БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе қатер туындаған және жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқа мәтіндік хабарлар жіберу жөнінде қызметтер көрсету мақсатында байланыс операторларының желілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12802 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе қатер туындаған және жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде, сондай-ақ террористік және экстремистік қылмыстардың алдын алу, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқа мәтіндік хабарлар жіберу жөнінде қызметтер көрсету мақсатында байланыс операторларының желілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және төтенше жағдайлар қатері төнген немесе туындаған және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерін болдырмау, төтенше жағдайды енгізу кезінде, сондай-ақ террористік және экстремистік қылмыстардың алдын алу, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқаша мәтіндік хабарламалар жіберу жөнінде қызметтер көрсету мақсатында байланыс операторларының желілерін пайдалану қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және төтенше жағдайлар қатері төнген немесе туындаған және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерін болдырмау, төтенше жағдайды енгізу кезінде қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқаша мәтіндік хабарламалар жіберу жөнінде қызметтер көрсету мақсатында байланыс операторларының желілерін пайдалану қағидалары қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және төтенше жағдайлар қатері төнген немесе туындаған және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерін болдырмау, төтенше жағдайды енгізу кезінде, сондай-ақ террористік және экстремистік қылмыстардың алдын алу, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқаша мәтіндік хабарламалар жіберу жөнінде қызметтер көрсету мақсатында байланыс операторларының желілерін пайдалану қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және төтенше жағдайлар қатері төнген немесе туындаған және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерін болдырмау, төтенше жағдайды енгізу кезінде, сондай-ақ террористік және экстремистік қылмыстардың алдын алу, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқаша мәтіндік хабарламалар жіберу жөнінде қызметтер көрсету мақсатында байланыс операторларының желілерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және төтенше жағдайлар қатері төнген немесе туындаған және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерін болдырмау, төтенше жағдайды енгізу кезінде, сондай-ақ террористік және экстремистік қылмыстардың алдын алу, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқаша мәтіндік хабарламалар жіберу жөнінде қызметтер көрсету мақсатында байланыс операторларының желілерін пайдалану тәртібін айқындайды.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және төтенше жағдайлар қатері төнген немесе туындаған және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерін болдырмау, төтенше жағдайды енгізу кезінде, сондай-ақ террористік және экстремистік қылмыстардың алдын алу, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқаша мәтіндік хабарламалар жіберу жөнінде қызметтер көрсету мақсатында байланыс операторларын пайдалану тәртібі";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Төтенше жағдайлар қатері төнген немесе туындаған және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерін болдырмау, төтенше жағдайды енгізу кезінде, сондай-ақ террористік және экстремистік қылмыстардың алдын алу, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына SMS-хабарламалар жіберу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес SMS-хабарламалардың типтік үлгілерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. "112" БКДҚ орындаушылары SMS-хабарламалардың типтік үлгілерінің тізбесіне сәйкес келмейтін SMS-хабарламаларды жібермейді.";
мынадай мазмұндағы 23-тармақпен толықтырылсын:
"23. Терроризм мен экстремизмнің алдын алу бойынша SMS-хабарламалар жылына бір рет жіберіледі.";
реттік нөмірлері 10, 11, 12, 13, 14, 15 және 16-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 16-8, 16-9, 16-10, 16-11 және 16-12-жолдармен толықтырылсын:
"
16-8 |
Каз яз: |
Qazaqstan Respýblıkasynyń aýmaǵynda málimetter men materıaldar, sol sıaqty ózge de ónimder bar mass-medıa ónimderin daıyndaǵany, saqtaǵany, ákelgeni, tasymaldaǵany, taratqany úshin dinı alaýyzdyqty qozdyrýǵa baǵyttalǵan Qazaqstan Respýblıkasynyń Ákimshilik quqyq buzýshylyq týraly Kodeksiniń 453-babyna sáıkes ákimshilik jaýapkershilik kózdelgen. | ||
16-9 |
Каз яз: |
Dinı qyzmet jáne dinı birlestikter týraly zańnamany buzǵany úshin Qazaqstan Respýblıkasynyń Ákimshilik quqyq buzýshylyq týraly Kodeksiniń 490-babyna sáıkes ákimshilik jaýapkershilik kózdelgen. | ||
16-10 |
Каз яз: |
Nazar audarynyz! Áýe qateri! Dereý myna panada bolyńyz: jertóle, avtoturaq, metro. Terezelerden, esikterden aýlaq bolyńyz. Qosymsha nusqaýlardy kútińiz. | ||
16-11 |
Каз яз: |
Panada bolyńyz, resmı nusqaýlardy kútińiz jáne tek resmı derekkózderge senińiz. | ||
16-12 |
Каз яз: |
Nazar audarynyz! Áýe qateri seıildi. |
";
реттік нөмірі 123-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
".
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мадиев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі