"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Талғар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Талғар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 13 наурыздағы № 38-143 шешімінің (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6223-05 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Талғар аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін "Талғар аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесі интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Талғар аудандық мәслихатының төрағасы | М. Алибеков |