"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің м.а. 2026 жылғы 31 тамыздағы № 991 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 қыркүйекте № 39778 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20989 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшелігі ескерілген өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін) "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйеден алады.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру жеке басын куәландыратын не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің құжатын көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қате немесе дәлсіздік анықталғанда, олар нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбағанда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқасы) Мемлекеттік корпорация оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 5 (бес) жұмыс күніне тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні болып есептеледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер жойылмағанда, мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқанда көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.";

      11-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы
Д. Косанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің міндетін
атқарушы
2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 991 Бұйрыққа
1-қосымша
"Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
Орталық архивінен шығатын
архивтік анықтамаларға және
архивтік құжаттардың
көшірмелеріне апостиль қою"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
____________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
әкесінің аты (болса)
тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін)/заңды
мекенжайы (заңды тұлға үшін)
Байланыс телефоны:
_____________________
ЖСН
__________________________

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қоюға өтініш

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты берген

      __________________________________________________________________

      (архивтік анықтамаға және архивтік құжаттардың көшірмесіне)

      апостиль мөртаңбасын қоюыңызды сұраймын.

      Қосымша:

      1) _____________________________________________________________;

      2) _____________________________________________________________;

      3) _____________________________________________________________;

      4) _____________________________________________________________.

      Цифрлық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20___жылғы "___" ______________ _____________

      (қолтаңбасы)

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің міндетін
атқарушы
2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 991 Бұйрыққа 2-қосымша
"Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
Орталық архивінен шығатын
архивтік анықтамаларға және
архивтік құжаттардың
көшірмелеріне апостиль қою"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою"

2.

Мемлекеттік қызметтің кіші түрінің (болса) атауы

жоқ

3.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болса) ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік корпорация

5.

Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (болса) көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні. Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш жасағанда:
құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут

6.

Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (болса) көрсету нысаны

Қағазда

7.

Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (болса) көрсету нәтижесі

Апостиль қойылған архивтік анықтама, архивтік құжаттардың көшірмесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін өтініш жасағанда көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұранымы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 664-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес мемлекеттік баж алынады, ол мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен 50 (елу) пайызды құрайды. Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар төлем мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) береді.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостиль қоюға түсетін құжаттарға апостиль қойғанда Қазақстан Республикасының Салық кодексі 671-бабының 2) тармақшасына сәйкес мыналар: Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері; үш дәрежелі "Даңқ" және үш дәрежелі "Еңбек Даңқы", "Алтын Қыран", "Отан" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған адамдар; "Батыр ана" атағына ие болған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналар; Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдік бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамырда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның ата-анасының бірі, мүгедектігі бар бала; қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйінде және (немесе) интернатта тұратын, мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік бажды төлеуден босатылады.

9.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпараттық объектілердің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 6 және / 7-тарауларына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияда – белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейінгіні қоса алғанда, түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 6 және 7-тарауларына сәйкес жексенбіні және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейінгіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Өтінішті қабылдау Мемлекеттік корпорация арқылы жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкіндігі бар.

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмесіне апостиль қоюға өтініш;
2) азаматтың жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілінен) не көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдіргенде нотариат куәландырған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
3) апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек;
4) апостиль мөртаңбасы қойылуы қажет Мұрағат берген архивтік анықтама және (немесе) архивтік құжаттардың көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы цифрлық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

11.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет ұсынылған материалдың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға берілген теріс жауабы, соңдай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жеке қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған;
5) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
6) мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімінің аяқталуы бойынша анықталған кемшіліктер жойылмаған кезде.

12.

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшелігі ескерілген өзге де талаптар

Тіршілік әрекетін шектейтін организм қызметінің тұрақты бұзылуымен денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажет болғанда Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы өтініш жасау жолымен тұрғылықты жеріне барумен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы қашықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызметті көрсету белгісі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 991 Бұйрыққа
3-қосымша
"Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
Орталық архивінен шығатын
архивтік анықтамаларға және
архивтік құжаттардың
көшірмелеріне апостиль қою"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болса)
____________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабын басшылыққа алып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №____ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда жоқ құжаттардың атауы:

      1) _____________________________________________________________;

      2) _____________________________________________________________;

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.

      ____________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болса)

      ________________ (қолтаңбасы, күні)

      Орындаушы: _________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болса)

      Телефон _______________________

      Алдым:_____________________________________________ _____________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болса) (қолтаңбасы)

      20____жылғы "___" ____________

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 19 июня 2020 года № 281 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Центрального архива Министерства обороны Республики Казахстан"

Приказ и.о. Министра обороны Республики Казахстан от 31 августа 2026 года № 991. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 сентября 2026 года № 39778

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 19 июня 2020 года № 281 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Центрального архива Министерства обороны Республики Казахстан (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20989) следующие изменения:

      преамбулу приказа изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных и социально ответственных услугах", ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах оказания государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Центрального архива Министерства обороны Республики Казахстан", утвержденных указанным приказом:

      часть первую пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила по оказанию государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Центрального архива Министерства обороны Республики Казахстан" (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных и социально ответственных услугах" (далее – Закон) и определяют порядок оказания государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Центрального архива Министерства обороны Республики Казахстан".";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "Перечень основных требований к оказанию государственной услуги, включающий характеристики процесса, форму, содержание и результат оказания, а также иные сведения с учетом особенностей предоставления государственной услуги приведены в перечне основных требований к государственной услуге, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      При приеме документов через Государственную корпорацию услугополучателю выдается расписка о приеме соответствующих документов.

      Сведения о документе, удостоверяющем личность (для идентификации услугополучателя), работник Государственной корпорации получает из соответствующих государственных цифровых систем через шлюз "цифрового правительства".";

      пункты 7 и 8 изложить в следующей редакции:

      "7. Услугодатель осуществляет доставку результата государственной услуги в Государственную корпорацию, не позднее чем за сутки до истечения срока оказания государственной услуги.

      Выдача результата оказания государственной услуги услугополучателю осуществляется через Государственную корпорацию при предъявлении документа, удостоверяющего личность либо его представителя по нотариально заверенной доверенности.

      В случаях обнаружения ошибок или неточностей в заявлении и (или) документах, представленных услугополучателем, их несоответствия требованиям по форме и содержанию, представления услугополучателем неполного пакета документов в соответствии с пунктом 10 перечня основных требований к государственной услуге, услугодатель принимает заявление посредством цифрового листа ожидания.

      Представленные услугополучателем документы (в том числе оригиналы) подлежат возврату услугополучателю без их принятия на хранение Государственной корпорацией.

      При этом услугодатель приостанавливает срок оказания государственной услуги на 5 (пять) рабочих дней и направляет услугополучателю уведомление о необходимости устранения выявленных недостатков.

      В случае устранения недостатков днем приема заявления и (или) документов на получение государственной услуги считается день первоначального обращения услугополучателя.

      Течение срока оказания государственной услуги возобновляется с момента устранения выявленных недостатков.

      При неустранении выявленных недостатков, по истечении срока приостановления оказания государственной услуги, услугодатель отказывает в оказании государственной услуги.

      Отказ в оказании государственной услуги осуществляется в соответствии с пунктом 11 перечня основных требований к государственной услуге. При отказе в оказании государственной услуги заслушивание с услугополучателем не проводится.

      8. Услугодатель обеспечивает внесение данных в цифровую систему мониторинга оказания государственных или социально ответственных услуг о стадии оказания государственной или социально ответственной услуги в порядке, установленном уполномоченным органом в сфере цифровизации согласно подпункту 11) пункта 2 статьи 5 Закона.";

      часть пятую пункта 11 изложить в следующей редакции:

      "Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона Республики Казахстан "О государственных и социально ответственных услугах" подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.";

      приложение 1 изложить в новой редакции, согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      приложение 2 изложить в новой редакции, согласно приложению 2 к настоящему приказу;

      приложение 3 изложить в новой редакции, согласно приложению 3 к настоящему приказу.

      2. Центральному архиву Министерства обороны Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении подпунктов 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителя аппарата Министерства обороны Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ довести до заинтересованных должностных лиц и структурных подразделений.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности министра обороны
Республики Казахстан
Д. Косанов

      "СОГЛАСОВАН"

      Министерство искусственного

      интеллекта и цифрового развития

      Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Исполняющий обязанности
министра обороны
Республики Казахстан
от 31 августа 2026 года
№ 991
Приложение 1
к Правилам оказания
государственной услуги
"Апостилирование архивных
справок и копий архивных
документов, исходящих из
Центрального архива
Министерства обороны
Республики Казахстан"
Форма
____________________________
(наименование услугодателя)
от__________________________
_________________
(фамилия, имя, отчество (при
его наличии) услугополучателя)
____________________________
____________________________
  (место жительство (для
физического лица)/юридический
адрес (для юридического лица))
Контактный телефон:
__________________________
ИИН _____________________

Заявление на апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Центрального архива Министерства обороны Республики Казахстан

Прошу проставить штамп апостиля на _________________________________________________________________

(архивную справку и копии архивных документов)

выданный Центральным архивом Министерства обороны Республики Казахстан.

      Приложение:

      1) _______________________________________________________________;

      2) _______________________________________________________________;

      3) _______________________________________________________________;

      4) _______________________________________________________________.

      Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в цифровых системах.

      "___" ______________ 20___года _____________

      (подпись)

  Приложение 2
к приказу Исполняющий
обязанности министра обороны
Республики Казахстан
от 31 августа 2026 года
№ 991
Приложение 2
к Правилам оказания
государственной услуги
"Апостилирование архивных
справок и копий архивных
документов, исходящих из
Центрального архива
Министерства обороны
Республики Казахстан"

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Центрального архива Министерства обороны Республики Казахстан"

1.

Наименование государственной услуги

"Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Центрального архива Министерства обороны Республики Казахстан"

2.

Наименование подвида (при наличии) государственной услуги

Отсутствует

3.

Наименование услугодателя

Министерство обороны Республики Казахстан

4.

Способы предоставления государственной услуги и ее
подвидов (при наличии)

Государственная корпорация

5.

Срок оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

15 (пятнадцать) рабочих дней. При обращении через Государственную корпорацию:
максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов – 15 (пятнадцать) минут;
максимально допустимое время обслуживания в Государственной корпорации – 15 (пятнадцать) минут.

6.

Форма оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

Бумажная

7.

Результат оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

Апостилированные архивные справки, копий архивных документов, либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги. В Государственной корпорации выдача готовых документов осуществляется при предъявлении документа, удостоверяющего личность (либо его представителя по нотариально заверенной доверенности).
Государственная корпорация обеспечивает хранение результата в течение одного месяца, после чего передает услугодателю для дальнейшего хранения. При обращении услугополучателя по истечению одного месяца, по запросу Государственной корпорации услугодатель в течение одного рабочего дня направляет готовые документы в Государственную корпорацию для выдачи услугополучателю.

8.

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

За оказание государственной услуги взимается государственная пошлина в соответствии с подпунктом 12) пункта 1 статьи 664 Налогового Кодекса Республики Казахстан, которая составляет 50 (пятьдесят) процентов от размера месячного расчетного показателя, установленного на день уплаты государственной пошлины.
Государственная пошлина уплачивается через банковские учреждения Республики Казахстан, которыми выдается документ (квитанция), подтверждающий размер и дату оплаты.
При проставлении апостиля на документах, поступающих на апостилирование через дипломатические представительства и консульские учреждения Республики Казахстан, в соответствии с подпунктом 2) статьи 671 Налогового Кодекса Республики Казахстан освобождаются от уплаты государственной пошлины:
герои Советского Союза, герои Социалистического Труда; лица, награжденные орденами Славы трех степеней и Трудовой Славы трех степеней, "Алтын Қыран", "Отан", удостоенные звания "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері"; многодетные матери, удостоенные звания "Мать-героиня", награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа"; ветераны Великой отечественной войны, ветераны, приравненные по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, и ветераны боевых действий на территории других государств, лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, лица, проработавшие (прослужившие) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, лиц с инвалидностью, а также один из родителей лица с инвалидностью с детства; ребенка с инвалидностью; престарелые, проживающие в медико-социальных учреждениях общего типа для престарелых и лиц с инвалидностью, дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, находящиеся на полном государственном обеспечении, проживающие в детских домах и (или) интернатах; граждане, пострадавшие вследствие Чернобыльской катастрофы.

9.

