БҰЙЫРАМЫН:
1. "Зертханалық диагностика жүргізуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-257/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21768 тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 130-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Зертханалық диагностика жүргізуді ұйымдастыру стандартында:
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) клиникалық-диагностикалық зертхана (бұдан әрі – КДЗ) – ауруды диагностикалау, оның алдын алу және/немесе оны емдеу, сондай-ақ адамның денсаулық жағдайын бағалау мақсатында ақпарат алу үшін биологиялық материалға зертханалық талдаулар жүргізетін, (жалпы клиникалық, биохимиялық, гемостазиологиялық, полимеразды тізбекті реакция, иммунологиялық (иммунохроматографиялық, ферменттік иммундық талдау, иммунохемилюминесценттік, электрохемилюминесценттік), серологиялық, микробиологиялық, физика-химиялық, микроскопиялық, цитологиялық, цитохимиялық, молекулалық-генетикалық және цитогенетикалық, химиялық-токсикологиялық) сонымен қатар зертханалық диагностика, оның ішінде зерттеу нәтижелерін түсіндіру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі немесе дербес заңды тұлға;";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) медициналық зертхана (клиникалық зертхана) – ауруды диагностикалау, оның алдын алу және емдеу немесе адамның денсаулық жағдайын бағалау үшін ақпарат алу мақсатында ҚР СТ ISO 15189-2023 "Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар" стандартымен айқындалған (бұдан әрі – ҚР СТ ISO 15189-2023) зертханалық зерттеулердің түрлерін жүргізетін денсаулық сақтау жүйесіндегі зертхананың жалпы атауы;";
мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
"21-1) референс орталық – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік медициналық ұйымдардың, медициналық ұйымдардың уәкілетті орган айқындайтын, мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін, үйлестіруді, ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысты, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету кезінде, сондай-ақ патологиялық-анатомиялық диагностика жүргізу кезінде сапа мен қауіпсіздікті сыртқы бағалау жүйесін енгізуді қамтамасыз етуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Зертханалық диагностиканы жүргізу Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес цифрлық жүйелер мен порталдарда белгіленген нысандар бойынша статистикалық есептерді ұсына отырып құжатталады:";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Зертханалық диагностиканы орындау сапасын қамтамасыз ету үшін СЗІБ және ССБ бағдарламаларына, оның ішінде қолданыстағы ҚР СТ ISO/ IEC 17043-2025 "Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар" Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес біліктілікті тексерудің аккредиттелген провайдері жүргізетін зертханааралық салыстыру сынақтары түрінде қатысу қолданылады:";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Зертханалық диагностиканың құзыреттілігі мен сапасын растау "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және қолданыстағы ҚР СТ ISO 15189-2023 талаптарымен реттеледі;";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) АП пациенттің биоматериалын іріктеу, қабылдау және (немесе) портативті талдауыштар мен экспресс тесттерде зертханалық зерттеу жүргізілетін медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшесі немесе дербес заңды тұлға ретінде ұйымдастырылады; АП-да қан, жағынды алу, биологиялық материалды қабылдау кабинеттері көзделеді; АП-да биологиялық материалды іріктеу және қабылдау, медициналық зертханаға тасымалдау үшін биологиялық материалды сақтау, центрифугалау, дайындау және пациенттің деректерін зертханалық цифрлық жүйеге тіркеу жүргізіледі; биологиялық материалды, оның ішінде автомобиль, әуе және теміржол көлігімен тасымалдау ҚР СТ ISO 15189-2023 стандартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. АП-да биологиялық материалды қабылдау және алу клиникалық маманның жолдамасы бойынша немесе клиникалық маманның жолдамасынсыз пациенттің өз бастамасы бойынша жүзеге асырылады және денсаулық сақтау жүйесінде қолданылатын цифрлық жүйеде тіркеледі. АП медициналық ұйымның жұмыс режиміне сәйкес жұмыс істейді;";
6-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) РО, мамандандырылған онкологиялық медициналық көмек, оның ішінде жоғары технологиялық онкологиялық медициналық көмек көрсету кезінде сапа мен қауіпсіздікті сырттай бағалау жүйесін енгізуді қамтамасыз ететін орталық;
7-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) жоғары ақпараттық технологияларды енгізу, зертханалық процесті автоматтандыру және цифрландыру;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) цитологиялық және гистологиялық зерттеулер — патологиялық процестерді диагностикалау, диагноз қою, аурудың болжамын анықтау және емдеу стратегиясын таңдау мақсатында медициналық зертханада жүргізілетін, тірі ағзадан алынған биологиялық материалдың (биопсиялық, хирургиялық, пункциялық, эндоскопиялық, аспирациялық және эксфолиативтік үлгілер, сондай-ақ жағынды-іздер, қырынды жағындылар және шайындылар арқылы алынған материал) зертханалық морфологиялық зерттеулері;";
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) молекулалық-генетикалық және цитогенетикалық зерттеулер –
диагностикалау, жіктеу, болжамды бағалау, қауіпті стратификациялау, емдеу тактикасын таңдау және емдеу тиімділігіне мониторинг мақсатында биологиялық материалдағы генетикалық, эпигенетикалық және хромосомалық өзгерістерді анықтауға бағытталған зерттеулер;";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Биологиялық материалы бар барлық ыдыстар, контейнерлер, сынауықтар сәйкестендіру кодын бере отырып таңбаланады (Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған жағдайда), бөлімшесі, палатасы, биоматериалды алу күні), зерттеу түрлері бойынша сұрыпталады, зерттеулерге жарамдылығы бағаланады.
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Зертхана АП-ға зерттеуге жолдама жіберу функцияларымен, медициналық цифрлық жүйелермен интеграцияланған зертханалық цифрлық жүйелерді СЗІБ қосқанда, зертханалық зерттеулердің негізгі кезеңдерін және зертханалық зерттеулердің нәтижелерін зерттеуге жіберген маманға жіберуді пайдаланады.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |