БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 15 мамырдағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36118 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамада:
оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
1-тараудың кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттама
1-тарау. Жалпы ережелер
_________________________________________________________________
(сатып алу мәнінің түрі)
_________________________________________________________________
(конкурстың атауы)
Тапсырыс беруші (тапсырыс берушімен бір тұлға ретінде әрекет ететін
ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)
_______________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері, БСН көрсетіледі)
Тапсырыс берушінің өкілі (тапсырыс берушімен бір тұлға ретінде әрекет ететін ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)
_______________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
Ұйымдастырушы (бірыңғай ұйымдастырушы)
________________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері, БСН көрсетіледі)
Ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) өкілі
_________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі
Конкурстық комиссияның хатшысы
__________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі) ";
3-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
24-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
33-тармақта екінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2 - қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инвестициялық саясат және инфрақұрылымды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы |
Ш. Акпарова |
Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары (тапсырыс беруші толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы_____________________________________
Ұйымдастырушының атауы_____________________________________
Конкурстың №_________________________________________________
Конкурстың атауы: Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу
Лоттың №____________________________________________________
Лоттың атауы _________________________________________________
Әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес қызметтер көрсетуге рұқсаттың (хабарламаның) болуы.
Егер қызмет көрсету тиісті рұқсатты алуды, хабарлама жолдауды талап еткен жағдайда, мынадай мәліметтерді толтыру қажет.
№ | Рұқсаттың (хабарламаның) атауы |
1 | Заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруға лицензиясының болуы |
2 | Заңды тұлғаларға қызметтік қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсаттың болуы |
3 | Заңды тұлғалардың қызметкерлеріне қызметтік қаруды және оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсаттың болуы |
2. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы (веб-порталда мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде автоматты түрде айқындалады).
3. Банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы.
4. Қажетті материалдық және еңбек ресурстарының болуы.
Материалдық ресурстар:
№ | Материалдық ресурстардың атауы | Саны | Растайтын құжаттар |
1 | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығымен бекітілген Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10371 болып тіркелген) (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) 3-тарауының 2-тармағына сәйкес меншік не жалға алу құқығында орталықтандырылған күзет пунктін орналастыруға арналған офистік үй-жайының болуы | 1 | Орталықтандырылған күзет пунктінің жұмыс істеуі үшін алаңның болуын растайтын меншік құқығына құжаттар не жалға алу шарты |
2 | Күзет қызметтерін көрсету орны бойынша біліктілік талаптарының 3-тарауының 4-тармағына сәйкес радиобайланыстың болуы | 1 | Тиісті радиожиілік органы берген радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат не жиілігі бар радиобайланыстарға абоненттік (жалға алу) қызмет көрсетуге арналған шарт |
3 | Күзет қызметтерін көрсету орны бойынша біліктілік талаптарының 3-тарауының 3-тармағына сәйкес орталықтандырылған бақылау пультінің болуы | 1 |
Штаттық орналастыру. Мыналардың: |
4 | Күзет қызметтерін көрсету орны бойынша біліктілік талаптарының 3-тарауының 5-тармағына сәйкес объектілерден дабыл сигналдарына шығуды қамтамасыз ететін мобильді топтардың (жедел ден қою топтарының) болуы | 2 | Меншік құқығындағы көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік. Штаттық орналастыру және қызметкерлер санының нормативін негізге ала отырып, мобильді топтарды (жедел ден қою топтарын) құру және қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтар |
5 | Біліктілік талаптарының 3-тарауының 6-тармағына сәйкес қызметтік, оның ішінде атыс қаруының болуы | кемінде 1 | Қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсат |
6 | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 14 ақпандағы № 64 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26850 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тізбе) бекітілген Жеке күзет ұйымдары қызметкерлерінің пайдалануына арналған арнаулы құралдар тізбесінің 1-тармағына сәйкес резеңке таяқшалар | кемінде 1 | Материалдық ресурстарға меншік немесе жалдау құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері. |
7 | Тізбенің 6-тармағына сәйкес қаруды, жарылғыш заттар мен құрылғыларды анықтау детекторлары | кемінде 1 | Материалдық ресурстарға меншік немесе жалдау құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері. |
8 | Тізбенің 11-тармағына сәйкес хабарламаны беру жүйелері, оның ішінде радиоарналар бойынша да | кемінде 1 | Материалдық ресурстарға меншік немесе жалдау құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері. |
9 | Тізбенің 12-тармағына сәйкес портативті киілетін бейнетіркегіш | кемінде 1 | Материалдық ресурстарға меншік немесе жалдау құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері. |
Еңбек ресурстары:
5. Біліктілік талаптарының 3-тарауының 1-тармағына сәйкес күзет қызметтерін көрсету саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Ескерту:
1. Тапсырыс беруші білім беру ұйымының бірінші басшысы бекіткен өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру тәртібіне сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27414 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың 13-тармағы):
күзет бекетінің санына және тәулік бойы кезекшілікті қамтамасыз ету үшін күзет қызметкерлерінің ауысу қажеттілігіне қарай күзетшілердің санын;
конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасының 4-тармағының 5-9-тармақтарында көзделген материалдық ресурстардың санын (қызметтік, оның ішінде атыс қаруы; резеңке таяқшалар; қаруды, жарылғыш заттар мен құрылғыларды анықтау детекторы; хабарлама беру жүйесі, оның ішінде радиоарналар бойынша; портативті киілетін бейнетіркегіш) күзет бекетінің санына қарай анықтайды.
2. Материалдық ресурстарды жалға алған жағдайда жалдау шартының электрондық көшірмесі қосымша ұсынылады. Бұл ретте шарттар бойынша жалдау мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау мерзімінен кем емес.
Материалдық ресурстарды жалдау шартының электрондық көшірмесін бірнеше әлеуетті өнім берушілерге бір конкурста ұсынуға жол берілмейді.
Алдын ала жалдау шартының немесе материалдық ресурстарды қосалқы жалдау шартының электрондық көшірмесін ұсынуға жол берілмейді.
3. Әлеуетті өнім берушінің кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі күзет қызметтерін көрсету саласында орындалған жұмыстарды қабылдау-беруді растайтын тиісті актілердің электрондық көшірмелерімен расталады.
Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу жөніндегі техникалық ерекшелік (тапсырыс беруші толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы__________________________________________
Ұйымдастырушының атауы_________________________________________
Конкурстың № ____________________________________________________
Конкурстың атауы: Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу
Лоттың № ________________________________________________________
Лоттың атауы _____________________________________________________
Қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы кодының атауы * | |
Қызметтің атауы | Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу |
Өлшем бірлігі* | |
Саны (көлемі)* | |
Қосылған құн салығын есепке алмағандағы бірлік бағасы * | |
Қосылған құн салығын есепке алмағанда, сатып алу үшін бөлінген жалпы сома * | |
Қызмет көрсету мерзімі* | |
Аванстық төлем мөлшері* | |
Кепілдік мерзімі (айлармен) | |
Талап етілетін сипаттамалардың, параметрлердің және өзге де бастапқы деректердің сипаттамасы: | |
Әлеуетті өнім беруші оны жеңімпаз деп айқындаған және онымен Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда (қажет болған жағдайда көрсетіледі) (әлеуетті өнім берушінің көрсетілген мәліметтерді көрсетпегені және ұсынбағаны үшін бас тартуына жол берілмейді) |
1. Заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруға лицензиясының болуы. |