"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қамысты аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қамысты аудандық мәслихатының төрағасы | Н. Искаков |
| Мәслихаттың | |
| 2026 жылғы 27 тамыздағы | |
| № 491 шешіміне | |
| қосымша |
Қамысты аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2023 жылғы 14 қарашадағы № 105 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10083 болып тіркелген).
2. "Мәслихаттың 2023 жылғы 14 қарашадағы № 105 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2024 жылғы 1 ақпандағы № 145 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10139-10 болып тіркелген).
3. "Мәслихаттың 2023 жылғы 14 қарашадағы № 105 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2024 жылғы 1 қазандағы № 233 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10274-10 болып тіркелген).
4. "Мәслихаттың 2023 жылғы 14 қарашадағы № 105 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2025 жылғы 21 ақпандағы № 290 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10395-10 болып тіркелген).
5. "Мәслихаттың 2023 жылғы 14 қарашадағы № 105 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 314 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10418-10 болып тіркелген).
6. "Мәслихаттың 2023 жылғы 14 қарашадағы № 105 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 443 шешімі.