Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "сыйлықтарды" деген сөз "сыйлықақыларды" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 17.08.2026 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығына 1-қосымша |
"Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 24.04.2024 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 17.08.2026 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мемлекеттік қызметті аграрлық ғылым саласындағы сыйлықақыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезесі" (astanahub.com) (бұдан әрі – ҰИЖБТ) цифрлық объектісінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі арқылы алынған дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісіммен өтініш береді.
ҰИЖБТ-те ғылым саласындағы сыйлықақылар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алу үшін жұмыстарды қабылдауға өтініш, жеке тұлғаның дербес деректері "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры" цифрлық жүйесімен интеграциялау арқылы автоматты түрде қалыптастырылады.
Верификация қорытындысы бойынша ҰИЖБТ "Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы" (бұдан әрі – ЖББП) цифрлық жүйесінен академиялық немесе ғылыми дәрежесі туралы диплом бойынша мәліметтерді сұратады.
Ғылым саласындағы сыйлықақыны, мемлекеттік ғылыми стипендияны таңдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға немесе 3-қосымшаға сәйкес сауалнама деректерін толтырады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көзделген талап етілетін құжаттарды қоса береді (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі).
Құжаттар ғылым саласындағы сыйлықақыларды алу үшін құжаттарды ресімдеу талаптарына және осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларда келтірілген мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу үшін құжаттарды ресімдеу талаптарына сәйкес ресімделеді.
ЖББП-да мәліметтер болмаған немесе дұрыс болмаған жағдайда деректерді көрсетілетін қызметті алушы қолмен толтырады, мәліметтерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері өтінішке қоса беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдерін, оны көрсету мерзімін, нысаны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Негізгі талаптар тізбесінде баяндалған.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 17.08.2026 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.4. Құжаттарды қабылдау мерзімі – республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында ғылым саласындағы сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу конкурсы туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн.
Көрсетілетін қызметті алушының өтінімге қол қойған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Өтінімді қайтарып алуды көрсетілетін қызметті алушы ҰИЖБТ-де өзінің жеке кабинеті арқылы жүзеге асырады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы өтінішке қол қойылғаннан кейін өтініш көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЖО) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі қызметкерінің қарауына жіберіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші қызметкері) АЖО арқылы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді қабылдауды растайды, содан кейін ҰИЖБТ арқылы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) ретінде растауды жолдайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып, 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлама жібереді. Хабарлама (ескерпе) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес мәтіндік хабарламамен көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинеті арқылы ҰИЖБТ-ға және көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына жіберіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін осы қызметті алу құқығының туындауына байланысты емес талаптар негіз бола алмайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 17.08.2026 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 17.08.2026 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 17.08.2026 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Осы Қағидаларға өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізу кезінде ғылым саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер (және) немесе толықтырулар туралы ақпаратты электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті берушіге, Бірыңғай байланыс орталығына және Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен кезде, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған кезде, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағым жібермейді.
12. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
13. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған кезде 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезде, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.
14. ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 17.08.2026 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда):
__________________________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН):_________
Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы:____________________________
Көрсетілетін қызметті алушының телефон нөмірі: ________________________
Өтініш
Мен, _______________________(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)), ғылым
саласындағы сыйлықақыны / мемлекеттік ғылыми стипендияны алу конкурсына қатысу үшін
құжаттар топтамасын қабылдауды сұраймын.
Өтініш берілген күні:_______________
_________________
(қолы)
Мен заңмен қорғалатын құпия мәліметтер пайдалануға, менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бизнес-сәйкестендіру нөмірі 230440024058) "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметтер көрсету аясында "Ұлттық инновациялық жүйенің Бірыңғай терезесі" (astanahub.com) цифрлық жүйесі арқылы беруге келісімімді беремін.
Дербес деректерді шетелге трансшекаралық беру фактісі жоқ екенін, сондай-ақ дербес деректердің жалпыға қолжетімді көздерде таратылмағанын хабарлаймын.
Жиналатын деректер тізбесі: Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда); жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН); банктік реквизиттер; электрондық пошта; телефон нөмірі; білімі, академиялық немесе ғылыми дәрежесі туралы мәліметтер.
Ұсынған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалған мәліметтер мен қолдан жасалған құжаттар ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын.
| "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Ғылым саласындағы сыйлықақы алуға ұсынылған жұмыстың сауалнамалық деректері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 17.08.2026 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Тармақтың атауы | Мәні (ізденуші толтырады) |
1 | Сыйлықақының атауы | |
2 | Жұмыстың атауы | |
3 | Ұсынушы ұйымның толық атауы | |
4 | Авторлар туралы ақпарат: | |
4.1 | жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) | |
4.2 | тегі | |
4.3 | аты | |
4.4 | әкесінің аты (ол болған жағдайда) | |
4.5 | электрондық поштаның мекенжайы | |
4.6 | негізгі жұмыс орны | |
4.7 | негізгі жұмыс орнындағы лауазымы | |
4.8 | Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреже | |
4.9 | уәкілетті орган тағайындаған ғылыми атақ | |
4.10 | ResearcherID (РесҰрчерАйДи) идентификаторы (ол болған жағдайда) | |
4.11 | Scopus AuthorID (Скопус АвторАйДи) идентификаторы (ол болған жағдайда) | |
4.12 | ORCID (ОРКИД) идентификаторы (ол болған жағдайда) | |
5 | Жұмыстың қысқаша сипаттамасы (5000 таңбадан аспауы тиіс) | |
6 | Жұмыстың ғылыми жаңалығы және алынған нәтижелердің ғылым үшін маңызы (5000 таңбадан аспауы тиіс) | |
7 | Алынған нәтижелердің практикалық маңыздылығы (жұмыс нәтижелерінің экономикаға, қоғамға, денсаулық сақтауға, мәдениетке, саясатқа, елді басқаруға, мемлекеттік қызметтерге, өндіріске, білім беруге және қоршаған ортаға әсері), қол жеткізілген экономикалық тиімділік млн теңгемен және қамту аясы мың адаммен көрсетіле отырып (5000 таңбадан аспауға тиіс) | |
8 | Конкурс жарияланған жылды қоспағанда, соңғы бес жыл ішінде жұмыстың нәтижелері бойынша жарияланған бестен аспайтын негізгі ғылыми басылымдарының (монографиялар, монография бөлімдері, мақалалар, шолулар, қорғау құжаттары) деректері (түрі, атауы, DOI (ДОЙ), Web of Science Accession Number (Веб оф Сайенс Аксешн Намбер), Scopus EID (Скопус ЕАйДи), ISBN (АйЭсБиЭн), баспа, URL (ЮРЛ), жарияланым авторларының арасындағы жұмыс авторларының саны (m), жалпы авторлар саны (n), авторлық түрі, нөмірі (ол болған жағдайда) | |
8.1 | бірінші ғылыми жарияланым | |
8.2 | екінші ғылыми жарияланым | |
8.3 | үшінші ғылыми жарияланым | |
8.4 | төртінші ғылыми жарияланым | |
8.5 | бесінші ғылыми жарияланым | |
9 | Өндіріске, мемлекеттік басқаруға, ғылыми кадрларды даярлауға, оқу процесіне, жедел және қызметтік-жауынгерлік қызметке енгізу актісі туралы деректер | |
10 | Ғылым саласындағы авторларға бұрын берілген атаулы сыйлықақылар туралы ақпарат (сыйлықақының атауын, жұмыстың атауын және берілген жылын көрсету арқылы) |
| "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің сауалнамасы
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 17.08.2026 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Тармақтың атауы | Мәні (ізденуші толтырады) |
1 | Мемлекеттік ғылыми стипендияның атауы | |
2 | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 466 бұйрығымен бекітілген ғылыми бағыттар классификаторының бірінші деңгейдегі ғылыми бағытының атауы | |
3 | Ұсынушы ұйымның толық атауы | |
4 | Ізденуші туралы ақпарат | |
4.1 | тегі | |
4.2 | аты | |
4.3 | әкесінің аты (ол болған жағдайда) | |
4.4 | жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) | |
4.5 | электрондық пошта мекенжайы | |
4.6 | негізгі жұмыс (оқу) орны | |
4.7 | негізгі жұмыс (оқу) орнындағы лауазымы | |
4.8 | ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі немесе оқу жылы (докторанттар үшін) | |
4.9 | ResearcherID (РесҰрчерАйДи) идентификаторы (ол болған жағдайда) | |
4.10 | Scopus AuthorID (Скопус АвторАйДи) идентификаторы (ол болған жағдайда) | |
4.11 | ORCID (ОРКИД) идентификаторы (ол болған жағдайда) | |
4.12 | Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреже | |
4.13 | ғылыми дәреже берілген жыл | |
4.14 | уәкілетті орган тағайындаған ғылыми атақ | |
4.15 | ғылыми атақ берілген жыл | |
5 | Соңғы бес жылдағы (екі жобадан және/немесе бағдарламадан аспайтын) ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық жасау туралы мәліметтер: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тақырыбы, іске асыру жылдары, қаржыландырушы ұйым) (талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін талап етілмейді) | |
5.1 | бірінші жоба (немесе бағдарлама) | |
5.2 | екінші жоба (немесе бағдарлама) | |
6 | Соңғы бес жылдық кезеңде Қазақстан Республикасында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі берілген мамандарды даярлау туралы мәліметтер (дәреже иегерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), отандық ғылыми кеңесшілер саны, диссертация тақырыбы, қорғау орны және күні (талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия ізденушілеріне талап етілмейді.) | |
7 | Конкурс жарияланған жылды қоспағанда, соңғы бес жыл ішінде ізденушінің жарияланған бестен аспайтын негізгі ғылыми басылымдарының (монографиялар, монография бөлімдері, мақалалар, шолулар, қорғау құжаттары) деректері (түрі, атауы, DOI (ДОЙ), Web of Science Accession Number (Веб оф Сайенс Аксешн Намбер), Scopus EID (Скопус ЕАйДи), ISBN (АйЭсБиЭн), баспа, URL (ЮРЛ), жалпы авторлар саны (n), авторлық түрі, нөмірі (ол болған жағдайда) | |
7.1 | бірінші ғылыми жарияланым | |
7.2 | екінші ғылыми жарияланым | |
7.3 | үшінші ғылыми жарияланым | |
7.4 | төртінші ғылыми жарияланым | |
7.5 | бесінші ғылыми жарияланым | |
8 | Соңғы бес жылдағы өнеркәсіпке, мемлекеттік басқаруға, ғылыми кадрларды даярлауға, оқу процесіне, жедел, қызметтік-жауынгерлік қызметке енгізу актісі туралы деректер | |
9 | Күтілетін нәтижелер, олардың ғылыми және қолданбалы маңыздылығы, күтілетін экономикалық тиімділік млн теңгемен және қамту аясы мың адаммен көрсетілген ғылыми қызмет бағдарламасы (5000 таңбадан аспауға тиіс) (тек талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткерлер үшін) | |
10 | Халықаралық ынтымақтастық туралы мәліметтер (шарттармен, келісімдермен, бірлескен жарияланымдармен расталған халықаралық әріптестермен ынтымақтастық) (талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін ғана 5000 таңбадан аспауы тиіс) | |
11 | Экономикаға, қоғамға, денсаулық сақтауға, мәдениетке, саясатқа, елді басқаруға, мемлекеттік қызметтерге, өндіріске, білім беруге, қоршаған ортаға тигізген әсері (соңғы бес жыл ішінде) қол жеткізілген экономикалық тиімділікті млн теңгемен және қамту аясын мың адаммен көрсете отырып (5000 таңбадан аспайтын, талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияларға үміткерлер үшін талап етілмейді) | |
12 | Ізденушіге бұрын тағайындалған мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы ақпарат (тағайындалған жылын көрсете отырып) |
| "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша |
"Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. Қағидалар 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 17.08.2026 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы |
1) Ғылым саласындағы сыйлықақылар алуға жұмыстарды қабылдау; |
3. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, аграрлық ғылым саласындағы сыйлықақылардан басқа (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
4. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және оның кіші түрлерін көрсету тәсілдері | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезесі" (astanahub.com) цифрлық объектілері арқылы жүзеге асырылады. |
5. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және оның кіші түрлерін көрсету мерзімі | 3 (үш) жұмыс күні |
6. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және оның кіші түрлерін көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
7. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және оның кіші түрлерін көрсету нәтижесі | Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы хабарлама немесе тізбенің 11-тармағында көзделген негіздер бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама. |
8. | Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және оны алу тәсілдері | Тегін |
9. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің және ақпараттық жүйенің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен жұмыс істейді. |
10. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыдан қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі және оның кіші түрлері |
Ғылым саласындағы сыйлықақыларды алуға үміткерлер үшін құжаттар тізбесі: |
11. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін көрсетуден бас тарту негіздері |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
12. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының Бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі, көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері және конкурстың цифрлық жүйесінің қолдау қызметінің 1818 нөмірі арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. |
| "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 5-қосымша |
Ғылым саласындағы сыйлықақыларды алуға құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар
Ескерту. Қағидалар 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 17.08.2026 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1. Жұмыстың сипаттамасында оның мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негiзгi ғылыми нәтижелерi, олардың маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігі баяндалады.
