БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 ақпандағы № 75 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31947 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларында:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Мерзімді әскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматына жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет өткеру орнына кету туралы тиісті командирдің (бастықтың) бұйрығы шығарылған күнінен бастап лауазымға тағайындағанға дейін лауазымның Еңбекақы төлеу жүйесінде белгіленген I санаты бойынша лауазымдық айлықақы төленеді.";
2-тараудың 5-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-параграф. Қазақстан Республикасының әскери, арнаулы оқу орнында және шетелдік оқу орындарында білім алатын курсанттың, магистранттың және докторанттың лауазымдық жалақысы (стипендиясы)";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдің оқу орындарында білім алып жатқан әскери қызметшіге төлемдер халықаралық шарттарға және келісімшарттарға сәйкес жүргізіледі.";
26-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметші командирдің (бастықтың) өкімінде болған кезеңде әскери қызметшіге қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған не қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасы қолданылған күнінен бастап қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерімен қамтамасыз етіледі.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Әскери қызметшіге, оған қатысты оңалту негіздері бойынша қылмыстық қудалау (қылмыстық іс) тоқтатылған немесе сот ақтау үкімін шығарған жағдайда, ақшалай ризық Қағидалардың 26-тармағына сәйкес төленген соманы шегергенде командирдің (бастықтың) өкімінде мәжбүрлі болған уақыты үшін төленеді.";
30-тармақ алып тасталсын;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Үстемеақы әскери қызметшіге сыныптық біліктілік берілген (расталған, төмендетілген, алып тасталған, қалпына келтірілген) күнінен бастап төленеді, бұл үстемеақы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 252 бұйрығымен бекітілген Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларына сәйкес негізгі немесе уақытша атқарылатын лауазым бойынша нақты алынатын айлықақыларға төленеді.";
49-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызмет туралы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес әскерге шақырылған әскери қызметшілердің мәртебесі Әскери қызмет туралы Заңның 32-бабына сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің мәртебесімен айқындалады.".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қаржылық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
Ч. Аринов |