Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 04.09.2026 № 424 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 148-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тапсырысты орындайтын немесе бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыратын ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің өзге де аккредиттелген субъектілерінің ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 04.09.2026 № 424 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Министрдің міндетін атқарушы
|
Д. Ахмед-Заки
|
| |
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 592 бұйрығына қосымша |
Мемлекеттік тапсырысты орындайтын немесе бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыратын ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің өзге де аккредиттелген субъектілерінің ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 04.09.2026 № 424 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік тапсырысты орындайтын немесе бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыратын ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің өзге де аккредиттелген субъектілерінің ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 148-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар мемлекеттік тапсырысты орындайтын немесе бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыратын ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің өзге де аккредиттелген субъектілерінің (бұдан әрі – ұйымдар) ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді регламенттейді.
Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі ғылыми ұйымдар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде тиесілі ғылыми ұйымдар мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестіріледі.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ғылыми қызметкер – ғылыми ұйымдарда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе ұйымның ғылыми бөлімшелерінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізетін және оны іске асыратын жеке тұлға;
2) ғылым кандидаты, ғылым докторы – ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер;
3) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіру мен басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор – уәкілетті орган беретін ғылыми атақтар;
5) лауазымдық жалақы (бұдан әрі – ЛЖ) – лауазымдық мөлшерлемені, атағы мен ғылыми дәрежесі үшін үстемеақыларды, күнтізбелік ай үшін өтемақыны, ынталандырушы және өзге де төлемдерді қамтитын ғылыми қызметкердің еңбегіне ақы төлеу мөлшері;
6) лауазымдық ставка (бұдан әрі – ЛС) – жұмыс өтіліне және жұмыс уақытын әзірлеуді ескере отырып, күнтізбелік айдағы ғылыми қызметкердің біліктілігіне сәйкестігіне байланысты белгіленген еңбекақы мөлшері.
7) мемлекеттік тапсырыс – базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді ғылыми-техникалық қамтамасыз етуді қаржыландыруды және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырды жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нысанында бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған шарт негізінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісіне уәкілетті органның және (немесе) салалық уәкілетті органдардың тапсырысы;
8) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор – ғылыми-педагогикалық бағыт немесе кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантура бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасында немесе оның шегінен тысқары жерлерде диссертация қорғаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған адамдарға берілетін дәрежелер.
4. Ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде еңбекақы төлеуге бекітілген бюджет шегінде жүргізіледі.
2-тарау. Мемлекеттік тапсырысты орындайтын немесе бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыратын ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің өзге де аккредиттелген субъектілерінің ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу
5. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру кезінде мемлекеттік бюджеттен ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырысты орындайтын ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне (жетекші ғалымдарды қоспағанда) еңбекақы төлеу базалық ставка негізінде айқындалады.
6. Лауазымдық жалақы төмендегі формула бойынша есептеледі:
ЛЖ = ЛМ х Кп
мұндағы:
ЛМ – формула бойынша есептелетін лауазымдық мөлшерлеме
ЛМ = Сбаз х Клж,
Сбаз – базалық мөлшерлеме 190 000 (жүз тоқсан мың) теңгеге;
Лак – осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес ұйымдардың ғылыми қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын есептеуге арналған коэффициент;
Тк – мынадай коэффициенттердің көбейтіндісі болып табылатын түзету коэффициенті:
Тк = Ктк х Қтк х Жк х Қжетк,
мұндағы:
Ктүр – жүргізілетін зерттеулер түрі бойынша коэффициент: іргелі зерттеулер үшін – 1.0, қолданбалы зерттеулер үшін – 1,15;
Ктип – қаржыландыру типі бойынша коэффициент: гранттық – 2,0, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру – 2,15, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру – 0,67;
Кбас – жобаларды басқарудың өсу коэффициенті: басшы үшін – 1,25, орындаушы үшін – 1,0.
7. Ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес тиісті жылға арналған еңбекақы төлеудің белгіленген бюджеті (еңбекақы төлеу қоры) шеңберінде жасалған шарттарға сай жүзеге асырылады.
8. Осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген жетістіктері бар ғылыми қызметкерлерге осы Қағидаларға сәйкес айқындалған жетістіктер деңгейіне байланысты лауазымдық айлықақысына 1,0-ден 1,5-ке дейінгі мөлшерде ғылыми қызметкердің жетістіктері үшін коэффициент (Қжетк) белгіленеді.
Ғылыми қызметкердің жетістіктері үшін Қжетк қосымша ақысының сомасы осы Қағидаларда айқындалған ғылыми қызметкер лауазымдық айлықақысының 50 пайызынан аспайды.
Қжетк коэффициенті Ғылыми қызметкерлердің жетістіктерін бағалау жөніндегі комиссияның шешімі негізінде ұйым басшысының бұйрығымен белгіленеді және жасалған шарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті жылға арналған бекітілген еңбекақы төлеу қоры шегінде ғылыми қызметкерлерге еңбекақы төлеу кезінде қолданылады.
Осы тармақтың қолданысы іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға қаржыландыру алатын ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне қолданылмайды.
9. Ғылыми қызметкердің жетістіктерінің деңгейі (1-ден 5-ке дейін) осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес ғылыми қызметкердің жетістіктерін бағалау көрсеткіштері бойынша есептелген балдардың түпкілікті саны негізінде айқындалады.
Балдардың түпкілікті саны тиісті құжаттармен расталған әрбір көрсеткіш бойынша балдарды қосу арқылы қалыптастырылады.
10. Ғылыми қызметкерлердің жетістіктерін бағалау жөніндегі комиссия ұсынылған мәліметтердің сенімділігін және растаушы құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, ғылыми қызметкердің жетістіктер деңгейін береді, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағын ресімдейді және оны ұйым басшысына бекітуге енгізеді.
11. Ғылыми қызметкердің жетістіктер деңгейі ұйым басшысының бұйрығымен жылына бір реттен жиі емес бекітіледі.
Жобаны немесе бағдарламаны іске асыру барысында ғылыми қызметкердің жетістіктер деңгейі артқан жағдайда, Қжетк ғылыми жетекшінің шешімімен тек тиісті жылға арналған еңбекақы төлеудің белгіленген бюджеті (еңбекақы төлеу қоры) шеңберінде ғана ұлғайтылады.
12. Ұйымдардың негізгі жұмыс орны бойынша ғылыми қызметкерлеріне осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес тиісті дипломы немесе білімі туралы құжатты тану туралы куәлігі болған кезде ай сайынғы қосымша ақы белгіленеді.
13. Ұйымдардың ғылыми қызметкерлерінің жалақысы, қосымша ақыларды қоса алғанда, жұмыс берушінің жұмыс уақытын есепке алу жөніндегі құжаттарында ескерілген нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.
14. Гранттық қаржыландыру жобалары және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі нысаналы бағдарламалар шегінде жұмыстарды орындау үшін лауазымдарды қоса атқарғаны немесе қызмет көрсету аймағын кеңейткені үшін ғылыми қызметкерге төленетін қосымша ақылардың жиынтық мөлшері осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес есептелген лауазымдық айлықақының 50%-ынан аспауға тиіс.
Ғылыми қызметкердің қалыпты ұзақтығы шегіндегі ескерілген жұмыс уақыты жұмыс түрлері мен қаржыландыру көздері арасында бөлінеді. Мұндай жағдайларда гранттық қаржыландыру жобасының немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі нысаналы бағдарламаның қаражаты есебінен еңбекақы төлеу мөлшері (Т) мынадай формула бойынша айқындалады:
Т = Ү х ЛА,
мұндағы:
Ү – ұйым басшысының бұйрығына сәйкес жобаны немесе бағдарламаны орындауға жұмсалатын жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығынан жұмыс уақытының үлесі.
15. Қоса атқаратын жұмыс бойынша, сондай-ақ толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы жағдайында жұмыс істейтін ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу нақты жұмыс істеген уақытына пропорционалды түрде немесе орындалған жұмыс көлеміне байланысты жүзеге асырылады.
Негізгі жұмыс орны бойынша лауазымға және қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша атқарылатын лауазымға қатысты жалақы мөлшерін айқындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес бағдарламалар/жобалар жетекшісінің ұсынуы бойынша әрбір лауазым бойынша бөлек жүргізіледі.
16. Ғылыми жобаның тиімді орындалуын қамтамасыз ету және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында бағдарламалардың/жобаның ғылыми жетекшісі күнтізбелік жылға арналған бекітілген еңбекақы төлеу қоры шеңберінде бағдарламалардың/жобаның зерттеу тобы орындаушыларының арасында еңбекақы төлеу қаражатын қайта бөледі.
17. Осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес келетін, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру және іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдарды қаржыландыру нысанында бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдар үшін осы Қағидалар осы Қағидалар қолданысқа енгізілген сәттен бастап жарияланған конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау жөніндегі міндеттемелер бойынша туындаған қатынастарға қолданылады.
| |
Мемлекеттік тапсырысты |
| |
орындайтын немесе бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыратын ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің өзге де аккредиттелген субъектілерінің ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларына 1- қосымша |
Ғылыми қызметкерлердің лауазымдарын жіктеу
Класс
|
Лауазым атауы*
|
1
|
Бас ғылыми қызметкер, профессор, зертхана меңгерушісі, бөлім меңгерушісі
|
2
|
Жетекші ғылыми қызметкер, қауымдастырылған профессор (доцент)
|
3
|
Аға ғылыми қызметкер
|
4
|
Ғылыми қызметкер, жетекші инженер
|
5
|
Кіші ғылыми қызметкер
|
6
|
Сарапшы, инженер, аға лаборант
|
7
|
Лаборант, техник, ассистент, консультант
|
Ескерту:* Ұйым жетекшілеріне осы жіктеуде көрсетілген лауазым атауларына қызметтің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атаулар қолдануға, сондай-ақ функционалдық міндеттерді ескере отырып басқа лауазым атауларын теңестіруге құқық беріледі.
| |
Мемлекеттік тапсырысты |
| |
орындайтын немесе бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыратын ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің өзге де аккредиттелген субъектілерінің ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларына 2-қосымша |
Ғылыми қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларын есептеу коэффициенттері
Сынып
|
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі (жылдар бойынша)
|
0-1
|
1-2
|
2-3
|
3-5
|
5-7
|
7-10
|
10-13
|
13-16
|
16-20
|
20-25
|
25-тен жоғары
|
1
|
1,60
|
1,63
|
1,66
|
1,69
|
1,73
|
1,76
|
1,79
|
1,83
|
1,86
|
1,89
|
1,93
|
2
|
1,45
|
1,48
|
1,51
|
1,54
|
1,57
|
1,60
|
1,63
|
1,66
|
1,69
|
1,72
|
1,75
|
3
|
1,30
|
1,35
|
1,37
|
1,40
|
1,42
|
1,45
|
1,48
|
1,51
|
1,54
|
1,57
|
1,59
|
4
|
1,02
|
1,04
|
1,06
|
1,08
|
1,1
|
1,12
|
1,14
|
1,16
|
1,18
|
1,21
|
1,23
|
5
|
0,91
|
0,94
|
0,96
|
0,98
|
1
|
1,02
|
1,04
|
1,06
|
1,08
|
1,1
|
1,12
|
6
|
0,88
|
0,9
|
0,91
|
0,93
|
0,95
|
0,97
|
0,99
|
1,01
|
1,02
|
1,04
|
1,06
|
7
|
0,86
|
0,87
|
0,89
|
0,91
|
0,92
|
0,94
|
0,96
|
0,97
|
0,99
|
1,01
|
1,03
|
| |
Мемлекеттік тапсырысты |
| |
орындайтын немесе бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыратын ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің өзге де аккредиттелген субъектілерінің ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларына 3- қосымша |
Ғылыми қызыметкердің жетістіктері үшін коэфициенттер
Ғылыми қызыметкердің жетістік деңгейі
|
Кжет
|
бірінші
|
1,10
|
екінші
|
1,20
|
үшінші
|
1,30
|
төртінші
|
1,40
|
бесінші
|
1,50
|
| |
Мемлекеттік тапсырысты |
| |
орындайтын немесе бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыратын ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің өзге де аккредиттелген субъектілерінің ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларына 4-қосымша |
Ғылыми қызметкердің жетістіктерін бағалау шкаласы
№
|
Көрсеткіштер
|
Баллдар
|
1
|
Талдап алынған ғылыми бағыт бойынша ғылыми нәтижелер (соңғы 5 жылда жарияланған төртеуден аспайтын, n – жарияланым/патент авторларының саны):
|
75
|
1.1
|
Web of Science (Уэб оф Сайнс) дерекқорында индекстелетін журналдардағы ғылыми жарияланымдар:
|
|
1.1.1
|
Science (Саенс) немесе Nature (Нэйчер) журналындағы мақала:
|
|
1.1.1.1
|
Хат-хабар алмасуға арналған бірінші автор, бірінші немесе жалғыз автор
|
35
|
1.1.1.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
35*(1/n+0,25)
|
1.1.2
|
Publication Forum (Пабликейшн Форум) (бұдан әрі - JUFO) журналдар рейтингісінің 1-деңгейіне және импакт-факторы бойынша бірінші (Q1) немесе екінші (Q2) квартильге кіретін журналдағы мақала немесе шолу ("Гуманитарлық ғылымдар және өнер" негізгі ғылыми бағыты болып табылатын ғылыми қызметкерлерді қоспағанда; бір жыл ішінде ашық қолжетімділікте 2000-нан астам мақала мен шолу жариялаған журналдарды қоспағанда):
|
|
1.1.2.1
|
Хат-хабар алмасуға арналған автор, бірінші немесе жалғыз автор
|
12
|
1.1.2.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
12*(1/n+0,25)
|
1.1.3
|
JUFO-ның 1-деңгейіне кіретін және Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс) дерекқорында индекстелетін журналдағы мақала немесе шолу (тек "Гуманитарлық ғылымдар және өнер" негізгі ғылыми бағыты болып табылатын ғылыми қызметкерлер үшін; бір жыл ішінде ашық қолжетімділікте 2000-нан астам мақала мен шолу жариялаған журналдарды қоспағанда):
|
|
1.1.3.1
|
Хат-хабар алмасуға арналған автор, бірінші немесе жалғыз автор
|
12
|
1.1.3.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
12*(1/n+0,25)
|
1.1.4
|
JUFO-ның 1-деңгейіне кіретін басқа журналдағы мақала:
|
|
1.1.4.1
|
Хат-хабар алмасуға арналған автор, бірінші немесе жалғыз автор
|
8
|
1.1.4.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
8*(1/n+0,25)
|
1.1.5
|
Импакт-факторы бойынша бірінші (Q1), екінші (Q2) немесе үшінші (Q3) квартильге кіретін журналдағы мақала ("Гуманитарлық ғылымдар және өнер" негізгі ғылыми бағыты болып табылатын ғылыми қызметкерлерді қоспағанда):
|
|
1.1.5.1
|
Хат-хабар алмасуға арналған автор, бірінші немесе жалғыз автор
|
8
|
1.1.5.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
8*(1/n+0,25)
|
1.1.6
|
Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс) дерекқорында индекстелетін журналдағы мақала немесе шолу (тек "Гуманитарлық ғылымдар және өнер" негізгі ғылыми бағыты болып табылатын ғылыми қызметкерлер үшін):
|
|
1.1.6.1
|
Хат-хабар алмасуға арналған автор, бірінші немесе жалғыз автор
|
8
|
1.1.6.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
8*(1/n+0,25)
|
1.1.7
|
Импакт-факторы бойынша бірінші (Q1) немесе екінші (Q2) квартильге және ғылым саласындағы уәкілетті органның ғылыми басылымдар тізбесінің 1-тізіміне кіретін отандық журналдағы мақала ("Гуманитарлық ғылымдар және өнер" негізгі ғылыми бағыты болып табылатын ғылыми қызметкерлерді қоспағанда):
|
|
1.1.7.1
|
Хат-хабар алмасуға арналған автор, бірінші немесе жалғыз автор
|
8
|
1.1.7.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
8*(1/n+0,25)
|
1.1.8
|
Импакт-факторы бойынша төртінші (Q4) квартильге кіретін журналдағы мақала ("Гуманитарлық ғылымдар және өнер" негізгі ғылыми бағыты болып табылатын ғылыми қызметкерлерді қоспағанда):
|
|
1.1.8.1
|
Хат-хабар алмасуға арналған автор, бірінші немесе жалғыз автор
|
5
|
1.1.8.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
5*(1/n+0,25)
|
1.1.9
|
Web of Science (Уэб оф Сайнс) дерекқорында индекстелетін басқа журналдағы мақала (тек "Гуманитарлық ғылымдар және өнер" негізгі ғылыми бағыты болып табылатын ғылыми қызметкерлер үшін):
|
|
1.1.9.1
|
Хат-хабар алмасуға арналған автор, бірінші немесе жалғыз автор
|
5
|
1.1.9.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
5*(1/n+0,25)
|
1.1.10
|
Web of Science (Уэб оф Сайнс) дерекқорында индекстелетін басқа журналдағы мақала ("Гуманитарлық ғылымдар және өнер" негізгі ғылыми бағыты болып табылатын ғылыми қызметкерлерді қоспағанда):
|
|
1.1.10.1
|
Хат-хабар алмасуға арналған автор, бірінші немесе жалғыз автор
|
3
|
1.1.10.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
3*(1/n+0,25)
|
1.2
|
Web of Science (Уэб оф Сайнс) және (немесе) Scopus (Скопус) дерекқорында индекстелетін және JUFO-ның 2-деңгейіне немесе 3-деңгейіне кіретін журналдағы мақала немесе шолу:
|
|
1.2.1
|
Хат-хабар алмасуға арналған автор, бірінші немесе жалғыз автор
|
20
|
1.2.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
20*(1/n+0,25)
|
1.3
|
Научные публикации в журналах, индексируемых в базе данных Scopus (Скопус):
|
|
1.3.1
|
CiteScore (СайтСкор) бойынша бірінші (Q1) немесе екінші (Q2) квартильге және ғылым саласындағы уәкілетті органның ғылыми басылымдар тізбесінің 1-тізіміне кіретін отандық журналдағы мақала ("Гуманитарлық ғылымдар және өнер" негізгі ғылыми бағыты болып табылатын ғылыми қызметкерлерді қоспағанда):
|
|
1.3.1.1
|
Хат-хабар алмасуға арналған автор, бірінші немесе жалғыз автор
|
8
|
1.3.1.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
8*(1/n+0,25)
|
1.3.2
|
JUFO-ның 1-деңгейіне және CiteScore (СайтСкор) бойынша бірінші (Q1) немесе екінші (Q2) квартильге кіретін журналдағы мақала ("Гуманитарлық ғылымдар және өнер" негізгі ғылыми бағыты болым табылатын ғылыми қызметкерлерді қоспағанда):
|
|
1.3.2.1
|
Хат-хабар алмасуға арналған автор, бірінші немесе жалғыз автор
|
8
|
1.3.2.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
8*(1/n+0,25)
|
1.3.3
|
