ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
Ескерту. Орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 20.03.2026 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 20.03.2026 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 20.03.2026 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 168 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20291 болып тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 26 наурыздағы № 109 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34194 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
А. Бейспеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 270 бұйрығына қосымша |
"Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 20.03.2026 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жылжымайтын мүлік (бұдан әрі – жылжымайтын мүлік объектілері) –жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер;
2) мекенжай – жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жерін сипаттау (өңір, елді мекен, елді мекеннің құрамдас бөлігі, бастапқы жылжымайтын мүлік объектісі, жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісі (бар болған жағдайда);
3) "Мекенжай тіркелімі" цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "Мекенжай тіркелімі" ЦЖ) – Қазақстан Республикасының мекенжай өрiсiн біріздендіру және мекенжайлары туралы деректерді қалыптастыруға, жинақтауға және өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
4) мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі – МТК) – жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының бірегей коды.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 20.03.2026 № 124 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызметті алу тәртібі
3. "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) астананың, республикалық манызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға немесе олардың қамқоршыларына, заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде жылжымайтын мүлік объектісінің тұрақты мекенжайын беру/жою жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.07.2026 № 357 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.05.2025 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz. "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жолдайды.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 20.03.2026 № 124 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті түскен күні тіркейді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш тапсырған кезде "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
8. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама, шарттар, жергілікті атқарушы органдардың шешімдері, сот шешімдері, мұрагерлік құқығы және т.б.), қамқоршылықтың белгіленгенін растайтын құжатты, объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсатты көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20610 болып тіркелген) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін тіркеуші органға жүгінуі қажет.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 20.03.2026 № 124 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Өтінішті және қоса берілген құжаттарды тіркеуден өткізгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші қоса берілген құжаттарды қарап, көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету немесе дәлелді бас тарту мерзімі Тізбенің 4-тармағында келтірелген.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 20.03.2026 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру немесе жою үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы объектінің орналасқан жеріне баруды жүзеге асырады, фотофиксация және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарап-тексеру актісін жасау арқылы объектінің бар немесе жоқтығын куәландырады, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру немесе жою туралы бұйрық дайындайды, "Мекенжай тіркелімі" ЦЖ-ге деректерді енгізуді жүзеге асырады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 20.03.2026 № 124 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес хабарлама-хат нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.
13. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 20.03.2026 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 20.03.2026 № 124 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Тізбенің 10-тармағында көзделген негіздер болған кезде аудандар үшін көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жайында, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстаным танытуына мүмкіндік беру үшін тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 20.03.2026 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын астананың, республикалық манызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына және "цифрлық үкіметтің" операторына жібереді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.07.2026 № 357 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
| "Жылжымайтын мүлік | |
| объектісінің мекенжайын | |
| беру/жою" мемлекеттік | |
| қызметті көрсету | |
| қағидаларына | |
| 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 20.03.2026 № 124 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.07.2026 № 357 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
"Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Астананың, республикалық манызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары. |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын |
1. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру; |
3. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру цифрлық үкіметтің веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
4. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
Астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін - 3 (үш) жұмыс күні; |
5. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған). |
6. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
1) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру туралы хабарлама-хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап; |
7. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
8. | Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрландыру объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа үзілісі бар, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда; |
9. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру үшін: |
10. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы; |
11. | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар. |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. |
| "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 2-қосымша Нысан ____________________________ ____________________________ ____________________________ |
Өтініш
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 20.03.2026 № 124 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
____________________________________________________________________
бойынша орналасқан:
____________________________________________________________________
(облыс, қала (елді мекен) және объектінің орналасқан жері)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
мекенжай (ын) беруді/жоюды сұраймын.
(қажеттісінің астын сызыңыз)
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі __________________________________.
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес
деректерімді және мәліметтерді жинақтауға және өңдеуге келісім беремін.
20__ жылғы "___" __________________
Тапсырды _________________________
(Қолы)
Телефон нөмірі_____________________
| "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсету |
|
| қағидаларына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 20.03.2026 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Нысан |
Жылжымайтын мүлік объектісінің барын/жоғын қарап-тексеру актісі
"__" __________ 20___жыл
Объектінің атауы _______________________________________________________
Орналасқан жері (мекен-жайы) ___________________________________________
Тексеру нәтижесінде анықталды:
Нысан ________________________________________________________________
(бар/жоқ)
Қорытынды:
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Фотофиксация (кемінде 3 (үш) фотосурет, JPG, jpeg, PNG файлдары) қоса беріледі.
Тексеру жүргізілді:
_______________________________________________________________________
(орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
Актімен таныстым, бір данасын алдым:
_______________________________________________________________________
(осы актімен танысқан адамның немесе заңды өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
"___" ______________ 20___жыл
Бас тарту уәждері көрсетілген жазба:
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Нөмірі: __________________ | Берілген күні: ___________________ |
Хат-хабарлама
______________________________________________________________
(көрсетілетін қызмет берушінің атауы)
жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжайды беру/жою туралы хабарлайды.
(қажеттісінің астын сызыңыз)
Мекенжайы:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________.
МТК: _________________________________________________________.
Басшы: Т.А.Ә. (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. ___________