БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарын өткізу пункттерінде ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қазандағы № 503 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарын өткізу пункттерінде ұстау қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҰҚК ШҚ) әскери қызметшілері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің цифрлық жүйелерін пайдалана отырып, олардың жеке басын анықтау бойынша іс-шараларды жүргізеді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Егер бір тәулік ішінде келген адамның жеке басы анықталмаған жағдайда, осы адамға қатысты "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі