"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 87 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9001 болып тіркелген);
2) "Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 87 "Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 7 ақпандағы № 49 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26796 болып тіркелген).
2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай облысының әкімі | К. Аксакалов |