Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Павлодар облысы Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Успен ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Павлодар облысының Успен ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 257/12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5747 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Успен ауданының әкімі | Н. Мақашев |