ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 08.07.2026 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткенен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсіп
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Ұлттық
экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығымен бекітілген |
"Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 06.08.2021 № 259 (11.10.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 08.07.2026 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті астана, облыс, республикалық маңызы бар қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 08.07.2026 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін, көрсетілетін қызметті алушылар www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал), "Е-лицензиялау" Мемлекеттік деректер базасы" цифрлық жүйесі www.elicense.kz (бұдан әрі – ЕЛ МДБ) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың Тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 10-тармағына сәйкес құжаттарды жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде баяндалған.
Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган Бірыңғай байланыс орталығына, "цифрлық үкімет" операторына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілеріне көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 08.07.2026 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушының өтініш нысандары, туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны осы Қағидалардың 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларына сәйкес порталға ұсынылады.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды ЕЛ МДБ қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) орындауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда еңбек заңнамасына сәйкес, өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды ЕЛ МДБ тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу туралы) туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйеден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері ұсынылған құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға ЕЛ МДБ жеке кабинетіне жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ЕЛ МДБ береді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 08.07.2026 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 10-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынады. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 79 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10484 болып тіркелген) бекітілген туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестігін қарастырады. Біліктілік талаптарына сәйкестігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны әзірлейді, талаптарға сәйкес болмаған жағдайда және Тізбеде 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында әзірлейді және өтініш берушінің жеке кабинетіне жібереді.
Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 08.07.2026 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылу жағдайларында лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу үшін Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 6 (алты) жұмыс күні ішінде құжаттардың талаптарға сәйкестігін қарастырады, талаптарға сәйкестігі расталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілген мерзімде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді, талаптарға сәйкес болмаған жағдайда және Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында әзірлейді және көрсетілетін қызметті алушыға порталдың жеке кабинетіне жібереді.
Бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылу жағдайларынан басқа, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу үшін жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері талаптарға сәйкестігін растауды тексермейді және 3 (үш) жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді.
Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.12.2022 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мынадай:
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға-лицензиат бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу, бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда) жағдайларда жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметті рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы көрсетілген кезде, оны көрсетудің сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне түседі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 08.07.2026 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Берілген рұқсаттарды тіркеу және есепке алу автоматты режимде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінде жүргізіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 08.07.2026 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адамға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабы 5-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүгінуге жол беріледі.
Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.12.2022 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
| "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" қағидаларына 1-қосымша |
"Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі)"
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 08.07.2026 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру |
2. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) |
1) Шығу туризмі саласындағы |
3. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Астана, облыс, республикалық маңызы бар қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
4. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері |
Барлық кіші түрлер үшін: |
5. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
Шығу туризмі саласындағы – порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: |
6. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны |
Барлық кіші түрлер үшін: |
7. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Кіші түрлері бойынша: |
8. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. |
9. | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі |
Қызмет көрсетуші - дүйсенбіден жұмаға дейін, жұмыс кестесіне сәйкес қосымша түскі үзіліспен, демалыс және мереке күндерінен басқа. |
10. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: |
11. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
1) Қазақстан Республикасының заңдарында қызметті алушының осы санаты үшін туроператорлық қызметпен айналысуға тыйым салынуы; |
12. | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде цифрлық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді. |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар. |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 08.07.2026 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
___________________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) кіші түр(лері)інің толық атауы)
жүзеге асыру үшін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы _____________________________________________
____________________________________________________________________
(пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін) облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы,
үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта____________________________________________________
Телефон_____________________________________________________________
Факс _________________________________________________________________
Банк шоты ____________________________________________________________
(шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы _______________________________________
____________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың
(стационарлық үй-жай) нөмірі
Қоса беріледі___________парақ.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;
көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады;
Өтініш ЭЦҚ-мен расталған:
_______________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 08.07.2026 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
____________________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) кіші түр(лері)інің толық атауы) жүзеге асыру
үшін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның мекенжайы _____________________________________________
____________________________________________________________________
(пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін) облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефон _____________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
(шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы ______________________________________
____________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
Қоса беріледі ___________парақ.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;
көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен түрімен және (немесе) кіші түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады;
Өтініш ЭЦҚ-мен расталған:__________________________________________
____________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 12.04.2023 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қалыптастырылған туристік өнім:
1) қалыптастырылған туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсетуге арналған үшінші тұлғалармен жасалған шарттардың нөмірлері
___________________________________________________________;
2) шарттар жасалған күні________________________________________.
