БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім беру ұйымдарында баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 104-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38628 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу қағидаларында:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) қоғамға жат мінез-құлық жасағандар;";
мынадай мазмұндағы 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
"13) орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог-психологтарында және әлеуметтік педагогтерінде тәуекел тобында тұрған, оның ішінде зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау туралы хабарлаған, суицидтік ниеті және суицид жасауға әрекет ету фактілері бар кәмелетке толмағандар;
14) отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтары сүйемелдеп отырғандар;
15) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырыстарында істері қаралғандар;
16) тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері анықталған, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильді топтар анықтағандар.".
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы |
Ж. Сулейменова |