БҰЙЫРАМЫН:
1. "Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20836 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік қызмет жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе), оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, көрсетілетін қызметті берушінің атауы, мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері, мемлекеттік қызметті көрсету/тоқтата тұру мерзімі, мемлекеттік қызметті көрсету нысаны/мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын алым сомасы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі, мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан сұралатын құжаттар мен мәліметтердің тізбесі және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілетін өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Тізбеде көрсетілген.
Жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "цифрлық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы нысан бойынша электрондық құжат нысанында жолдайды.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініштегі мәліметтер толық болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жібере отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуді екі күнтізбелік күн мерзімге тоқтата тұрады.
Тоқтата тұру себептері жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оларды жою мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей үміткерді аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы уәжді шешім шығарады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10308 болып тіркелген) жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді.";
10, 11 және 12-тармақтар алып тасталсын;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттау/аттестаттамау туралы дәлелді шешім болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылады және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.";
"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе), оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, көрсетілетін қызметті берушінің атауы, мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері, мемлекеттік қызметті көрсету/тоқтата тұру мерзімі, мемлекеттік қызметті көрсету нысаны/мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын алым сомасы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі, мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан сұралатын құжаттар мен мәліметтердің тізбесі және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілетін өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Тізбеде көрсетілген.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініштегі мәліметтер толық болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жібере отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуді екі күнтізбелік күн мерзімге тоқтата тұрады.
Тоқтата тұру себептері жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оларды жою мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді шешім шығарады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту береді.";
"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесінде (бұдан әрі - Цифрлық жүйе) тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік сот орындаушысына береді;";
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды Цифрлық жүйеде тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік сот орындаушысына береді;";
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды Цифрлық жүйеде тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік сот орындаушысына береді;".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе). | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары көрсетеді. |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал). |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету /тоқтата тұру мерзімі |
Тіркеген уақыттан бастап 15 жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысанын/мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны | Электронды (ішінара цифрландырылған)/көрсетілетін композиттік қызмет. |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі | Аттестаттау/аттестаттамау туралы шешім. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлемақы мөлшері | Алынбайды. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі |
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік цифрлық жүйелерден "Цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады. |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсы - www.adilet.gov.kz орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталда "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар. |
| Бұйрығына қосымша "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 2-1-қосымша |
|
| Нысан |
ХАБАРЛАМА "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесін тоқтата тұру туралы
№ ____ "___" __________ 20 __ жыл
Құрметті ____________________________!
Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға берген
__________________________________________________________"
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)
№ ____ болып "____" __________ 20 __ жылы тіркелген өтінішіңіз қаралды.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы"
азақстан Республикасы Заңының 18-2-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрды.
Тоқтата тұру негізі
☐ мемлекеттік органдар қарайтын, сотта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмауы.
☐ көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателердің немесе дәлсіздіктердің анықталуы, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасының ұсынылуы.
Тоқтата тұру себебі
(көрсетілетін қызметті беруші толтырады):
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Тоқтата тұру себептерін жою мерзімі: "___" ________ 20 __ жылға дейін.
Тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылмаған жағдайда өтініш қарауға қабылданбаған болып есептеледі.
Көрсетілетін қызметті беруші: ____________________________
Лауазымы: ______________________________
Т.А.Ә.: _________________________________
Қолы: ___________
М.О. (бар болса)
| Бұйрығына қосымша "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымша |
"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) | ||
1 | Қызметтің атауы | "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру". |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы | Лицензияны қайта ресімдеу. |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі. |
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz. |
5 |
Мемлекеттік қызмет/кіші түрін көрсету мерзімі |
Порталға жүгінген сәттен бастап жұмыс кестесін және құжаттарды қабылдау уақытын ескере отырып: |
6 | Мемлекеттік қызметті/мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету нысаны |
Электронды (ішінара цифрландырылған) / көрсетілетін композиттік қызмет. |
7 | Мемлекеттік қызметті/мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету нәтижесі |
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру. |
8 | Мемлекеттік қызметті/мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету кезінде алынатын төлем |
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру және қайта ресімдеу үшін қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым 2025 жылғы 18 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616-бабына сәйкес алынады: |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
10 | Мемлекеттік қызмет/кіші түрін көрсету үшін құжаттар тізбесі |
Лицензия алу үшін: |
11 | Мемлекеттік қызмет/кіші түрін көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Лицензияны беруден бас тарту үшін негіз, егер: |
12 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің/ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталда "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
| Бұйрығына қосымша | |
| "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-2-қосымша |
|
| Нысан |
ХАБАРЛАМА "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесін тоқтата тұру туралы
№ ____ "___" __________ 20 __ жыл
Құрметті ____________________________!
Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға берген
__________________________________________________________"
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)
№ ____ болып "____" __________ 20 __ жылы тіркелген өтінішіңіз қаралды.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрды.
Тоқтата тұру негізі
☐ мемлекеттік органдар қарайтын, сотта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмауы.
☐ көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателердің немесе дәлсіздіктердің анықталуы, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасының ұсынылуы.
Тоқтата тұру себебі
(көрсетілетін қызметті беруші толтырады):
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Тоқтата тұру себептерін жою мерзімі: "___" ________ 20 __ жылға дейін.
Тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылмаған жағдайда өтініш қарауға қабылданбаған болып есептеледі.
Көрсетілетін қызметті беруші: ____________________________
Лауазымы: ______________________________
Т.А.Ә.: _________________________________
Қолы: ___________
М.О. (бар болса)