Сипаттама титулдық беттен тұрады, онда жұмысты ұсынған ұйымның атауы, жұмыстың атауы, ізденушінің тегі мен инициалдары көрсетіледі.
Сипаттаманың көлемі 0,5 баспа бетінен аспауы тиіс.
2. Ұсынушы ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзінді көшірмесінде авторлар ұжымының құрамы көрсетіле отырып, сыйлықақыға жұмысты ұсыну туралы шешім көрсетіледі.
Үзіндіге орган төрағасы мен хатшысы қол қояды.
3. Үміткердің негізгі жұмыс орнынан анықтамада келесі мәліметтер көрсетіледі:
1) ұсынылған жұмыстың атауы;
2) ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
3) туған жылы, айы, күні;
4) ғылыми дәрежесі мен атағы, мамандығы;
5) атқаратын қызметі;
6) ғылыми, ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызмет стажы (бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кезең есепке алынбайды);
7) ізденушінің қызметтік және үй мекенжайлары мен телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы.
Анықтамаға ізденуші қол қояды және негізгі жұмыс (оқу) орны бойынша кадр бөлімі қызметкерінің қолымен куәландырылады.
4. Сыйлықақыға кандидаттың ғылыми қызметіне қысқаша сипаттама жұмысты ұсынған ұйымның басшысы тарапынан қол қойылады.
Ұжымдық жұмыстар үшін кандидаттың шығармашылық үлесі көрсетіледі.
5. Жұмысты ұсынған ұйымнан анықтама, онда ұсынылған жұмыс бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықақыларға ие болмағаны расталуы керек, анықтамаға ұйым басшысы қол қояды.
| "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 6-қосымша |
Мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға конкурс материалдарын ресімдеуге қойылатын талаптар
Ескерту. Қағидалар 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 17.08.2026 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1. Консультативтік-кеңесші органның дәлелді өтінішхаты (ұсынымы) ізденушінің ғылымға қосқан үлесі, жетістіктері мен әзірлемелері, олардың жоғары бағаланғаны және практикаға енгізілгені туралы ақпаратты, сондай-ақ ізденушінің ұсынылу сәтіндегі күтілетін нәтижелер мен олардың ғылыми және қолданбалы маңыздылығын көрсете отырып, ғылыми қызметінің бағдарламасы туралы мәліметтерді қамтиды.
Дәлелді өтінішхаттың көлемі 5 (бес) баспа беттен аспауы тиіс.
2. Ізденушінің негізгі жұмыс орнынан анықтамада келесі мәліметтер көрсетіледі:
1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
2) туған жылы, айы, күні;
3) негізгі жұмыс (оқу) орны және атқаратын лауазымы;
4) ғылыми, ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі (бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кезеңді есепке алмағанда);
5) ғылыми дәрежесі және оны алған уақыты;
6) үй және қызметтік мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы.
Анықтамаға ізденуші қол қояды және толтыру күнін көрсете отырып, негізгі жұмыс (оқу) орны бойынша кадр бөлімі қызметкерінің қолымен куәландырылады.
| "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды абылдау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 7-қосымша |
|
| Нысан | |
| "___" ______ 20___ ж. |
Құжаттарды қабылдау туралы хабарлама
Ескерту. Қағидалар 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ғылым саласындағы сыйлықақыға (мемлекеттік ғылыми стипендия)
құжаттарды қабылдауды растаймыз:
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда):
_______________________________________________________;
Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН):
________________________;
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық поштасы:
__________________________________;
Жұмыс атауы (ғылым саласындағы сыйлықақылар үшін):
_________________________________________________________________;
_________________________________________________________________
(Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі
қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 8-қосымша |
|
| Нысан | |
| "___" ______ 20___ ж. |
________________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі - ТАӘ),
________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының электрондық пошта мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама
Ескерту. Қағидалар 8-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2025 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 17.08.2026 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19–1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, себебі "Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткер жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағында көрсетілген келесі бас тарту негіздері бар:
1. ______________________________________________________________;
2. ______________________________________________________________;
3. ______________________________________________________________.
________________________________________________________________________________
(Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі қызметкерінің Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі
1. "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 206 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 мамырда № 11107 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2. "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 370 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 шілдеде № 11627 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдеде "Әділет" құқықтық-акпараттық жүйесінде жарияланған);
3. "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 206 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 62 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 наурызда № 14950 болып тіркелген);
4. "Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 370 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 223 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 маусымда № 15236 болып тіркелген).