Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 11.03.2026 № 102-НҚ (12.07.2026 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
"Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 11.03.2026 № 102-НҚ (12.07.2026 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған цифрлық жүйесін жүргізу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 11.03.2026 № 102-НҚ (12.07.2026 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Мұхамедиұлы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 95 бұйрығымен бекітілген |
Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған цифрлық жүйесін жүргізу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 11.03.2026 № 102-НҚ (12.07.2026 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған цифрлық жүйесін жүргізу қағидалары "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған цифрлық жүйесін (бұдан әрі - цифрлық жүйе) жүргізу тәртібін айқындайды.
2-тарау. Цифрлық жүйені жүргізу тәртібі
2. Цифрлық жүйе Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді жүйеге келтіру және есепке алу мақсатында кинематография саласындағы уәкілетті органмен жүргізіледі.
3. Фильмдерді жүйелеу электронды түрде автоматты режимде жүзеге асырылады және фильмдерді хронологиялық тәртіппен көрсету күніне сәйкес цифрлық жүйеге түсетін мәліметтерді реттеу мен орналастыруды қамтиды.
4. Фильмдерді көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – фильмнің демонстраторы) фильмдерді есепке алуды жүргізеді және цифрлық жүйеге олар бойынша ақпарат береді.
5. Фильмдерді есепке алуды жүргізу мақсатында фильмнің демонстраторы мынадай деректемелерді көрсете отырып, цифрлық жүйеде тіркеуді жүзеге асырады:
1) фильм демонстраторының атауы;
2) фильм демонстраторының ұйымдық-құқықтық нысаны;
3) фильм демонстраторының бизнес сәйкестендіру нөмірі;
4) фильмнің демонстраторы орналасқан жерінің мекен-жайы;
5) фильм демонстраторының байланыс деректері (телефон/факс, электрондық мекен-жайы).
6. Фильмнің демонстраторы әрбір фильмді көрсетер алдында цифрлық жүйемен интеграцияланған бағдарламалық қамтамасыз етуге (бұдан әрі – бағдарламалық қамтамасыз ету) фильмнің атауын, көрсетілімнің басталу және аяқталу күнін қамтитын фильм туралы ақпаратты орналастырады.
7. Кейіннен әрбір сатылған билетке қатысты ақпарат нақты уақыт режимінде бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы, фильм демонстраторының бақылау-кассалық машиналарынан деректерді беру және онлайн режимде сату жолымен цифрлық жүйеге беріледі.
8. Цифрлық жүйеге берілетін ақпарат мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) фильм демонстраторының атауы;
2) фильмнің атауы;
3) сеанстың басталу күні мен уақыты;
4) кинозал атауы немесе нөмірі (бір кинозалдан артық болған жағдайда);
5) кинозалдағы қатардың және орынның нөмірі;
6) фильм билетінің құны;
7) билетке жеңілдіктер (болған жағдайда);
8) фильмнің прокаттау куәлігінің нөмірі;
9. Фильмнің демонстраторы цифрлық жүйеге оған байланысты емес мән-жайлар бойынша ақпарат беру мүмкін болмаған кезде ақпаратты ұсынбау себептерін көрсете отырып, уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.
Бұрын ұсынылмаған ақпарат оны беруге кедергі келтірген мән-жайлар жойылған сәттен бастап таяудағы сағат ішінде оны беруге кідіртілген себептерді көрсете отырып, цифрлық жүйеге жіберіледі.
10. Фильм демонстраторынан цифрлық жүйеге түсетін фильмдер бойынша ақпарат Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден аударымдарды жасау көлемін анықтау кезінде пайдаланылады.