Қарасу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 128 "Қарасу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Қарасу аудандық мәслихатының 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 354 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 қыркүйекте № 39948 болып тіркелді

      Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарасу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 128 "Қарасу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудiң мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10183-10 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 5-тармағына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ":

      көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Қарасу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қарасу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары бекітілсін";

      Аталған шешімнің 1-қосымшасында белгіленген Қарасу ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қарасу аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу аудандық мәслихатының төрағасы С. Кажиев

  Қарасу аудандық мәслихатының
  2026 жылғы 22 қыркүйектегі
  № 354 Шешіміне қосымша.
  Қарасу аудандық мәслихатының
  2024 жылғы 19 сәуірдегі
  № 128 шешіміне
  1-қосымша

Қарасу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары.

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай немесе оның бөлектері ретінде Қарасу ауданында аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      ағымдағы және жинақтау жарналарына;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаюы бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді және жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төленетін шығыстарға.

      Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегін есептеу кезінде ескерілетін шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстар сомасының жиынтығы ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      3. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс Министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағида) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтау жарналарын төлеуге, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаюы бөлігіндегі байланыс қызметтеріне, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғын үйді пайдалануға жұмсалатын шығыстар сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға арналған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысына қатысты шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) пайыз мөлшерінде белгіленген.

      5. "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлемі жүзеге асырылады (нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қағидаларға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "цифрлық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

      Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі өнім берушілер ұсынған ағымдағы жинақтаушы жарналарға ай сайынғы шығыстар туралы шоттар және көрсетілетін қызметті алушыларға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шоттар бойынша көрсетіледі.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші қағида 4-1-тармағына сәйкес есептейді.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілген қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

О внесении изменений в решение Карасуского районного маслихата от 19 апреля 2024 года № 128 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Карасуском районе"

Решение Карасуского районного маслихата Костанайской области от 22 сентября 2026 года № 354. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 сентября 2026 года № 39948

      Карасуский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Карасуского районного маслихата от 19 апреля 2024 года № 128 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Карасуском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10183-10) следующие изменения:

      преамбулу указанного решения изложить в новой редакции:

      "В соответствии с пунктом 5 статьи 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" Карасуский районный маслихат РЕШИЛ":

      заголовок указанного решения изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении размера и правил оказания жилищной помощи в Карасуском районе";

      пункт 1 указанного решения изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить размер и правила оказания жилищной помощи в Карасуском районе согласно приложению 1 к настоящему решению";

      Размер и порядок оказания жилищной помощи по Карасускому району определенные в приложении 1 указанного решения, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Карасуского районного маслихата" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в государственном учреждении "Министерство юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Карасуского районного маслихата после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам социальной политики, законности, правопорядка и связи с общественными объединениями.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Карасуского районного маслихата С. Кажиев

  Приложение
  к решению Карасуского
  районного маслихата
  от 22 сентября 2026 года
  № 354
  Приложение 1
  к решению Карасуского
  районного маслихата
  от 19 апреля 2024 года
  № 128

Размер и правила оказания жилищной помощи в Карасуском районе.

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета услугополучателям, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище либо его части на территории Карасуского района, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      текущих и накопительных взносов.

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Карасуского района" (далее – услугодатель).

      3. Совокупный доход услугополучателя исчисляется услугодателем, в порядке, определяемом приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" от 8 декабря 2023 года № 117 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) (далее - Правила).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на текущие и накопительные взносы, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели.

      Предельно допустимый уровень расходов к совокупному доходу услугополучателя установлен в размере пяти (5) процентов.

      5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200).

      6. "Услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или веб-портал "цифрового правительства" согласно Правилам.

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации, либо через веб-портал "цифрового правительства" составляет 6 (шесть) рабочих дней."

      7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных расходах на текущие и накопительные взносы и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям.

      Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем в соответствии с пунктом 4-1 правил.

      8. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год, услугополучателям.

      9. Выплата жилищной помощи услугополучателю осуществляется услугодателем через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи