БҰЙЫРАМЫН:
1. "Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде техникалық аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2025 жылғы 10 қазандағы № 476 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37310 болып тіркелген тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде техникалық аудит жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым (бұдан әрі - өнім беруші) - елді мекендердегі оның теңгеріміндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін технологиялық және техникалық пайдалануды жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымы;";
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) аккредиттелген ұйым - "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыруға рұқсаты (аккредиттеу туралы куәлігі) бар заңды тұлға;"
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Аккредиттелген ұйым техникалық аудитке мынадай мамандарды тартуды және қатысуды қамтамасыз етеді:
1) құрылыс конструкциялары мен ғимараттары жөніндегі сарапшылар (инженер-құрылысшы, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану және жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі инженер, инженер-гидрогеолог;
2) құбырларды диагностикалау жөніндегі сарапшылар (сумен жабдықтау және кәріз шаруашылығы желілері мен құрылыстарын пайдалану жөніндегі техник; телеинспекция маманы (телеинспекция операторы); бұзбай бақылау жөніндегі маман);
3) технологиялық және энергетикалық жабдықтар жөніндегі сарапшылар (инженер-механик (жалпы бейіндегі); технологиялық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі инженер; инженер-энергетик);
4) ғимараттар мен құрылыстардың, жүйелер мен жабдықтардың техникалық жай-күйін, сенімділігін, тозуын және қалдық ресурсын бағалау жөніндегі сарапшылар (ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану және жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі инженер; сумен жабдықтау және кәріз шаруашылығы құрылыстары мен жабдықтарын пайдалану және жөндеу жөніндегі инженер);
5) автомобиль және арнайы көлік жөніндегі сарапшылар (автомобиль көлігін пайдалану және жөндеу жөніндегі инженер (инженер-автомеханик); автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін диагностикалау жөніндегі инженер; инженер-конструктор)."
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің техникалық аудитін ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігін мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдар құрамында осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мамандар болған кезде жүргізеді.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Аккредиттелген ұйым беретін техникалық аудит жөніндегі қорытындыға техникалық аудитті жүргізген барлық мамандар қол қояды және осы функциялар құзыретіне жатқызылған аккредиттелген ұйымның уәкілетті тұлғасы бекітеді.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі