Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі БҰЙЫРАДЫ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ғимараттарында және оның аумақтық филиалдарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 115 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 679 бірлескен қаулысы мен бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21466 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы үшінші бөлігінің 44) тармақшасына, "Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасының 5-тармағының 2) тармақшасына және Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптардың 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі БҰЙЫРАДЫ:";
көрсетілген бірлескен қаулы мен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ғимараттарында және оның аумақтық филиалдарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ғимараттарында және оның аумақтық филиалдарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы үшінші бөлігінің 44) тармақшасына, "Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасының 5-тармағының 2) тармақшасына және Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптардың 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ғимараттарында және оның аумақтық филиалдарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) бекет полицейі – Ұлттық Банктің және оның аумақтық филиалдарының, Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігінің (бұдан әрі – Өкілдік) ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруға жауапты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитетінің Астана қаласының, облыстардың, Алматы және Шымкент қалаларының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының (бұдан әрі – МКҚБ) полиция қызметкері;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) келушілер – Ұлттық Банктің және оның аумақтық филиалдарының, Өкілдіктің ғимараттарына келген Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдар;";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
9) пластикалық электрондық тұрақты рұқсатнама (бұдан әрі – электрондық тұрақты рұқсатнама) – Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша иесінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), табель нөмірі мен фотосуреті көрсетіліп, сутамғы белгілерімен қорғалған, ғимараттарға тұрақты түрде өткізу үшін Ұлттық Банктің, аумақтық филиалдардың, Өкілдіктің және ұйымдардың қызметкерлеріне берілетін пластикалық электрондық тұрақты рұқсатнама;";
мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"11-1) сутамғы белгілері – пластикалық электрондық тұрақты рұқсатнамадағы қолдан жасау мен рұқсатсыз көшіруден қорғайтын, салынған графикалық элементтер түріндегі голографиялық бейне;
11-2) табель нөмірі – жұмысқа қабылдау кезінде әрбір қызметкерді кадр құжаттарында (жұмыс уақытының табелі, есеп айырысу парақтары, бұйрықтар) сәйкестендіру үшін оған берілетін бірегей цифрлық код;";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Ұлттық Банк қызметкерлерінің ғимаратқа қызметтік ноутбуктер мен планшеттерді әкелуі (ғимараттан әкетуі) қауіпсіздік бөлімшесі, аумақтық филиалдардың уәкілетті қызметкерлері қажеттілігіне қарай жаңартып отыратын және полиция бекетіне ұсынатын және қызметтік ноутбуктер мен планшеттерді әкелуге (әкетуге) рұқсат етілген қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), сондай-ақ ноутбуктің (планшеттің) сериялық немесе түгендеу нөмірі көрсетілетін тізімдерге сәйкес жүзеге асырылады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Келушінің Заттар және (немесе) бұйымдар тізбесінің 8), 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген заттарды әкелуіне (әкетуіне) келушінің келуіне бастамашы болған Ұлттық Банктің орталық аппараты бөлімшесінің, аумақтық филиалдардың, Өкілдіктің және ұйымның еркін нысанда жасаған, қауіпсіздік бөлімшесімен және (немесе) филиалдың басшысымен не оның міндетін атқаратын адаммен жазбаша нысанда келісілген өткізуге арналған өтінімінің негізінде рұқсат етіледі.
Ұлттық Банктің, ұйымдардың қызметкерлері жеке смартфондарын қауіпсіздік бөлімшесімен және (немесе) филиал басшысымен не оның міндетін атқаратын адаммен келіспей-ақ ғимаратқа әкеледі (ғимараттан әкетеді).";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Ғимараттарға кіргізу мына құжаттардың бірі:
1) электрондық тұрақты рұқсатнама;
2) электрондық уақытша (біржолғы) рұқсатнама;
3) қағаз тасымалдағыштағы біржолғы рұқсатнама;
4) Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелері, Өкілдік, аумақтық филиалдар, сондай-ақ ұйымдар қауіпсіздік бөлімшесіне, аумақтық филиалдың басшысына не оның міндетін атқаратын адамға ұсынған, қолданылу мерзімі 1 (бір) айдан аспайтын келушілердің тізімі (бұдан әрі – тізім) негізінде жүзеге асырылады.
Ұлттық Банк қызметкерлерінің ғимараттарға кіруі кіру рұқсатын басқаруды бақылау жүйесіндегі (бұдан әрі – КББЖ) электрондық рұқсатнамаларды пайдалана отырып, сондай-ақ адамның бет-әлпетін тану технологиясы (Face ID) арқылы не қағаз тасымалдағыштағы біржолғы рұқсатнама негізінде жүзеге асырылады.
Қағаз тасымалдағыштағы біржолғы рұқсатнама КББЖ болмаған не ол істен шыққан кезде не электрондық уақытша (біржолғы) рұқсатнаманы алғанға дейін ресімделеді.
Кассалық қызметті алу үшін аумақтық филиалдың кассасына баратын келушінің ғимаратқа кіруі жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде не бекет полициясының Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделетін келушілерді есепке алу журналында тіркеуі арқылы, электрондық форматтағы цифрлық құжат негізінде жүзеге асырылады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Жұмыс күндері сағат 9:00-ден 14:30-ға дейін жүргізілетін кассалық қызмет көрсету үшін келушілердің ғимаратқа кіруін қоспағанда, келушілерді электрондық уақытша (біржолғы) рұқсатнамалар, қағаз тасымалдағыштағы біржолғы рұқсатнамалар және келушілердің тізімдері бойынша ғимараттарға кіргізу жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін үзіліс.
Жұмыс уақытынан тыс кезде, демалыс немесе мереке күндері келушілердің ғимаратқа кіруі келушілердің қатысуымен іс-шараны (кездесуді) ұйымдастыруға жауапты бөлімшенің қауіпсіздік бөлімшесіне, аумақтық филиалдың басшысына не оның міндетін атқаратын адамға келушілердің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттардың нөмірлері мен берілген күнін және олардың келу мен кету уақытын көрсете отырып берілген өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің ғимараттарға кіруі қызметтік куәлігін көрсету арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік байланыс бөлімшесі қызметкерлерінің ғимараттарға кіруі қауіпсіздік бөлімшесі, аумақтық филиалдардың уәкілетті қызметкерлері полиция бекетіне ұсынатын, қажеттілігіне қарай жаңартылып отыратын тізімдер негізінде жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
"28-1. Аумақтық филиалдың кассалық торабынан құндылықтарды әкету үшін касса қызметкері Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген материалдық рұқсатнаманы жазып береді. Материалдық рұқсатнама онда көрсетілген күнге жарамды.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Ұйымдардың автокөлік құралдарының паркинг аумағына, сондай-ақ ғимаратқа іргелес аумаққа кіруіне (шығуына):
- Ұлттық Банктің орталық аппаратында – қауіпсіздік бөлімшесінің жауапты қызметкері;
- Өкілдікте – қауіпсіздік бөлімшесінің басшысы не оның міндетін атқаратын адам, ол болмаған жағдайда қауіпсіздік бөлімшесінің жауапты қызметкері;
- аумақтық филиалда – аумақтық филиалдың басшысы не оның міндетін атқаратын адам, ол болмаған жағдайда аумақтық филиалдың уәкілетті қызметкері берген жазбаша рұқсат болған кезде рұқсат етіледі.
Ұйымдардың автокөлік құралдарының паркинг аумағына (аумағынан) және (немесе) ғимаратқа іргелес аумаққа (аумақтан) кіруі (шығуы) Ұлттық Банк бөлімшесінің, аумақтық филиалдың, Өкілдіктің, ұйымдардың мүлікті және (немесе) құндылықтарды қабылдауды және (немесе) жөнелтуді жүзеге асыратын қызметкерлерінің қатысуымен ғана жүзеге асырылады.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Ұлттық Банктің орталық аппараты бөлімшелерінің, аумақтық филиалдарының, Өкілдігінің және ұйымдарының басшылары не олардың міндеттерін атқаратын адамдар қызметкерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, еңбек шартын тоқтату туралы бұйрық қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жаңартылған қолдаухатты ұсынады.";
42-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Заттардың және (немесе) бұйымдардың тізбесінде көзделген заттар мен бұйымдарды рұқсатсыз әкелуге (көлікпен кіргізуге) жол бермеу мақсатында алып жүретін жеке заттар, сөмкелер, жүктердің барлық түрлері тексеріп қарау үшін ұсынылады;";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Мыналарға:
1) балаларды ғимаратқа кіргізуге;
2) алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық мас күйінде ғимараттарға кіруге және онда болуға;
3) ғимараттарға (паркингке, күзетілетін аумаққа) алкогольді сусындарды, есірткілік және уытқұмарлық заттарды кіргізуге, сондай-ақ оларды пайдалануға;
4) ғимараттарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекі бұйымдарын, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйені пайдалануға тыйым салынады.";
мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:
"45-1. Ғимараттарда масс-медиа өкілдерінің қатысуымен іс-шаралар өткізген кезде фото- және (немесе) бейнетүсірілім жасау тек арнайы белгіленген аймақтарда (баспасөз залы, сұхбат беруге арнайы белгіленген орындар (болған жағдайда) рұқсат етіледі.
Мыналарға:
жұмыс компьютерлерінің экрандарын, қызметтік ақпараты бар құжаттарды, заттарды;
Ұлттық Банк, аумақтық филиалдар, Өкілдік қызметкерлерінің жұмыс орындары мен қызметтік кабинеттерін;
дәліздерді, қызметтік аймақтарды және кіру шектелген үй-жайларды фото- және (немесе) бейнетүсірілім жасауға рұқсат етілмейді.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілмеген үй-жайлардың фото- және (немесе) бейнетүсіріліміне:
Ұлттық Банктің орталық аппаратында, Өкілдігінде – қауіпсіздік бөлімшесінің басшысы не оның міндетін атқаратын адам немесе оның орынбасары;
аумақтық филиалда – аумақтық филиалдың басшысы немесе оның міндетін атқаратын адам берген жазбаша рұқсат болған кезде рұқсат етіледі.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ғимаратқа мүлікті және (немесе) құндылықтарды әкелу кезінде олардың Заттар және (немесе) бұйымдар тізбесінде болмауын тексереді;";
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) ғимараттан мүлікті және (немесе) құндылықтарды шығару (әкету) кезінде шығарылатын (әкетілетін) мүліктің және (немесе) құндылықтардың Қағидаларға 7 және (немесе) 7-1-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша ресімделген материалдық рұқсатнамада (материалдық рұқсатнамаларда) мәлімделіп, шығарылатын (әкетілетін) мүліктің және (немесе) құндылықтардың тізбесіне сәйкестігін бақылайды және сәйкестікті растау кезінде мүлікті және (немесе) құндылықтарды шығару (әкету) уақыты туралы материалдық рұқсатнамаға (материалдық рұқсатнамаларға) оны (оларды) өз қолымен куәландыра отырып, белгі қояды;
2-2) Ұлттық Банк қызметкерлерінің қызметтік ноутбуктер мен планшеттерді әкелуі (әкетуі) кезінде олардың тізімдерде бар-жоғын тексереді;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) материалдық және біржолғы рұқсатнамаларды жұмыс күнінің соңында сағат 18.30-ға дейін рұқсатнамалар бюросына не аумақтық филиалдың уәкілетті қызметкеріне береді;";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) сигнализациямен жабдықталған ғимараттардың үй-жайларын орталықтандырылған бақылау пультіне уақтылы күзетуге алады. "Дабыл" сигналы іске қосылған кезде "Дабыл" сигналының іске қосылу себебін анықтап, МКҚБ кезекшісіне хабарлайды, ол қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тиісті аумақтық ішкі істер органының нарядын жібереді және қауіпсіздік бөлімшесін, аумақтық филиалдардың уәкілетті қызметкерлерін хабардар етеді;";
2-қосымша осы бірлескен қаулы мен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы бірлескен қаулы мен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы бірлескен қаулы мен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
5-қосымша осы бірлескен қаулы мен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бірлескен қаулы мен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 7-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қауіпсіздік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулы мен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен қаулы мен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен қаулы мен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитетіне жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы мен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
__________Е. Саденов |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
__________Т. Сулейменов |
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТҰРАҚТЫ РҰҚСАТНАМА

Ескертпе:
- қою жасыл жолақтары бар тұрақты рұқсатнамалар – Ұлттық Банк қызметкерлері үшін;
- қою көк жолақтары бар тұрақты рұқсатнамалар – Ұлттық Банк ұйымдарының қызметкерлері үшін.
ЭЛЕКТРОНДЫҚ УАҚЫТША РҰҚСАТНАМА
|
ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІРЖОЛҒЫ РҰҚСАТНАМА
|
Техникалық бақылау жүзеге асырылмайтын тұлғалардың тізбесі
1) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзетілетін адамдар;
2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы және Басшысының орынбасарлары;
3) Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары;
4) орталық мемлекеттік органдардың басшылары, олардың орынбасарлары;
5) қызметтік куәліктеріне Қазақстан Республикасының Президенті және Премьер-Министрі қол қойған мемлекеттік қызметшілер.
Ұлттық Банктің, аумақтық филиалдардың, Өкілдіктің ғимараттарына әкелуге (алып өтуге) тыйым салынған не шектелген заттар және (немесе) бұйымдар тізбесі
1) атыс қаруы, суық қару және өзге де қару (рұқсат құжаттары болған кезде фельдъегерлік және арнайы байланыс қызметкерлерінің, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың, Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының және Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығының (филиалының) инкассация бөлімшелері қызметкерлерінің қызметтік қаруын, сондай-ақ бекет полицейлері мен МКҚБ қызметкерлерінің қызмет атқаруын тексеруді жүзеге асыратын полиция қызметкерлерінің табельдік қаруын қоспағанда);
2) жарылғыш заттар, жарылатын құрылғылар және тез тұтанатын заттар;
3) уландырғыш заттар;
4) қатты әсер ететін улы заттар;
5) бактериологиялық, биологиялық және химиялық заттар;
6) радиоактивті заттар;
7) есірткі, психотроптық заттар;
8) бейне-, кино- және фотоаппаратура;
9) жазатын құрылғылар және есептегіш техника;
10) адамның ағзасына емдік немесе профилактикалық әсер етуді қолдауға не ағза органдары мен жүйелерінің функцияларын алмастыруға немесе түзетуге арналған медициналық аппараттар мен жабдықтарды қоспағанда, радиотехникалық және басқа да аппаратура;
11) "қоңырау-СМС-жауап" функциялары бар телефондарды және Ұлттық Банк, аумақтық филиалдар, Өкілдік пен ұйымдар қызметкерлерінің жеке смартфондарын қоспағанда, жеке смартфондар және басқа да жеке электрондық техника;
12) ақпаратты машиналық тасымалдағыштар;
13) техникалық құрылғылар, оның ішінде деректер беру, сондай-ақ халықаралық жаһандық желілерге және интернет желісіне шығу мүмкіндігі бар сымсыз құрылғылар.




