БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10921 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 23-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1), 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мәдениет және өнер саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің қағидалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің қағидалары;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Мәдениет және өнер саласындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар қызметінің қағидалары.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдениет және өнер саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдениет және өнер саласындағы республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат білім беру ұйымдары қызметінің қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларының 24-тармағының бірінші абзацы және 33-тармақ 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"24. ТжКББ ұйымдарында оқу топтары күндізгі оқу нысанында саны 25 адамнан аспайтын, кешкі оқу нысанында кемі 15 адамнан тұратын мамандықтар бойынша жасақталады.";
"33. ТжКББ ұйымдарында бөлімдер:
1) оқытудың күндізгі нысанында бір немесе бірнеше туыс мамандық (кәсіп) бойынша кемінде 150 білім алушы;
2) оқытудың кешкі нысанында кемінде 100 білім алушы болған жағдайда құрылады.".
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
К. Искаков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
Мәдениет және өнер саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мәдениет және өнер саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мәдениет және өнер саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызмет тәртібін айқындайды.
2. Ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы, зерттеу университеті, университет, академия, институт және оларға теңестiрiлгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) мәдениет және өнер саласындағы ЖЖОКБҰ негiзгi түрлерi болып табылады.
3. ЖЖОКБҰ негізгі міндеті ұлттық және жалпы адами құндылықтар, ғылыми және практикалық жетістіктер негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін қажетті жағдайларды жасау арқылы мәдениет және өнер саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау болып табылады.
4. ЖЖОКБҰ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Білім туралы", "Ғылым және технологиялық саясат туралы", "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
5. ЖЖОКБҰ өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға білім алуға қолжетімділік Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Егер Қазақстан Республикасының азаматтары алғашқы рет білім алып жатқан болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен қамтамасыз етіледі.
8. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар алғашқы рет білім алып жатқан жағдайда мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқылы.
9. Стипендиялық бағдарламалар бойынша оқитын адамдарды қоспағанда, шетелдіктердің конкурстық негізде мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.
10. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар инклюзивті білім беру аясында білім алу, дамудың бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімделу үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз етіледі.
2-тарау. ЖЖОКБҰ қызметінің тәртібі
11. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын басшы (ректор) ЖЖОКБҰ қызметіне тікелей басшылықты жүзеге асырады.
12. ЖЖОКБҰ басшысының (ректорының) тағайындалуы, саны және лауазымдық өкілеттіктері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалатын орынбасарлары – проректорлары болады.
13. ЖЖОКБҰ басшысы (ректоры) сенімхатсыз ЖЖОКБҰ атынан әрекет етеді, оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ЖЖОКБҰ мүлкіне билік етеді, шарттар жасасады, сенімхаттар береді, банктік шоттар ашады және өзге де мәмілелер жасайды, сондай-ақ барлық қызметкерлерге, профессор-оқытушылар құрамына және білім алушыларға міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады.
14. ЖЖОКБҰ басшысы (ректоры) ЖЖОКБҰ-ға басшылықты дара басшылық және алқалылық қағидаттарында жүзеге асырады, білім алушыларды даярлау сапасын, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар (бұдан әрі – МЖМС) талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
15. ЖЖОКБҰ басшысы (ректоры) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 590-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37273 болып тіркелген) Жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын бірінші басшыларын аттестаттаудан өткізу қағидаларында белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өтеді.
16. Басшысының (ректорының) кандидатурасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 274-НҚ бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының (ректор) үлгілік біліктілік сипаттамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
17. ЖЖОКБҰ-ның басшысы (ректоры) жыл сайын стратегиялық даму және даму жоспары бойынша басқару органдары алдында есеп береді, сондай-ақ оқу жылының аяқталуы бойынша қоғамдастықпен ЖЖОКБҰ-ның оқу, ғылыми-зерттеу және қаржылық қызметі мәселелері жөнінде есеп беру кездесулерін өткізеді.
18. ЖЖОКБҰ-ның алқалы басқару нысандары ғылыми, академиялық, қамқоршылық, байқау, әдістемелік, оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, көркемдік және құрылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да кеңестер мен нысандар болуы мүмкін.
19. ЖЖОКБҰ өздерінің даму стратегияларын және (немесе) даму бағдарламаларын және (немесе) даму жоспарларын әзірлейді және олардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз етеді.
20. ЖЖОКБҰ құрылымын өзі дербес айқындайды және бекітеді. Бұл ретте құрылымдық бөлімшелер ЖЖОКБҰ қызметінің барлық түрлерін қамтиды.
21. ЖЖОКБҰ құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді дербес әзірлейді және бекітеді, онда олардың мәртебесі, негізгі міндеттері, функциялары, сондай-ақ құқықтары мен міндеттері айқындалады.
22. ЖЖОКБҰ-ның оқу қызметін профессор-оқытушылар құрамы (бұдан әрі – ПОҚ) және оқу-көмекші персонал (концертмейстерлер, иллюстраторлар және тағы басқа) (бұдан әрі – ОКП) қамтамасыз етеді.
23. ЖЖОКБҰ қызметкерлерінің лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын дербес айқындайды және жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлердің кандидатураларына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
ЖЖОКБҰ-ның ПОҚ біліктілік деңгейі мен құзыреттері, білімі мен дағдылары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 591 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандартына сәйкес келуге тиіс.
24. ЖЖОКБҰ персоналын (қызметкерлерін) басқару оның адами ресурстарды дамыту және меритократия қағидаттарына негізделген кадр саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
25. ЖЖОКБҰ-ның штат кестесін оның басшысы (ректоры) бекітеді.
26. ЖЖОКБҰ оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде оқу жұмысының түрлері бойынша уақыт нормаларын, оқу жұмысы, оқыту технологиялары арасында, оның ішінде қашықтықтан білім беру технологияларын пайдаланумен уақыт көлемінің арасалмағын анықтайды.
27. Республикалық мемлекеттік мекеме нысанында жұмыс істейтін ЖЖОКБҰ жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған ЖЖОКБҰ жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мөлшерін тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді. Еңбекке ақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық айлықақылардың мөлшерін, сыйақы беру және өзге де сыйақы жүйесін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын белгіленген еңбекке ақы төлеу қоры шегінде дербес айқындайды.
28. Білім беру, ғылыми және әкімшілік қызметті қамтамасыз ететін ЖЖОКБҰ-ның негізгі құрылымдық бөлімшелері ЖЖОКБҰ жарғысына сәйкес факультеттер (мектептер, департаменттер) және өзге де бөлімшелер болып табылады.
29. ЖЖОКБҰ жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту күндізгі оқыту және (немесе) онлайн-оқыту және (немесе) экстернат нысандарында кадрларды даярлауды жүзеге асырады.
Қашықтықтан оқыту және онлайн-оқыту "Білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
30. ЖЖОКБҰ өз қызметін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33892 болып тіркелген) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес жүзеге асырады.
31. ЖЖОКБҰ өз қызметін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын сақтай отырып жүзеге асырады.
3-тарау. ЖЖОКБҰ оқу, оқу-әдістемелік, тәрбие және шығармашылық қызметі
32. ЖЖОКБҰ білім алушылар контингенті мемлекеттік білім беру тапсырысымен және ақылы негізде оқуға түскен білім алушылар санымен айқындалады.
33. ЖЖОКБҰ білім алушылар контингентінің сандық құрамы бір оқытушыға шаққанда мынадай нормативтерге сәйкес болуы тиіс: бакалавриатта өнер және мәдениет білім беру бағдарламалары бойынша – 3,5:1; музыка мұғалімдерін даярлау – 6:1; күндізгі оқу нысаны үшін барлық басқа білім беру бағдарламалары бойынша – 8:1; магистратурада – 4:1; докторантурада – 3:1.
Мәдениет және өнер ЖЖОКБҰ-дағы ОКП саны студенттердің келтірілген контингентінің оқу персоналының ОКП 1 жұмыскеріне – 9:1 арақатынасы негізге алына отырып айқындалады.
34. Академиялық лектер мен топтар осы пәнге және осы оқытушыға жазылған білім алушылардың жеткілікті саны және олардың рентабельділігінің жеткілікті деңгейіне қол жеткізу принципі бойынша қалыптасады.
Академиялық ағын мен топтың толықтығын ЖЖОКБҰ аудиториялық қорға, білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түскен адамдардың санына, оқу жоспарының талаптарына, пәнге тіркелген білім алушылардың санына және басқа да себептерге байланысты дербес айқындайды.
35. Білім алушыларды қабылдауды жүзеге асыру үшін ЖЖОКБҰ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген ЖЖОКБҰ-ға қабылдау қағидаларын әзірлейді, бекітеді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
ЖЖОКБҰ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының нормаларына сәйкес білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді, бекітеді және сақталуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 31-тармағына сәйкес жекелеген ЖЖОКБҰ-лар үшін бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша түскен білім алушылар басқа ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде ғана ауысады (қабылдау квотасы шеңберіндегі гранттар оқу жылы басталғанға дейін мәдениет саласындағы уәкілетті орган жанындағы комиссияның шешімімен ЖЖОКБҰ шекті мөлшерде орналастырылатынын және студенттерді бір ЖЖОКБҰ-дан басқаға ауыстыру кезінде гранттар саны өзгертуге жатпайтынын ескере отрырып).
ЖЖОКБҰ түлектерге білім туралы құжаттарды бергеннен кейін бір ай ішінде бұл деректерді ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның цифрлық білім беру жүйесіне енгізеді.
2021 жылдан бастап берілген ЖЖОКБҰ түлектеріне арналған өз үлгісіндегі білім туралы құжаттар сериясын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Нөмірлер мен QR кодтарын жасау ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган ұсынатын арнайы сервис арқылы жүзеге асырылады.
ЖЖОКБҰ білім туралы берілген құжаттар бойынша цифрлық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және білім туралы, оның ішінде бұрын берілген құжаттардың цифрлық базасын (архив) құрады.
36. ЖЖОКБҰ-да жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау мазмұны мен оқу мерзімі бойынша әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
37. ЖЖОКБҰ-ның білім беру қызметі МЖМС, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
38. ЖЖОКБҰ-ның оқу-әдістемелік жұмысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 145-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35959 болып тіркелген) Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұйымдастырылады.
39. ЖЖОКБҰ инклюзия, тұрақты даму, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет құндылықтарын қалыптастыруға, сондай-ақ ғылыми зерттеу дағдыларын дамытуға, тіршілік қауіпсіздігі мен экологияны қамтамасыз етуге бағытталған МЖМС талаптарына және кәсіптік стандарттарға (бар болса) сәйкес жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді.
Педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламалары ерекше білім беруді қажет ететін және мүмкіндігі шектеулі балаларды (тұлғаларды) сүйемелдеу және кешенді қолдау көрсету бойынша құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған пәндерді (модульдерді) қамтиды.
ЖЖОКБҰ жасанды интеллектіні қолдану бойынша құзыреттерді игеруге бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.
ЖЖОКБҰ-да білім беру бағдарламаларын әзірлеумен ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен құрылатын академиялық комитеттер айналысады, олардың құрамына академиялық персоналдың, жұмыс берушілердің, білім алушылардың өкілдері енгізіледі.
Білім беру бағдарламаларының негізінде оқу жоспарлары (оқу жұмыс жоспарлары, білім алушылардың жеке оқу жоспарлары) қалыптастырылады және оқу пәндері бойынша оқу жұмыс бағдарламалары (силлабустар) әзірленеді.
40. ЖЖОКБҰ-да оқу жұмысының мынадай негізгі түрлері белгіленеді: дәрістер, практикалық (семинарлар), зертханалық, студиялық сабақтар, жеке сабақтар, білім алушының өзіндік жұмысы (БӨЖ), оқытушының басшылығымен білім алушының өзіндік жұмысы (ОБӨЖ), курстық, есептік-графикалық жұмыстар, кәсіптік практиканың барлық түрлері, қорытынды аттестаттауға дайындық және одан өту.
Бұл ретте дәрістер мен семинарлар, практикалық, студиялық, жеке және зертханалық сабақтар арасындағы кредиттер көлемінің арақатынасын МЖМС талаптарына сәйкес жұмыс оқу жоспары шеңберінде ЖЖОКБҰ айқындайды.
Әрбір оқу пәнінің көлемі академиялық кредиттердің бүтін санын құрауы тиіс. Базалық және бейіндік пәндерді (міндетті және элективті) 2 кредитке бағалауға жол беріледі.
Бірнеше академиялық кезең ішінде базалық және бейіндік пәндерді (міндетті және элективті) игеруге жол беріледі.
41. ЖЖОКБҰ "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" (бар болса) ғылыми атағы бар оқытушылардың дәріс оқуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ оқытушы лауазымында кемінде үш жыл немесе бейіні бойынша кемінде бес жыл практикалық жұмыс өтілі бар тиісті ғылымдардың магистрі және/ немесе аға оқытушылары бар.
Дәрістерді оқуға және (немесе) оқу сабақтарының басқа да түрлерін өткізуге кадрлар даярлау бағытының бейініне сәйкес келетін экономика саласында практикалық жұмыс тәжірибесі бар ғылыми жұмыскерлер, еңбек сіңірген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері, шығармашылық одақтардың мүшелері немесе тәжірибелі мамандар тартылуы мүмкін.
42. Дипломдық жұмыстарға немесе жобаларға жетекшілік, магистрлік диссертацияларға ғылыми басшылық, философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторанттарға ғылыми басшылық Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33892 болып тіркелген) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
43. ЖЖОКБҰ білім алушылардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын игеруі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасай отырып, оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын дербес айқындайды.
Бұл ретте оқу сабақтары оқытудың инновациялық технологияларын қолдана отырып, ғылымның, техниканың, технологиялардың, цифрлық жүйелердің жаңа жетістіктерін пайдалана отырып және интерактивті нысанда жүргізіледі.
44. ЖЖОКБҰ-ның білім беру қызметі оның академиялық саясаты негізінде жүзеге асырылады, ол білім беру қызметін жоспарлау және басқару бойынша шаралар, қағидалар мен рәсімдер жүйесі және студентке бағдарланған оқытуды жүзеге асыруға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған оқу процесін тиімді ұйымдастыру болып табылады.
45. Академиялық саясат ЖЖОКБҰ алдында тұрған басымдықтар мен міндеттерді ескере отырып, ғылым және жоғары білім саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес әзірленеді және сақталады.
ЖЖОКБҰ академиялық саясаттың құрылымы мен бағыттарын айқындайды.
46. Жоғары білім беру бағдарламасының мазмұны үш цикл пәнінен тұрады – жалпы білім беретін пәндер (ЖБП), базалық пәндер (БП) және бейіндеуші пәндер.
ЖБП циклі міндетті компонент (МК), жоғары оқу орны компоненті (ЖК) және (немесе) таңдау компоненті (ТК) пәндерін қамтиды. БП және бейіндеуші пәндер циклдері ЖК және ТК пәндерін қамтиды.
47. ЖЖОКБҰ-да оқу үрдісі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар адамдар үшін қысқартылған оқу мерзімімен қысқартылған оқу бағдарламалары бойынша ұйымдастырылуы мүмкін.
48. Білім алушылардың кәсіптік практикасы, оқу және ғылыми тағылымдамасы, ғылыми-зерттеу жұмысы (бұдан әрі – ҒЗЖ) және эксперименттік-зерттеу жұмысы академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.
Кәсіптік практика оқыту процесінде алынған теориялық білімді бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді алуға бағытталған.
Кәсіптік практика кадрларды даярлаудың білім беру бағдарламасының міндетті құрамдас бөлігі болып табылады және оқу, педагогикалық, зерттеу, өндірістік және диплом алдындағы болып бөлінеді.
49. ЖЖОКБҰ әзірлейтін бағдарламаның мазмұны және кәсіптік практика базасы білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуі және оқытудың жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.
ЖЖОКБҰ кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын әзірлейді.
Негізгі білім беру бағдарламасын (Major) (мейжор) және қосымша білім беру бағдарламасын (Міnor) (минор) іске асыру кезінде негізгі білім беру бағдарламасының (Major) (мейжор) бейініне сәйкес келетін ұйым (кәсіпорын) практика базасы ретінде айқындалады.
ЖЖОКБҰ кәсіптік практиканы өткізуге арналған шарттың нысанын айқындайды.
Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері, көлемі, өткізу нормалары мен мазмұны білім беру бағдарламасымен айқындалады.
Кәсіптік практиканы өткізу базасы ретінде кәсіптік практикаға жетекшілікті жүзеге асыру үшін білікті кадрлары мен материалдық-техникалық базасы бар ұйымдар айқындалады.
50. Білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеуді жүзеге асыру, игерілген кредиттерді есепке алу, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізу үшін ЖЖОКБҰ-да тіркеу офисі құрылады.
51. Оқу және тәрбие жұмысы білім алушылар мен ПОҚ адамдық қадір-қасиетін өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады.
Тәрбие қызметі оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және патриотизм, азаматтылық, интернационализм, жоғары мораль және адамгершілік, конфессияаралық толеранттылықтың құқықтық мәдениетін, сондай-ақ білім алушылардың жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.
ЖЖОКБҰ-дағы тәрбие қызметі білім алушылардың, профессорлар-оқытушылар құрамының және ұйымның өзге де қызметкерлерінің адамдық ар-намысы мен қадір-қасиетін өзара құрметтеу, жалпыұлттық бірегейлікті қалыптастыру, білім алушылардың мәдени және этникалық алуан түрлілігін құрметтеу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік, салауатты өмір салты мәдениетін дамыту қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
52. ЖЖОКБҰ білім алушылар өз еркімен құрған студенттік өзін-өзі басқару органдарының қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Студенттік өзін-өзі басқару органдары студенттер құрамынан төрағаны және төраға орынбасарын тағайындайды және оларға білім алушылардың мүдделері жөніндегі мәселелерді талқылау кезінде ЖЖОКБҰ-ның алқалы басқару органының отырыстарына қатысуға рұқсат етіледі.
53. ЖЖОКБҰ-ның тәрбие жұмысы тәрбие жұмысы бойынша кешенді жоспар негізінде жүзеге асырылады және:
1) білім алушылардың өз бетінше және құзыретті шешім қабылдау және іске асыру дағдыларын қалыптастыру;
2) білім алушылардың бойында патриотизм, азаматтылық, интернационализм, жоғары мораль мен адамгершілікті қалыптастыру;
3) білім алушыларды салауатты өмір салтына, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуға ынталандыру;
4) кафедра бейіні бойынша білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге, таңдаған мамандығына құндылық қатынасты қалыптастыруға ықпал ететін тақырыптық іс-шаралар өткізу;
5) жалпы білім беретін орта мектептерде, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың арасында кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу кіреді.
54. Шығармашылық жұмыс білім беру процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мәдениет пен өнер саласында мамандандырылған дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
4-тарау. Білімді бақылау мен бағалау
55. ЖЖОКБҰ-да оқу жетістіктері мен кәсіптік даярлық деңгейін бағалау үшін меншік нысанына, бағыныстылығына және оқыту нысанына қарамастан барлық ЖЖОКБҰ-да әрекет ететін білім алушылардың білімін бақылау және бағалау жүйесі белгіленеді.
Үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі ЖЖОКБҰ академиялық саясатымен айқындалады және дәстүрлі шәкіліне және ECTS (иситиэс) жүйесіне аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі негізінде іске асырылады.
Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау, сабаққа қатысуы туралы деректер ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесіне енгізіледі.
Тілдер бойынша (қазақ, шет тілі, орыс) білім алушылардың оқудағы жетістіктері білім алушылардың шет тілдері бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың деңгейлік үлгісіне және ECTS (иситиэс) дәстүрлі бағалар шәкіліне сәйкес балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.
56. ЖЖОКБҰ-да білім алушылардың білімін бақылау және бағалау жүйесі үш негізгі нысанды қамтиды: үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық аттестаттау және қорытынды аттестаттау.
57. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау пәннің оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақтарда оқытушы жүргізетін білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тексеруді қамтамасыз етеді.
58. Пәннің оқу бағдарламасы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың алуан түрлерін айқындайды: ауызша сауалнама, жазбаша бақылау, құрамдастырылған бақылау, шығармашылық тапсырмаларды істеу, шығармашылық бағдарламаны, жобаларды орындау, үй тапсырмаларын, суреттерін, музыкалық шығармаларын ұсыну, пікірталастар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, кейс-стадилер, тесттер және тағы басқалар.
59. Курстық, шығармашылық, есептеу-графикалық және оқу жоспарында көзделген басқа да жұмыс түрлері емтихан сессиясы басталғанға дейін қорғалып, осы пәннен емтиханға жіберу қызметін атқаруы тиіс. Осы жұмыс түрлері бойынша бағалаулар пәннен емтиханға жіберу рейтингісін есептеу кезінде (яғни рейтингілік бақылау жүргізу кезінде) ескерілуі тиіс.
Егер оқу жоспарына сәйкес пән бойынша бақылау нысаны курстық жұмыс (жоба), көрсетілім, қойылым, концерттік қойылым, көрме болып қана айқындалса, онда қорғау бағасы жалпы пән бойынша жалпы қорытынды баға болып табылады.
60. Әрбір пән бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейі жіберу бағасы мен емтихан бағасынан тұратын қорытынды бағамен айқындалады. Жіберу бағасы ағымдағы және аралық бақылау нәтижелерінен құралады және пән бойынша қорытынды бағаның 60%-ын, емтихан бағасының 40%-ын құрайды.
61. Үлгерімді ағымдағы бақылау нәтижелерін есепке алуды оқытушы білім алушылардың жеке сабақ түрлерін орындау мен тапсыру шамасына қарай силлабусқа сәйкес жүзеге асырылады. Тапсырмаларды орындау білім алушылардың сабаққа қатысу және үлгерім журналында, сондай-ақ цифрлық жүйедегі білім алушылардың білімін ағымдағы бақылаудың электрондық тізбесінде тіркеледі.
62. Экстернат нысанында білім алушылар ЖЖОКБҰ құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекіткен жеке кесте бойынша емтиханға жіберу рейтингін жинайды.
63. Қорытынды бақылау аралық аттестаттау кезеңінде жүргізіледі. Қорытынды бақылауды бағалау пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 40%-ын құрайды.
Қорытынды баға білім алушының межелік бақылау, рұқсат беру рейтингі және қорытынды бақылау бойынша оң бағалары болған жағдайда ғана есептеледі.
64. Білім алушы ЖЖОКБҰ-дан келесі жағдайларда оқудан шығарылады:
1) академиялық үлгермеушілігі;
2) академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін;
3) Ішкі тәртіп қағидалары мен ЖЖОКБҰ жарғысын бұзғаны үшін;
4) білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшін, оның ішінде ақылы негіздегі оқу құнын төлемеген жағдайда;
5) өз еркімен.
65. "FХ" "қанағаттанарлықсыз" бағасын алған кезде ЖЖОКБҰ академиялық күнтізбесіне сәйкес қорытынды бақылауды (емтиханды) оқу пәні (модуль) бағдарламасын бір реттен артық емес қайталап өтпей қайта тапсыруға жол беріледі.
"F" бағасына сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда білім алушы осы оқу пәніне (модульге) қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлерін орындайды және қорытынды бақылауды қайта тапсырады.
ЖЖОКБҰ-дан шығарылған білім алушыға ЖЖОКБҰ басшысы қол қойған және мөрмен бекітілген транскрипт жазылады.
Транскриптке FХ және F бағаларын қоса алғанда, қорытынды бағаны көрсете отырып, білім алушы оқыған барлық оқу пәндері және (немесе) модульдер жазылады.
66. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау үшін ЖЖОКБҰ-да білім беру бағдарламалары немесе даярлау бағыттары бойынша аттестаттау комиссиясы құрылады, жұмыс тәртібі мен оның құрамын ЖЖОКБҰ белгілейді.
67. Білім алушыға қорытынды бақылау бағаларын апелляциялау құқығы беріледі. Осы мақсатта ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен біліктілігі апелляциялық пәннің бейініне сәйкес келетін және құрамы мүшелердің тақ санынан тұратын оқытушылар қатарынан апелляциялық комиссия құрылады.
Қорытынды бақылау бағасымен келіспеген білім алушы қорытынды бақылау жүргізілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляциялық комиссия төрағасының атына жазбаша өтініш береді. Апелляциялық комиссия өтінішті 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды және бастапқыда алынған бағаны сақтау немесе бағалауды қайта қарау туралы шешім қабылдайды. Апелляциялық комиссия бағалауды қайта қарау туралы шешім қабылдағаннан кейін Офис-тіркеуші қорытынды бақылау бағасын өзгертеді.
Апелляцияны қарау барысында қорытынды бақылауды тапсыру нәтижелерін бағалаудың дұрыстығы ғана тексеріледі. Апелляция қорытынды бақылаудан қайта өту болып табылмайды. Апелляциялық комиссияның шешімі білім алушының жазбаша жұмысын комиссиялық қарау негізінде қабылданады.
Апелляциялық комиссияның шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Қорытынды бақылау нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысып отырған Комиссия мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және комиссияның барлық қатысып отырған мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
68. Кәсіптік практика қорытындылары бойынша студенттер тиісті кафедраға есеп тапсырады, оны жетекші мен кеңесші тексереді және кафедра меңгерушісі өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды. Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың белгіленген балдық-рейтингілік әріптік жүйесі сараланған сынақпен бағаланады.
Практика бойынша (әдетте оқу, оқу-таныстыру, орындаушылық) бір жетекшіні тағайындау кезінде баға көрсетілген білімге сәйкес ұсынылған есепті қорғау қорытындылары бойынша қойылады.
Практика бойынша екі жетекшіні тағайындау кезінде (әдетте педагогикалық, өндірістік, диплом алды) практика базасынан жетекшісінің үлес салмағы қорытынды бағалауда 40%-ды құрайтын бағасы мен университеттен барған жетекшінің қорытынды бағалауда 60%-ды құрайтын бағасы ескеріле отырып қорытынды баға қойылады.
69. Практикадан өтпеген, практика бағдарламаларын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір алған немесе есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер теориялық оқытумен қатар келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестр кезеңінде практикаға қайта жіберіледі.
70. Оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының барлық талаптарын толық орындаған білім алушылар қорытынды аттестаттауға жіберіледі.
ЖЖОКБҰ қорытынды аттестаттаудан өткізу нысаны мен рәсімін дербес айқындайды.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – олардың тиісті білім беру деңгейінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Қорытынды аттестаттау тиісті мамандықты игеру процесінде білім алушылардың алған білімдерін, шеберліктерін, дағдылары мен біліктілігін тексеруге бағытталған.
Қорытынды аттестаттау тиісті білім деңгейі үшін белгіленген нысандарда жүргізіледі:
бакалавриат бағдарламалары үшін – мемлекеттік емтихан тапсыру және (немесе) бітіру біліктілік жұмысын қорғау (дипломдық жұмыс, жоба, даярлық бейіні бойынша өзге де шығармашылық жұмыс) нысанында;
магистратура бағдарламалары үшін – магистрлік диссертацияны қорғау түрінде;
докторантура бағдарламалары үшін – докторлық диссертацияны қорғау түрінде.
71. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауда бағалауды білім алушының балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша көрсеткен білімінің нәтижелері бойынша ECTS және дәстүрлі шкалаға ауыстыра отырып, алқалы түрде аттестаттау комиссиясы қояды.
72. Бітірушінің біліктілік жұмысын (дипломдық жұмысты, жобаны немесе даярлық бейіні бойынша басқа да шығармашылық жұмысты), магистрлік диссертацияны қорғау бойынша бағалау ғылыми жетекшінің пікірін, рецензенттің (қарсыластың) бағасын және қорғаудың қорытындыларын ескере отырып қойылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 43, 44, 45, 46, 47-тармақтарына сәйкес білім алушыларды қорытынды аттестаттау үшін ЖЖОКБҰ-да білім беру бағдарламалары немесе даярлау бағыттары бойынша аттестаттау комиссиясы құрылады және оның құрамын ЖЖОКБҰ белгілейді.
Аттестаттау комиссияның құзыретіне төмендегілер кіреді:
1) білім беру бағдарламалары белгілеген талаптарға сай бітіруші кадрлардың теориялық және практикалық даярлығы сәйкестігінің деңгейін тексеру;
2) бітірушіге бакалавр немесе магистр дәрежесін беру немесе тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "маман" біліктілігін беру;
3) кадрлар даярлау сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.
Оң бағаны жоғарылату мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға және (немесе) бітіру біліктілік жұмысты (дипломдық жұмыс, жоба, даярлық бейіні бойынша өзге де шығармашылық жұмыс), магистрлік диссертацияны (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді.
"Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған адамдарға мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға, сондай-ақ бітіру біліктілік жұмысты (дипломдық жұмыс, жоба, даярлық бейіні бойынша өзге де шығармашылық жұмыс), магистрлік диссертацияны (жобаны) қайта қорғауға, қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.
Қорытынды аттестаттаудан "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушы "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған: диплом жұмысын (жобасын) немесе магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғай алмаған" немесе "білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған: кешенді емтиханды тапсыра алмаған" деп ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен ЖЖОКБҰ-дан оқудан шығарылады.
73. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын игергенін растаған және қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға аттестаттау комиссияның шешімімен тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "бакалавр" немесе "магистр" дәрежесі немесе маман біліктілігі тағайындалады және қосымшасы бар диплом тегін беріледі.
Диплом қосымшасында (транскриптте) оқудың және (немесе) ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысының барлық түрлері бойынша көлемі кредит және академиялық сағат түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білімді бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар жазылады.
74. Білім алушының бір жылғы академиялық үлгерім деңгейі кредиттер мен пән бойынша қорытынды баға туындылары сомасының оқытудың ағымдағы кезеңі ішіндегі кредиттер сомасына қатынасы ретінде есептелетін орташа балл (бұдан әрі – GPA) түрінде айқындалады.
75. Жоғары білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын және үлгерімінің (GPA) орта балы 3,5-тен төмен емес кезінде оқу пәндері мен оқу қызметінің (қорытынды аттестациядан басқа) басқа түрлері бойынша А, А– "өте жақсы", В–, В, В+, С+ - "жақсы" деген қорытынды бағалары бар, сондай-ақ қорытынды аттестаттауды А, А– "өте жақсы" деген бағаға тапсырған жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқыған білім алушыға үздік диплом (оқытудың қосымша түрлері бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.
Бұл ретте оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсырғаны немесе қайталап тапсырғаны бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
76. Білім алушылардың бағаланатын жазбаша жұмыстары (курстық, дипломдық жұмыстар (жобалар), магистрлік диссертациялар (жобалар) және докторлық диссертациялар) мәтінді пайдалану және басқа тілден аударылған мәтінді пайдаланумен қоса мағынаны (парафраз) өзгертусіз сөйлемдерді және пікірлерді синонимдік ауыстырумен бөтен мәтінді пайдалану (бұдан әрі – бөтен мәтінді пайдалану) нысанына тексеруден өтеді.
ЖЖОКБҰ бөтен мәтінді пайдалану нысанына тексерудің қағидаларын әзірлейді, бекітеді және сақталуын қамтамасыз етеді.
Бөтен материалды пайдалануды анықтау жүйелерінде тексерілген докторлық диссертациялар Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының базасында сақталады.
Оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің жарияланымға ұсынылған ғылыми жұмыстары, сондай-ақ білім алушылардың дипломдық жұмыстары (жобалары), магистрлік диссертациялары (жобалары) қарыз алуды анықтау жүйелерінде тексеру рәсімінен өтеді.
77. Ересектердің формальды емес білім беру арқылы алынған оқу нәтижелерін тану Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 544 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 322 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33580 болып тіркелген) Формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
5-тарау. ЖЖОКБҰ ғылыми-зерттеу және халықаралық қызметі
78. ЖЖОКБҰ-дағы ғылыми-зерттеу жұмысы қызмет түрлеріне сәйкес:
1) іргелі, қолданбалы, іздеу (бастамашылық) ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізуді;
2) тапсырыс бойынша, бөгде ұйымдармен жасалған шарттар бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруды;
3) студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруды;
4) оқытудың инновациялық технологияларын және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін оқу процесі мен өндірісіне енгізу және әзірлеу;
5) зерттеу қызметінің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру;
6) зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғауды қамтиды.
79. ЖЖОКБҰ Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық шарттар негізінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және оның сақталуын қамтамасыз етеді.
80. ЖЖОКБҰ шетелдік білім беру, ғылыми және мәдени ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыстарды орнатады, ынтымақтастық туралы екі жақты және көп жақты шарттар жасасады, білім алушылармен, педагогикалық және ғылыми қызметкерлермен халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысады, шетел азаматтары қатарынан кадрлар даярлауды жүзеге асырады, ғылым және жоғары білім саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) мүше болады.
81. Мәдениет саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ЖЖОКБҰ халықаралық ынтымақтастықты іске асыру және оның жанында құрылған шетелдік құрылымдық бөлімшелердің (институттардың, орталықтардың, кафедралардың) қызметі туралы есептерді жібереді.
6-тарау. ЖЖОКБҰ қызметін ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
82. ЖЖОКБҰ-ның цифрлық ресурстармен қамтамасыз етілуі білім беру қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.
83. ЖЖОКБҰ цифрлық ресурстары қалыптастырылған идеялар мен білімдерді, әртүрлі деректерді, олардың жинау әдістері мен құралдарын, ақпарат көздері мен тұтынушылары арасындағы сақтау мен алмасуды білдіреді.
Цифрлық ресурстар кез-келген тасымалдағыштағы білім беру бағытындағы (басқарушылық, оқу, ғылыми, оқу-әдістемелік) толық мәтіндік, фактографиялық және библиографиялық деректер базасын, анықтамалық-іздестіру жүйелерін, оның ішінде дәстүрлі және электронды кітапханалық каталогтар мен картотекаларды, жергілікті қолжетімділіктегі цифрлық ресурстарды, білім беруші ақпаратты жасауды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдарды, ақпаратты тарату арналарын, білім беру мақсатты ретінде пайдаланылатын коммуникация құралдарын қамтиды.
84. ЖЖОКБҰ оқу және ғылыми әдебиеттің кітапхана қорының: кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламасының 100% пәндерін (оның ішінде оқыту тілдері бойынша шығарылған) қамтамасыз ететін ноталық әдебиеттің (мерзімсіз) соңғы он жылда баспа және электрондық басылымдар форматында болуын қамтамасыз етеді.
85. Оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерге оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік құралдар, ноталық хрестоматиялар, партитуралар, ноталар жинақтары, клавирлер, дидактикалық, көрнекі құралдар, оқу-әдістемелік әзірлемелер – пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар немесе ұсынымдар, зертханалық, курстық, дипломдық және басқа да жазбаша жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар, оқу пәндері бойынша анықтамалық құралдары мен басылымдар.
86. ЖЖОКБҰ кітапханасының ғылыми қоры мамандарды даярлау бағыттары мен мамандықтарына сәйкес келетін зерттеу саласын қамтитын монографиялық, ғылыми, энциклопедиялық, анықтамалық және ғылыми-өндірістік сипаттағы кітаптардың тізбесін (оның ішінде мерзімді ғылыми журналдар, ғылыми еңбектер жинақтары, оқыту бейініне сәйкес келетін халықаралық конференциялар) қамтиды.
87. ЖЖОКБҰ оқу-ғылыми ақпараттық активтерін жинау, жинақтау, сақтау, шығару процестері білім беру ұйымдары кітапханаларының жұмысы жөніндегі әдістемелік материалдарға сәйкес жүзеге асырылады.
88. ЖЖОКБҰ-да интернет-ресурсты, цифрлық білім порталын, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, ЖЖОКБҰ жергілікті желілерінде орналасқан цифрлық білім ресурстарының жиынтығын және ЖЖОКБҰ-ның кез келген компьютерінен интернетке жолақты және жоғары жылдамдықта барлық цифрлық ресурстарға қол жетімділікті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тармақталған компьютерлік желіні қамтитын жоғары технологиялық цифрлық білім беру ортасы құрылуы тиіс.
