БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізбесін және оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 185 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 37006) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Жоғары жетістіктер спорт түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 45-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
45 | Жауынгерлік жекпе-жектің аралас түрлері (ММА) | Asian Mixed Martial Arts Association (AMMA) | Жауынгерлік жекпе-жектің аралас түрлері (ММА) |
| "; |
реттік нөмірі 59-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
59 | Бәйге | "Бәйге" халықаралық ат спорты ойындары және салт атпен жүру федерациясы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі | Бәйге |
| "; |
реттік нөмірі 62-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
62 | Жекпе-жек | World Usman’s Combat Systems Association | Жекпе-жек |
| "; |
реттік нөмірі 64-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
64 | Қазақ күресі | United World Wrestling (UWW) | Қазақ күресі |
| "; |
Жоғары жетістіктер спорты түрлерін бюджет қаражатынан қаржыландыру қағидаларында:
13-тармақтың 9) тармақшасы орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
15-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) көліктік, пошталық, типографиялық және ақпараттық шығындар;".
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) үш жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі |
Е. Мырзабосынов |