Кәсіпкерлік субъектілерінің туристік ресурстардағы және оларға апаратын жолдардағы санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындар субсидиялануға тиіс осындай тораптарға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 382 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 желтоқсанда № 25801 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 31.07.2026 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік субъектілерінің туристік ресурстардағы және оларға апаратын жолдардағы санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары мен мөлшері, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындар субсидиялануға тиіс осындай тораптарға қойылатын талаптар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 31.07.2026 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Мәдениет және спорт
  министрінің
  2021 жылғы 10 желтоқсандағы
  № 382 бұйрығымен бекітілген

Кәсіпкерлік субъектілерінің туристік ресурстардағы және оларға апаратын жолдардағы санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындар субсидиялануға тиіс осындай тораптарға қойылатын талаптар

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 31.07.2026 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы кәсіпкерлік субъектілерінің туристік ресурстардағы және оларға апаратын жолдардағы санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындар субсидиялануға тиіс осындай тораптарға қойылатын (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңының 11-бабы 20-18) тармақшасына сәйкес әзірленген және кәсіпкерлік субъектілерінің туристік ресурстардағы және оларға апаратын жолдардағы санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалған шығындарының бір бөлігін субсидиялау тәртібі мен мөлшерін, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындар субсидиялануға тиіс осындай тораптарға қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Туристік ресурстардағы және оларға апаратын жолдардағы санитариялық-гигиеналық тораптарды (бұдан әрі – субсидиялау) күтіп-ұстауға арналған субъектілердің шығындарының бір бөлігін субсидиялау туристік ресурстар мен оларға апаратын жолдардағы санитариялық жағдайды тиісті деңгейде ұстау мақсатында жүзеге асырылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) (бұдан әрі – ЖАО) – астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі басқаратын, тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      2) санитариялық-гигиеналық торап (бұдан әрі – СГТ) – туристік ресурстар мен оларға апаратын жолдарда, автомобиль жолдары бойында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан немесе жол бойындағы сервис объектісінің құрамына кіретін, санитариялық және гигиеналық рәсімдерге арналған абаттандырылған жеке тұрған стационарлық немесе жылжымалы құрылыс;

      3) СГТ-ның іс жүзінде жұмыс істейтін кабинасы – СГТ құрамына кіретін және осы Қағидаларға сәйкес пайдалануға жарамды, тиісті жабдықталған және пайдалануға қолжетімді кабина;

      4) туристік ресурстар – шаруашылық айналымына тартылу дәрежесіне қарамастан, туристік қызметті жүзеге асыру және туристік көрсетілетін қызметтерді қалыптастыру үшін әлеуетті негіз болып табылатын табиғи жағдайлардың, тарихи-мәдени мұра объектілерінің, әлеуметтік-экономикалық, рекреациялық және өзге де факторлардың жиынтығы;

      5) уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      4. Субсидиялауға объектінің үздіксіз жұмыс істеуін және тиісті санитариялық жағдайын қамтамасыз етуге тікелей байланысты шығындар жатады, оның ішінде жинау, санитариялық-гигиеналық құралдар, дезинфекциялау, коммуналдық қызметтер, жарықтандыру, сумен жабдықтау, қалдықтарды шығару, шығыс материалдары және құрылыс, реконструкциялау және күрделі жөндеумен байланысты емес өзге де пайдалану шығындары қамтылады.

2-тарау. Кәсіпкерлік субъектілерінің туристік ресурстардағы және оларға апаратын жолдардағы СГТтарды күтіп-ұстауға жұмсалған шығындарының бір бөлігін субсидиялау тәртібі мен мөлшерін

      5. Субсидия алуға СГТ- тың орналасқан жері бойынша кәсіпкерлік субъектісі күнтізбелік жыл ішінде ЖАО санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындардың бір бөлігін субсидиялау туралы өтінімді (бұдан әрі – өтінім) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электрондық түрде пошта арқылы не қолма-қол тиісті күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 желтоқсанына дейін ұсынады.

      6. Кәсіпкерлік субъектісі ЖАО-ға жолданатын өтінімге мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) заңды тұлға арқылы өтінім берілген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға арқылы берілген жағдайда – жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал өкіл арқылы берілген жағдайда – мүдделерді білдіруге нотариалды куәландырылған сенімхат;

      2) меншік құқығын немесе өзге де заңды негізді растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) мәлімделген СГТ және оның орналасқан жерін фото- және бейнетіркеу материалдары;

      4) СГТ осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар мен мәліметтер.

      7. 6-тармақта көрсетілген осы Қағидаларға сәйкес келіп түскен өтінімдер және оларға қоса берілген құжаттар (бұдан әрі – құжаттар пакеті) ЖАО-да тіркеледі және олардың толықтығы, сондай-ақ 5-тармаққа сәйкестігі бойынша келіп түскен күнінен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаралады.

      8. Ұсынылған құжаттар пакеті ЖАО-да мынадай жағдайларда қайтарылады:

      1) кәсіпкерлік субъектісі құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда;

      2) осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген мерзімдердің сақталмауы.

      ЖАО құжаттар пакетін қайтаруды құжаттар пакетін қайтару себептерін көрсете отырып, осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген мерзім ішінде жазбаша хабарлама арқылы жүзеге асырады.

      Құжаттар пакеті оның толық болмауы себебінен қайтарылған жағдайда, хабарламада жетіспейтін құжаттардың тізбесі көрсетіледі.

      Хабарламада көрсетілген тізбе бойынша құжаттар пакеті толық болмауы жойылған жағдайда, кәсіпкерлік субъектісі өтінімді қайта ұсынады.

      Өтінім беру мерзімін сақтамау себебі бойынша құжаттар пакеті қайтарылған жағдайда, кәсіпкерлік субъектісі өтінімді осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзімдерде қайта ұсынады.

      9. Түскен құжаттар топтамасын қарау үшін ЖАО кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін субсидиялау жөніндегі өтінімдерді қарау бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады (бұдан әрі – комиссия).

      Комиссия мүшелерінің саны тақ саннан тұрады, кемінде жеті адам болады, олардың ішінен комиссия төрағасы, төраға орынбасары тағайындалады. Комиссия хатшысы ретінде ЖАО қызметкері тағайындалады.

      Комиссия құрамына ЖАО қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де қоғамдық, үкіметтік емес салалық ұйымдардың өкілдері кіреді.

      10. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарын өткізеді, өтінімдерді қарауды ұйымдастырады және осы Қағидалардың талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

      11. Комиссия хатшысы комиссия отырыстарына материалдар дайындайды, комиссия мүшелеріне хабарлауды, отырыстардың хаттамаларын ұйымдастыруды және тіркеуді, сондай-ақ материалдарды сақтауды қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатыспайды.

      12. Комиссия туралы ережені және оның дербес құрамын ЖАО бекітеді.

      13. Комиссия толық құжаттар пакеті келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны осы Қағидалардың 6-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) осы Қағидалардың 6-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкес келген жағдайда, кәсіпкерлік субъектісін субсидиялау туралы;

      2) осы Қағидалардың 6-тармағы мен 3-тарауының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, кәсіпкерлік субъектісін субсидиялаудан бас тарту туралы.

      14. Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығына және (немесе) түпнұсқалығына қатысты күмән туындаған жағдайда, ЖАО туындаған күмәндерді жоюға және қосымша мәліметтер алуға бағытталған шараларды дербес қабылдайды.

      Бұл ретте, осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген мерзім 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      15. Мерзімді ұзарту туралы уәжді шешімді ЖАО осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік субъектісіне жолдайды.

      16. Өтінімді комиссияның қарауы үшін ЖАО СГТ оның орналасқан жері бойынша осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген талаптарға сәйкестігіне тексеруді ұйымдастырады.

      СГТ-ны тексеру комиссиямен кәсіпкерлік субъектісі өкілінің қатысуымен фото- және (немесе) бейнетіркеу арқылы жүргізіледі және тексеруді жүзеге асырған тұлғалар қол қоятын еркін нысандағы тексеру актісімен ресімделеді.

      17. Кәсіпкерлік субъектісін субсидиялаудан бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, ЖАО кәсіпкерлік субъектісін субсидиялаудан бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісінің алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес комиссия шешім қабылдағанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша комиссия шешімінің негізінде ЖАО кәсіпкерлік субъектісін субсидиялау туралы шешім шығарады немесе субсидиялаудан бас тарту туралы уәжді жауап жолдайды.

      18. Комиссия өтінімдер түсуіне қарай осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген мерзімдерде материалдарды қарайды және отырыстар өткізеді.

      Комиссия отырысы оның мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан жағдайда құқықтық заңды болып есептеледі.

      19. Комиссия отырыстары қашықтан бейнебайланыс арқылы және (немесе) офлайн форматта өткізіледі және аудио- және (немесе) бейнетіркеуге жатады.

      20. Комиссия шешімді ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысқан мүшелердің жалпы санының көпшілік даусымен кәсіпкерлік субъектісін субсидиялау немесе субсидиялаудан бас тарту туралы қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда, шешуші дауыс комиссия төрағасының, ал төраға болмаған жағдайда төраға орынбасарының дауысы болып табылады.

      21. Дауыс беру нәтижелері мен комиссияның қабылдаған шешімі хаттамамен ресімделеді.

      22. Кәсіпкерлік субъектісін субсидиялау туралы комиссия шешімінің негізінде ЖАО оны СГТ күтіп-ұстауға субсидиялау жүзеге асырылатын СГТ тізбесінің жобасына (бұдан әрі – жоба) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізеді және оны 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға келісуге жібереді.

      23. Уәкілетті орган жобаны ол келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келіседі.

      Егер жоба уәкілетті органның келісуінде 5 (бес) жұмыс күнінен астам уақыт болса және ол бойынша жауап ұсынылмаса, онда мұндай жоба әдепкі бойынша келісілді деп есептеледі.

      24. Жоба келісілгеннен кейін ЖАО әкімдік қаулысымен СГТ күтіп-ұстауға субсидиялау жүзеге асырылатын СГТ тізбесін (бұдан әрі – тізбе) бекітеді.

      Бекітілген тізбе тиісті күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады.

      25. Бекітілген тізбені, сондай-ақ оған енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтыруларды ЖАО олар бекітілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

      26. ЖАО өтінімде көрсетілген, екінші деңгейдегі банкте ашылған кәсіпкерлік субъектісінің есеп айырысу шотына, тізбеге енгізілген СГТ бойынша, субсидиялау мерзімі ішінде ай сайын 83 300 (сексен үш мың үш жүз) теңге мөлшерінде субсидия сомасын келесі айдың оныншы күніне дейін аударады.

      27. ЖАО кәсіпкерлік субъектісінің қызметін және цифрлық жүйелер деректерін, ұсынылған есептілікті, ашық дереккөздерді, бұқаралық ақпарат құралдарын, сондай-ақ мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде алынған мәліметтерді қоса алғанда, өзге де ақпараттарды талдау арқылы СГТ-ның жұмыс істеуіне мониторинг жүргізеді.

      28. Мониторинг нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген талаптардың бұзылуы, оның ішінде СГТ нақты жұмыс істеп тұрған кабиналар санының азаюы анықталған жағдайда, ЖАО 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік субъектісіне анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып жазбаша хабарлама жібереді.

      29. Хабарлама алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік субъектісі мониторинг нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, бұл СГТ-ны тізбеден шығару және мұндай шешім қабылданған айдан кейінгі айдан бастап субсидиялауды тоқтату туралы комиссия шешім қабылдауға негіз болып табылады.

      30. Осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген комиссия шешімінің негізінде ЖАО 5 (бес) жұмыс күні ішінде тізбеге тиісті өзгерістер енгізеді.

      31. Кәсіпкерлік субъектісі СГТ-ның осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген талаптарға сәйкестігін субсидиялау кезеңінің бүкіл мерзімі ішінде, сондай-ақ СГТ нақты жұмыс істеп тұрған кабиналарының саны мен функционалдық мақсатын сақтауды қамтамасыз етеді.

      СГТ-ның осы Қағидалардың 3-тарауы талаптарына сәйкестігіне әсер ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, кәсіпкерлік субъектісі мұндай мән-жайлар туындаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЖАО-ны жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етеді.

      32. ЖАО тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей, бюджеттік заңнамаға сәйкес қаржы жылының басынан бастап өспелі қорытындымен есепті тоқсан үшін төленген сомаларды көрсете отырып, субсидия қаражатының пайдаланылуы туралы ақпаратты тізбеге енгізілген СГТ бөлінісінде уәкілетті органға электрондық түрде ұсынады.

3-тарау. Күтіп ұстауға арналған шығындары субсидиялауға жататын СГТ қойылатын талаптар

      33. Туристік ресурстарда және оларға баратын жолдар бойында СГТ-тарды күтіп-ұстауға арналған кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін субсидиялауға СГТ жатады, олар мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

      1) туристік ресурстарда және (немесе) оларға баратын жолдар бойында автомобиль жолдарының бойында және (немесе) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасуы;

      2) кәсіпкерлік субъектісінде меншік құқығында не өзге де заңды негізде болуы;

      3) іс жүзінде жұмыс істеуі және мақсаты бойынша пайдаланылуы;

      4) іс жүзінде жұмыс істейтін кемінде үш кабинаны, оның ішінде ерлерге арналған кемінде бір кабинаны, әйелдерге арналған кемінде бір кабинаны және мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ететін кемінде бір кабинаны қамтуы;

      5) унитаздармен, қолжуғыштармен, желдету, жарықтандыру жүйелерімен және жеке гигиена құралдарымен жабдықталуы;

      6) субсидиялау кезеңінде тиісті санитариялық жағдайда күтіп-ұсталуы.

  Туристік ресурстар мен оларға
апаратын жолдардағы
санитариялық-гигиеналық
тораптарды күтіп-ұстауға
арналған шығындардың бір
бөлігін субсидиялау
қағидаларына 1-қосымша
  Үлгі
  кімге: ___________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
кімнен: __________________
(кәсіпкерлік субъектісінің атауы)

Санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындардың бір бөлігін субсидиялауға өтінім

      Санитариялық-гигиеналық тораптарды (бұдан әрі – СГТ) күтіп-ұстауға арналған

      шығындардың бір бөлігін субсидия алу туралы өтінімді қарастыруыңызды сұраймын.

      1. Кәсіпкерлік субъектісі туралы мәліметтер

      Заңды тұлға үшін: БСН __________________;

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _______________;

      нақты орналасқан мекенжайы __________________;

      телефон нөмірі __________________;

      ұялы байланыс абонентінің телефон нөмірі __________________.

      Жеке тұлға үшін:

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________;

      ЖСН __________________;

      жеке басты куәландыратын құжат:

      нөмірі __________________;

      кім бергені __________________;

      берілген күні/қолданылу мерзімі __________________;

      тұрғылықты мекенжайы __________________;

      ұялы байланыс абонентінің телефон нөмірі __________________;

      ұялы телефон нөмірі __________________.

      2. СГТ туралы мәліметтер

      сипаттамасы __________________;

      орналасқан мекенжайы __________________;

      географиялық координаттары __________________;

      аумақтық тиесілілігі __________________;

      пайдалануға берілген күні __________________;

      іс жүзінде жұмыс істейтін кабиналардың жалпы саны _________________;

      оның ішінде: ерлерге арналған __________________;

      әйелдерге арналған __________________;

      мүгедектігі бар адамдарға арналған __________________;

      субсидиялау мерзімі __________________.

      3. Екінші деңгейдегі банкте ашылған есеп айырысу шотының

      деректемелері_________________________________________________________

      4. Туристік ресурстарда және оларға баратын жолдарда орналасқан СГТ күтіп-ұстауға арналған кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін субсидиялау Қағидалары мен мөлшеріне, сондай-ақ шығындары субсидиялауға жататын СГТ-тарға қойылатын талаптарға сәйкес 6-тармаққа сай өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі (бұдан әрі – Қағидалар):

      1) ____________________________________________

      2) ____________________________________________

      3) _________________________________________

      4) __________________________________________

      5) __________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, оның ішінде "Қазақстан Республикасындағы оңалту және банкроттық туралы" Заңға сәйкес банкрот болып табылмайтынымды, банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайтынымды растаймын, сондай-ақ заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға және дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінімде көрсетілген СГТ осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген талаптарға сәйкес келетінін, субсидиялаудың бірыңғай объектісі болып табылатынын растаймын және субсидиялау кезеңі ішінде оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге әрі тексеру жүргізу үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуге міндеттенемін.

      Ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі, іс жүзінде жұмыс істейтін кабиналар саны немесе СГТ-ның Қағидалардың 3-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігіне әсер ететін өзге де мән-жайлар өзгерген жағдайда, жергілікті атқарушы органға 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.

      _________________________________________________

      (кәсіпкерлік субъектісі басшысының (өкілінің) қолы)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      20____ жылғы "____" __________

  Туристік ресурстар мен оларға
апаратын жолдардағы
санитариялық-гигиеналық
тораптарды күтіп-ұстауға
арналған шығындардың бір
бөлігін субсидиялау
қағидаларына 2-қосымша
  Үлгі

Санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарын субсидиялау жүзеге асырылатын санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбесі

Кәсіпкерлік субъектісі

СГТ орналасқан жері

СГТ географиялық координаттары

СГТ аумақтық тиесілілігі

Пайдалануға енгізілген күні

Іс жүзінде жұмыс істейтін кабиналар саны*

Субсидиялау мерзімі **

Тізбеге енгізу негізі

      Ескертпе:

      * санитариялық-гигиеналық тораптың орналасқан аумағы (туристік ресурстарда және (немесе) оларға апаратын автомобиль жолдары бойында және (немесе) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда).

      ** күнтізбелік жыл ішінде субсидиялау кезеңі көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады