"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 15.10.2025 № 563-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
К. Искаков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ бұйрыққа 1-қосымша |
"Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" цифрлық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына және көрсетілетін қызметті берушіге бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
6. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық Үкіметтің", "Е-лицензиялау" "мемлекеттік деректер базасы" веб-порталы (бұдан әрі – Портал), осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алты ай ішінде таратылатын және ретрансляцияланатын теле -, радиобағдарламаларды жазу және сақтау туралы, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды немесе осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес оларды жалға алуға мүліктік құқықтарының болуы туралы мәліметтер нысанын жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 15.10.2025 № 563-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.10.2025 № 562-НҚ (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.8. Көрсетілетін қызметті алушы есепке қою туралы куәлікті алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұны тұрғысынан құжаттарды қарайды, есепке қойылған отандық теле-, радиоарналардың тізілімінде атаудың бірдей болу-болмауына тексереді, қорытындылары бойынша есепке қою туралы куәлікті қалыптастырады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 15.10.2025 № 562-НҚ (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, беру туралы куәлікті береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартады.
10. Теле-, радиоарнаның меншік иесі ауысқан не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ атауы өзгерген жағдайларда теле -, радиоарна қайта есепке қоюға жатады.
11. Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қайта есепке қоюға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнына құжаттарды қарайды, есепке қойылған отандық теле-, радиоарналардың тізілімінде бірдей атаудың болуын тексереді, сондай-ақ меншік иесі өзгерген жағдайда меншіктің ауысуын/меншік құқығының берілгенін растайтын берілген құжаттардың деректерін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын беруге немесе білдіруге құқылы.
Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қайта есепке қою туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 15.10.2025 № 563-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адам, телерадио хабарларын тарату саласындағы жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сізден отандық теле-, радиоарна _______________________________
(теле-, радиоарнаның атауы) есепке қоюды сұраймын.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы _________________________
(меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы _____________________
(тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)
БСН/ЖСН _____________________________________________________
Теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты: ____________________________
Меншікті хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі: ___________________
Ретрансляцияланатын хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі: __________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) (қолы) атауы)
Цифрлық жүйелерінде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
(трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды жазып алу және алты ай бойы сақтау туралы)
Мөр орны (ол болған жағдайда) 20___ жылғы "____" ________
Өтініш
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сізден _________________________________себебі бойынша
(себебін көрсету)
отандық теле-, радиоарна__________________________________________
(теле-, радиоарнаның атауы қайта есепке қоюды жүзеге асыруды сұраймын.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта
көрсетілсе))_______________________________________________________
(меншік иесінің (бар болған жағдайда) атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің мекенжайы__________________________
(тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)
БСН/ЖСН____________________________________
Теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты:__________________
Меншікті хабар таратудың орташа тәуліктік көлемі:___________
Ретрансляцияланатын хабар таратуының орташа тәуліктік көлемі: __________________
Меншік иесінің ауысуын/меншік құқықтарды беруді растайтын құжаттардың деректері:
(меншік құқығы өтетін адамның құжатының деректері, құжатының нөмірі мен күні, ЖСН/БСН және тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) атауы және ұйымдық- құқықтық нысаны (меншік иесі ауысқан жағдайда толтырылады))
Р/с № құжаттың деректері
1.______________
2.______________
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
__________ 20 __ жылғы "____" __________ (қолы)
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) (қолы))
Мөр орны 20 __ жылғы "_ " _________ (ол болған жағдайда)
Трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды жазып алу және алты ай бойы сақтау туралы
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы
______________________________
(меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес теле-, радиоарналар өздерінің эфирге шығарылған теле-, радиобағдарламаларының жазбаларын алты ай бойы сақтауға, сондай-ақ оларды өзiнiң эфирлiк жұмысының тiркеу журналында тіркеп қоюға және оны осы журналда соңғы жазба жасалған кезден бастап кемiнде бiр жыл сақтауға міндетті) (меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны) қолы.