89. ЖЖОКБҰ қызметіндегі міндетті шарт білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті ғимараттары (оқу корпустары):
1) мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен кемінде 5% ЖЖОКБҰ үшін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығына тиесілі болуы (үлесі 100 %-дан 5 %-дан кем емес);
2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) сәйкес өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарына келетін;
3) "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес ЖЖОКБҰ-ның үй-жайлары мен іргелес аумақтары бейнебақылаумен қамтамасыз етілген болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларына сәйкес:
1) ЖЖОКБҰ оқу кабинеттері мен дәрісханалары үй-жайларының ауданы айқындалады;
2) ЖЖОКБҰ білім алушыларына арналған жатақханаларда 1 адамға арналған алаң кемінде 6 м2 көзделеді.
90. Білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру үшін мәдениет және өнер саласындағы ЖЖОКБҰ арнайы мақсаттағы оқу кабинеттері (концерттік залдар, хореография класстар, лингафонды кабинеттер, компьютерлік сыныптар), сондай-ақ жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларына, оқу-әдістемелік жұмыстар жоспарларына, ҒЗЖ және басқа да құжаттамаларға сәйкес оқу-ғылыми үдерістің сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін түрлі тапсырмалармен, бағдарламалық құралдармен қамтамасыз етілген заманауи оқу-зертханалық жабдықтары болуы тиіс.
91. Спорт залдарының жалпы алаңы (олардың жанындағы қосалқы ғимараттарды, бассейндер мен жеңіл атлетикалық манеждерді есептемегенде) ЖЖОКБҰ студенттерінің жалпы контингентін негізге ала отырып, бір білім алушыға кемінде 1,0 шаршы метрді құрауы тиіс.
92. ЖЖОКБҰ білім алушылар контингенті мен оқу құнына қарай айқындалатын, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша айқындалатын мөлшерден кем емес, білім алуды қамтамасыз ететін қаржылық ресурстарға ие болады.
Мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23-4) тармақшасына сәйкес әзірленген және мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарының қызмет тәртібін айқындайды.
2. Мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКББ) негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білім беру базасында, училищелерде және колледждерде алынады.
3. ТжКББ ұйымдарының негізгі мiндеттері:
1) мәдениет және өнер саласында болашақ маманның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) білім алушылармен кәсіби бағдарлану жұмыстарын қамтамасыз ету;
3) білімге негізделген қоғамда әркімге өз жеке қабілетін максималды түрде қолдануға көмектесу үшін, өнер мен мәдениет мекемелерінде теориялық оқыту және кәсіби практика арасындағы байланыспен қамтамасыз ететін оқыту жүйесін дамыту;
4) кәсіптік білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне уақытында бейімделуіне ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану;
5) ТжКББ бойынша білім беру бағдарламаларын ұйымдармен және мәдениет және өнер мекемелерімен ықпалдастыру.
4. Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға білім алуға қолжетімділік Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Егер Қазақстан Республикасының азаматтары алғашқы рет білім алып жатқан болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етіледі.
6. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар алғашқы рет білім алып жатқан жағдайда мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде техникалық және кәсіптік білім алуға құқылы.
7. Стипендиялық бағдарламалар бойынша оқитын адамдарды қоспағанда, шетелдіктердің конкурстық негізде мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес техникалық және кәсіптік білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.
8. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар инклюзивті білім беру аясында білім алу, дамудың бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімделу үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз етіледі.
2-тарау. ТжКББ ұйымдары қызметінің тәртібі
9. ТжКББ ұйымдары өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Білім туралы", "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, сондай-ақ осы Қағидаларға және ТжКББ ұйымдарының жарғысы негізінде жүзеге асырады.
10. ТжКББ ұйымдары "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Қағидаларға және ТжКББ ұйымдарының жарғысына сәйкес белгіленген шекте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-әдістемелік, шығармашылық, қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыруда дербес.
11. ТжКББ ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
12. Оқу, тәрбие және шығармашылық үрдісін ұйымдастырудың негізі, ТжКББ ұйымдарында жүзеге асыратын оқу, әдістемелік, шығармашылық және тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу болып табылады.
13. Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жоспары мен бағдарламаларды толық көлемде уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етуі керек.
ТжКББ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналып бекітілген оқу-тәрбие процесінің кестесі мен теориялық және практикалық сабақтардың бекітілген кестесі негізінде жүзеге асырылады.
ТжКББ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысының есебі теориялық және өндірістік оқытуды есепке алу журналдарын және оқу сағаттарында оқу бағдарламаларының орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
14. Оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламалары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы №1 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31666 болып тіркелген) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде ТжКББ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар әзірлейді.
15. Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнына, ТжКББ ұйымдарында білім алуға қол жетімділікке жағдай жасауға байланысты оқыту күндізгі, кешкі бөлім нысандарында жүзеге асырылады.
16. ТжКББ ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17705 болып тіркелген) Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленеді.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 12-тармағына сәйкес білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібін "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңмен және қабылдаудың тиісті үлгілік қағидаларымен реттелмеген бөлігінде білім беру ұйымдарының құрылтайшысы немесе құрылтайшылары (мемлекеттік басқару органы) белгілейді.
17. Білім алушыларды ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген) "Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрі бойынша ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
18. ТжКББ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10475 болып тіркелген) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
20. ТжКББ ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
21. ТжКББ ұйымдарында оқу жылы оқу үдерісінің кестесіне сәйкес басталады және аяқталады.
Білім алушыларға толық оқу жылында кемінде екі рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның ішінде қысқы мерзімде кемінде 2 апта демалыс белгіленеді.
ТжКББ ұйымдарында сабақ кестесі оқу үдерісінің кестесіне және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жасалaды.
Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін 5 минуттық үзіліспен ұзақтығы 45 минут академиялық сағат белгіленеді, 2 академиялық сағаттан кейін 10 минуттық үзiлiспен қосарланған сабақтарға жол беріледі.
Білім алушылардың тамақтануы және белсенді демалуы үшін 2 қосарланған сабақтан кейін ұзақтығы кемінде 15 минут үзіліс көзделеді.
22. ТжКББ ұйымдарында оқу сабақтары сабақтар, дәрістер, семинарлар, практикалық, жеке сабақтар, зертханалық, бақылау және өзіндік жұмыстар, кеңестер, әңгімелесулер, факультативтік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар (курстық және дипломдық жұмыстар) және практикалар түрінде өткізіледі.
23. ТжКББ ұйымдарында білім алушылармен оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін оқу топтары құрылады.
24. ТжКББ ұйымдарында оқу топтары күндізгі оқу нысанында саны 25 адамнан аспайтын, сырттай, кешкі оқу нысандарында кемі 15 адамнан тұратын мамандықтар бойынша жасақталады.
Кәсіп немесе мамандық бейінінің ерекшелігіне қарай ТжКББ ұйымдарында білім алушылармен 2-6 адам санында жеке және шағын топтық сабақтар өткізіледі.
25. Шығармашылық жұмыстарды, практикалық сабақтарды, соның ішінде дене шынықтыру бойынша және күрделі жабдықтарға қызмет көрсетумен, күрделі жұмыстарды орындаумен байланысты жекелеген арнайы пәндер бойынша сабақтарды өткізу кезінде оқу топтарының толымдылығы 8 білім алушыдан аспайды.
Шеберханаларда (зертханаларда, білім беру ұйымдарында, оқу полигондарында және оқу шаруашылықтарында) және практикалық сабақтарда өндірістік оқытуды жүргізу кезінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін оқу топтары саны 8 адамнан аспайтын кіші топтарға бөлінеді.
26. ТжКББ ұйымдарының білім беру процесіне қатысушылар: білім алушылар, педагог қызметкерлер, кәмелетке толмаған білім алушылардың ата-аналары және заңды өкілдері болып табылады.
27. ТжКББ ұйымдарында бiлiм алушыларға студенттер жатады.
28. ТжКББ ұйымдарында педагог қызметкерлерге білім алушыларды оқыту және тәрбиелеумен байланысты білім беру қызметімен айналысатын тұлғалар жатады.
29. ТжКББ бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің саны және педагог қызметкерлер лауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шiлдедегi № 224 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелген) Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарының негізінде айқындалады.
30. ТжКББ ұйымдарындағы педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдарды қызметке тағайындау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35900 болып тіркелген) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
31. ТжКББ ұйымдарында мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне байланысты оқу-тәрбие үрдісін басқару үшін мамандық (кәсіп) топтары бойынша бөлімдер құрылады.
Бөлімдер (күндізгі, кешкі) бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар (кәсіптер) бойынша кадрлар даярлау кезінде құрылады.
32. Бөлімге басшылықты ТжКББ ұйымының басшысы тағайындайтын меңгеруші жүзеге асырады.
Бөлім меңгерушісі:
1) бөлімдегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және тікелей басқаруды;
2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын;
3) білім алушылар үлгерімінің есебін ұйымдастыруды;
4) білім алушылардың тәртібін бақылауды;
5) курстық және дипломдық жобалау кезеңінде білім алушылардың жұмысын бақылауды;
6) стипендиялық комиссияның (күндізгі нысан) жұмысына қатысуды;
7) бөлім бойынша жұмысты есепке алуды және есептілік беруді қамтамасыз етеді.
33. ТжКББ ұйымдарында бөлімдер:
1) оқытудың күндізгі нысанында бір немесе бірнеше туыс мамандық (кәсіп) бойынша кемінде 150 білім алушы;
2) оқытудың кешкі және сырттай нысандарында кемінде 100 білім алушы болған жағдайда құрылады.
34. Білім алушылардың шығармашылық даярлығы шарт негізінде жұмыс берушілер ұсынатын студияларда, концерт залдарында, театрларда, арнайы жабдықталған балет залдарында және басқа да шығармашылық ұжымдарда жүзеге асырылады.
35. Өндірістік оқыту және кәсіптік практиканың оқу бағдарламаларының мазмұнын іске асыру Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Оқу-өндірістік шеберханалар, студиялар, театрлар, залдар:
1) теориялық оқытуды өндірістік еңбекпен үйлестіруді;
2) білім алушылардың жұмыс оқу жоспары мен бағдарламаларына сәйкес кәсіптік дағдылар алуын;
3) шығармашылық өнім шығаруды ұйымдастыруды;
4) оқу жоспарлары мен бағдарламалары шеңберінде кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін оқу және өндірістік база болып табылады.
Ақылы қызмет көрсетуден түскен кірістер "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабына сәйкес бөлінеді.
Ақылы қызметтерден түскен бюджеттен тыс қаражатты есепке алу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 200-НҚ-бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы мәдениет саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бюджеттен тыс қаражатын қалыптастыру, бөлу және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Оқу-өндірістік шеберханаларда материалмен жұмыс жасау, сәндік бұйымдарды, мүсіндерді жасау, бұйымдарды тігу секілді түрлі жеке және топтық сабақтар өткізіледі.
Педагогикалық практика секторында ТжКББ ұйымының мамандықтары (кәсіптер) бойынша практикалық дағдыларды дамыту сабақтары өткізіледі.
36. Оқу шеберханаларында, оқу шаруашылықтарында шығармашылық жұмыстардың тізбесін, мазмұнын және оларды орындау жөніндегі талаптарды ТжКББ ұйымы білім беру бағдарламасы негізінде айқындайды.
37. ТжКББ ұйымдарында басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына осы Қағидаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес дара басшылық және алқалық қағидаларында жүзеге асырылады.
38. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 45-бабының 3-тармағына сәйкес ТжКББ ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен:
1) ТжКББ ұйымының білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;
3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;
4) ТжКББ ұйымының білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;
5) ТжКББ ұйымына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бұзғаны немесе білім алу үшін арнаулы жағдайлар жасамағаны;
6) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;
7) білім беру саласындағы цифрлық объектілеріне әкімшілік деректерді анық және (немесе) уақтылы ұсынбағаны;
8) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауаптылықта болады.
ТжКББ ұйымының басшысы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35900 болып тіркелген) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Мемлекеттік ТжКББ ұйымының басшысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген) Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидаларына мен шарттарына сәйкес аттестаттаудан өтеді.
39. ТжКББ ұйымдарын мемлекетік аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері жоспарлы тәртіппен бес жылда бір рет өткізеді.
40. ТжКББ ұйымдарының педагог жұмыскерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген тәртіппен жыл сайын ақы төлемей медициналық тексеруден өтеді.
41. Білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру және әдістемелік жұмысты жетілдіру мақсатында ТжКББ ұйымдарында алқалық басқару органдары құрылады.
Педагогикалық, оқу-әдістемелік, көркемдік және қамқоршылық кеңестер ТжКББ ұйымдарының алқалық басқару нысандары болып табылады.
42. ТжКББ ұйымдары білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға (балаларға) психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36047 болып тіркелген) Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес көрсетеді.
Мәдениет және өнер саласындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар қызметінің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мәдениет және өнер саласындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 23-4) тармақшасына сәйкес әзірленген және мәдениет және өнер саласындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттардың қызмет тәртібін айқындайды.
2. Республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар (бұдан әрі – Мектеп-интернаттар) дарынды балалардың мәдениет және өнер негіздерін терең игеруіне бағытталған, элиталық білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады.
3. Мектеп-интернаттар өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) бекітілген мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады. Жарғыны мамандандырылған білім беру ұйымы әзірлейді.
4. Мектеп-интернаттардың негізгі мақсаты – дарынды балалардың мәдениет, өнер негіздерін терең игеруіне бағытталған, элиталық білім беруді қамтамасыз ететін, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мәдениет және өнер саласындағы мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру.
5. Мектеп-интернаттардың міндеттері:
1) тереңдете білім беруді іске асыру;
2) елдің зияткерлік әлеуетін сақтау және көбейту;
3) дарынды балаларды оқытудың дараландырылған сипатын және білім алушылардың мамандандырылған үлгілік оқу бағдарламаларын сапалы игеруін қамтамасыз ету;
4) дарынды балалардың дербес, жобалау және зерттеу қызметі дағдыларын жетілдіру;
5) Отанға, өз халқына деген ұлттық мақтаныш, азаматтық қадір-қасиет, сүйіспеншілік сезіміне ие Қазақстан Республикасы азаматы мен патриоттың әлеуметтік белсенді тұлғасын қалыптастыру.
6. Мектеп-интернаттардың мынадай: қоғамдық-гуманитарлық, музыкалық, хореографиялық, көркем-эстетикалық бағыттары бар.
