"Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына және "Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 15 қыркүйектегі № 246 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 16 қыркүйекте № 39891 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:

      3-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) спутниктік навигация аппаратурасы – автокөлік құралына жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары арқылы оның ағымдағы орналасқан жерін, жүру бағыты мен жылдамдығын айқындау, қосымша борт жабдығымен деректер алмасу үшін, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері арқылы ақпарат алмасу үшін орнатылатын аппараттық-бағдарламалық құрылғы;".

      2. "Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Жол парақтарын және тауар-көлік жүкқұжаттарын тасымалдаушы қағаз тасығышта немесе ауысым (рейс) басталғанға дейін ауысымға (рейске) электрондық-цифрлық құжат нысанында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау кезіндегі CMR және жолдама парағын, тауар-көлік жүкқұжатын толтыруға арналған мәліметтерді енгізе отырып, әрбір жүк автокөлік құралына жеке ресімдейді. Бұл ретте тауар-көлік жүкқұжатындағы жекелеген деректерді жүк жөнелтуші (жүк алушы) де толтырады.";

      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

      "22-1. Жолдама парақтарды және тауар-көлік жүкқұжаттарды Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтау "Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын, көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеуге, есепке алуға, өңдеуге және сақтауға жататын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 25 мамырдағы № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22893 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін
атқарушы 2026 жылғы
15 қыркүйектегі
№ 246 Бұйрығына
қосымша
  Автомобиль көлігімен
жүктерді тасымалдау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау кезіндегі CMR және тауар-көлік жүкқұжатын, жолдама парағын толтыруға арналған мәліметтер

1

Жолдама парағының нөмірі


2

Жолдама парағын ресімдеу күні


3

Тасымалдаушының атауы (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi/жеке сәйкестендiру нөмiрі, мекенжайы, телефоны)


4

Жүргізушінің (жүргізушілердің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


5

Ағымдағы кезеңге міндетті техникалық байқаудан өткен автокөлік құралының (тіркеменің немесе жартылай тіркеменің, бар болса) маркасы және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі


6

Автокөлік құралының техникалық сипаттамасы: рұқсат етілетін ең жоғары массасы (тонна), ені (метр), биіктігі (метр) және ұзындығы (метр).


7

Автокөлік құралының бастапқы, аралық және соңғы пункттері көрсетілген қозғалыс маршруты


8

Жүргізушіні (жүргізушілерді) медициналық куәландыру)


9

Бастапқы пункттен шығу орны (мекенжайы) және уақыты автокөлік құралы


10

Тауар-көлік жүкқұжатының нөмірі, CMR


11

Тауар-көлік жүкқұжатын ресімдеу күні, CMR


12

Жүк жөнелтушінің атауы (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi/жеке сәйкестендiру нөмiрі, мекенжайы, телефоны)


13

Жүктің атауын (түрін) (мекенжайын, тиеу орнын) жүк жөнелтуші (жүк жөнелтушілер) толтырады


14

Тиелген жүктің массасын (тоннасын), енін (метрін), биіктігін (метрін), ұзындығын (метрін) және санын (данасын) жүк жөнелтуші (жүк жөнелтушілер) толтырады


15

Жүктің атауын (түрін) және қауіптілік сыныбын жүк жөнелтуші (жүк жөнелтушілер) қауіпті жүкті тасымалдау кезінде толтырады


16

Мамандандырылған автомобиль-цистерналарда тасымалданатын қауіпті жүкті, бөлінбейтін жүктерді немесе сұйық жүктерді тасымалдау кезінде рұқсат беру құжатының нөмірі мен түрі, беру мерзімі және аяқталу мерзімі


17

Отандық рұқсат нөмірі / шетелдік рұқсат нөмірі


18

Автокөлік құралының келу және кету уақытын жүк жөнелтуші (жүк жөнелтушілер) толтырады


19

Автокөлік құралының келу және кету уақытын жүк алушы (жүк алушылар) толтырады


20

Автокөлік құралының соңғы пунктіне келу уақыты мен күні, жолдама парағының қолданылуын аяқтау


21

Автокөлік құралының тасымалдаушының өндірістік базасына келу және кету уақыты мен күні


22

Рейс бастауға дейін және рейсті аяқтаған кезде одометрдің көрсеткіштері


23

Автокөлік құралында қолданылатын отынның маркасы


24

Рейстің ұзақтығы (км)


25

Автокөлік құралының жүрісі (км)


26

Рейстің саны


27

Автокөлік құралының отын шығыны (литр)


28

Өлшеу актісі / таразыға тарту актісі


29

Жарияланған құны бар жүк


30

Тауарлардың ұлттық каталогына сәйкес жүктің сәйкестендіру коды



О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом, за исключением городов республиканского значения, столицы" и приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 546 "Об утверждении Правил перевозок грузов автомобильным транспортом"

Приказ и.о. Министра транспорта Республики Казахстан от 15 сентября 2026 года № 246. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 сентября 2026 года № 39891

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом, за исключением городов республиканского значения, столицы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11550) следующее изменение:

      в Правилах перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом, за исключением городов республиканского значения, столицы, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 18) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "18) аппаратура спутниковой навигации – аппаратно-программное устройство, устанавливаемое на автотранспортное средство для определения его текущего местоположения, направления и скорости движения по сигналам глобальных навигационных спутниковых систем, обмена данными с дополнительным бортовым оборудованием, а также для обмена информацией по сетям подвижной радиотелефонной связи;".

      2. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 546 "Об утверждении Правил перевозок грузов автомобильным транспортом" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12463) следующие изменение и дополнение:

      в Правилах перевозок грузов автомобильным транспортом, утвержденных указанным приказом:

      пункт 20 изложить в следующей редакции:

      "20. Путевые листы и товарно-транспортные накладные оформляются перевозчиком на бумажном носителе или в форме электронно-цифрового документа на смену (рейс) до начала смены (рейса) отдельно на каждое грузовое автотранспортное средство с внесением сведений для заполнения путевого листа, товарно-транспортной накладной и CMR при перевозке грузов автомобильным транспортом согласно приложению 1 к настоящим Правилам. При этом отдельные данные в товарно-транспортной накладной заполняются также и грузоотправителем (грузополучателем).";

      дополнить пунктом 22-1 следующего содержания:

      "22-1. Регистрация, учет, обработка и хранение путевых листов и товарно-транспортных накладных в Единой системе управления транспортными документами осуществляется в соответствии с требованиями приказа исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 25 мая 2021 года № 258 "Об утверждении Правил организации и эксплуатации единой системы управления транспортными документами, перечня документов, подлежащих регистрации, учету, обработке и хранению в единой системе управления транспортными документами" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22893).";

      приложение 1 изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      3. Департаменту автомобильного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта Республики Казахстан после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра транспорта Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра транспорта Республики Казахстан
М. Калиакпаров

      "СОГЛАСОВАНО"

      Министерство здравоохранения

      Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"

      Министерство искусственного

      интеллекта и цифрового развития

      Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"

      Министерство финансов

      Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"

      Министерство национальной экономики

      Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"

      Министерство внутренних дел

      Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Исполняющий обязанности
Министра транспорта
Республики Казахстан
от 15 сентября 2026 года
№ 246
Приложение 1
к Правилам перевозок
грузов автомобильным
транспортом
Форма

Сведения для заполнения путевого листа, товарно-транспортной накладной и CMR при перевозке грузов автомобильным транспортом

1

Номер путевого листа


2

Дата оформления путевого листа


3

Наименование перевозчика (бизнес-идентификационный номер/ индивидуальный идентификационный номер, адрес, телефон)


4

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) водителя (водителей)


5

Марка и государственный регистрационный номерной знак автотранспортного средства (прицепа или полуприцепа, при их наличии), прошедшего обязательный технический осмотр на текущий период


6

Техническая характеристика автотранспортного средства: допустимая максимальная масса (тонна), ширина (метр), высота (метр) и длина (метр)


7

Маршрут движения автотранспортного средства, с указанием начальных, промежуточных и конечных пунктов


8

Медицинское освидетельствование водителя (водителей)


9

Место (адрес) и время выезда из начального пункта автотранспортного средства


10

Номер товарно-транспортной накладной, CMR


11

Дата оформления товарно-транспортной накладной, CMR


12

Наименование грузоотправителя (бизнес-идентификационный номер/ индивидуальный идентификационный номер, адрес, телефон)


13

Наименование (вид) груза (адрес, места погрузки) заполняется грузоотправителем (грузоотправителями)


14

Масса (тонна), ширина (метр), высота (метр), длина (метр) и количество (единиц) загруженного груза заполняется грузоотправителем (грузоотправителями)


15

Наименование (вид) и класс опасности груза заполняется грузоотправителем (грузоотправителями) при перевозке опасного груза


16

Номер и вид разрешительного документа, срок выдачи и срок окончания при перевозке опасного груза, неделимых грузов или жидких грузов, перевозимых в специализированных автомобилях-цистернах


17

Номер отечественного разрешения/номер иностранного разрешения


18

Время прибытия и убытия автотранспортного средства заполняется грузоотправителем (грузоотправителями)


19

Время прибытия и убытия автотранспортного средства заполняется грузополучателем (грузополучателями)


20

Время и дата приезда в конечный пункт автотранспортного средства, завершение действия путевого листа базу


21

Время и дата убытия и прибытия автотранспортного средства на производственную базу перевозчика


22

Показания одометра до начала рейса и после завершения рейса


23

Марка топлива, используемого на автотранспортном средстве


24

Продолжительность рейса (км)


25

Пробег автотранспортного средства (км)


26

Количество рейсов


27

Расход топлива автотранспортного средства (литр)


28

Акт замера / акт взвешивания


29

Груз с объявленной ценностью


30

Идентификационный код груза согласно Национальному каталогу товаров