Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе облысы Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Шалқар аудандық әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шалқар ауданының әкімі | Ж. Жидеханов |
| Шалқар ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 15 қыркүйектегі № 229 Шалкар ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылатын қаулылар тізбесі
1. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 235 "Шалқар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5731 болып тіркелген).
2. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 82 "Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 235 "Шалқар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6027 болып тіркелген).
3. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 222 "Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 235 "Шалқар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7522 болып тіркелген).