7. Мектеп-интернаттардың түрлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында көзделген.
8. Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға білім алуға қолжетімділік Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Егер Қазақстан Республикасының азаматтары алғашқы рет білім алып жатқан болса, тегін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта біліммен қамтамасыз етіледі.
10. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, сондай-ақ отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуға құқылы.
11. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар инклюзивті білім беру аясында білім алу, дамудың бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімделу үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз етіледі.
2-тарау. Мектеп-интернаттар қызметінің тәртібі
12. Мамандандырылған үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыратын Мектеп-интернаттар өз қызметін "Бiлiм туралы" Заңның 57-бабына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
13. Мектеп-интернаттардың қызметін жүзеге асыру үшін жоғары білікті кадрлардың, қажетті материалдық-техникалық базаның болуы және білім беру процесін тиісінше оқу-әдістемелік қамтамасыз ету және ғылыми қолдап отыру қажет. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту үшін олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті жағдайлар жасалады.
14. Мектеп-интернаттарға қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 болып тіркелген) Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
15. Мектеп-интернаттарға оқуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі.
Мектеп-интернаттар өзінің интернет-ресурсында конкурстық іріктеуді жүргізу кезінде сынып-жинақтарын қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін квотаны орналастырады.
16. "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 12-тармағына сәйкес білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібін "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және қабылдаудың тиісті үлгілік ережелерімен реттелмеген бөлігінде білім беру ұйымдарының құрылтайшысы немесе құрылтайшылары (мемлекеттік басқару органы) белгілейді.
17. Мектеп-интернаттарды материалдық техникалық қамтамасыз етуді, жарақтандыру мен жабдықтауды мәдениет саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Даму мүмкіндіктері шектеулі дарынды балаларды оқыту үшін олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті жағдайлар жасалады.
18. Мектеп-интернаттар білім беру үдерісін жалпы білім беретін бағдарламаларға сәйкес білім берудің мынадай үш деңгейі бойынша жүзеге асырады:
1) бірінші деңгей – бастауыш білім беру (1-4 сынып);
2) екінші деңгей – негізгі орта білім беру (5-9 сынып);
3) үшінші деңгей – жалпы орта білім беру (10-12 сынып).
19. Мектеп-интернаттарда білім беру үдерісін ұйымдастыру үлгілік оқу жоспарлары негізінде әзірленген жұмыс оқу жоспарлары бойынша жүзеге асырылады. Жұмыс оқу жоспарлары білім беру және мәдениет саласындағы уәкілетті органдармен келісіледі.
20. Мектеп-интернат жұмыс оқу жоспарлары негізінде мамандандырылған үлгілік оқу бағдарламаларды әзірлейді.
21. Мектеп-интернатқа оқытуды саралау және даралау міндеттерін шешу, білім алушылардың зерттеушілік қызығушылығын дамыту үшін әрбір бейіндеуші пән бойынша әр сыныпқа аптасына 4 сағат, сондай-ақ білім алушылардың шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту бойынша жеке сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру үшін әр сыныпқа мұғалімнің 0,25 мөлшерлемесі есебінен және шарт негiзiнде жоғары білікті мамандарға жекелеген курстар мен дәрістерге ақы төлеу үшін мектепке жылына 1500 сағат есебiнен қаражат бөлiнедi. Таңдау бойынша факультативтік сабақтар мен курстар топтарда кемінде 10 адам болған кезде өткізіледі.
22. Мектеп-интернат білім алушылардың сұраныстарына және кадр әлеуетінің мүмкіндіктеріне сәйкес бейіндеуші пәндер, сондай-ақ таңдау бойынша курстар, элективті курстар және мамандандырылған құрауыштың ішіндегі білім салаларын айқындайды.
23. Сыныптарды қосымша бөлу жүйесі, икемді вариативтік кесте, деңгейлік бөлу жүйесі, консультациялар және таңдау бойынша пәндер арқылы жалпы орта білім беру деңгейінде бейінді саралауды жүзеге асыру мәдениет және өнер саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттардың оқу уақытын, шығармашылық сабақтар, үзілістер және өзіндік жұмысты қамтитын толық күн режиміндегі жұмысын талап етеді. Басқа қалалардан келген білім алушылар интернатта тұрады.
24. Мектеп-интернаттардағы әрбір деңгейдегі сынып-жиынтықтарының және сыныптардағы білім алушылардың саны тиісті жағдайлар болған кезде қалыптастырылады.
25. Қазақ (орыс тілінде оқытылатын сыныптар үшін) және орыс (қазақ тілінде оқытылатын сыныптар үшін) тілдерін, ақпараттық-есептеу техникасы, ритмика, хореография, музыка, дене тәрбиесі, технология, көркем пәндер негіздерін оқыту, сондай-ақ бейінді пәндер бойынша зертханалық, практикалық жұмыстарды жүргізу кезінде сыныптарды 2 топқа, шет тілдерін және шетел тілінде оқытатын пәндерді оқыту кезінде 3 топқа бөлуге рұқсат етіледі.
26. Материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етуді, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша Мектеп-интернат шарттық негізде өзінің қызмет бағытына сәйкес жоғары оқу орындарымен және ғылыми мекемелермен өзара іс-қимыл жасайды.
27. Мектеп-интернаттардағы сабақ кестесі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілісті көздейді.
28. Мамандандырылған үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыратын Мектеп-интернаттар білім алушылар мен тәрбиеленушілерде патриоттық тәрбиені, айналасындағыларға толерантты көзқарасты, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін, оның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтануды, табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
29. Мектеп-интернатты басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) бекітілген Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына, мамандандырылған білім беру ұйымының жарғысына және құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
30. Педагогикалық, оқу-әдістемелік кеңестер Мектеп-интернатты алқалы басқару нысандары болып табылады.
31. Мектеп-интернаттың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
32. Мектеп-интернаттың басшысының жауаптылығы "Бiлiм туралы" Заңның 45-бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
33. Мектеп-интернаттың басшысы "Бiлiм туралы" Заңның 44-бабының 5-тармағына сәйкес аттестаттаудан өтеді.
34. Мектеп-интернаттарды қаржыландыру "Бiлiм туралы" Заңның 62-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
35. Мектеп-интернаттың қызметін қаржыландыру:
1) мемлекеттік жергілікті және республикалық бюджет қаражаты;
2) "Бiлiм туралы" Заңның 63-бабына сәйкес ақылы білім беру қызметтерін көрсетуден және басқа да қызмет түрлерінен алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Ақылы қызмет көрсетуден түскен кірістер "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 161-бабына сәйкес бөлінеді.
Ақылы қызмет көрсетуден түскен кірістер Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 23 маусымдағы № 299-НҚ бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 39117 болып тіркелген) бекітілген Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларына сәйкес бөлінеді.
36. Мектеп-интернат тиісті саланың уәкілетті органы және білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар желісі бойынша, сондай-ақ өз бастамасы бойынша бюджеттен тыс қаражат есебінен халықаралық қызметке қатысады.
37. Мектеп-интернат оқыту, тағылымдамадан өту, тәжірибе алмасу, семинарлар, конференциялар, олимпиадалар, конкурстар жұмысына қатысу бойынша халықаралық қызметті жүзеге асырады.
Конкурстар мен олимпиадаларға қатысу үшін білім алушыларды іріктеу тәртібін Мектеп-интернат дербес бекітеді.