ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 1 қазандағы № 275 Бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жұмыскерлері және ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлер лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киiмнің (погонсыз) және айырым белгiлерiнің үлгiлерiн, сондай-ақ оны киiп жүру тәртiбiн бекіту" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8303 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 161), 204), 219) және 236) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
2. "Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде, жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнде және Кеме кiтабында Ішкі су мен "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемені, сондай-ақ шағын көлемді кемені және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді уәкілетті органның атынан Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"94. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға шағым жасайды.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей шағымды қарайтын органға әкімшілік істі жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";
3-1-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. "Ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11093 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидалары бекітілсін.";
Қағидалардың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидалары";
Кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларында
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген, кеме құжаттарын беру және жүргізу және "Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Кеме құжаттарын беру және жүргізу тәртібі";
1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-параграф. Кеме куәлігін беру";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кеме куәлігі кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығын және кемеге меншік құқығын растайды.
Кеме куәлігін кеме иесіне уәкілетті органның атынан Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген) бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында көзделген тәртіпте береді.";
2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-параграф. Шетелдiк кемеге (жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде тiркелген кемелер үшiн) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтерiп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлiкті беру";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлік кеменің Жалға алынған шетел кемелері тіркеліміне енгізілгендігін растайды.
Шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлікті кеме иесіне көлік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген) бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында көзделген тәртіпте береді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Кеме журналы (вахталық журнал) кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзуге құқық алған сәтінен бастап оны көтеріп жүзу құқығы сақталған барлық кезеңі ішінде жүргізіледі.";
88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"88. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 134 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10788 болып тіркелген) бекітілген кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес келуін тексереді және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1084 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13499 болып тіркелген) бекітілген куәлікті немесе "Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды ресімдейді.";
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған, көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";
1, 2 және 3-қосымшалар осы тізбеге 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
"Қазақстан Республикасы |
| Республиканское государственное учреждение "Инспекция транспортного контроля по _______ области (городу) Комитета автомобильного транспорта и транспортного контроля Министерства транспорта Республики Казахстан" |
___________________
(өтініштің күні, нөмірі)
Дәлелді бас тарту
"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау
комитетінің _________________________бойынша көліктік бақылау инспекциясы"
республикалық облысы (қаласы)
мемлекеттік мекемесі
"_______________________________________" мемлекеттік қызмет көрсетуден
(мемлекеттік қызметтің атауы)
мынадай негіздер бойынша: ______________________________________________
("Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабына сәйкес бас тарту үшін негіздеме)
бас тартады.
Т.А.Ә. _____________________________________
(Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік
бақылау комитетінің аумақтық органы басшысының)
Орындаушы: Т.А.Ә. ______________________________________
Телефон ______________________ "___" _______________ 20 __ жыл
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау
комитетінің аумақтық органы басшысының ЭЦҚ
___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Өтініш
Нөмір:_______________(Өтініш нөмірі)
Сізден _______________________________________
(Кеме атауы) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру бойынша
мемлекеттік қызметті көрсетуді сұраймын, кеме тіркелген орын:_____________
(Порттың атауы) _________________(Порттың мекенжайы) ________________
20__ жылғы "__" _________
Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға
келісемін
20__ жылғы "__" _________ (қолы)
"Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары көрсетеді |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ |
3. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) ұсыну тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы |
4. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | Екі жұмыс күні |
5. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
6. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік; бас тарту туралы дәлелді жауап |
7. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі |
8. | Көрсетілген қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Көрсетілетін қызметті берушінің-Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін; Шымкент қаласы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары бойынша көліктік бақылау инспекциялары үшін жұмыс режимі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
9. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Өтінім берілген кезде меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтер (жеке тұлғаларға қатысты) не меншік иесі заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі туралы анықтама (заңды тұлғаларға қатысты) "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынады. |
10. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
11. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: "1414". |
"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің ___________облысы (қаласы) бойынша көліктік бақылау инспекциясы" Республикалық мемлекеттік мекемесі |
| Республиканское государственное учреждение "Инспекция транспортного контроля по _______ области (городу) Комитета автомобильного транспорта и транспортного контроля Министерства транспорта Республики Казахстан" |
___________________
(Күні, өтініш нөмірі)
Дәлелді бас тарту
"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау
комитетінің _______________________(облыс (қала) көліктік бақылау инспекциясы"
республикалық мемлекеттік мекемесі келесі негіздер бойынша "Кеме экипаждың ең
аз құрамы туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартады:
____________________________________________________________________
("Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабына сәйкес бас тарту үшін негіздеме)
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау
комитеті аумақтық органы басшысының ЭЦҚ
____________________________________________
(аты-жөні, тегі/бар болған жағдайда)