Қол қойылды және __:__ сағатта жіберілді "__" ______ 20__ жыл
| "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | жоқ |
3 |
Көрсетілетін қызметті берушінің |
Қазақстан Республикасы |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру www. egov. kz, www. elicense. kz. "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. |
5 | мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
Қызмет көрсету мерзімі – 10 (он) |
6 | мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара |
7 | мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызмет көрсету |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) отандық теле-, радиоарнаны есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті (сұрау салуды), теле -, радиоарна меншік иесінің жеке кіреберісі бар үй-жайлар мен алаңдарға немесе оларды жалға алуға мүліктік құқықтарының болуы туралы мәліметтер нысанын осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ұсынады; |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын сол атаумен және сол аумақта таралатын не оның атауы бұрын құрылған теле-, радиоарнаның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәлікті беруі; |
12 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері | Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы ол болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы цифрлық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www. mam. gov. kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. |
| "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 5-қосымша |
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің кірер есігі бөлек үй-жайлар мен алаңдарға немесе оларды жалға алуға мүліктік құқықтарының болуы туралы мәліметтер нысаны: (үй-жайлардың орналасқан жері және олардың сипаттамасы көрсетіледі) (алаң шаршы метрде, кадастрлық нөмірі, мүліктік құқықтың түрі, жалға алу шарттының деректері).
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № | Үй-жайдың типі | Мекенжайы | Сипаттамасы |
1 | Телерадио хабарларын таратудың жұмыс істеуіне қажетті техникалық құралдарды орналастыру және пайдалану үшін (студиялық, аппараттық, қосалқы) | ||
2 | Шығармашылық (редакциялық) персоналды орналастыру үшін | ||
3 | Теле-, радиоарнаның меншік иесіне тиесілі әкімшілік-басқару персоналы үшін |
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) меншік иесінің атауы және ұйымдық-
құқықтық нысаны) трансляцияланатын және рестрансляцияланатын теле-,
радиобағдарламаларды таспаға басуға және алты ай бойы сақтауға міндеттенеді.
Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісемін
__________ 20__ жылғы "__" _________ (қолы)
_________________________________________________ __________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) (қолы)
Мөр орны 20__ жылғы "___" _____
(ол болған жағдайда)
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ бұйрыққа 2-қосымша |
"Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" цифрлық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына және көрсетілетін қызметті берушіге бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
6. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкімет", "Е-лицензиялау "мемлекеттік деректер базасы" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 2 (екі) жұмыс күннің ішінде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 15.10.2025 № 563-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.10.2025 № 562-НҚ (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.8. Көрсетілетін қызметті алушы есепке қою туралы куәлікті алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтініштің мазмұны тұрғысынан құжаттарды қарайды, шетелдік теле-, радиоарналардың өнімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестік мәніне сараптама жүргізеді, қорытындылары бойынша есепке қою туралы куәлікті қалыптастырады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 15.10.2025 № 562-НҚ (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлік береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартады.
10. Шетелдік теле-, радиоарнаны қайта есепке қою меншік иесі ауысқан не заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, теле-, радиоарнаның аты, негізгі тақырыптық бағыты өзгерген, Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу рәсімінен өткен жаңа заңды тұлға немесе филиал (өкілдік) құрылған жағдайларда жүзеге асырылады.
11. Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қайта есепке қоюға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтініштің және өтінішке қоса берілген құжаттардың мазмұнына құжаттарды қарайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын беруге немесе білдіруге құқылы.
Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қайта есепке қою туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 15.10.2025 № 563-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адам, телерадио хабарларын тарату саласындағы жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті беруші, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сізден шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюды (қайта есепке қоюды жүзеге асыруды) сұраймын.________________________________________ (қайта есепке қоюды жүзеге асырған жағдайда, себебі көрсетіледі)
Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, орналасқан жері, ұйымдық-құқықтық нысаны, телефоны, электрондық мекенжайы)
Теле-, радиобағдарламалардың тілі (тілдері) _____________________
Теле-, радиоарнаның хабар тарату торы _________________________
(кейінгі айға)
Теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағыты ____________________
Теле-, радиоарнаның бас редакторы/редакторы ______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе))
Теле-, радиокомпанияның заңды мекенжайы ________________________
(индексі, қала, аудан, көше, үй, телефоны, электрондық мекенжайы)
"Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтау туралы
____________________________________________________________
Өтінішке қоса беріледі:
1._________________________
2._________________________
__________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) атауы)
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерді жинауға, өңдеуге мәліметтерді пайдалануға келісемін.
(қолы)
Мөрдің орны "__" ______20 ___ жыл (ол болған жағдайда)
| "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | "Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | жоқ |
3 |
Көрсетілетін қызметті берушінің |
Қазақстан Республикасы |
4 | Мемлекеттік қызметтерді және олардың кіші түрлері (бар болса) көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру www. egov. kz, www. elicense. kz. "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
Қызмет көрсету мерзімі – 15 (он бес) |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) куәліктің осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жолданады. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушының –ЭЦҚ-мен қол қойылған теле-, радиоарнаның хабар тарату торын (келесі айға) қоса бере отырып, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
1) өтініш уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келмейді; |
12 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері | Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы ол болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www. mam. gov. kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. |
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ бұйрығына 3-қосымша |
"Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 15.10.2025 № 563-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" цифрлық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
6. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкімет", "Е-лицензиялау "мемлекеттік деректер базасы" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 15.10.2025 № 562-НҚ (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Көрсетілетін қызметті алушы есепке қою туралы куәлікті алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұны тұрғысынан құжаттарды қарайды, есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, интернет-басылымдарды тізілімінде атаудың бірдей болу-болмауын тексереді, қорытындысы бойынша есепке қою туралы куәлікті қалыптастырады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 15.10.2025 № 562-НҚ (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куәлік береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартады.
10. Мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдардың меншік иесі ауысқан не оның атауы, сондай-ақ басылымның не материалдар мен хабарлардың атауы, тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығару мерзімділігі өзгерген жағдайларда қайта есепке қойылуға тиіс.
11. Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қайта есепке қоюға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнына құжаттарды қарайды, есепке қойылған мерзімді басылымдардың, интернет-басылымдардың тізілімінде бірдей атаудың болуын тексереді, сондай-ақ меншік иесі өзгерген жағдайда, меншік иесінің ауысуын/меншік құқығының берілуін растайтын құжаттардың деректерін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын беруге немесе білдіруге құқылы.
Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қайта есепке қою туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.
12. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адам, масс-медиа саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге болады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сізден _____________________________ (мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдардың атауы, түрі) мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды есепке қоюды сұраймын.
Меншік иесі _____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) атауы және ұйымдық- құқықтық нысаны)
Шетелдік қатысу (шетелдік қатысу пайызын көрсету)________________
БСН/ЖСН ____________
Меншік иесінің мекенжайы_____________________
(тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)
Мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның атауы
_______________________________________________
Мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдардың материалдары мен хабарларының тілі (тілдері)____________________________
Болжамды шығару мерзімділігі___________________________
Негізгі тақырыптық бағыты______________________________
Таралу аумағы _____________________________________
Редакцияның мекен жайы ___________________________________
Бас редактордың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және азаматтығы___________________________________________________
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерді жинауға, өңдеуге мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Мөр орны (ол болған жағдайда)______ (қолы) 20_ жылғы "___"_____
Өтініш
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сізден ______________________________________өзгеруіне байланысты _____________________________________________________________ (мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдардың атауы, түрі) мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымын қайта есепке алуды жүргізуді сұраймын.
Меншік иесі_________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)
Шетелдік қатысу (шетелдік қатысу пайызын көрсету)________________
БСН/ЖСН____________________________________________________
Меншік иесінің мекенжайы______________________________________
Мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның атауы________
Мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдар материалдары мен хабарламаларының тілі ______
Болжамды шығару мерзімділігі _____________
Негізгі тақырыптық бағыты________________
Таралу аумағы ______________
Редакцияның мекенжайы____________________________________
Бас редактордың тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және
азаматтығы___________________________________________________
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерді жинауға, өңдеуге мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Мөр орны (ол болған жағдайда) ______ (қолы) 20_ жылғы "___"_____
| "Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет- басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 02.06.2026 № 263-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | "Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | жоқ |
3 |
Көрсетілетін қызметті берушінің |
Қазақстан Республикасы |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру www. egov. kz, www. elicense. kz. "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | Қызмет көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күні. |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жолданады. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды (осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес) ұсынады; |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын сол атаумен және сол аумақта таралатын не оның атауы бұрын құрылған мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдардың атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзімді баспасөз басылымына, интернет- басылымдарды есепке қойғаны туралы куәлікті беруі; |
12 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы ол болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www. mam. gov. kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. |