БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14183 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесінде:
әдістемеге қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Кепілдік беру туралы шарт немесе реновациялау шеңберінде шарттар жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 432 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14312 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Кепілдік беру туралы шарт немесе реновациялау шеңберінде шарттар жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларында:
12-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Осы Қағидалардың 12 тармағымен айқындалған ерекшеліктерді ескере отырып, Уәкілетті компанияның мердігермен (бас мердігермен) жасасқан құрылыс мердігерлік шартының негізгі ережелерін талдау.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Кепілдік жарна мөлшерлемесін қолдану үшін құрылыс салушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бағаланатын тәуекел факторы бойынша 50 және одан көп балл жинауы қажет.";
42-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте, Бірыңғай оператор осы тармақтың 1) - 7) тармақшаларында көзделген негіздерден басқа, реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шартты (Бірыңғай оператордың қосылуын) жасасудан мынадай негіздер бойынша:
1) құрылыс салушы мен уәкілетті компанияның мына шарттарды уақытында жасамауы:
құрылыс салушы мен Бірыңғай оператор арасындағы уәкілетті компанияның дауыс беру акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепілі;
құрылыс салушы мен Бірыңғай оператор арасында уәкілетті компанияның дауыс беру акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) сенімгерлік басқару;
2) реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт реновациялау туралы шартының талаптарына сәйкес келмеген кезде;
3) құрылыс салушы мен уәкілетті компания реновациялау туралы шарт жасалған сәттен бастап үш ай ішінде оған Бірыңғай оператордың қосылуы үшін реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шартты ұсынбаған кезде бас тартады.";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Кепілдік жарна мөлшерлемесін қолдану үшін құрылыс салушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бағаланатын тәуекелдер факторы бойынша 50 және одан көп балл жинауы қажет.";
осы Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
Р. Исакулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Құрылыс салушының рейтингін анықтау
Құрылыс салушының рейтингісін айқындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14190 болып тіркелген) Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесімен көзделген көрсеткіштерге және тәуекелдер факторына баға беруге негізделген көп факторлы үлгіге сәйкес балдардың саны есептеледі.
Балл санына байланысты құрылыс салушыға рейтинг және тиісті PD мәні беріледі.
Құрылыс салушының рейтингі
Балл саны | Өтініш берушіге берілетін рейтинг |
80 балл және одан жоғары | А |
≥ 70 балл <80 | B |
≥ 60 балл <70 | C |
≥ 50 балл < 60 | D |
мұндағы:
"А" рейтингі (ерекше кредитке қабілеттілігі, үздік қаржылық жағдайы) – құрылыс салушы жобаны мерзімінде орындаудың жоғарғы мүмкіндігіне және қаржылық тұрақтылықтың жоғарғы деңгейіне ие.
"B" рейтингі (кредитке қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылықтың жақсы деңгейі)– құрылыс салушы жалпы алғанда қаржылай тұрақты және жобаны мерзімінде орындаудың оңтайлы мүмкіндігіне және қаржылық тұрақтылықтың жақсы деңгейіне ие.
"С" рейтингі (кредитке қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылықтың орташа деңгейі)– құрылыс салушы жобаны мерзімінде орындаудың қанағаттандырарлық мүмкіндігіне ие. Жекелеген қаржылық көрсеткіштері орта салалық мәндерден кейбір ауытқуларды көрсетеді, алайда жалпы алғанда қаржылық жағдайы мен төлем қабілеттілігі қанағаттандырарлық болып табылады.
"D" рейтингі (кредитке қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылықтың деңгейі орташадан төмен) – құрылыс салушының жобаны мерзімінде орындауының мүмкіндігі жеткілікті деп саналады. Қаржы жағдайының нашарлау белгілері бар (төменгі төлем қабілеттілігі/нарық үлесінің тұрақты төмендеуі) немесе қаржылық жағдайға теріс әсер етуі мүмкін форс-мажорлық жағдайлардың болуы. Бұл компанияның нарық сұранысының ауытқуларына жеткілікті дәрежеде тұрақты емес болу ықтималдығы болады.
Тәуекел көрсеткіштері мен факторларының бағалауына негізделген көпфакторлы үлгі
Көрсеткіштің атауы | Тәуекел факторы | |
Қаржылық көрсеткіштер | 1) Қызметтің рентабельділік коэффициенті (таза пайда/кіріс) материалдық, еңбек, ақшалай және басқа ресурстарды пайдалану тиімділігінің дәрежесін көрсетеді (0-ден 8,93 балға дейін) | |
2) Меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті (таза пайда/меншікті капитал) салынған меншікті капиталдың қаншалықты тиімді пайдаланылғанын көрсетеді (0-ден 6,65 балға дейін) | ||
3) Ағымдағы өтімділік коэффициенті (қысқа мерзімді активтер/қысқа мерзімді міндеттемелер) қысқа мерзімді міндеттемелердің айналымдағы капиталмен жабылу деңгейін көрсетеді (0-ден 12,26 баллға дейін) | ||
4) Автономия коэффициенті (жеке капитал + резервтер/активтер) ұйымның қаржылық жай-күйінің қарыз қаражаты көздерінен тәуелсіздігін анықтайды (0-ден 12,16 балға дейін) | ||
Сапалық және жобалық көрсеткіштер Бағалау диапазоны: (-12)-дан 60 балға дейін | Құрылыс салушы компанияның жұмыс тәжірибесі (оның ішінде ТОП-менеджмент): мәлімделген жоба бойынша құрылыс көлеміне қатысты соңғы 3 жылда пайдалануға берілген тұрғын үй алаңының көлемі (шаршы метр) (0-ден 10 балға дейін) | Көрсеткіш мәлімделген жобаның (лар) ауқымына арақатынаста аяқталған тұрғын үй жобалары бойынша құрылыс салушының тәжірибесін бағалайды. Ең жоғары балл пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы мәлімделген жоба (лар) көлемі кемінде 50% болған кезде, құрылыстың нақты мерзімінің нормативтіктен ауытқуы 2025 жылғы тамызға дейін енгізілген жобалар бойынша 9 айдан және 2025 жылғы тамыздан кейін енгізілген жобалар бойынша 5 айдан аспаған жағдайда беріледі. |
Құрылыстың аяқталуына берілген кепілдіктер саны Бағалау диапазоны: 0-ден 10 балға дейін | Көрсеткіш бұрын Бірыңғай оператордың кепілдігін алған пайдалануға берілген объектілердің санын бағалайды. Баллдар 1 объектіден болған кезде; ең жоғары балл - 5 және одан көп объектілер болған кезде беріледі. | |
Ұзартулар саны (0-ден 3 балға дейін) | Соңғы 2 жылда Бірыңғай оператордың кепілдігін алған объектілер бойынша мерзімдерді ұзартудың болуы/ болмауы. Ең жоғары балл ұзарту болмаған кезде беріледі. | |
Кепілдік беру туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындамау/тиісінше орындамау ((-5)-тен 0 баллға дейін) | Кепілдік беру туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындамау (Соңғы 2 жылда Құрылыс салушымен және/немесе Уәкілетті компаниямен жасалған Бірыңғай операторға кепілдік беру туралы шарттар бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамау туралы хабарламалардың болуы) | |
Өзінің қатысуы | Көрсеткіш құрылыс салушының немесе компаниялар тобының активтері құнының мәлімделген жобаның құнына және ағымдағы жобалар бойынша аяқталу қалдығына арақатынасын бағалайды. Баллдар активтермен жабу кезінде 25% -дан бастап; ең жоғары балл - 100% және одан жоғары жабу кезінде беріледі. Бағалау диапазоны: 0-ден 10 баллға дейін. | |
Көрсеткіш құрылыс жобасында уәкілетті компанияның меншікті қатысу үлесін ақшалай қаражат және/немесе аяқталмаған құрылыс түрінде бағалайды. Ең жоғары балл өз қатысуымен 30% -дан артық беріледі. Бағалау диапазоны: 3-тен 10 баллға дейін. | ||
Төлем тәртібі | Соңғы 3 жылдағы кредиттік тарих (өткен 90 күннен астам төлемдер бойынша мерзімі ) төлем тәртібін және қаржылық тұрақтылықты сипаттайды. Бағалау ауқымы: (-5) баллдан 0 баллға дейін. | |
Бағаның коммерциялық тартымдылығы | Көрсеткіш ағымдағы/аяқталған жобалар бойынша нарықтық жағдайларды және сату тәжірибесін ескере отырып, құрылыс жобасы бойынша іске асыру бағасының коммерциялық тартымдылығын және барабарлығын бағалайды. Ең жоғары балл нарықтан кемінде 10% төмен өткізу бағасы кезінде не пайдалануға берілгенге дейін кемінде 70% көлемінде өткізу тәжірибесі болған кезде беріледі. Бағалау ауқымы: 0-ден 8 балға дейін. | |
Жоба рентабельділігінің сезімталдығы ((-5)-тен 5 балға дейін) | Көрсеткіш жобаның құрылыс құнының өсуіне тұрақтылығын бағалайды. Жоба пайдасыздыққа көшкен кезде 10% -ға дейін қымбаттаған кезде 5 балл; ең жоғары балл - егер 20% -ға дейін қымбаттау жобаның пайдасыздығына алып келмесе қойылады. | |
Құрылыс құнының дұрыстығы ((-5)-тен 7 баллға дейін) | Құрылыстың мәлімделген құнының ағымдағы нарықтық жағдайларға және шығындардың нақты деңгейіне сәйкестік дәрежесін көрсетеді. Ең жоғары балл өтінім берілген күнге дейін 12 айдан аспайтын уақыт өткен ЖСҚ (сараптаманың оң қорытындысымен) болған кезде беріледі. | |