"Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 15 қыркүйектегі № 459 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 16 қыркүйекте № 39885 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй көмегін беру қағидаларында:

      14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінішті құжаттармен қарау нәтижелері бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарламаны не көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған дәлелді бас тартуды ресімдейді және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинеті" немесе Мемлекеттік корпорация арқылы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган жергілікті өкілді органдар айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы жүзеге асырады.";

      көрсетілген Қағидаға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
Р. Исакулов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі

  Исполняющий обязанности
Министра промышленности
и строительства
Республики Казахстан
от 15 сентября 2026 года
№ 459 бұйрыққа
қосымша
  Тұрғын үй көмегін
тағайындау
Қағидаларына
2- қосымша

"Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Тұрғын үй көмегін тағайындау

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің атауы

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы";
2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы: www. egov. kz

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

6 (алты) жұмыс күн

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

электрондық (ішінара цифрландырылған) және (немесе) қағаз түрінде

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

8

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпараттың цифрлық объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліспен дүйсенбіден жұмаға дейін;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Мемлекеттік корпорацияға:
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-2-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электронды құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз тұлға ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
банктік шоты;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жергілікті атқарушы орган ұсынған жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталға:
мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
отбасының кірісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
жұмыс орнынан анықтаманың немесе жұмыссыз тұлға ретінде тіркелуі туралы анықтаманың көшірмесі ;
балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
банктік шотының электрондық көшірмесі;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың электрондық көшірмесі немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жергілікті атқарушы орган ұсынған жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.

11

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) субсидиялауға байланысты мемлекеттік немесе әлеуметтік жауап кершілігі бар қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар ұсынған құжаттардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларды іріктеудің конкурстық рәсімдері арқылы немесе белгіленген лимиттер шегінде және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Тыныс-тіршілігін шектейтін организм функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды қажет болған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде "цифрлық үкімет" веб-порталының "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
"Цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді алу үшін қызметтерді электрондық нысанда алу субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана алады.


О внесении изменений в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи"

Приказ и.о. Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 15 сентября 2026 года № 459. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 сентября 2026 года № 39885

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33763) следующие изменения:

      в Правилах предоставления жилищной помощи, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 3) пункта 14 изложить в следующей редакции:

      "3) исполнитель услугодателя по результатам рассмотрения заявления с документами оформляет уведомление о назначении жилищной помощи либо мотивированный отказ, подписанный ЭЦП руководителя услугодателя и направляет через "личный кабинет" услугополучателя или Государственную корпорацию в течение – 1 (одного) рабочего дня.";

      пункт 49 изложить в следующей редакции:

      "49. Выплата жилищной помощи услугополучателю осуществляется услугодателем через банки второго уровня, организации, имеющие лицензии уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций на соответствующие виды банковских операций, территориальные подразделения акционерного общества "Казпочта" в порядке, определенном местными представительными органами.";

      приложение 2 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра промышленности и строительства
Республики Казахстан
Р. Исакулов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство искусственного
интеллекта и цифрового развития
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 459
  Приложение 2
к Правилам назначения
жилищной помощи

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги "Назначение жилищной помощи"

1

Наименование государственной услуги

Назначение жилищной помощи

2

Наименование подвида (при наличии) государственной услуги

Отсутствует

3

Наименование услугодателя, соуслугодателя

Местные исполнительные органы городов Астана, Алматы и Шымкент, городов областного значения и районов (далее – услугодатель)

4

Способы предоставления государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

1) Государственная корпорация "Правительство для граждан";
2) веб-портал "цифрового правительства"

5

Срок оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

6 (шесть) рабочих дней

6

Форма оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

электронная (частично цифровизированная) и (или) бумажная

7

Результат оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

уведомление о назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги

8

Размер платы, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Бесплатно

9

График работы услугодателя, Государственной корпорации и цифровых объектов информации

1) услугодателя – с понедельника по пятницу, в соответствии с установленным графиком работы, за исключением выходных и праздничных дней, согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан (далее - Кодекс) с перерывом на обед;
2) Государственной корпорации – с понедельника по пятницу включительно с 9.00 до 18.00 часов без перерыва, дежурные отделы обслуживания населения Государственной корпорации с понедельника по пятницу включительно с 9.00 до 20.00 часов и в субботу с 9.00 до 13.00 часов кроме праздничных и выходных дней согласно Трудового кодекса.
3) портала – круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно Кодексу, прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем)

10

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

1) в Государственную корпорацию: заявление по форме согласно приложению 1 к Правилам предоставления жилищной помощи, утвержденным в соответствии с подпунктом 9-1) статьи 10-2 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" (далее - Правила);
документ, удостоверяющий личность, либо электронный документ из сервиса цифровых документов (для идентификации личности);
документы, подтверждающие доходы семьи (за исключением сведений получаемых из соответствующих государственных цифровых систем);
справка с места работы либо справка о регистрации в качестве безработного лица (за исключением сведений получаемых из соответствующих государственных цифровых систем);
сведения об алиментах на детей и других иждивенцев;
банковский счет;
счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания); счета на потребление коммунальных услуг;
квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;
счет о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленный местным исполнительным органом;
2) на веб-портал "цифрового правительства":
запрос в форме электронного документа, удостоверенный ЭЦП услугополучателя;
электронная копия документов, подтверждающих доходы семьи;
электронная копия справки с места работы либо справка о регистрации в качестве безработного лица;
электронная копия сведений об алиментах на детей и других иждивенцев;
электронная копия банковского счета;
электронную копию счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);
электронную копию счета на потребление коммунальных услуг;
электронную копию квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копию договора на оказание услуг связи;
электронную копию счета о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленного местным исполнительным органом.

11

Основания для отказа в оказании государственной услуги и ее подвидов (при наличии), установленные законами Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателями для получения государственных или социально ответственных услуг, связанных с субсидированием, а также оказываемых посредством конкурсных процедур отбора услугополучателей или в пределах установленных лимитов, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным в настоящих Правилах;
3) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения определенной государственной услуги;
4) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучатель лишен специального права, связанного с получением государственной услуги.

12

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме и через Государственную корпорацию.

Услугополучателям, имеющим нарушение здоровья со стойким расстройством функций организма, ограничивающее его жизнедеятельность, при необходимости прием документов, для оказания государственной услуги, производится работником Государственной корпорацией с выездом по месту жительства посредством обращения через Единый контакт- центр 1414, 8 800 080 7777.
Услугополучатель имеет возможность получения государственной услуги в электронной форме через веб-портал "цифрового правительства" при условии наличия электронной цифровой подписи.
Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" веб-портал "цифрового правительства", справочных служб услугодателя, а также Единого контакт-центра "1414", 8-800-080-7777.
Для получения государственных услуг в электронной форме посредством веб-портал "цифрового правительства" субъекты получения услуг в электронной форме могут использовать одноразовые пароли в соответствии с законодательством Республики Казахстан.