Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.07.2026 № 217-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес "Ұлттық білім беру деректер қоры" цифрлық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.07.2026 № 217-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Цифрлық даму және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) білім басқармалары және білім беру ұйымдары осы бұйрықтың қолданылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | А. Аймағамбетов |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "____"___________ ________ |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "____"___________ ________ |
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы "__"_______ №__ бұйрығымен бекітілген |
"Ұлттық білім беру деректер қоры" цифрлық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.07.2026 № 217-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Ұлттық білім беру деректер қоры" цифрлық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ұлттық білім беру деректер қоры" цифрлық жүйесін (бұдан әрі – ҰБДҚ) қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.07.2026 № 217-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) дербес деректер – дербес деректердің бір немесе бірнеше сәйкестендіргішімен толықтырылған, дербес деректер субъектісі туралы мәліметтер немесе мәліметтер жиынтығы;
2) ҰБДҚ паспорты – ҰБДҚ-дағы әкімшілік деректер мен статистикалық бақылау деректерін қамтитын электрондық нысан;
3) цифрлық объект – цифрлық технологиялар арқылы құрылған, пайдаланылатын немесе берілетін, бірегей цифрлық сипаттамаларға ие және цифрлық орта субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көлемде иелену, пайдалану не билік ету құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін цифрлық ортаның ерекшеленген элементі;
4) цифрлық объектілердің интеграциясы – деректерді берудің стандартты хаттамалары пайдаланыла отырып, интеграциялық сервистер арқылы цифрлық объектілер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;
5) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.07.2026 № 217-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. ҰБДҚ - ның әкімшілік деректері мен статистикалық байқаулар деректері (бұдан әрі - деректер) мемлекеттің меншігі болып табылады және оларды коммерциялық мақсаттар үшін пайдалануға тыйым салынады, білім беру мониторингін қоспағанда, өзге мақсаттар үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) жазбаша келісімін талап етеді.
Осы ҰБДҚ мемлекеттің меншігі болып табылады және оны коммерциялық мақсатта пайдалануға жол берілмейді, ал өзге де мақсаттар үшін пайдалану Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) жазбаша келісімін талап етеді.
4. Жеке және заңды тұлғалар ҰБДҚ-ның жалпыға қолжетімді деректеріне ашық қолжеткізеді.
5. Кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге білім беру ұйымының ҰБДҚ деректері мен паспорттарына рұқсат беріледі.
6. ҰБДҚ деректері мемлекеттік бақылау жүргізу, стратегиялық бағдарламалық құжаттарды әзірлеу, білім беру жүйесі бойынша талдау және мониторинг жүргізу үшін пайдаланылатын ресми ақпарат болып табылады.
2 тарау. ҰБДҚ қалыптастыру тәртібі
7. ҰБДҚ-ын қалыптастыру ҰБДҚ паспортында әкімшілік деректерді енгізу және өзектендіру арқылы жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерімен және мемлекеттік емес цифрлық объектілерімен интеграциялау арқылы жүзеге асырылады;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарымен;
3) білім беру ұйымдарымен.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.07.2026 № 217-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Министрлік айқындаған Заңды тұлға облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, республикалық, дербес білім беру ұйымдарының, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, қорғаныс саласындағы уәкілетті органдарға ведомстволық өзге де бағынысты білім беру ұйымдарының ҰБДҚ паспорттарын жасайды, өзектендіреді және деректерін енгізеді, өзектендіруді үйлестіреді, сондай-ақ, осы ұйым қызметкерлерінің есептік жазбасын жасайды.
9. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім басқару органдары:
1) білім беру ұйымдарын ҰБДҚ-да тіркеуді, оның ішінде білім беру ұйымының ҰБДҚ паспортын құруды, білім беру ұйымы пайдаланушыларының есептік жазбаларын жасауды және іске қосуды қамтиды;
2) ұйымдастыру-құқықтық нысаны, меншік нысаны, атауы, заңды (нақты) мекенжайы өзгерген жағдайда білім беру ұйымының ҰБДҚ паспортындағы бастапқы деректерді өзгерту;
3) аумақтық бөлінісі бойынша ҰБДҚ-да деректерді жинауды үйлестіру;
4) білім беру ұйымдары енгізген деректердің сапасы мен анықтығын тексеруді, анықталған қателерді түзетуді үйлестіруді қамтиды.
10. Облыстың білім беруді басқару органдары ҰБДҚ паспорттарын және ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органы қызметкерлерінің есептік жазбаларын жасайды және өзектендіреді.
11. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) білім басқару органының, білім беру ұйымының ҰБДҚ-да деректерді жинауды Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, толтыруды және өзектендіруді бірінші басшының бұйрығымен айқындалған қызметкер өзгерістердің туындау фактісі бойынша тұрақты, бірақ олар туындаған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
11-1. Білім беру ұйымының басшысы жыл сайын ҰБДҚ толтыру және өзектендіру үшін жауапты адамдарды мынадай тәртіппен айқындайды:
1) "Тіркеу мәліметтері/Білім беру процесі туралы негізгі мәліметтер/Білім беру объектісі туралы негізгі мәліметтер/Қосымша мәліметтер/Контингент" бөлімдерін директордың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары толтырады. Болмаған жағдайда - басшы айқындайтын адам;
2) "Қызметкерлер" бөлімін штат кестесінде болған жағдайда кадр мәселелері жөніндегі инспектор толтырады. Болмаған жағдайда - басшы айқындайтын адам;
3) "Материалдық-техникалық база" бөлімін директордың шаруашылық ісі-жөніндегі орынбасары толтырады. Болмаған жағдайда - басшы айқындайтын адам;
4) "Кітапхана" кіші бөлімін кітапханашы толтырады. Болмаған жағдайда - басшы айқындайтын адам;
5) "Компьютерлендіру" кіші бөлімін директордың цифрлық технологиялар жөніндегі орынбасары, жүйелік әкімші толтырады. Болмаған жағдайда - басшы айқындайтын адам;
6) "Жатақхана/интернат" кіші бөлімін жатақхана меңгерушісі, директордың шаруашылық ісі-жөніндегі орынбасары толтырады. Болмаған жағдайда - басшы айқындайтын адам.
Ескерту. Қағидалар 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.07.2026 № 217-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.12. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) білім басқару органының басшысы деректердің уақтылы өзектіленуіне бақылауды жүзеге асырады және ҰБДҚ-да толтырылатын деректердің анықтығын электрондық цифрлық қолтаңбамен растайды.
13. Білім беру ұйымының басшысы деректердің уақтылы өзектіленуіне бақылауды жүзеге асырады және ҰБДҚ-да толтырылатын деректердің анықтығын электрондық цифрлық қолтаңбамен растайды.
14. ҰБДҚ-да ҰБДҚ паспорттарындағы деректерді енгізу және өзектендіру кезінде тарихи деректердің сақталуы қамтамасыз етіледі.
3 тарау. ҰБДҚ сүйемелдеу тәртібі
15. ҰБДҚ-ны сүйемелдеуді киберқауіпсіздік мәселелері жөніндегі заңнамаға сәйкес Заңды тұлға жүзеге асырады.
1) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
2) ҰБДҚ-ны сүйемелдеуді және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
3) ҰБДҚ-ны сүйемелдеуді және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін өзге де адамдарды цифрлық инфрақұрылым объектілеріне тартады;
4) "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес дербес деректерді қорғау жөнінде шаралар қолданады;
5) ҰБДҚ-да орналастырылған мемлекеттік электрондық цифрлық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
6) интеграциялау кезінде "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін ҰБДҚ-ға қосуды жүзеге асырады;
7) ҰБДҚ жұмысы бойынша консультациялық көмек көрсетеді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.07.2026 № 217-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. ҰБДҚ-ны сүйемелдеу шеңберінде Заңды тұлға:
1) ҰБДҚ көрсеткіштерді қосу және өзектендіруді;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беру ұйымдары мен білім беруді басқару органдары деректерінің дұрыстығын (верификациясын) тексеру алгоритмдерін жасауды;
3) форматтық-логикалық бақылау элементтерінің әдіснамасын жасау және өзектендіруді;
4) әкімшілік деректердегі статистикалық және логикалық ауытқуларды анықтауды;
5) ҰБДҚ-мен жұмыс бойынша нұсқаулық материалдар мен оқыту бейнероликтерін дайындауды;
6) деректер нысандарын қалыптастыру және өзгерту;
7) деректер формаларын жүктеу алгоритмдерін құру
8) "Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8369 болып тіркелген) бекітілген әкімшілік деректер нысандарынның формасын қалыптастыру және түсіруді;
9) жыл сайынғы Ұлттық статистикалық жинақты дайындауды;
10) қолданушыларды ҰБДҚ-мен жұмыс жасау бойынша консультациялық сүйемелдеуді;
11) қолданушыларды ҰБДҚ-мен жұмыс жасау бойынша оқытуды;
12) ҰБДҚ жұмыс істеуі жөніндегі байланыс-орталығының жұмысын қамтамасыз етеді;
13) дербес деректерді қорғау жөнінде шаралар қабылдау;
14) ҰБДҚ киберқауіпсіздігі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.07.2026 № 217-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Заңды тұлға ҰБДҚ-на мынадай ақпаратты орналастырады:
1) кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын алдағы техникалық не профилактикалық жұмыстар туралы хабарландыру;
2) ҰБДҚ-мен жұмыс істеудің әртүрлі мәселелері бойынша пайдаланушыларға арналған хабарламалар;
3) мәтіндік және бейне форматтағы нұсқаулықтар, жиі қойылатын сұрақтар және оларға жауаптар;
4) Заңды тұлғаның байланыс ақпараты.
4 тарау. Жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.07.2026 № 217-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. ҰБДҚ жүйелік-техникалық қызмет көрсету шеңберінде Заңды тұлға:
1) техникалық не профилактикалық жұмыстарды жүргізуге қажетті уақытты қоспағанда, мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, ҰБДҚ-да тәулік бойы режимде техникалық қызмет көрсетуді қамтиды;
2) ҰБДҚ серверлік және телекоммуникациялық жабдығының диагностикасы және мониторингін;
3) Министрліктің жабдықтарында ҰБДҚ деректерін сақтау және ақпарат зақымдалған немесе істен шыққан жағдайда қалпына келтіруді;
4) Министрліктің жабдықтарында ҰБДҚ-дағы ақпаратты қорғау және резервтік көшіруді;
5) бағдарламалық қамтылым мен бастапқы бағдарламалық кодтың ақауларын әкімшілендіру, түзетулер енгізу, түрлендіру және жою, жаңғырту жүргізбестен және цифрлық жүйенің тұтастығын сақтау шартымен техникалық іркілістерді жедел жою;
6) ҰБДҚ-на форматтық-логикалық бақылау элементтерін жаңарту және бағдарламалық енгізуді;
7) серверлік және телекоммуникациялық жабдыққа, еркін бағдарламалық қамтылымға, дерекқорды басқару жүйесіне, операциялық жүйелерге жедел қызмет көрсетуді;
8) деректермен алмасу үшін цифрлық жүйелермен интеграцияны, сондай-ақ мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерімен және өзге де цифрландыру объектілерімен өзара іс-қимылды қамтиды;
9) ҰБДҚ-ның киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізуге дайындық және анықталған ескертулерді жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.07.2026 № 217-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Заңды тұлға ақпаратты іздеу және ҰБДҚ-ға орналастыру бойынша техникалық мәселелер бойынша өтініштерді кері байланыс арқылы қабылдайды.
20. ҰБДҚ-ны басқа цифрлық жүйелермен интеграциялау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №368/НҚ бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 39199 болып тіркелген) "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін интеграциялау қағидаларында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.07.2026 № 217-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде Заңды тұлға "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарды басшылыққа алады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.07.2026 № 217-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Заңды тұлға ҰБДҚ-ның киберқауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапты тұлғаны айқындайды.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.07.2026 № 217-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.