График работы услугодателя, Государственной корпорации и объектов информации

1) Услугодателя – с понедельника по пятницу с 9.00 до 18.00 часов, с перерывом на обед с 13.00 до 14.00 часов, кроме выходных и праздничных дней, согласно глав 6 и 7 Трудового кодекса Республики Казахстан;
2) Государственной корпорации – с понедельника по пятницу включительно, в соответствии с установленным графиком работы с 9.00 до 18.00 часов, без перерыва на обед. Дежурные отделы обслуживания населения Государственной корпорации, с понедельника по пятницу включительно с 9.00 до 20.00 часов и в субботу с 9.00 до 13.00, за исключением воскресенья и праздничных дней, согласно глав 6 и 7 Трудового кодекса Республики Казахстан;
Прием заявления осуществляется через Государственную корпорацию, без ускоренного обслуживания. По желанию услугополучателя имеется возможность бронирования электронной очереди посредством портала.

10.

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

В Государственную корпорацию:
1) заявление на апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Центрального архива Министерства обороны Республики Казахстан;
2) документ, удостоверяющий личность гражданина, либо электронный документ из сервиса цифровых документов (для идентификации личности), (либо его представителя по нотариально заверенной доверенности), либо нотариально засвидетельствованная доверенность, при представлении интересов услугополучателя третьим лицом (представляется для идентификации личности);
3) квитанция об оплате государственной пошлины за апостилирование;
4) архивная справка и (или) копии архивных документов, выданные Архивом, на которые необходимо проставить штамп апостиля.
Услугополучатель дает согласие на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в цифровых системах, при оказании государственных услуг, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан.

11.

Основания для отказа в оказании государственной услуги и ее подвидов (при наличии), установленные Законами Республики Казахстан

1) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленными настоящими Правилами;
2) отрицательный ответ уполномоченного государственного органа на запрос о согласовании, который требуется для оказания государственной услуги, а также отрицательное заключение экспертизы, исследования либо проверки;
3) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения определенной государственной услуги;
4) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучатель лишен специального права, связанного с получением государственной услуги;
5) отсутствие согласия услугополучателя, представляемого в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги.
6) неустранение выявленных недостатков по истечении срока приостановления оказания государственной услуги.

12.

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме и через Государственную корпорацию

Услугополучателям, имеющим нарушение здоровья, со стойким расстройством функций организма, ограничивающее его жизнедеятельность, в случае необходимости прием документов, для оказания государственной услуги, производится работником Государственной корпорации с выездом по месту жительства посредством обращения через Единый контакт-центр 1414, 8 800 080 7777.
Услугополучатель имеет возможность получения информации о статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" на портале, Единого контакт-центра 1414, 8 800 080 7777.
Адреса мест оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан: www.mod.gov.kz, а также на интернет-ресурсе Государственной корпорации: www.gov4c.kz.
Информацию о порядке оказания государственной услуги можно получить по телефону Единого контакт-центра 1414, 8 800 080 7777.

  Приложение 3 к приказу
Исполняющий обязанности
министра обороны
Республики Казахстан
от 31 августа 2026 года
№ 991
Приложение 3
к Правилам оказания
государственной услуги
"Апостилирование архивных
справок и копий архивных
документов, исходящих из
Центрального архива
Министерства обороны
Республики Казахстан"
Форма
__________________________
(фамилия, имя, отчество (при
его наличии))
____________________________
(адрес услугополучателя)

Расписка об отказе в приеме документов

      Руководствуясь статьи 20 Закона Республики Казахстан "О государственных и социально ответственных услугах", отдел №____ филиала Государственной корпорации "Правительство для граждан" (указать адрес) отказывает в приеме документов на оказание государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Центрального архива Министерства обороны Республики Казахстан" ввиду представления Вами неполного пакета документов согласно перечню, предусмотренному перечнем основных требований к государственной услуге, а также документов с истекшим сроком действия а именно: Наименование отсутствующих документов:

      1) __________________________________________________________________;

      2) __________________________________________________________________;

      Настоящая расписка составлена в двух экземплярах, по одному для каждой стороны.

      __________________________________________________________________________

      (фамилия, имя, отчество (при его наличии) работника Государственной корпорации)

      ________________ (подпись, дата)

      Исполнитель: ________________________________________________________

      (фамилия, имя, отчество (при его наличии))

      Телефон _______________________

      Получил_____________________________________________ _____________

      (фамилия, имя, отчество (при его наличии) услугополучателя) (подпись)

      "___" ____________ 20____года