталған кезде хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалады.
16. Әкімшілік құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өздеріне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәліметтерді және заңды тұлға өкілінің жеке басын қосымша анықтау талап етілген жағдайларда хаттама көрсетілген мән-жайлар анықталған күннен бастап үш тәулік ішінде жасалады.
17. Хаттама, ал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 803-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайда хаттаманың көшірмесі толтырылған кезден бастап 3 (үш) тәулік ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті сотқа, органға (лауазымды адамға) қарау үшін жіберіледі.
18. Мемлекеттік инспекторлар хаттаманы қағаз нысанда толтырған кезде оны толтырғаннан кейін бір тәулік ішінде әкімшілік істердің бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – ӘІБТ) хаттаманың түпнұсқасының және істі жүзеге асыру шеңберінде жиналған мемлекеттік құпиялары жоқ құжаттарды (PDF, JPEG, PNG, SVG, Tiff-құжаттар түрінде) енгізілуін қамтамасыз етеді.
Іске қатысты және (немесе) заттай дәлелдемелер болып табылатын файлдық құжаттар мен медиа-файлдар ӘІБТ-ге салынады, ал мүмкін болмаған жағдайда Кодекстің 803-бабының екінші бөлігіне сәйкес хаттамада көрсетіле отырып, іс материалдарына қоса тіркеледі.
19. Осы Қағидаларда реттелмеген бөлігінде мемлекеттік инспекторлар хаттама жасау кезінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нормаларын басшылыққа алуы қажет.