2. Еңбек өтілі бір жылдан кем емес, туристік білімі бар кемінде бір қызметкердің болуы:
1) мамандығы мен біліктілігі______________________________________;
2) лицензияланатын қызмет түрінің бейімі бойынша жоғары немесе орта кәсіптік білімі
туралы дипломның нөмірі __________________________________________________;
3) дипломның берілген күні______________________________________;
4) оқу орнының атауы___________________________________________;
5) туристік білімі бар қызметкердің еңбек өтілі_______________________.
3. Меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздердегі кеңсеге арналған үй-жай
_________________________________________________________________________;
(кеңсеге арналған үй-жайға құқық белгілейтін құжаттың атауы, нөмірі және күні).
4. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына
сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкпен жасалған банк
кепілдігін енгізу шарты ________________________________________________.
(шығу туризмі саласының туроператорлары үшін)
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 08.07.2026 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
____________________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) кіші түр(лері)інің толық атауы)
жүзеге асыру үшін берілген 20___ жылғы №___ "___" лицензияны және (немесе)
лицензияға қосымшаны ________________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген лицензиардың атауы)
келесідей негіздемелерге байланысты (тиісті торда Х белгісін көрсетіңіз) қайта рәсімдеуіңізді сұраймын:
1) "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-тармағымен белгіленген тәртіпке сәйкес лицензиатты – заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (қажетті ұяшықта Х белгісін қойыңыз):
бірігу ____
қайта құру ____
қосылу ____
бөліну ____
бөлу ____;
2) лицензиат – заңды тұлға атауының өзгеруі __________________________;
3) лицензиат – заңды тұлғаның тұрған жерінің өзгеруі __________________;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу туралы талаптың болуы
_________________________________________________________________;
5) қызмет түрінің немесе кіші түрінің атауының өзгеруі __________________.
Заңды тұлғаның мекенжайы _________________________________________
___________________________________________________________________
(пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін) облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта _________________________________________________
Телефон ___________________________________________________________
Факс ______________________________________________________________
Банк шоты _________________________________________________________
(шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы ____________________________________
___________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі
Қоса беріледі _______________ парақ.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;
көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады;
Өтініш ЭЦҚ-мен расталған:
_______________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 08.07.2026 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_____________________________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) кіші түр(лері)інің толық атауы)
жүзеге асыру үшін берілген 20___ жылғы №___ "___" лицензияны және (немесе)
лицензияға қосымшаны
____________________________________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі
(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды)
берген лицензиардың атауы)
келесідей негіздемелерге байланысты (тиісті торда Х белгісін көрсетіңіз) қайта рәсімдеуіңізді сұраймын:
1) дара тұлға-көрсетілетін алушының тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгеруі__________________________;
2) дара кәсіпкер-көрсетілетін алушының қайта тіркелуі, оның атауының өзгеруі
____________________________________________________________________;
3) жеке кәсіпкер-көрсетілетін алушының қайта тіркелуі, оның заңды мекен-жайының өзгеруі______________________________________;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу туралы талаптардың болуы__________________________________________;
5) қызмет түрінің немесе кіші түрінің атауының өзгеруі _____________________.
Жеке тұлғаның тұратын жерінің мекенжайы __________________________
____________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефон _____________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
(шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жері)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы ______________________________________
____________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі
Қоса беріледі___________парақ.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;
көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады;
Өтініш ЭЦҚ-мен расталған:
____________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11578 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 шілдеде жарияланған).
2. "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1112 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12865 болып тіркелген "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қаңтарда жарияланған).
3. "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 78 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13292 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 наурызда жарияланған).
4. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 204 бұйрығы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16031 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 желтоқсанда жарияланған).
5. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 13 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16628 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 28 наурызда жарияланған).
6. "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 6 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18204 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 28 қаңтарда жарияланған).
7. "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 105 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18599 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 мамырда жарияланған).
8. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 196 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19070 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 2 тамызда жарияланған).