"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директорына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |
| Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 108/қе бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ұлттық қауіпсіздік органдары) ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру тәртібін айқындайды.
Қағидалар Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі (бұдан әрі – СЖҚІҚ) және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – аумақтық органдар) қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) қызметтік көлік – арнайы көлік құралы не жеңіл қызметтік көлік құралы;
2) уәкілетті басшы – СЖҚІҚ директоры (оны алмастыратын адам) немесе аумақтық органның бастығы (оны алмастыратын адам);
3) ұстап алынғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар – Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 128, 131-баптары негізінде және тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдіктілер, сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 147-бабы негізінде қылмыстар жасады деп сот оларға қатысты күзетпен ұстау санкциялаған айыпталушылар.
3. СЖҚІҚ-да және аумақтық органдарда ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру жөніндегі міндеттерді орындау үшін айдауыл топтары жедел бөлімшелер қызметкерлерінің қатарынан тиісті уәкілетті басшылардың бұйрықтарымен құрылады.
4. Айдауылдың міндетіне ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды:
1) уақытша ұстау изоляторларына (бұдан әрі – УҰИ) және тергеу изоляторларына (бұдан әрі – ТИ);
2) УҰИ, ТИ-де жүргізу мүмкін емес тергеу әрекеттерін өткізу, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде қорғауды қамтамасыз ету үшін айдауылмен алып;
3) медициналық ұйымдарға, стационарлық емдеу кезінде қорғауды қамтамасыз ету;
4) ҚР ҚПК 150-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен тергеу әрекеттерін жүргізу үшін бір ТИ-дан екінші ТИ-ға айдауылмен алып жүру;
5) көрсетілген іс-шараларды жүргізу кезінде УҰИ, ТИ-ден соттарға санкциялауға, бұлтартпау шарасын өзгертуге және күзетті қамтамасыз етуге айдауылмен алып жүру кіреді.
УҰИ, ішкі істер органдарының ТИ, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының ТИ күдіктілерді, айыпталушыларды күзетпен ұстау орындары болып табылады.
5. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылдау уәкілетті басшы айқындайтын белгілі бір маршруттар (негізгі, қосалқы) бойынша жүзеге асырылады.
6. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру осы Қағидаларда көзделген тәртіппен автомобиль, әуе және темір жол көлігімен жүзеге асырылады.
Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды елді мекендерде қоғамдық көлікте, жабдықталмаған немесе жүк тиелген көлік құралдарында, сондай-ақ төңкерілетін шанағы бар көлік құралдарында және мотоциклдерде тасымалдауға жол берілмейді.
7. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды жаяу айдауылмен алып жүру тек:
1) қызметтік көліктен соттардың ғимараттарындағы ұстауға арналған камераларға, уақытша ұстау изоляторларының (бұдан әрі – УҰИ), тергеу изоляторларының (бұдан әрі – ТИ) режимдік аймағына, тергеу әрекеттерін жүргізу орындарына, медициналық ұйымдарға дейін;
2) қашқындарды ұсталған жерден бастап, егер көлік құралдарын пайдалану мүмкін болмаса, жақын маңдағы УҰИ немесе ТИ-ға дейін жүргізіледі.
8. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру елді мекен шегінде арнайы көлік құралында жүзеге асырылады.
Арнайы көлік құралы болмаған кезде, ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру уәкілетті басшының жазбаша рұқсатымен жеңіл қызметтік көлікте жүзеге асырылады.
9. Ұстап алынғандардың және күзетпен қамауға алынған адамдардың қозғалыс қауіпсіздігін және сенімді күзетілуін қамтамасыз ету мақсатында, арнайы көлік құралдары жарқылдағыш маяктармен, СЖҚІҚ-ның немесе аумақтық органының кезекші бөлімінің пультіне белгі беретін радиостанциялармен, кабина мен шанақ арасындағы сөйлесу құрылғыларымен жабдықталады.
10. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды жолаушылар пойыздарының вагондарында, ұшақтарда (тікұшақтарда) тасымалдау уәкілетті басшының жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылады.
11. Ұстап алынған және күзетпен қамауға алынған әйел адамдарды айдауылмен алып жүру кезінде айдауылдың құрамына әйел қызметкерлер қосылады.
12. Айдауылмен алып жүру кезінде ұстап алынғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар мынадай санаттары бойынша:
әйел адамдар – ер адамдардан бөлек;
бір іс бойынша өтетін ұстап алынғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын лауазымды адамның немесе соттың нұсқаулары бойынша – бір-бірінен бөлек;
кәмелетке толмағандар – ересектерден бөлек;
шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар – барлық басқа санаттардан бөлек;
бацилла бөлетін туберкулездің белсенді түрімен ауыратындар бірге;
психикалық бұзушылықтардан зардап шегетіндер – барлық басқа санаттардан бөлек;
құқық қорғау органдары мен арнаулы органдардың бұрынғы қызметкерлері, сондай-ақ судьялар – басқа санаттағылардың барлығынан бөлек орналастырылады.
13. Айдауылдың қозғалысын бақылауды белгіленген байланыс арналары бойынша СЖҚІҚ немесе аумақтық органның кезекші бөлімі үздіксіз жүзеге асырады.
Айдауыл жетекшісі СЖҚІҚ-нің немесе аумақтық органының уәкілетті жауапты (жедел) кезекшісімен межелі пунктке дейін жүру жолында байланыста болады. Барлық оқиғалар туралы дереу баяндайды.
14. Айдауылмен алып жүру қауіпсіздігінің үш деңгейі белгіленеді:
1) қарапайым айдауыл мынадай есеппен: бірден-екіге дейінгі ұстап алынғандарға және күзетпен қамауға алынған адамдарға – екі айдауылшы, үштен-алтыға дейін – үш айдауылшы, жетіден-онға дейін – жеті айдауылшы тағайындалады. Егер айдауыл құрамында бес және одан көп айдауыл бар болса, айдауыл жетекшісінің көмекшісі тағайындалады;
2) күшейтілген айдауыл ұстап алынғандардың және күзетпен қамауға алынған адамдардың қайсыбірінің қашуға, айдауылға шабуыл жасауға, өзіне және айналасындағыларға зиян келтіруге ниеті бар екендігі туралы ақпарат бар болғанда; айдауылмен алып жүру бағытының ұзақ болуына байланысты; әуе немесе темір жол көлігімен айдауылмен алып жүру үшін тағайындалады.
Күшейтілген айдауыл мынадай есеппен: ұстап алынған және күзетпен қамауға алынған бір адамға – үш айдауылшы, екі-төрт адамға – алты айдауылшы, бес немесе одан көп адамға – сегіз айдауылшы тағайындалады;
3) ерекше айдауыл:
ауыр, аса ауыр қылмыстар жасаған; қашуға, айдауылшылар мен күзетпен ұстау орындарының персоналына шабуыл жасауға бейім;
қоғамдық резонанс тудырған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатын ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру кезінде тағайындалады.
Ерекше айдауылдың айдауыл жетекшісі болып аға офицер құрамы қатарынан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органының қызметкері тағайындалады.
15. Айдауылға ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүруге және оларды күзетуге байланысты емес міндеттемелерді жүктеуге жол берілмейді.
Айдауылға жүктелген міндеттемелерді орындау кезінде айдауылшыдардың "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қару-жарақты, күш қолдану және арнайы құралдарды қолдануға құқығы бар.
16. айдауыл жетекшісі СЖҚІҚ-ның, аумақтық органның жауапты (жедел) кезекшісімен өзара іс-қимыл жасай отырып, айдауылға жедел басшылық етуді қамтамасыз етеді және:
1) айдауылдың қызметті өткеруін ұйымдастырады, уақтылы дайындықты, нұсқама жүргізуді, көлікті, байланыс құралдарын және басқа да техникалық құралдарды дұрыс пайдалануды және олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
2) қызметтік көлігінің шығуы мен олардың қайта келуін бақылайды;
3) қарулардың, оқ-дәрілердің және де басқа мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді, қызмет өткеру аяқталған соң жасақтардың қаруларды, оқ-дәрілерді және басқа да оларға берілген арнаулы және техникалық құралдарды уақтылы және толық тапсыруын қадағалайды.
17. Айдауыл жетекшісі ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру бойынша берілген тапсырмалардың дәл және уақтылы орындалуын және қарамағындағылардың заңдылықты сақтауын, қызметтік құжаттардың, айдауылшылардың қару-жарақтардың, арнаулы, техникалық және өзге де пайдалануындағы мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді.
Айдауыл жетекшісі:
1) айдауылмен алып жүру бағытын және оның ерекшеліктерін, ұстап алынғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар туралы негізгі мәліметтерді зерделейді;
2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айдауыл жетекшісіне берілетін құжаттардың тізбесінде көрсетілген қажетті құжаттарды, қару-жарақтарды, айдауылшыға берілетін арнаулы техникалық құралдарды және басқа да мүлікті алады, оларды тиісті пайдалануды ұйымдастырады;
3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айдауылдың жол жүру журналын (бұдан әрі – Жол журналы) жүргізеді;
4) ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды белгіленген жерге уақтылы жеткізуі бойынша айдауылдың іс-қимылын басқарады, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде оларды күзетуді ұйымдастырады;
5) оқиға бола қалған жағдайда айдауылдаудың іс-қимыл, негізгі бағытында жағдай ушыққан кезде қосалқы бағытқа ауысу тәсілдерін белгілейді, қашқан кезде қашқандардың дереу ізіне түсу және ұстауды ұйымдастырады.
18. Айдауыл жетекшісіне:
1) ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру тәртібін өзгертуге;
2) талап етілмейтін жағдайда айдауылды уақытша қалдыруға тыйым салынады.
19. Айдауылшы айдауыл жетекшісіне бағынады.
Айдауылшы:
1) өз міндеттемелерін дәл орындайды;
2) айдауыл жетекшісі белгілеген жерде болады және оның рұқсатынсыз кетіп қалмайды;
3) қаруын ақаусыз және іс-әрекетке үнемі дайын етіп ұстайды;
4) ұстап алынғандармен және күзетпен қамауға алынған адамдармен сөйлесу барысында талапшыл әрі сыпайы болады және оларды ұдайы қадағалайды;
5) айдауыл жетекшісінің нұсқауы бойынша ұстап алынғандарға және күзетпен қамауға алынған адамдарға тінту жүргізеді, олардан сақтауға тыйым салынған нәрселер мен заттарды алып қояды және айдауыл жетекшісіне береді.
20. Айдауылға:
1) қызметін өткеру кезінде басқа жағдайларға алаңдауға;
2) айдауылмен алып жүру кезінде мінез-құлық талаптарын сақтау және қозғалыс тәртібі туралы нұсқау беру қажет болған жағдайларды қоспағанда, ұстап алынғандармен және күзетпен қамауға алынған адамдармен сөйлесуге;
3) олардан немесе оларға бөтен адамдардан қандай да бір заттарды, хаттарды, тамақ өнімдерін қабылдауға және беруге;
4) айдауылдау қозғалысының бағытын және оның соңғы пунктін жариялауға жол берілмейді.
21. Қызметтік көлік жүргізушісі (бұдан әрі – жүргізуші) айдауыл құрамына кіреді, айдауыл жетекшісіне бағынады.
Жүргізуші:
1) айдауылмен алып жүру бағытын және оның ерекшеліктерін зерделейді;
2) қызметтік көліктің пайдалануға үнемі дайындығын ұдайы қамтамасыз етеді, "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) (бұдан әрі – Жол жүрісі қағидалары) қатаң сақтайды;
3) бағыт бойындағы қозғалыс жылдамдығы туралы айдауыл жетекшісінің нұсқауларын дәл орындайды, оның командасы бойынша немесе мұндай белгіні шанақтағы айдауылшылардан алған кезде дереу қызметтік көлікті тоқтатады;
4) қызметтік көлікті қараусыз қалдырмайды, кабинадан түскен кезде оталдыруды өшіреді, оталдыру құлпының кілтін өзінде сақтайды;
5) өзімен бірге Жол жүрісі қағидаларына сәйкес құжаттары болуға тиіс.
22. Жүргізушіге:
1) өзінің атына бекітілген қызметтік көлікті қараусыз қалдыруға;
2) қызметтік көлікті басқа адамға басқаруға беруге жол берілмейді.
23. Ұстап алынғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар қашқан жағдайда, айдауыл оларды қудалау және ұстау, қозғалыстардың ықтимал бағыттары мен олардың жасырынуы ықтимал жерлерді тексеру бойынша тез арада бірінші кезектегі шараларды қабылдайды. Айдауыл жетекшісі тез арада СЖҚІҚ кезекші бөлімінің пультіне ұстап алынғандардың және күзетпен қамауға алынған адамдардың қашқаны туралы хабарлайды, айдауыл арасынан арнайы топ тағайындайды және қашқандарды ұстау жөнінде нұсқама береді.
2-тарау. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүруге арналған негіздер
24. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру:
1) айдауылмен алып жүру туралы сот қаулысының;
2) прокурордың, тергеушінің жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
25. Тергеу амалдарын жүргізу үшін айдауылмен алып жүру осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын лауазымды адам ұсынатын ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүруге берілетін жазбаша өтінім (бұдан әрі – Өтінім) бойынша 2 данада (1-данасы – УҰИ немесе ТИ-ға, 2-данасы – айдауыл үшін) жүзеге асырылады.
26. Өтінімге уәкілетті басшы қол қояды және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.
27. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүруге берілетін өтінімнің бір данасы тергеу әрекеттерінің басталуына 1 тәулік қалғанда оларды ұстау орындарына (УҰИ, ТИ), екінші данасы айдауылға жіберіледі.
3-тарау. Айдауылды тағайындау, қамтамасыз ету, қаруландыру тәртібі
28. СЖҚІҚ немесе аумақтық органы жауапты жедел бөлімшесінің бастығы уәкілетті басшыға айдауыл жетекшісінің және айдауылшылардың кандидатураларын; айдауылдың түрін, жолын мен көлігін, берілетін қаруын ұсынады.
Уәкілетті басшы айдауылды тағайындау кезінде айдауыл жетекшісіне осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды қабылдау (тапсыру) құқығына берілетін ұйғарымда (бұдан әрі – ұйғарым):
1) құрамын және айдауыл жетекшісін тағайындайды;
2) тапсырмалар, тәсілдер және олардың орындалу мерзімдерін;
3) байланыс тәртібін, қару түрін айқындайды.
Бұл ретте бағыттық кесте белгіленеді, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшесінің және кезекші бөлімнің басшыларына айдауыл үшін қызметтік көлікті, жанар-жағар май материалдарын, байланыс және дабыл беру құралдарын, қару мен оқ-дәрілерді әзірлеуге өкім береді, олардың қызмет өткеруін және қойылған міндеттерді орындауын бақылау ұйымдастырылады.
29. Айдауылдың барлық жеке құрамы міндетті түрде қорғаныш кеудешемен жабдықталады; атыс қаруымен қаруланады; өзімен бірге арнайы құралдар, сондай-ақ байланыс құралдары; белгі беру тапаншасы, металл іздегіш болуға тиіс. Әрбір айдауылшыда өзімен бірге полицейлік үлгідегі ысқырық, жеке таңу пакеті, ал айдауыл жетекшісінде осылармен қоса құжаттарға арналған сөмкесі, медициналық қобдишасы, айдауылмен жүрушілердің санына қарай қол кісендері болуға тиіс.
Айдауыл қаруының түрін қойылған міндеттің орындалу шарттарына, тәртібіне және түріне қарай уәкілетті басшы айқындайды.
Арнайы көлік құралдарының камераларын және ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды ұстайтын немесе оларды орналастыру жүргізілетін басқа да үй-жайларды тексеру кезінде қару айдауыл жетекшісіне тапсырылады.
4-тарау. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүруге қабылдау
30. Айдауылдауға өтінімді және ұйғарымды алған айдауыл ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынғандарды қабылдайтын пунктке барады, онда айдауыл жетекшісі:
1) УҰИ, ТИ кезекшісіне өтінімді және ұйғарымды көрсетеді;
2) дайындалған құжаттарды алады және олардың дұрыс ресімделуін тексереді, ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды арнайы көлік құралының камераларына орналастыру тәртібін айқындайды, күшейтілген қадағалауды талап ететін адамдар туралы айдауылшыларды ақпараттандырады;
3) ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды оларды айдауылмен алып жүру үшін қабылдау уақытында жеке тінту және күзету үшін айдауыл құрамының есебін белгілейді, ұстап алынғандарға және күзетпен қамауға алынған адамдарға тінту жүргізу және арнайы көлік құралының камералары бойынша орналастыру үшін бөлінген айдауылшылардың қаруын уақытша сақтауға қабылдайды;
4) ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды қабылдау, сондай-ақ тергеу әрекеттері жүргізілетін үй-жайды қарап тексереді, сондай-ақ қашуға немесе шабуыл жасауға пайдаланылуы мүмкін құралдарды алып тастайды.
Ұстап алынғандардың және күзетпен қамауға алынған адамдардың құжаттары айдауыл жетекшісіне тапсырылады.
Егер айдауылмен алып жүруге жататын ұстап алынған және күзетпен қамауға алынған адам қашуға немесе айдауылға шабуыл жасауға бейім болатын жағдайларда, құжаттарында "қашуға бейім" деген жазба жасалады.
31. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды қабылдау жүргізетін үй-жайларда тек айдауылмен алып жүру үшін оларды тапсырушы және қабылдаушы адамдар болады.
Ұстап алынғандардың және күзетпен қамауға алынған адамдардың жеке басына күмән туған кезде, айдауыл жетекшісі тиісті түсіндірмелер алу үшін УҰИ, ТИ кезекшісіне жүгінеді және одан әрі алынған түсіндірмелерге сәйкес әрекет етеді.
Айдауылмен алып жүруге жататын, науқасы туралы мәлімдеген ұстап алынғанды және күзетпен қамауға алынған адамды дәрігер (фельдшер) қарайды, "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-61 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28669 болып тіркелген) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтамаға жазба жасайды.
Туберкулез ауруымен ауыратын ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүрудің барлық жағдайларында айдауылшыларға, ұстап алынғандарға және күзетпен қамауға алынған адамдарға дәке таңғыштар немесе медициналық маскалар беріледі.
32. Айдауылмен алып жүруге қабылданатын ұстап алынғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар олардың қолда бар құжаттарына сәйкес Жол журналына тіркеледі.
33. Айдауылмен алып жүруге қабылдауға жатпайтындар:
1) құжаттары дұрыс ресімделмеген және құжаттары жоқ ұстап алынғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар;
2) дәрігердің (фельдшердің) қорытындысы бойынша айдауылмен алып жүруге жатпайтын аурулар.
34. Қажет болған кезде ұстап алынған немесе күзетпен қамауға алынған адам кенеттен науқастанғанда, жарақаттанғанда немесе қайғылы жағдай болғанда, кейіннен уәкілетті басшыға хабарлай отырып, медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымға айдауылмен жеткізіледі.
35. Ұстап алынған және күзетпен қамауға алынған адам жол үстінде қайтыс болған жағдайда, айдауыл жетекшісі аталған факт туралы уәкілетті басшыға хабарлайды, ол арнайы тергеу әрекеттерін жүргізу үшін жақын маңындағы ішкі істер органының жедел тобын шақырады. Сондай-ақ СЖҚІҚ немесе аумақтық органның кезекші бөлімін хабардар етеді.
Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін айдауыл қайтыс болған адамның мәйітін тергеушінің қаулысымен сот-медициналық сараптама жүргізу үшін жақын арадағы мәйітханаға жеткізеді.
5-тарау. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды арнайы көлік құралымен айдауылдау тәртібі
36. Айдауыл жетекшісі айдауылға шығу алдында қызметтік көлігі шанағының жай-күйін, жарықтың дұрыстығын, сөйлесу құрылғыларын, байланыс құралдарын, желдеткішті, камера мен есіктердің құлыптарын, орындықтар мен басқа да жабдықтар бекіткіштерінің беріктігін тексереді; қашу немесе шабуыл жасау үшін пайдаланылуы мүмкін заттарды алып тастауға және анықталған кемшіліктерді жою шараларын қабылдайды.
