БҰЙЫРАМЫН:
1. "Биржа саудасының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10993 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биржа саудасының қағидаларында:
19-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) биржалық сауда-саттыққа қатысу процесінде автоматтандырылған алгоритмдерді қолдану кезінде тауар биржасы мүшесінің осы Қағидалардың 9-тарауында белгіленген талаптарды бұзу фактісі анықталған жағдайда;";
20-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) аккредиттеуді тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықты жою және тауар биржасы мүшесінің биржалық сауда-саттыққа қатысу процесінде автоматтандырылған алгоритмдерді қолдану кезінде осы Қағидалардың 9-тарауында белгіленген талаптардың алдағы уақытта бұзылуына жол бермеу жөнінде қабылданған шаралар туралы жазбаша түсіндірме ұсынуы;";
21-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) осы Қағидалардың 20-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес аккредиттеу қайта басталғаннан кейін биржалық сауда-саттыққа қатысу процесінде автоматтандырылған алгоритмдерді қолдану кезінде тауар биржасы мүшесінің осы Қағидалардың 9-тарауында белгіленген талаптарды бұзуы қайта анықталған жағдайда;";
57-тармақ мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
"5-2) өтінімнің ұсынылған биржалық тауарды шығару күні және (немесе) көлемі бөлігінде биржалық сауда графигінің талаптарына сәйкес келмеуі;";
301-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері алып тасталсын;
317-тармақ алып тасталсын;
318-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"318. Өтінімдердің бағасы Инкотермс 2020 шарттарында көрсетіледі.";
2. "Тауар биржалары мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын және Тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 729 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12605 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар биржалары мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7-1. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген шарт жасалғаннан кейін биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысулар ақша қаражатын есепке алудың клирингтік тіркелімінде ескеріледі.
Тауар биржасы мүшесінің тауар биржасының клирингтік орталығының есеп айырысу ұйымындағы ағымдағы шотына есепке жатқызылған ақшалай қаражатын тауар биржасының клирингтік орталығы ол есепке жатқызылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ақшалай қаражатты есепке алу жөніндегі клирингтік тіркелімде көрсетеді.
Тауар биржасының клирингтік орталығы, зардап шеккен тараптың пайдасына кінәлі тараптың биржалық қамтамасыз ету сомасын аудару жағдайларын қоспағанда, тауар биржасының мүшелері биржалық қамтамасыз ету ретінде енгізген ақшалай қаражатқа билік етпейді.";
мынадай мазмұндағы 7-3 және 7-4-тармақтармен толықтырылсын:
"7-3. Биржалық мәміле тараптары қол қойған, осындай биржалық мәміле немесе оның бір бөлігі бойынша өзара талаптардың жоқтығы және биржалық қамтамасыз етуді немесе оның бір бөлігін қайтаруға келісімі туралы өтініш болған кезде, тауар биржасының клирингтік орталығы көрсетілген өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей биржалық мәміле бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі өткенге дейін биржалық қамтамасыз етуді қайтаруды жүзеге асырады.
Осы тармаққа сәйкес биржалық қамтамасыз етуді қайтару тараптардың биржалық мәміле бойынша міндеттемелерінің тоқтатылуына немесе өзгеруіне әкеп соқпайды.
7-4. Сатып алушының биржалық мәміле бойынша ақшалай міндеттемелерін орындау есебінен тауар биржасының клирингтік орталығының есеп айырысу ұйымындағы ағымдағы шотына есепке жатқызылған ақшалай қаражатты тауар биржасының клирингтік орталығы ол есепке жатқызылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей сатушыға аударуы тиіс.".
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауданы дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі