ЗҚАИ-ның ескетрпесі!
Осы бұйрық 01.01.2027 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 174 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32596 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының билігіне түсетін (билігіндегі) бюджет қаражатын пайдалану қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының билігіне түсетін (билігіндегі) бюджет қаражатын пайдалану қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталықтардың көрсетілген бұйрықпен бекітілген жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының билігіне түсетін (билігіндегі) бюджет қаражатын пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының билігіне түсетін (билігіндегі) бюджет қаражатын (бұдан әрі – бюджет қаражаты) пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармағы он екінші абзацына сәйкес әзірленді және қарттардың, мүгедектігі бар адамдардың (бұдан әрі – адамдар), сот әрекетке қабілетсіз және қорғаншылыққа мұқтаж деп таныған азаматтардың (бұдан әрі – қорғаншылықтағы адамдар) жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылары түрі бөлігінде берілетін бюджет қаражатын пайдаланудың тәртібін айқындайды.
2-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының билігіне түсетін (билігіндегі) бюджет қаражатын пайдалану тәртібі
2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 26-бабының 2-тармағына және "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 122-бабының 4-тармағына сәйкес жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылары түрі бөлігінде берілетін әрекетке қабілетсіз адамдардың бюджет қаражатын пайдалану үшін қорғаншы болып Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының (бұдан әрі – АӘҚКО) басшысы тағайындалады.
Қорғаншылықтағы адамдарға ағымдағы шот ашу үшін қамқоршы зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымға адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін, әрекетке қабілетсіз адамға қамқоршылық белгілеу туралы қамқоршылық және қорғаншылық органының шешімін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) көзделген құжаттарды ұсынады.
3. АӘҚКО-да қорғаншылықтағы адамдарға бюджет қаражатын жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылары түрі бөлігінде пайдалану үшін комиссия құрылады. Комиссия тақ саннан тұрады, бірақ жеті адамнан кем емес болады.
Комиссияның құрамына АӘҚКО басшысы немесе оның орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың) және арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, медициналық бөлімшенің меңгерушісі, бухгалтер, диеталық тамақтану жөніндегі мейірбике, АӘҚКО әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы кіреді.
Комиссияның төрағасы комиссия мүшелерінің қатарынан сайланады. Комиссия отырысы оның үштен екі құрамы болған кезде заңды болып саналады. Комиссияның хатшысы болып дауыс беруге қатыспайтын және комиссия мүшесі емес АӘҚКО-ның қызметкері тағайындалады.
Комиссия айына ең кемі 1 рет, қорғаншылықтағы адамдарға бюджет қаражатын жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылары түрі бөлігінде пайдалану үшін қосымша тамақ және бірінші кезекте жеке қажеттіліктерді (бұдан әрі – жеке қажеттіліктер) сатып алуға отырыс өткізеді.
Комиссияның шешімі, егер оны кемінде барлық қолданыстағы құрамының үштен екісі қолдаса қабылданды деп есептеледі.
Комиссия отырысының нәтижелері бойынша бір жұмыс күні ішінде қабылданған шешімге комиссия мүшелерімен қол қойылады және осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізілген жағдайда комиссия мүшелері комиссия отырысына онлайн режимде қатыса алады.
Бұл жағдайда, олардың бюджет қаражатын пайдалануға қатысты ұстанымдары комиссия отырысы өткізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде АӘҚКО-ға мемлекеттік органдардың құжат айналымы жүйесінің бірыңғай жүйесі арқылы немесе жұмыс электрондық поштасына жазбаша түрде жіберіледі.
4. Қорғаншылықтағы адамдардың жеке қажеттіліктеріне бюджет қаражатын пайдалану туралы мәліметтер осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес журналда көрсетіледі.
5. Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылары түрі бөлігінде адамдарға берілетін бюджет қаражаты өз бетінше жұмсалады.
6. АӘҚКО Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік есепке алуды жүзеге асырады және есептілікті ұсынады.
| Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының билігіне түсетін (билігіндегі) бюджет қаражатын пайдалану Қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан |
Комиссияның арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының билігіне түсетін (билігіндегі) бюджет қаражатын қорғаншылықтағы адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдалану туралы шешімі
20__ жылғы___________ № ___________
Қорғаншылықтағы адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, комиссия
бюджет қаражаттары мыналарға жұмсалсын деп ШЕШТІ:
Қорғаншылықтағы адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Қорғаншылықтағы адамдардың қажеттілігі | Өлшем бірлігі | Пайдалану мақсаттары | Қолдау тапты/қолдау таппады |
Комиссия мүшелерінің айрықша ой-пікірлері:
___________ _____________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
___________ _____________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
___________ _____________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталық басшысы/басшы орынбасары
___________ _____________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Уәкілетті органның өкілі*
___________ _____________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Үкіметтік емес ұйымның өкілі*
__________ _____________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтың медицина бөлімшесінің меңгерушісі*
___________ _____________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтың диеталық тамақтану жөніндегі мейіргері*
___________ _____________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтың әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы*
___________ _____________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталықтың бухгалтері* ___________
_____________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Ескертпе: Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізілген жағдайда комиссия мүшелері комиссия отырысына онлайн режимде қатыса алады. Бұл жағдайда, олардың бюджет қаражатын пайдалануға қатысты ұстанымдары (қорғаншылықтағы адамдардың жеке қажеттіліктерін сатып алу) комиссия отырысы өткізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде АӘҚКО-ға мемлекеттік органдардың құжат айналымы жүйесінің бірыңғай жүйесі арқылы немесе жұмыс электрондық поштасына жазбаша түрде жіберіледі.
| Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының билігіне түсетін (билігіндегі) бюджет қаражатын пайдалану Қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Қорғаншылықтағы адамдардың жеке қажеттіліктеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының билігіне түсетін (билігіндегі) бюджет қаражатын пайдалану бойынша шығыстарды есепке алу журналы
Р/с № | Қорғаншылықтағы адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Шығыстар жүргізілген күн | Шығыстардың түрі (сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізбесі, олардың саны, көлемі)) | Шығыстар сомасы, теңге | Негіздеме (құжат, нөмірі және күні) | Басшының қолы |