Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 31.08.2026 № 236-НҚ (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен (немесе сертификаттармен) марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың, халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен (немесе сертификаттармен) марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың, халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының тізбесіне Іріктеу өлшемшарттары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 31.08.2026 № 236-НҚ (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
А. Аймағамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт вице-министрі
_______________ С. Жарасбаев
2022 жылғы "____"_____________
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 326 бұйрығына 1-қосымша |
Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен (немесе сертификаттармен) марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың, халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының тізбесі
Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 31.08.2026 236-НҚ (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар
№ | Олимпиадалар атауы |
|---|---|
1. | Математикадан халықаралық олимпиада (International Mathematical Olympiad (Интернейшэнал Математикал Олимпиад) |
2. | Физикадан халықаралық олимпиада (International Physic Olympiad (Интернейшэнал Физик Олимпиад) |
3. | Химиядан халықаралық олимпиада (International Chemistry Olympiad (Интернейшэнал Кэмистри Олимпиад) |
4. | Биологиядан халықаралық олимпиада (International Biology Olympiad (Интернейшэнал Байолоджи Олимпиад) |
5. | Географиядан халықаралық олимпиада (International Geography Olympiad (Интернейшэнал Джиографи Олимпиад) |
6. | Информатикадан халықаралық олимпиада (International Olympiad in Informatic (Интернейшэнал Олимпиад Ин Информатик) |
7. | Лингвистикадан халықаралық олимпиада (International Linguistic Olympiad (Интернейшэнал Лингуистик Олимпиад) |
2-тарау. Халықаралық спорттық жарыстар
№ | Спорттық жарыстардың атауы |
|---|---|
1. | Олимпиада ойындары |
2. | Паралимпиада ойындары |
3. | Сурдлимпиада ойындары |
4. | Жасөспірімдер Олимпиада ойындары |
5. | Олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпионаттары |
6. | Дүниежүзілік жазғы және қысқы гимназиада |
3-тарау. Халықаралық орындаушылардың конкурстары
№ | Халықаралық конкурстардың атауы |
|---|---|
1. | Петр Чайковский атындағы Халықаралық жасөспірімдер байқауы Мәскеу қаласы (Ресей Федерациясы) |
2. | Халықаралық жасөспірімдер вокалдық конкурсы Мәскеу қаласы (Ресей Федерациясы) |
3. | Екатерина Максимова атындағы "Арабеск" ашық ресейлік балет әртістерінің байқауы, Пермь қаласы (Ресей Федерациясы) |
4. | World Dance Council, World DanceSport Federation (Уорлд Дэнс Каунсл, Уорлд Дэнс-Спорт Федирэйшн) Халықаралық жарыстар федерациясы және турнирлер, International Dance Sport Union (Интернейшэнал Дэнс Спорт Юнион) Әлем Кубогы және Әлем чемпионаты кезеңдері |
5. | "Витебскідегі Славян базары" халықаралық өнер фестивалі (Беларусь Республикасы) |
6. | Бибігүл Төлегенова атыңдағы халықаралық вокалистер конкурсы (Алматы қаласы, Казақстан Республикасы) |
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 326 бұйрығына 2-қосымша |
Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен (немесе сертификаттармен) марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың, халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының тізбесіне Іріктеу өлшемшарттары
Ескерту. Өлшемшарттарының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 31.08.2026 236-НҚ (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Өлшемшарттарына өзгерістер енгізілді – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 15.01.2026 № 17-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.08.2026 236-НҚ (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1-тарау. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадаларды, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарын және орындаушылардың халықаралық конкурстарын, спорттық жарыстарды, халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарын іріктеу мынадай өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырылады
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 31.08.2026 236-НҚ (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1-параграф. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар:
№ | Өлшемшарттардың атауы |
|---|---|
1. |
Қазақстан Республикасы құрама командасының халықаралық олимпиадаларының қағидаларына сәйкес ресми аккредиттеу рәсімі. Аккредиттеу-қатысушы елдің әлемдік деңгейдегі олимпиадаға қатысу алдындағы міндетті рәсімі. |
2. | Құрама команданы республикалық бюджеттен қаржыландыру |
3. | Барлық континенттер елдерінің қатысуы (35-тен астам қатысушы ел) |
4. | Ұйымдастырушы елдің жыл сайын ауысуы |
5. | Олимпиаданы 15 жыл бойы өткізуі (үзіліссіз) |
6. | Қатысушы елдер санының ұлғаюы |
7. | Бір елден бір құрама командадан артық болмауы |
8. | Ұйымдастырушы елдің ресми сайтында жарияланған нәтижелердің орналастырылуы және оларды ұсынуы |
1-1-параграф. Ғылыми жобалардың халықаралық конкурстары
№ | Өлшемшарттардың атауы |
1. |
Аккредиттеу – қатысушы елдер үшін әлемдік деңгейдегі ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарына қатысу алдындағы міндетті рәсім. |
2. | Құрама команданы республикалық бюджеттен қаржыландыру |
3. | Барлық континенттер елдерінің қатысуы (80-нен астам қатысушы ел) |
4. | Ұйымдастырушы елдің жыл сайын ауысуы |
5. | Олимпиаданы 15 жыл бойы өткізу (үзіліссіз) |
6. | Қатысушы елдер санының ұлғаюы |
7. | Бір елден бір құрама командадан артық болмау |
8. | Ұйымдастырушы елдің ресми сайтында жарияланған нәтижелердің орналастырылуы және оларды ұсыну |
2-параграф. Халықаралық спорттық жарыстар:
№ | Өлшемшарттардың атауы |
|---|---|
1. | Халықаралық спорт ұйымының (Халықаралық Олимпиада комитеті, Халықаралық Паралимпиада комитеті, Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар және басқа халықаралық спорттық ұйымдар) өткізуі |
2. | Барлық континенттер елдерінің қатысуы (200-ден астам қатысушы ел) |
3. | Спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрлері бойынша жарыстарға Шетелдік спортшылардың (командалар) қатысуы |
4. | Бір елден бір құрама командадан артық болмауы |
5. | Жарысты ұйымдастыру комитетінің ресми сайтында жарияланған нәтижелерді (хаттамаларды) орналастыру |
3 -параграф. Орындаушылардың халықаралық конкурстары:
№ | Өлшемшарттардың атауы |
|---|---|
1. | Мемлекет атынан қатысушыларды республикалық бюджеттен қаржыландыру |
2. | Конкурсқа кемінде 10 елдің қатысуы |
3. | 10 жыл бойы конкурс өткізу |
4. | Қатысушы елдер санының ұлғаюы |
5. | Ұйымдастырушы елдің ресми сайтында жарияланған нәтижелерді орналастыру және оларды ұсыну |
4 -параграф. Халықаралық кәсіби шеберлік конкурстары:
№ | Өлшемшарттардың атауы |
1. | Конкурсқа қатысу құқығын растайтын конкурс ұйымдастырушыларының ресми атаулы шақыруының болуы |
2. | WorldSkills халықаралық кәсіби шеберлік қозғалысы жүйесіне кіретін халықаралық, өңірлік немесе ұлттық ұйымның конкурсты өткізуі |
3. | Конкурсқа 10 және одан да көп елдің өкілдерінің қатысуы |
4. | Бір елден әрбір құзыреттілік бойынша бір қатысушыдан/командадан артық болмауы |
5. | Конкурстың кемінде соңғы 10 жыл бойы тұрақты негізде өткізілуі |
6. | Практикалық кәсіби бағдарланған конкурстық тапсырмаларының болуы |
7. | Ұйымдастырушы елдің ресми сайтында жарияланған нәтижелердің орналастырылуы және/немесе қорытынды хаттамаларды, дипломдарды, сертификаттарды, медальдық есептерді ұсыну |