"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 25.06.2026 № 692 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Н. Ермекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
| Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашасы № 605 бұйрығына 1-қосымша |
"Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес әскерге шақыруды кейінге қалдыру әскерге шақыру комиссиясының шешімімен беріледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Мемлекеттік қызметті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Е-лицензиялау" мемлекеттік базасы" цифрлық жүйесін пайдаланып, әскерге шақыру комиссиясы арқылы көрсетеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 25.06.2026 № 692 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – портал) арқылы осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда біржолғы парольмен куәландырылған сұрау салу жолдайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 25.06.2026 № 692 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Құжаттарды портал арқылы берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішке мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері тіркеледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 03.10.2022 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың нысанында келтірілген.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 03.10.2022 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді тіркеу және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттік қызмет 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.05.2022 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің тізбесі:
1) әскерге шақыру комиссиясының төрағасы – астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан (қала) жергілікті атқарушы органы басшысының (әкімнің) орынбасары;
2) комиссия мүшелері:
астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан (қала) жергілікті әскери басқару органының бастығы;
астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан (қала) ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі;
астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан (қала) денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті басқару органы бастығының (бас дәрігердің) орынбасары – медициналық комиссияның төрағасы.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 25.06.2026 № 692 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін әскерге шақыру комиссиясының төрағасына беруді жүзеге асырады.
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішін комиссия мүшелерінің қарауына бір жұмыс күні ішінде жолдайды.
Комиссия мүшелері бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішін қарайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес әскерге шақыруды кейінге қалдыруды келіседі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы бір жұмыс күні ішінде комиссия мүшелерінің келісу нәтижелерін қарайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытынды шығарады не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз бар болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей алдын ала жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.05.2022 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағында көзделген.
12. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы дерек енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 25.06.2026 № 692 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Әскерге шақыру комиссиясы төрағасының әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытындысы бір жұмыс күні ішінде порталда ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 25.06.2026 № 692 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация жұмыскерлерінің қызмет көрсету кезіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым оның басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.05.2022 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 03.10.2022 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес кейінге қалдырудың себебі көрсетілсін)
әскерге шақыруды кейінге қалдыруды сұраймын.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
құжаттарын қосамын.
Күні _________________
Қолы ______________
| "Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 25.06.2026 № 692 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы | Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы |
1) басқа адамның көмегіне мұқтаж және толық мемлекеттік қамсыздандыруда болмайтын отбасы мүшелерін күтумен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында онымен бірге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде заң бойынша көрсетілген отбасы мүшелерін асырауға міндетті азаматтарға; |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 6 жұмыс күні |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Әскерге шақыру комиссиясының әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытындысы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілдері | Тегін |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңінде: |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан сұратылатын құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
1) басқа адамның көмегіне мұқтаж және толық мемлекеттік қамсыздандыруда болмайтын отбасы мүшелерін күтумен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында онымен бірге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде заң бойынша көрсетілген отбасы мүшелерін асырауға міндетті азаматтарға: |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; |
12 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу және мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау кезеңі - 1 наурыздан 30 маусымға дейін және 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін. |
| "Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
| Тегі, аты, әкесінің аты ол бар болған кезде) ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытынды
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Сізге ________________________
20___ жылғы "____" ____________ дейін
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(кейінге қалдырудың себебі)
әскерге шақыруды кейінге қалдыру ұсынылды.
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы ____________________________________
__________________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)
20___ жылғы "____" ____________
| "Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
| Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Осы қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес Сізге мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарыңыздың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс болмауына байланысты әскерге шақыруды кейінге қалдырудан бас тартылды, атап айтқанда:
1) ____________________________________;
2) ____________________________________;
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы ______________
______________________________________________________ _______
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)
20__жылғы "___"____________
| Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашасы № 605 бұйрығына 2-қосымша |
"Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Азаматтарды (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-тармағына сәйкес әскери қызметке шақырудан босату аудандық (облыстық маңызы бар қала) әскерге шақыру комиссиясының шешімімен беріледі.
3. Мемлекеттік қызметті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Е-лицензиялау" мемлекеттік базасы" цифрлық жүйесін пайдаланып, әскерге шақыру комиссиясы арқылы көрсетеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 25.06.2026 № 692 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – портал) арқылы осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда біржолғы парольмен куәландырылған сұрау салу жолдайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 25.06.2026 № 692 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Құжаттарды портал арқылы берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішке мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері тіркеледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 03.10.2022 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың нысанында келтірілген.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 03.10.2022 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді тіркеу және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттік қызмет 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.05.2022 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің тізбесі:
1) әскерге шақыру комиссиясының төрағасы – астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан (қала) жергілікті атқарушы органы басшысының (әкімнің) орынбасары;
2) комиссия мүшелері:
астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан (қала) жергілікті әскери басқару органының бастығы;
астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан (қала) ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі;
астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан (қала) денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті басқару органы бастығының (бас дәрігердің) орынбасары – медициналық комиссияның төрағасы.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 25.06.2026 № 692 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін әскерге шақыру комиссиясының төрағасына беруді жүзеге асырады.
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішін комиссия мүшелерінің қарауына жолдайды.
Комиссия мүшелері бір жұмыс күні ішінде құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішті қарайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес әскери қызметке шақырудан босату туралы өтінішті келіседі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы бір жұмыс күні ішінде комиссия мүшелерінің келісу нәтижелерін қарайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында әскери қызметке шақырудан босату туралы қорытынды шығарады не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз бар болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей алдын ала жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.05.2022 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағында көзделген.
12. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы дерек енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 25.06.2026 № 692 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Әскерге шақыру комиссиясы төрағасының әскери қызметке шақырудан босату туралы қорытындысы бір жұмыс күні ішінде порталда ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 25.06.2026 № 692 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация жұмыскерлерінің қызмет көрсету кезіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым оның басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 13.05.2022 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің 12.08.2021 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 03.10.2022 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________ (көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес кейінге қалдырудың себебі көрсетілсін)
бейбіт уақытта мерзімді әскери қызметке шақырудан босатуыңызды сұраймын.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
құжаттарын қосамын.
Күні _________________
Қолы ______________
| "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 25.06.2026 № 692 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы | Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы |
1) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандарға; |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 6 жұмыс күні |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Әскерге шақыру комиссиясының әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытындысы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілдері | Тегін |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңінде: |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан сұратылатын құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
1) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандар: |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; |
12 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу және мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау кезеңі - 1 наурыздан 30 маусымға дейін және 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін. |
Әскерге шақыру комиссиясының мемлекеттік қызмет көрсету туралы қорытындысы
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 03.10.2022 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес ______________________
_________________________ Сізге әскери қызметке шақырудан босату берілді.
(босату себебі)
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы _________________________
______________________________________ ___________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)
20__жылғы "___"____________
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама
Осы қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес Сізге мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарыңыздың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) анық болмауына байланысты Сізді бейбіт уақытта әскери қызметке шақырудан босатудан бас тартылды, атап айтқанда:
1) ____________________________________;
2) ____________________________________;
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы ______________
__________________________________________ ______________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)
20__жылғы "___"____________