"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 255 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 20 тамыздағы № 225-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 24 тамызда № 39675 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 255 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33295 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері:

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Гранттың мөлшерлері "Өркен" Қазақстан Республикасы Президентінің білім беру грантының құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 243 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37232 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Грант мөлшерлері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленеді.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
Ш. Акпарова

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 20 тамыздағы
№ 225-НҚ бұйрығына
қосымша
  "Назарбаев Зияткерлік
мектептері" дербес білім
беру ұйымында дарынды
балалардың оқуына
ақы төлеу үшін
Қазақстан Республикасы
Президентінің "Өркен"
білім беру грантын
тағайындау қағидалары
мен мөлшерлеріне
қосымша

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантының мөлшерлері

Атауы

Жатақханада тұруды есептемегенде грант мөлшері

Жатақханада тұруды есептегенде грант мөлшері

1

2

3

4

1

Алматы қаласы Медеу ауданындағы жаратылыстану -математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

2 325 752 (екі миллион үш жүз жиырма бес мың жеті жүз елу екі) теңге

3 162 572 (үш миллион бір жүз алпыс екі мың бес жүз жетпіс екі) теңге

2

Көкшетау қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

2 347 030 (екі миллион үш жүз қырық жеті мың отыз) теңге

3 177 172 (үш миллион бір жүз жетпіс жеті мың бір жүз жетпіс екі) теңге

3

Тараз қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

2 354 746 (екі миллион үш жүз елу төрт мың жеті жүз қырық алты) теңге

3 159 046 (үш миллион бір жүз елу тоғыз мың қырық алты) теңге

4

Ақтау қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

2 365 074 (екі миллион үш жүз алпыс бес мың жетпіс төрт) теңге

3 169 374 (үш миллион бір жүз алпыс тоғыз мың үш жүз жетпіс төрт) теңге

5

Атырау қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

2 379 841 (екі миллион үш жүз жетпіс тоғыз мың сегіз жүз қырық бір) теңге

3 232 963 (үш миллион екі жүз отыз екі мың тоғыз жүз алпыс үш) теңге

6

Карағанды қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

2 385 358 (екі миллион үш жүз сексен бес мың үш жүз елу сегіз) теңге

3 259 883 (үш миллион екі жүз елу тоғыз мың сегіз жүз сексен үш ) теңге

7

Ақтөбе қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

2 387 557 (екі миллион үш жүз сексен жеті мың бес жүз елу жеті) теңге

3 224 377 (үш миллион екі жүз жиырма төрт мың үш жүз жетпіс жеті) теңге

8

Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

2 387 557 (екі миллион үш жүз сексен жеті мың бес жүз елу жеті) теңге

3 224 377 (үш миллион екі жүз жиырма төрт мың үш жүз жетпіс жеті) теңге

9

Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

2 387 557 (екі миллион үш жүз сексен жеті мың бес жүз елу жеті) теңге

3 240 679 (үш миллион екі жүз қырық мың алты жүз жетпіс тоғыз) теңге

10

Семей қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

2 391 714 (екі миллион үш жүз тоқсан бір мың жеті жүз он төрт) теңге

3 246 563 (үш миллион екі жүз қырық алты мың бес жүз алпыс үш) теңге

11

Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

2 397 885 (екі миллион үш жүз тоқсан жеті мың сегіз жүз сексен бес) теңге

3 251 007 (үш миллион екі жүз елу бір мың жеті) теңге

12

Петропавл қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

2 397 885 (екі миллион үш жүз тоқсан жеті мың сегіз жүз сексен бес) теңге

3 251 007 (үш миллион екі жүз елу бір мың жеті) теңге

13

Шымкент қаласы Абай ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

2 397 885 (екі миллион үш жүз тоқсан жеті мың сегіз жүз сексен бес) теңге

3 260 547 (үш миллион екі жүз алпыс мың бес жүз қырық жеті) теңге

14

Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

2 397 885 (екі миллион үш жүз тоқсан жеті мың сегіз жүз сексен бес) теңге

3 260 547 (үш миллион екі жүз алпыс мың бес жүз қырық жеті) теңге

15

Талдықорған қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

2 406 803 (екі миллион төрт жүз алты мың сегіз жүз үш) теңге

3 359 228 (үш миллион үш жүз елу тоғыз мың екі жүз жиырма сегіз) теңге

16

Астана қаласы Нұра ауданының жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

2 418 169 (екі миллион төрт жүз он сегіз мың бір жүз алпыс тоғыз) теңге

3 332 183 (үш миллион үш жүз отыз екі мың бір жүз сексен үш) теңге

17

Қостанай қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

2 421 778 (екі миллион төрт жүз жиырма бір мың жеті жүз жетпіс сегіз) теңге

3 300 908 (үш миллион үш жүз мың тоғыз жүз сегіз) теңге

18

Өскемен қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

2 479 030 (екі миллион төрт жүз жетпіс тоғыз мың отыз) теңге

3 392 698 (үш миллион үш жүз тоқсан екі мың алты жүз тоқсан сегіз) теңге

19

Түркістан қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

2 773 953 (екі миллион жеті жүз жетпіс үш мың тоғыз жүз елу үш ) теңге

3 676 344 (үш миллион алты жүз жетпіс алты мың үш жүз қырық төрт ) теңге

20

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

2 814 832 (екі миллион сегіз жүз он төрт мың сегіз жүз отыз екі) теңге

3 728 846 (үш миллион жеті жүз жиырма сегіз мың сегіз жүз қырық алты) теңге

21

Қызылорда қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

2 914 226 (екі миллион тоғыз жүз он төрт мың екі жүз жиырма алты) теңге

3 853 040 (үш миллион сегіз жүз елу үш мың қырық) теңге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады