Қазақстан Республикасы Көлік министрінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 16 қыркүйектегі № 253 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 16 қыркүйекте № 39892 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік министрінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 253 Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11197 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларында:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Кеме жүргізушісі мынадай талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді:

      1) осы Қағидалардың талаптарын, "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-23) тармақшасының талаптарын, 1972 жылғы Теңізде кемелердің соғылысуының алдын алу жөніндегі халықаралық қағидалардың талаптарын орындайды;

      2) жүзуге шығар алдында белгіленген нормаларға сәйкес кеменің және оның механизмінің жарамдылығын, қажет жабдықтармен, құтқару құралдарымен және басқа қамтамасыз ету заттарымен жарақталуын тексереді;

      3) отырғызу алдында жолаушылардың кемедегі тәртібі бойынша нұсқау жүргізеді, отырғызу, шығару кезінде және олардың кемеде болу кезеңіне олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

      4) кеменің белгіленген класына сәйкес келетін бассейндерде (аудандарда) жүзуді жүзеге асырады, жүзу аудандарындағы жүзу шарттарын, навигациялық және гидрометеожағдайларын біледі;

      5) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының (бұдан әрі – азаматтық қорғаудың аумақтық органы) лауазымды адамы немесе оған құқығы бар басқа лауазымды адам берген тоқтау туралы белгіленген сигнал болған кезде кеменің қозғалысын тоқтатады және тіркеу құжаттары мен кеме жүргізуші құжаттарын тексеруге береді;

      6) суда апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсетеді, азаматтық қорғаудың аумақтық органына кемелердің кемелермен болған көлік оқиғасы жағдайларын және су объектілеріндегі адамдармен болған жазатайым оқиғаларды хабарлайды;

      7) зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетеді, зардап шеккендерді жол үстіндегі немесе өз кемесімен жақындағы медициналық ұйымға жібереді және азаматтық қорғаудың аумақтық органына көлік оқиғасына қатысы орын алған немесе осы көлік оқиғасына қандай да бір қатысы бар жағдайда өзінің тегін, мекенжайын, көрген адамдардың тегін, олардың мекенжайлары, шағын көлемді кеменің борт нөмірін (жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып) хабарлайды;

      8) азаматтық қорғаудың аумақтық органы лауазымды адамдарының талаптарын, басқа да бақылау және қадағалау органдарының жүзу қауіпсіздігіне, су объектілеріндегі құқықтық тәртіпті сақтау, адамдардың өмірін және қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер бойынша талаптарын орындайды;

      9) азаматтық қорғаудың аумақтық органына, табиғат қорғау және балық қорғау органдарына қоршаған ортаның ластануы, тазартылмаған ағынды сулардың шығарындыларын, балықтар мен басқа биоресурстардың жаппай қырылу жағдайлары туралы хабарлайды.".

      2. "Ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 358 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11150 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеру, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көлік оқиғасын тергеп-тексеру, сыныптау және есепке алу жөніндегі орган уәкілетті орган болып табылады."

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Кемелерге қатысты уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі немесе шағын көлемді кемелерге қатысты азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы (бұдан әрі – азаматтық қорғаудың аумақтық органы) көлік оқиғасы болған сәттен бастап 24 сағат ішінде уәкілетті органға, ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшесіне және көлік прокуратурасына көлік оқиғасы туралы мынадай мәліметтерді хабарлайды:

      1) көлік оқиғасы туралы хабарлаған адамның (ұйымның) тегі, аты, әкесінің аты, байланыс телефондары;

      2) көлік оқиғасының болған күні және уақыты;

      3) кеменің тіркеу нөмірі және түрі, кеме иесі туралы мәліметтер;

      4) көлік оқиғасы орнының координаталары;

      5) кеме қозғалысының бағыты;

      6) кеме жүргізушісінің және кемеде болған өзге адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, байланыс телефондары;

      7) ауа райының метеорологиялық жағдайы;

      8) навигациялық жабдықтың болуы;

      9) көлік оқиғасының себептері, кеменің, навигациялық жабдықтың зақымдануының болуы және сипаты, қаза тапқандардың, денсаулыққа зиян алғандардың және кемеден жоғалып кеткендердің саны, қоршаған ортаны ластау;

      10) көлік оқиғасын бағалауға және көмек көрсету мен зардаптарды жою үшін техникалық құралдарды тарту қажеттігі туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін өзге мәліметтер.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көлік оқиғасы орын алған жағдайда кеме капитаны, кеме жүргізушісі, кеме иесі, гидротехникалық құрылыстардың лауазымды тұлғалары меншік нысаны мен ведомстволық тиесілілігіне қарамастан:

      1) көлік оқиғасы болған сәттен бастап 24 сағат ішінде кемеге қатысты уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне немесе шағын көлемді кемелерге қатысты азаматтық қорғаудың аумақтық органына көлік оқиғасы туралы хабарлайды;

      2) көлік оқиғасы болған сәттен бастап 48 сағат ішінде көлік оқиғасы туралы толық ақпаратты дайындап, кемеге қатысты уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне немесе шағын көлемді кемелерге қатысты азаматтық қорғаудың аумақтық органына ұсынады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көлік оқиғасы туралы ақпаратқа мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) көлік оқиғасының алдындағы, оқиға болған сәттегі және шағын көлемді кемелерді қоспағанда одан кейінгі уақыттағы вахта бастығының іс-қимылы енгізілетін уақыт ішіндегі кеме журналынан (вахта журналынан) үзінді;

      2) егер осы кемеде жүргізілу көзделген болса, машина және басқа журналдардан үзінді;

      3) барлық қатысы бар адамдардан түсініктемелері және егер куәгерлер болса, олардың көрсетулері;

      4) көлік оқиғасы болған жерді белгілеумен сызба, сондай-ақ кеменің ретімен орналасуы және басқалары;

      5) көлік оқиғасы учаскесінің навигациялық картасының көшірмесі;

      6) көлік оқиғасына қатысы бар басқа құжаттар мен заттай дәлелдер (радиограммалардың, бұйрықтардың, өкімдердің, курсограммалардың көшірмелері, фотосуреттер, тахограммалар, тралдау немесе тереңдіктерді өлшеу туралы тетіктер мен қондырғылардың істен шығуы туралы актілер, нұсқаулық жөніндегі журналдар).

      Көлік оқиғасы туралы ақпаратқа қоса берілетін барлық құжаттар кеме капитанының, кеме жүргізушісінің, кеме иесінің және гидротехникалық құрылыстардың лауазымды тұлғаларының қолымен расталады.

      Көлік оқиғасы туралы ақпараттың бір данасы қосымшаларымен бірге кемелерге қатысты уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне немесе шағын көлемді кемелерге қатысты азаматтық қорғау аумақтық органына жіберіледі, ал бір данасы көлік оқиғасының қатысушыларына жіберіледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Уәкілетті органның қызметкері көлік оқиғасын тергеп-тексеру кезінде оқиға орнына келген соң оқиға орнын, зақымданған кемелер мен объектілерді қарап-тексеруді жүргізеді. Уәкілетті органның қызметкерлері келгенге дейін көлік оқиғасы болған орынға, зақымданған кемелер мен объектілерге қарап-тексеруді кемелерге қатысты уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қызметкері немесе шағын көлемді кемелерге қатысты азаматтық қорғаудың аумақтық органының қызметкері жүзеге асырады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Тергеп-тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті орган көлік оқиғасы туралы қорытындыны осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес жасайды және тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде тікелей көлік оқиғасына жол берген қатысушыларға және кемелерге қатысты уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне немесе шағын көлемді кемелерге қатысты азаматтық қорғаудың аумақтық органына жібереді.".

      3. "Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісінің және нұсқаманың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 386 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18834 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-6-бабының 2-тармағына, "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-4-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-қосымша осы тізбеге қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      4. "Ішкі су көлігі саласындағы қадағалау актілерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 29 мамырдағы № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34439 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 5-тармағына және 7-2-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 253
  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің,
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің және
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің міндетін
атқарушының өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының
тізбесіне қосымша
  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы "___"
___________ № _____
бұйрығына
1-қосымша
  Нысан

Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісі

      Осы акті 20___жылы "__" ___________ жасалды
_________________________________________ _________________
(тегі, аты, әкесінің аты(бар болған жағдайда) (лауазымы)
_______________________________________________________________________
(Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының атауы)
Кеме иесі (кеме жүргізуші)_____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Кеме атауы (кеме нөмірі) ____________________ Тіркеу №______________
Қарап-тексеру нәтижесінде анықталды:
Кеме билеті_____________________________________________________
(бар/жоқ)
Өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік
___________________________________________________________
(бар/жоқ)
Техникалық куәландыру________________________________________
(өтті/өтпеді)
Шағын көлемді кемедегі жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру
нормалары, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулер, жолаушылар мен
жүктердiң дұрыс орналастырылуы __________________________________
(сақталды/сақталмады)
Құтқару, өртке қарсы және су төгу құралдары __________________________
(бар/жоқ)
Борттарда тіркеу нөмірі______________________________________________
(бар/жоқ)
Орналасқан орнына қарамастан, кеме корпусының өткізу ойықтарының болмауы,
кеменің гермобөлімдерінің және (немесе) әуе жәшіктерінің болмауы
немесе оларда саңылаудың пайда болуы ______________________________
(болды/болған жоқ)
Руль құрылғысының конструкцияда көзделген бекіту бөлшектерінің болуы
немесе оның құрамдас бөліктерінің зақымдалуы, оның жұмыс істеу сенімділігін
қамтамасыз етпеу ___________________________________________
(болды/болған жоқ)
Отын ағуының, дірілдің, қозғалтқышты қашықтықтан басқару жүйесінің
зақымдалуының болмауы, бәсеңдеткіштің болуы және жарамдылығы, реверс-
редуктордың сенімді қосылуын (сөндірілуін) қамтамасыз ету, реверс қосылған
кезде қозғалтқышты (моторды) іске қосу бұғаттауышының жарамдылығы
_________________________________________________________________
(бар/жоқ)
Кеменің жиынтықтамасы мен жабдығының кеме типіне сәйкес келуі
___________________________________________________________________
(сәйкес келеді/ сәйкес келмейді)
Айырым оттарының болуы, жарамдылығы және сәйкес келуі
__________________________________________________________________
(бар/жоқ, жарамды/жарамсыз)
Кеменің белгіленген сыныбына сәйкес келетін бассейндерде (аудандарда)
Кемені пайдалану____________________________________________________
(сәйкес келеді/ сәйкес келмейді)
Руль, сигнал, зәкір және арқандап байлау құрылғысының болуы және жарамдылығы
__________________________________________________________________
(болды/болған жоқ, жарамды/жарамсыз)
Орнатылған қозғалтқыштың ең жоғары қуатының сәйкес келуі
__________________________________________________________________
(сәйкес келеді/ сәйкес келмейді)

Қорытынды

      ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қарап-тексеру жүргізді ________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымның қолы )
Актімен таныстым, бір данасын алдым:
___________________________________________________________________
(осы актімен танысқан адамның немесе заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда), қолы)
20____жылғы "____" ______________
Мәлімделген бас тарту уәждері көрсетілген жазба:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

О внесении изменений в некоторые приказы Министра транспорта Республики Казахстан, Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан и исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Приказ и.о. Министра транспорта Республики Казахстан от 16 сентября 2026 года № 253. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 сентября 2026 года № 39892

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень некоторых приказов Министра транспорта Республики Казахстан, Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан и исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан, в которые вносятся изменения.

      2. Комитету автомобильного транспорта и транспортного контроля Министерства транспорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра транспорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра транспорта Республики Казахстан
М. Калиакпаров

      "СОГЛАСОВАНО"

      Министерство сельского хозяйства

      Республики Казахстан


      "СОГЛАСОВАНО"

      Министерство науки и высшего образования

      Республики Казахстан


      "СОГЛАСОВАНО"

      Министерство по чрезвычайным

      ситуациям Республики Казахстан


      "СОГЛАСОВАНО"

      Министерство национальной экономики

      Республики Казахстан


      "СОГЛАСОВАНО"

      Министерство внутренних дел

      Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Исполняющий обязанности
Министра транспорта
Республики Казахстан
от 16 сентября 2026 года
№ 253

Перечень некоторых приказов Министра транспорта Республики Казахстан, Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан и исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан, в которые вносятся изменения

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 354 "Об утверждении Правил пользования маломерными судами и базами (сооружениями) для их стоянок" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11197) следующие изменения:

      в Правилах пользования маломерными судами и базами (сооружениями) для их стоянок, утвержденных указанным приказом:

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Судоводитель обеспечивает соблюдение следующих требований:

      1) выполняет требования настоящих Правил, требования Правил плавания по внутренним водным путям, утверждаемых в соответствий с подпунктом 26-23) пункта 1 статьи 9 Закона, Международных правил предупреждения столкновения судов в море, 1972 года;

      2) проверяет перед выходом в плавание исправность судна и его механизмов, оснащенность необходимым оборудованием, спасательными средствами и другими предметами снабжения;

      3) перед посадкой производит инструктаж пассажиров по поведению на судне, обеспечивает их безопасность при посадке, высадке и на период пребывания на судне;

      4) осуществляет плавание в бассейнах (районах), соответствующих установленному классу судна, знает условия плавания, навигационную и гидрометеообстановку в районе плавания;

      5) прекращает движение судна при обнаружении установленного сигнала об остановке, поданного должностным лицом территориального органа уполномоченного органа в сфере гражданской защиты (далее – территориальный орган гражданской защиты) или иным должностным лицом, имеющим на то право, и передает регистрационные и судоводительские документы для проверки;

      6) оказывает помощь людям, терпящим бедствие на воде, сообщает в территориальный орган гражданской защиты обстоятельства транспортного происшествия с судами и несчастных случаев с людьми на водных объектах;

      7) оказывает первую медицинскую помощь пострадавшим, отправляет пострадавших на попутном или своем судне в ближайшую медицинскую организацию и сообщает в территориальный орган гражданской защиты свою фамилию, адрес, фамилии очевидцев, их адреса, бортовой номер маломерного судна (с предъявлением документа, удостоверяющего личность), в случае причастности к транспортному происшествию, или имеющего какое-либо отношение к данному транспортному происшествию;

      8) выполняет требования должностных лиц территориального органа гражданской защиты, других контрольных и надзорных органов по вопросам, относящимся к безопасности плавания, соблюдению правопорядка, охране жизни людей и окружающей среды на водных объектах;

      9) сообщает в территориальный орган гражданской защиты, природоохранные и рыбоохранные органы о случаях загрязнения окружающей среды, выбросах неочищенных сточных вод, массовой гибели рыбы и других биоресурсов.".

      2. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 358 "Об утверждении Правил проведения расследований, классификации и учета транспортных происшествий с судами, в том числе маломерными судами, на внутренних водных путях" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11150) следующие изменения:

      в Правилах проведения расследований, классификации и учета транспортных происшествий с судами, в том числе маломерными судами, на внутренних водных путях:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Органом расследования, классификации и учета транспортного происшествия является уполномоченный орган.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Территориальное подразделение уполномоченного органа в отношении судов либо территориальный орган уполномоченного органа в сфере гражданской защиты (далее - территориальный орган гражданской защиты) в отношении маломерных судов в течение 24 часов с момента транспортного происшествия сообщает в уполномоченный орган, в территориальное подразделение органов внутренних дел и транспортную прокуратуру следующие сведения о транспортном происшествии:

      1) фамилия, имя, отчество, контактные телефоны, лица (организации) сообщившего о транспортном происшествии;

      2) дата и время транспортного происшествия;

      3) регистрационный номер и тип судна, данные о судовладельце;

      4) координаты места транспортного происшествия;

      5) маршрут движения судна;

      6) фамилия, имя, отчество, контактные телефоны судоводителя и лиц, находившихся на судне;

      7) метеорологические условия погоды;

      8) наличие навигационного оборудования;

      9) причины транспортного происшествия, наличие и характер повреждений судна, навигационного оборудования, количество погибших, получивших вред здоровью и исчезнувших людей с судна, загрязнение окружающей среды;

      10) другие сведения, позволяющие оценить транспортное происшествие и принять решение о необходимости привлечения технических средств для оказания помощи и ликвидации последствий.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. В случае транспортного происшествия капитан судна, судоводитель, судовладелец, должностные лица гидротехнических сооружений, независимо от формы собственности и ведомственной принадлежности:

      1) в течение 24 часов с момента транспортного происшествия сообщают о транспортном происшествии в территориальное подразделение уполномоченного органа в отношении судов либо в территориальный орган гражданской защиты в отношении маломерных судов;

      2) в течение 48 часов с момента транспортного происшествия составляют подробную информацию о транспортном происшествии, и представляют в территориальное подразделение уполномоченного органа в отношении судов либо в территориальный орган гражданской защиты в отношении маломерных судов.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. К информации о транспортном происшествии прилагаются следующие документы:

      1) выписка из судового журнала (вахтенного журнала) за время, включающее действия вахтенного начальника перед транспортным происшествием, в момент происшествия и после него за исключением маломерных судов;

      2) выписка из машинного и судового журналов, если их ведение предусмотрено на данном судне;

      3) объяснительные от всех причастных лиц и свидетельские показания, если они имеются;

      4) схема с обозначением места транспортного происшествия, а также последовательных расположений судна и другие;

      5) копия навигационной карты участка транспортного происшествия;

      6) другие документы и вещественные доказательства, имеющие отношение к транспортному происшествию (копии радиограмм, приказов, распоряжений, курсограмм, фотографии, тахограммы, акты о тралении или промерах глубин, выхода из строя механизмов, устройств, журналы по инструктажу).

      Все прилагаемые документы к информации о транспортном происшествии заверяются подписью капитана судна, судоводителя, судовладельца и должностных лиц гидротехнических сооружений.

      Один экземпляр информации о транспортном происшествии с приложениями направляется в территориальное подразделение уполномоченного органа в отношении судов либо в территориальный орган гражданской защиты в отношении маломерных судов, по одному экземпляру направляются участникам транспортного происшествия.";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. При расследовании транспортного происшествия работник уполномоченного органа по прибытию на место производит осмотр места происшествия, поврежденных судов и объектов. До прибытия работников уполномоченного органа, производство осмотра места транспортного происшествия, поврежденных судов и объектов осуществляется работником территориального подразделения уполномоченного органа в отношении судов либо работником территориального органа гражданской защиты в отношении маломерных судов.";

      пункт 20 изложить в следующей редакции:

      "20. По итогам расследования уполномоченный орган составляет заключение о транспортном происшествии в соответствии с пунктом 21 настоящих Правил и направляет в течении 15 рабочих дней со дня завершения расследования участникам, непосредственно допустивших транспортное происшествие и территориальному подразделению уполномоченного органа в отношении судов либо территориальному органу гражданской защиты в отношении маломерных судов.".

      3. Внести в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 11 июня 2019 года № 386 "Об утверждении форм акта осмотра маломерного судна и предписания" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18834) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 2 статьи 8-6 Закона Республики Казахстан "О торговом мореплавании", пунктом 3 статьи 17-4 Закона Республики Казахстан "О внутреннем водном транспорте" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      приложение 1 изложить в редакции согласно приложению к настоящему перечню.

      4. Внести в приказ Министра транспорта Республики Казахстан от 29 мая 2024 года № 194 "Об утверждении форм актов надзора в сфере внутреннего водного транспорта" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 34439) следующие изменения и дополнения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 5 статьи 7-1 и пунктом 5 статьи 7-2 Закона Республики Казахстан "О внутреннем водном транспорте" ПРИКАЗЫВАЮ:".

  Исполняющий обязанности
Министра транспорта
Республики Казахстан
от 16 сентября 2026 года
№ 253
Приложение
к перечню некоторых приказов
Министра транспорта
Республики Казахстан,
Министра индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
и исполняющего обязанности
Министра по инвестициям и
развитию
Республики Казахстан,
в которые вносятся изменения
Приложение 1
к приказу Министра индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
от "___" ___________2019 года
№ ____
Форма

Акт осмотра маломерного судна

      Настоящий акт составлен "__" _________ 20___года ____________________________

      (фамилия, имя, отчество (при его наличии) (должность)

      __________________________________________________________________________

      Наименование территориального органа уполномоченного органа в сфере гражданской защиты)

      Судовладелец (Судоводитель)__________________________________________

      (фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      Название судна (номер судна)______________Регистрационный №___________

      В результате осмотра выявлено:

      Судовой билет____________________________________________________

      (имеется/не имеется)

      Удостоверение на право управления самоходным маломерным судном

      __________________________________________________________________

      (имеется/не имеется)

      Техническое освидетельствование______________________________________

      (пройдено/не пройдено)

      Нормы пассажировместимости и грузоподъемности, ограничения по району и

      условиям плавания, правильное размещение пассажиров и грузов на маломерном судне

      ___________________________________________________________________

      (соблюдены/не соблюдены)

      Спасательные, противопожарные и водоотливные средства

      ________________________________________________________________

      (имеются/не имеются)

      Регистрационный номер на бортах____________________________________________

      (есть/нет)

      Сквозные пробоины корпуса судна независимо от их места нахождения, отсутствие или

      разгерметизация гермоотсеков и (или) воздушных ящиков судна

      _____________________________________________________________

      (имеются/не имеются)

      Наличие предусмотренных конструкцией деталей крепления рулевого устройства или

      повреждение его составных частей, необеспечение надежности его работы

      ___________________________________________________________________

      (имеются/не имеются)

      Утечки топлива, вибрации, повреждения системы дистанционного управления

      двигателем, наличие и исправность глушителя, обеспечение надежного включения

      (выключения) реверс-редуктора, исправность блокировки запуска двигателя (мотора)

      при включенном реверсе

      ____________________________________________________________________

      (есть/нет)

      Комплектация и оборудования судна типу судна

      _____________________________________________________________________

      (соответствует/не соответствует)

      Наличие, исправность и соответствие отличительных огней

      ______________________________________________________________________

      (имеется/не имеется, годное/негодное)

      Эксплуатация судна в бассейнах (районах), соответствующих установленному классу

      судна ________________________________________________________________

      (соответствует/не соответствует)

      Наличие и исправность рулевого, сигнального, якорного и швартового устройств

      _________________________________________________________________________

      (имеется/не имеется, годное/ негодное)

      Максимальная мощность установленного двигателя

      __________________________________________________________________________

      (соответствует/не соответствует)

      Заключение________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      Осмотр произвел:___________________________________________________________

      (фамилия, имя, отчество (при его наличии) и подпись должностного лица)

      С актом ознакомлен (а), один экземпляр получил:_______________________________

      (фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      лица или законного представителя, ознакомившегося с настоящим актом)

      "____" ______________ 20___года

      Запись с указанием заявленных мотивов отказа:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________