"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын I-А санатты автомобиль жолының 22+640 километр (бұдан әрі – км) – 22+000 км болатын "Үлкен Алматы Айналма Автомобиль Жолы" учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылатыны;
2) Алматы қаласы мен Алматы облысы арқылы баламалы жолдар бойынша жүріп өту жүзеге асырылады;
3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – Алматы-Ұзынағаш автомобиль жолының 22+640 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті –Алматы-Талғар автомобиль жолының 22+000 км;
4) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысу және басқа автомобиль жолдарымен түйісу тізбесі;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – I-А санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту жолағының ені - 3,75 метрден кем емес;
автомобиль жолы бойынша қозғалыс жолақтарының cаны – Алматы-Ұзынағаш автомобиль жолынан Алматы-Бішкек автомобиль жолына дейінгі учаскеде - 4 жолақ, Алматы-Бішкек автомобиль жолынан Алматы-Евгеньевка-Шелек-Қорғас автомобиль жолына дейінгі учаскеде – 6 жолақ, Алматы-Евгеньевка-Шелек-Қорғас автомобиль жолының учаскесінде Алматы-Талғар автомобиль жолына дейін - 4 жолақ;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы - 66,00 км;
7) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жүріп өту үшін төлемақы мөлшерлемесі;
8) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес айқындалған басқа автомобиль жолы бойынша баламалы жүрісі жоқ іргелес елдімекендердің тізбесі;
9) ақылы негізде ақылы жолды (учаскені) пайдалану мерзімі – 16 (он алты) жыл болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
| Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 4 шілдедегі № 490 Бұйрығына 1-қосымша |
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысу және басқа автомобиль жолдарымен түйісу тізбесі
Қиылысу және түйісу мекенжайлары километр (бұдан әрі - км) + метр | Белгіленген қиылысу және түйісу бойынша елдімекендердің атауы |
Қарасай ауданы | |
0+0 км | Қырғауылды кенті |
0+0 км | Райымбек кенті |
5+817 км | Кемертоған кенті |
20+752 км | Елтай кенті |
20+752 км | Көкөзек кенті |
20+752 км | Ақсеңгір кенті |
Іле ауданы | |
34+169 км | Комсомол кенті |
34+169 км | Жапек батыр кенті |
43+409 км | Өтеген батыр кенті |
43+409 км | Ынтымақ кенті |
Талғар ауданы | |
55+650 км | Панфилов кенті |
65+515 км | Қызылқайрат кенті |
65+515 км | Талдыбұлақ кенті |
| Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 4 шілдедегі № 490 бұйрығына |
|
| 2-қосымша |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлемақы мөлшерлемесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2026 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
І-А санаты 00+000 км – 66+000 км "Үлкен Алматы Айналма Автомобиль Жолы" республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы (учаскесі) :
Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК)
Жеңіл автомобильдер | 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі-т) дейінгі жүк автомобильдері | 32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері | 32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 тоннадан басталатын жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар | |
Бір сағат ішінде жүріп өткен жолға қарамастан сапар құны |
0,14 |
0,16 |
0,28 |
0,32 |
0,4 |
0,44 |
1) абоненттік төлем – бір ай немесе бір жыл мерзімге абонемент түрінде Алматы облысының Талғар, Қарасай, Іле аудандарының елді мекендерінде тіркелген автокөлік құралдары үшін белгілі бір уақыт кезеңіне автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ақылы учаскелер бойынша жол жүру төлемі;
бір айға абонемент (АЕК):
Көлік түрі | Жеңіл көлік үшін | 16 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және автопойыздың жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар үшін ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлем құны | 0,5 АЕК | 0,6 АЕК | 1 АЕК | 1,5 АЕК | 2 АЕК | 2,5 АЕК |
бір жылға абонемент (күнтізбелік 365 күн) (АЕК):
Көлік түрі | Жеңіл көлік үшін | 16 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін | 32 орыннан асатын автобустар және автопойыздың жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлем құны | 5 АЕК | 6 АЕК | 10 АЕК | 15 АЕК | 20 АЕК | 25 АЕК |
2) концессионер пайдаланушыларды ақылы жолмен (учаскемен) жүріп өту туралы ақпараттандыру мақсатында концессионердің байланыс орталығы арқылы хабардар етеді, оның нөмірі жария шартта және/ немесе концессионердің интернет-ресурсында көрсетілген;
3) байланыс орталығы – ұйымдастырушының дауыстық байланыс арналары, электрондық және почта қызметтері арқылы пайдаланушылардан өтініштерді өңдеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ пайдаланушылардың өтініштерімен жұмысты онлайн-чат режимінде жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (байланыс орталығының нөмірі жария шартта көрсетілген);
4) ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысының мөлшерлемесі – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген жол жүру ақысының мөлшері;
5) алдын ала төлем – пайдаланушы ақылы учаскеге кіргенге дейін автокөлік құралының дербес шотына немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотына есептеген ақшалай қаражат, оның сомасы жол ақысын төлеу үшін жеткілікті, алдын ала төленген жағдайда пайдаланушыларға тарифтің 50% мөлшерінде жол ақысын төлеу мүмкіндігі беріледі;
6) кейінгі төлем – ақылы учаскелерде белгіленген техникалық құралдармен тіркелгеннен кейін пайда болған жол жүру сомасын төлеу үшін автокөлік құралының дербес шотына немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотына есептелген ақшалай қаражат, тіркелген кезден бастап 7 жұмыс күнге дейінгі мерзімде жол жүру ақысын төлеген жағдайда пайдаланушыларға тарифтің 50% мөлшерінде жол жүру ақысын төлеу мүмкіндігі беріледі;
7) жол жүру құны ақылы жолда (учаскеде) болу уақыты және автокөлік құралының типі бойынша тарифтеледі және автокөлік құралының жүріп өткен жолына байланысты болмайды;
8) ақы алу жүйесінің типі – көпжолақты тоқтаусыз еркін ағынмен ашық типтегі бақылау аркасы.
| Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 4 шілдедегі № 490 Бұйрығына 3-қосымша |
Басқа автомобиль жолымен баламалы жүріп өтуі жоқ іргелес елді мекендердің тізбесі
р/с № | Елді мекеннің атауы |
Жоқ | Жоқ |