37. Арнайы көлік құралының камераларындағы айдауылшы ұстап алынғандардың және күзетпен қамауға алынған адамдардың тәртібіне үнемі қадағалау жүргізеді. Арнайы көлік құралдарында бақылау торларын іштен көлегейлеуге, шулауға, темекі шегуге, шанақтың жабдықтарын бүлдіруге, сондай-ақ басқа камераларда отырғандармен сөйлесуге немесе тықылмен белгі білдіруге жол берілмейді. Бұл талаптарды орындамаған жағдайда, айдауылшы айдауыл жетекшісімен бірге тоқтау туралы дабыл береді және тәртіп бұзушылықтың жолын кесу шараларын қабылдайды, тек айдауыл жетекшісіне камералар есіктерін ашуға рұқсат етіледі.
38. Жеңіл қызметтік көлік құралында тек бір ұстап алынған және күзетпен қамауға алынған адам артқы орындыққа екі айдауылшының ортасына отырғызылып тасымалданады.
Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру схемасы (бұдан әрі – схема) бойынша жолда оның қолдарын алдына қаратып немесе бір (екі) айдауылшының қолдарына біріктіріліп қол кісендері салынады. Жеңіл қызметтік көлік құралының есіктері жабық күйінде бекітіледі, терезелер ашылмайды.
39. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды белгіленген түпкілікті орынға түсіру кезінде қызметтік көліктің жүргізушісі айдауыл жетекшісінің нұсқауы бойынша қызметтік көлікті алдын ала белгіленген орынға, мүмкіндігінше, бөтен адамдар жіберілмейтін орынға тоқтатады.
Ұстап алынғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар бір-бірден қатарға тұрғызылады және айдауыл жетекшісінің бұйрығы бойынша үй-жайға қарай жүреді.
6-тарау. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды әуе жол көлігімен айдауылмен алып жүру тәртібі
40. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды әуе кемелерінде тасымалдауға айдауылдау бағытының ұзақтығы 500 км-ден асатын жағдайларда не әуе көлігі қатынастың жалғыз құралы болып табылатын жағдайларда жол беріледі.
Ұстап алынғанды немесе күзетпен қамауға алынған адамды әуе кемесінің бортында тасымалдауды күшейтілген немесе ерекше айдауыл жүзеге асырады.
41. Авиакомпания ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынғандарды тасымалдаудың болжамды күні, тасымалдау жоспарланатын рейстің нөмірі туралы уәкілетті басшының қолымен кемінде бір тәулік бұрын хабардар етіледі.
42. Айдауылдар ұстап алынғандарда және күзетпен қамауға алынған адамдарда өздерімен бірге "Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселердің, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 шiлдедегi № 548 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33197 болып тіркелген) бекітілген Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдардың, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесінде көрсетілген әуе кемесінде тасымалдауға тыйым салынған заттардың болмауын қамтамасыз етеді.
43. Айдауылдарға әуе кемесінің бортына жас ағызғыш газ контейнерлерін немесе ол тектес қатардан шығаратын газ түрлендіретін құрылғыларды алып кіруге жол берілмейді.
44. Айдауылдар авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналына, көліктегі ішкі істер органдарының өкілдеріне және борт жолсеріктеріне қызметтік немесе басқа да қажетті құжаттарды ұсынады.
45. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды әуе кемесінің бортына отырғызу, бірінші кезекте, ал түсіру барлық жолаушылар түсіп болғаннан кейін жүргізіледі.
46. Ұстап алынғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар орналасатын орындар, сондай-ақ айдауыл жолаушылар салонының артқы бөлігінде орналасады.
47. Ұстап алынғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар тек екі немесе одан да көп орындықтары бар қатарда орналастырылады, бір айдауылшы ұстап алынғанның және күзетпен қамауға алынған адамның ортасында және кез келген өту орнында болады.
48. Айдауылшылар ұстап алынғандарға және күзетпен қамауға алынған адамдарға үнемі ілесіп жүреді, оның ішінде дәретханаға барған уақытта да олардың бақылауында болады.
49. Әуе кемесінің бортындағы айдауылшыларға, ұстап алынғандарға және күзетпен қамауға алынғандарға алгоколь сусындары берілмейді.
50. Ұстап алынғандарға және күзетпен қамауға алынған адамдарға металл емес бұйымдармен және пышақсыз тамақ беріледі.
51. Қашып кетуге немесе айдауылға шабуыл жасауға бейім ұстап алынғанды және күзетпен қамауға алынған адамды тасымалдау кезінде айдауылмен жүретін бір ұстап алынғанды немесе күзетпен қамауға алынған адамды тасымалдауға жол беріледі.
52. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды әуе кемесінде тасымалдау барлық жағдайда қол кісендерде жүзеге асырылады. Бұл ретте олардың қол кісендердегі қолдары схемаға сәйкес қалыпта болады.
53. Айдауыл әуе кемесінің бортында ұстап алынғанға және күзетпен қамауға алынған адамға тиісті бақылау жасайды, өз орындарынан тұруға, жолаушылармен сөйлесуге немесе қандай да бір заттарды қабылдауға немесе беруге рұқсат бермейді.
Айдауыл жетекшісі ұстап алынғандардың және күзетпен қамауға алынған адамдардың тәртібін және айдауылдардың әуе кемесінің бортында өз міндеттемелерін орындауларына тұрақты түрде бақылау қамтамасыз етілетін салонның артқы бөлігінде (ұстап алынғандарға және күзетпен қамауға алынған адамдарға бөлінген орындардың артында) орналасады.
54. Әуе кемесінің ұшу кідірісі ұзаққа созылған жағдайда (1,5 сағатқа және одан көп уақытқа) ұстап алынғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар әуежай әкімшілігі бөлетін жолаушылардан оқшауланған үй-жайға ауыстырылады. Әуе кемесі аралық әуежайда түнгі уақытта кідірген жағдайда, ұстап алынғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар УҰИ күзетіне тапсырылады.
7-тарау. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды жолаушылар пойыздарының вагондарында айдауылмен алып жүру тәртібі
55. Теміржол көлігімен айдауылмен алып жүру жолаушылар пойыздарының купелік вагондарында жүзеге асырылады. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды плацкарт вагондарда тасымалдауға жол берілмейді.
Айдауылмен алып жүруді тек күшейтілген немесе ерекше айдауыл жүзеге асырады.
Ұстап алынғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар мен айдауыл вагонның соңғы купесіне бөлек орналастырылады.
Тасымалдау схемаға сәйкес қол кісендер алдыңғы жағынан тағылған күйде ғана жүзеге асырылады, бұл ретте купедегі терезе берік жабылған қалыпта болады.
Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды дәретханаға шығаруды ұстап алынғанның және күзетпен қамауға алынған адамның алдынан және артынан жүріп отыратын айдауыл жетекшісі мен айдауылшы бір-бірден жүргізеді.
Дәретхана есігі ұстап алынған және күзетпен қамауға алынған адам ішінде болған кезде сәл ашық қалады, қол кісендері шешіледі, терезе жабық күйде болады.
56. айдауыл жетекшісі ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды купелік жолаушылар вагонына отырғызудың алдында айдауылмен жүруші отырғызылатын вагонға және соңғы купеге тексеріс жүргізеді.
57. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды купелік вагондарға отырғызу жолаушыларды жалпы отырғызуға дейін, ал түсіру – барлық жолаушылардан кейін жүргізіледі.
58. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды пойызға жеткізу кезінде қызметтік көлік вагонның тамбурына тақалып қойылады, ал отырғызу аяқталғаннан кейін көлік пойыз жүріп кеткенге дейін тұраққа қойылады. Қызметтік көлікті қою орны теміржол станциясының әкімшілігімен алдын ала келісіледі.
8-тарау. Айдауылдың төтенше оқиғалар кезіндегі әрекеттері
59. Оқиғалар болған кезде (ұстап алынғандардың және күзетпен қамауға алынған адамдардың шабуыл жасауы, қашуы, бағынбауы, адамдарды кепілге алуы, өрт, табиғи апаттар, авария және басқасы) айдауыл жетекшісі дереу уәкілетті басшыға баяндайды және оқиғалар кезінде айдауылдың әскери іс-қимылына сәйкес әрекет етеді.
60. Айдауылға шабуыл жасалған кезде айдауыл жетекшісінің айдауылдың күшімен шабуылға тойтарыс беруді ұйымдастырады, қарулы шабуыл кезінде "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қару қолданады.
61. Айдауылшы оған, айдауыл құрамына немесе ұстап алынғандарға және күзетпен қамауға алынғандарға шабуыл жасалған кезде "Шабуыл" сигналын береді және шабуылды тойтаруға шаралар қабылдайды.
Қажет болған кезде өзін, айдауылды немесе басқа адамдарды қорғау үшін қоян-қолтық айқасқа шығады.
Қарулы шабуыл кезінде өзін, басқа адамдарды немесе айдауылды қорғау, шабуылға тойтарыс беру үшін "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қару қолданады.
62. Айдауылмен жүретін ұстап алынғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар:
арнайы көлік құралынан қашқан кезде – арнайы көлік құралы тоқтатылады, айдауыл қашқандарды қудалауға дереу ауысады, қалған ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынғандарды зақымдалған камерадан ақаусыз ауыстыру жүргізіледі, ал мұндай мүмкіндіктер болмаған кезде СЖҚІҚ немесе аумақтық органнан ақаусыз қызметтік көлік шақыртылады;
жеңіл қызметтік көлік құралынан, сот ғимаратынан немесе ұлттық қауіпсіздік органдарының үй-жайларынан қашқан жағдайда – айдауылшы қашқандарды қудалауға дереу ауысады, егер қашып кеткендер сот ғимаратынан немесе ұлттық қауіпсіздік органдарының ғимаратынан шықпаса, айдауыл жетекшісі уәкілетті басшыны хабардар етеді, айдауылдың күшімен ғимарат ішінде қашып кеткендерді мұқият іздеу ұйымдастырылады.
63. Табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айдауыл жетекшісі қажет болған жағдайда, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді, қару мен мүлікті құтқаруды ұйымдастырады, күзеттегі айдауылмен жүретін ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды неғұрлым қауіпсіз орындарға ауыстырады. Уәкілетті басшының нұсқауы бойынша оларды эвакуациялауды жүзеге асырады, мүлікті қорғауға және белгіленген режимді ұстануға шаралар қабылдайды.
64. Қызметтік көліктің авариясы кезінде, егер ол өз жүрісімен жүре алмаса, айдауыл жетекшісі авариялық тоқтау белгілерін қояды, СЖҚІҚ немесе аумақтық органынан басқа қызметтік көлікті шақырады, ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды оған ауыстыруды және межелі жерге одан әрі айдауылдауды ұйымдастырады.
Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды ауыстырып отырғызу мүмкін болмаған жағдайда (көліктің белсенді қозғалысы, азаматтардың жиналуы және басқасы), айдауыл жетекшісі бұзылған қызметтік көлікті жақын жердегі ТИ, жақын маңындағы ішкі істер органының УҰИ-ға сүйреп апаруды ұйымдастырады. Егер апат елдімекеннен тыс жерде орын алса және қызметтік көліктің қатты ақаулары болса, айдауыл жетекшісі ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынғандарды ақаусыз қызметтік көлік келгенге дейін күзет ұйымдастыруға ыңғайлы жерге апарады.
9-тарау. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды тергеу әрекеттерін жүргізу, сараптамалар жасау, медициналық қызмет көрсету кезінде күзету
65. Ұстап алынғанды немесе қамауға алынған адамды сот ғимараттарындағы уақытша ұстау бөлмесіне орналастырғаннан кейін айдауыл оған тұрақты бақылау жүргізеді, оған басқа адамдармен сөйлесуге, қандай да бір заттарды қабылдауға немесе беруге рұқсат бермейді.
66. Сот бұлтартпау шарасын санкциялаған кезде айдауыл ұстап алынғанның немесе күзетпен қамауға алынған адамның күзетілуін қамтамасыз етеді.
67. Ұлттық қауіпсіздік органының әкімшілік ғимаратына жеткізген кезде айдауыл жетекшісі кезекші бөлімде жеткізілген айдауылмен алып жүретін ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды тіркеуді, кеткен кезде шығу туралы белгі қоюды жүргізеді.
Тергеу әрекеттерін жүргізу үшін айдауыл ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды қабылдау-тапсыру журналына тіркеп, арнайы үй-жайлар – тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған кабинеттерге жеткізе отырып, өтінім жолдаған тергеушіге береді.
Айдауыл жетекшісі тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған кабинетті қарап-тексереді, анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдайды, тергеушінің талабы бойынша айдауылдың жеке қатысуы қамтамасыз етіледі, бұл ретте айдауылшылар терезелердің, айдауыл жетекшісі есіктің жанында тұрады.
Жергілікті жерде тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде айдауыл жетекшісі тергеу әрекеттерін жүргізу көзделіп отырған жерді (үй-жайды) қарап-тексереді және оны жүргізетін адамның келісімі бойынша ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынғандарды күзетуді ұйымдастырады. Айдауылшылар кетпестен олардың қасында болады, қол кісендерді қолданады, тергеу әрекеттерінің сипатына байланысты олардың барлық орын ауыстыруларында еріп жүреді, қызметтік көлікке отырар алдында жеке тінту жүргізеді.
Тергеу әрекеттерінің аяқталғаны туралы тергеуші (анықтау жүргізетін адам) айдауылмен алып жүруге берілген өтінімге белгі қояды және оған өзі қол қойып бекітеді.
68. Ұлттық қауіпсіздік органдарының ғимараттарында тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін айдауыл жетекшісі ұстап алынғанды немесе күзетпен қамауға алынған адамды кері айдауылмен алып жүру үшін тергеушіден арнаулы мекемелерге (ТИ, УҰИ) қабылдайды.
69. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды дәретханаға шығаруды ұстап алынғандардың және күзетпен қамауға алынған адамдардың алдынан және артынан жүріп отыратын айдауыл жетекшісі мен айдауылшы бір-бірден жүргізеді.
Дәретхана есігі ұстап алынған және күзетпен қамауға алынған адам ішінде болған кезде сәл ашық қалады, қол кісендері шешіледі, терезе жабық күйде болады.
70. Медициналық ұйымдарда медициналық куәландыру, түрлі сараптамалар жүргізу кезінде айдауылмен алып жүруді бір-бірден айдауыл жетекшісі және айдауыл жүзеге асырады, сондай-ақ айдауылдың жеке өзінің қатысуы қамтамасыз етіледі, қажет болған жағдайда, кіреберіс есікте және терезенің алдында тұрады.
71. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды медициналық ұйымдарда стационарлық емдеу үшін орналастыру тек ТИ немесе УҰИ білікті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік болмайтын шұғыл жағдайларда жүзеге асырылады.
Медициналық ұйымға стационарлық емдеу үшін орналастырылған ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды күзету уәкілетті басшының нұсқауларымен айқындалады.
| Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларына 1-қосымша |
Айдауыл жетекшісіне берілетін құжаттар тізбесі
1. Айдауыл жетекшісіне ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды қабылдауға (тапсыруға) құқық беретiн ұйғарым (айдауылдың жеке құрамының тiзiмiмен бiрге);
2. Айдауылдың жол жүру журналы;
3. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды қабылдау-тапсыру журналы;
4. Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүруге берілетін өтініш.
| Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Титул парағы
Айдауылдың жол жүру журналы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(ұлттық қауіпсіздік органдарының атауы)
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(айдауыл тобы)
Басталды: 20 ___ жылғы "___" _____________
Аяқталды: 20 ___ жылғы "___" _____________
Келесі беті
Р/с № | Кету орны, күні және уақыты | Қозғалыс бағыты | Келу орны, күні және уақыты | Айдауыл жетекшісінің белгісі |
| Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылдаумен алып жүруге өтінім
Мөртабан _________________________________________________________________
_______________________________________________________басшысына
(органның атауы)
______________________________________ келесі бетте аталған адамдарды
(күні, уақыты)
__________________________________________ мекенжайында орналасқан
_________________________________________________________________
(соттың, тергеу әрекеттері жүргізілетін орынның атауы)
айдауылдаумен алып жүру үшін айдауыл жiберуiңiздi сұраймын.
Айдауылдаумен алып жүруге тиіс адамдар _____________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(лауазымын, тегiн көрсету)
_______________________________________________ қарамағында болады.
Сот процесiнiң (тергеу әрекетін жүргізудің) басталуы
________________________________________________________,
(уақыты)
Болжамды ұзақтығы ______________________________________
(уақыты)
________________________________________________________
(тегі, қолы)
Келесі беті
Р/с | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) | Туған жылы | ҚК-нің қандай бабы бойынша күдікті болып табылады, айыпталады | Ұстау орны, тергеу изоляторының, уақытша ұстау изоляторының атауы |
Кестенің жалғасы
Ішкі оқшаулау жөніндегі талап (бірге қатысушылардан бөлек көрсету) | Айдауылдың түрін көрсету (кәдімгі, күшейтілген, ерекше) | Айдауылдау тәртібі бойынша басқа да ұйғарымдар | Айдауылмен жүрушілерге тінту жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) | Тергеу изоляторы бастығының, уақытша ұстау изоляторы кезекшісінің ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды қабылдау туралы мөр басылған қолхаты |
Ұлттық қауіпсіздік органының басшысы
________________________________
________________________________
(тегі, қолы)
| Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Мөртабан
Кімге___________________________________________________________
________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))
Айдауыл жетекшісіне ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды қабылдауға (тапсыруға) құқық беретiн ұйғарым
________________________________________________________________
(айдауылдың жеке құрамының тiзiмiмен бiрге)
________________________________________________________________
_________________________________________________________________
ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып
жүру және________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(соттың, ұлттық қауіпсіздік органының атауы)
қабылдау (тапсыру) үшін осы ұйғарымды ұсынатын адам _______________
____________________________ айдауыл жетекшісі болып тағайындалды.
________________________________________________________________
Ұйғарым 20___ жылғы "___" _____________ дейін жарамды.
М.О.
Ұлттық қауіпсіздік органының басшысы
__________________________________
__________________________________
(тегі, қолы)
Келесі беті
Айдауылдың құрамы
Р/с | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) | Лауазымы | Қарудың түрі, нөмірі |
| Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларына 5-қосымша |
Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынғандарды айдауылмен алып жүру схемасы
| Артқы жағынан тағылатын қол кісендер | |
| Алдыңғы жағынан тағылатын қол кісендер | |
| Қол кісендер ұстап алынғанның және күзетпен қамауға алынған адамның екі қолына және айдауылшының қолына тағылған | |
| Қол кісендер ұстап алынғанның және күзетпен қамауға алынған адамның екі қолына, айдауылшылардың оң және сол қолына тағылған | |
| Иілгіш металл арқанмен жалғанған қол кісендер айдауылшылардың ортасында колоннада тұрған ұстап алынғанның және күзетпен қамауға алынған адамның және айдауылшылардың оң қолына – сол қолына тағылған | |
| Қол кісендер ұстап алынғанның және күзетпен қамауға алынған адамның оң – сол қолдарына тағылған | |
| Иілгіш металл арқанмен жалғанған қол кісендер колоннада тұрған ұстап алынғандарды ң және күзетпен қамауға алынған адамдардың және айдауылшылардың оң - сол қолдарына тағылған | |
Шартты белгілер | ||
|
|
|
| Қазақстан Республикасының | |
| ұлттық қауіпсіздік органдарының | |
| ұстап алынғандарды және | |
| күзетпен қамауға алынған | |
| адамдарды айдауылмен алып | |
| жүру қағидаларына | |
| 6-қосымша | |
| Нысан |
Титул парағы
Ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды қабылдау-тапсыру журналы
_________________________________________________________________
(органның атауы)
Басталды: 20 ___ жылғы "___" ____________
Аяқталды: 20 ___ жылғы "___" ____________
Келесі беті
Р/с | Ұстап алынғанның және күзетпен қамауға алынған адамның тегі, аты, әкесінің аты | Қабылдаушы қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болатын кезде) | Қабылдау уақыты | Қабылдау кезінде қойылатын қолы | Тапсыру уақыты | Тапсыру кезінде қойылатын қолы |
| Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 108/қ бұйрығына қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 41 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14487 болып тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 282 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтары тізбесінің өзгеріс пен толықтыру енгізілетін 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18018 болып тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 8 ақпандағы № 33 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтары тізбесінің өзгерістер енгізілетін 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20013 болып тіркелген).
4. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 41 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 12 қазандағы № 331 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33549 болып тіркелген).
5. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұстап алынғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 41 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 65 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34202 болып тіркелген).













