Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 07.08.2026 № 46/262 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімінің 1 қосымшасына сәйкес Жезқазған қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары айқындалсын
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 07.08.2026 № 46/262 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы | Р. Капарова |
| Жезқазған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 5 тамыздағы №20/118 шешіміне 1 қосымша |
Жезқазған қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда -Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 07.08.2026 № 46/262 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) Жезқазған қаласында тұратындарға:
ағымдағы және жинақтау жарналарын;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретiнде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2-тарау. Жезқазған қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
3. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі көрсетілетін қызметті берушімен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес есептеледі.
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне 5 (бес) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1 тармағына сәйкес есептеледі.
5. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
6. Тұрғын үй көмегін тағайындау толық ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі мен коммуналдық қызметтерінің өткен тоқсандағы шығындары есепке алынады.
7. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп -ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды көрсетілетін қызметті алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
| Жезқазған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 5 тамыздағы № 20/118 шешіміне 2 қосымша |
Жезқазған қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Жезқазған қалалық мәслихатының "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" 2012 жылғы 24 мамырдағы № 6/51 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-2-156 болып тіркелген).
2. Жезқазған қалалық мәслихатының "Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 6/51 "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 17 тамыздағы № 9/75 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1929 болып тіркелген).
3. Жезқазған қалалық мәслихатының "Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 6/51 "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2013 жылғы 7 ақпандағы № 12/103 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2204 болып тіркелген).
4. Жезқазған қалалық мәслихатының "Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 6/51 "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 20/174 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2476 болып тіркелген).
5. Жезқазған қалалық мәслихатының "Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 6/51 "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 9 шілдедегі № 25/219 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2699 болып тіркелген).
6. Жезқазған қалалық мәслихатының "Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 6/51 "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 тамыздағы № 26/238 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4920 болып тіркелген).
7. Жезқазған қалалық мәслихатының "Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 6/51 "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 31/286 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5111 болып тіркелген).
8. Жезқазған қалалық мәслихатының "Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 6/51 "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 45/397 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5822 болып тіркелген).