ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 "Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесінде:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі (болған жағдайда);";
11-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11-1) мемлекеттік қызметшінің құқық бұзушылықтары туралы "Е-қызмет" цифрлық жүйесі арқылы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органнан сұратылатын мәліметтер;";
2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік қызметшінің жеке ісі қағаз түрінде бір данада жүргізіледі және мемлекеттік қызметшінің жұмыс орны бойынша мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) (немесе персоналды басқару қызметінің міндеттерін орындау жүктелген бөлімшеде) сақталады. Мемлекеттік қызметшілердің жеке істері "Е-қызмет" цифрлық жүйесінде немесе персоналды басқару бойынша ведомстволық цифрлық жүйеде электрондық түрде қалыптасады.
Ескертпе: Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік қызметшілердің жеке істері Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде және осы адамдар жұмыс істейтін мемлекеттік органда жүргізіледі.
3. Осы тізбенің 1-тармағы 11), 11-1), 12, 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшаларында көрсетілген деректер тек қана "Е-қызмет" цифрлық жүйесінде оларды қағаз түрінде сақтамай жүргізіледі.
4. "Е-қызмет" цифрлық жүйесінде мемлекеттік қызметшінің жеке ісін сапалы жүргізуді қамтамасыз ету заңнамаға сәйкес мемлекеттік органның аппарат басшысына, ал аппарат басшысы лауазымы жоқ мемлекеттік органдарда – мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар адамға жүктеледі.
5. Мемлекеттік қызметші туралы мәліметтерді "Е-қызмет" цифрлық жүйесінде өзектендіруді персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жүзеге асырады.";
қосымшаға ескертпенің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Өмірбаянның 1, 3, 5-тармақтары "Е-қызмет" цифрлық жүйесімен автоматты түрде толтырылады.";
аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі ескертпенің:
ескертпенің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қызметтік тізім "Е-қызмет" цифрлық жүйесімен қалыптастырылады.".
2. Күші жойылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 08.07.2026 № 121 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы абзацтарды қоспағанда, 2026 жылғы 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 29.05.2026 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазықбай |
| Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2026 жылғы 13 наурыздағы № 49 Бұйрыққа қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 08.07.2026 № 121 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.