JUFO-ның 1-деңгейіне кіретін басқа журналдағы мақала (тек "Гуманитарлық ғылымдар және өнер" негізгі ғылыми бағыты болып табылатын ғылыми қызметкерлер үшін):
|
|
1.3.3.1
|
Хат-хабар алмасуға арналған автор, бірінші немесе жалғыз автор
|
8
|
1.3.3.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
8*(1/n+0,25)
|
1.3.4
|
JUFO-ның 1-деңгейіне кіретін басқа журналдағы мақала ("Гуманитарлық ғылымдар және өнер" негізгі ғылыми бағыты болып табылатын ғылыми қызметкерлерді қоспағанда):
|
|
1.3.4.1
|
Хат-хабар алмасуға арналған автор, бірінші немесе жалғыз автор
|
5
|
1.3.4.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
5*(1/n+0,25)
|
1.3.5
|
Scopus (Скопус) дерекқорында индекстелетін басқа журналдағы мақала (тек "Гуманитарлық ғылымдар және өнер" негізгі ғылыми бағыты болып табылатын ғылыми қызметкерлер үшін):
|
|
1.3.5.1
|
Хат-хабар алмасуға арналған автор, бірінші немесе жалғыз автор
|
5
|
1.3.5.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
5*(1/n+0,25)
|
1.3.6
|
Scopus (Скопус) дерекқорында индекстелетін басқа журналдағы мақала ("Гуманитарлық ғылымдар және өнер" негізгі ғылыми бағыты болып табылатын ғылыми қызметкерлерді қоспағанда):
|
|
1.3.6.1
|
Хат-хабар алмасуға арналған автор, бірінші немесе жалғыз автор
|
3
|
1.3.6.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
3*(1/n+0,25)
|
1.4
|
Жоғары цитаталанатын мақалалар ("Гуманитарлық ғылымдар және өнер" негізгі ғылыми бағыты болып табылатын ғылыми қызметкерлерді қоспағанда; бірінші жарияланғаннан кейін 1 жылдан астам уақыт өтті; Scopus (Скопус) дерекқорына сәйкес өз-өзіне сілтеме жасау үлесі 50%-дан аспайды):
|
|
1.4.1
|
Web of Science (Уэб оф Сайнс) дерекқорында цитаталар саны бойынша Топ 1%-ға кіретін мақала
|
|
1.4.1.1
|
Хат-хабар алмасуға арналған автор, бірінші немесе жалғыз автор
|
35
|
1.4.1.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
35*(1/n+0,25)
|
1.4.2
|
Web of Science (Уэб оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) дерекқорында цитаталар саны бойынша Топ 10%-ға кіретін мақала
|
|
1.4.2.1
|
Хат-хабар алмасуға арналған автор, бірінші немесе жалғыз автор
|
24
|
1.4.2.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
24*(1/n+0,25)
|
1.5
|
Ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған отандық журналдардағы ғылыми жарияланымдар::
|
|
1.5.1
|
Ғылыми басылымдар тізбесінің 1-тізіміне кіретін журналдағы мақала (тек "Гуманитарлық ғылымдар және өнер", "Әлеуметтік ғылымдар" немесе "Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік" негізгі ғылыми бағыты болып табылатын ғылыми қызметкерлер үшін):
|
|
1.5.1.1
|
Хат-хабар алмасуға арналған автор, бірінші немесе жалғыз автор
|
8
|
1.5.1.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
8*(1/n+0,25)
|
1.5.2
|
Ғылыми басылымдар тізбесінің 1-тізіміне кіретін журналдағы мақала ("Гуманитарлық ғылымдар және өнер", "Әлеуметтік ғылымдар" немесе "Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік" негізгі ғылыми бағыты болып табылатын ғылыми қызметкерлерді қоспағанда):
|
|
1.5.2.1
|
Хат-хабар алмасуға арналған автор, бірінші немесе жалғыз автор
|
5
|
1.5.2.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
5*(1/n+0,25)
|
1.5.3
|
Ғылыми басылымдар тізбесінің 2-тізіміне кіретін журналдағы мақала:
|
|
1.5.3.1
|
Хат-хабар алмасуға арналған автор, бірінші немесе жалғыз автор
|
3
|
1.5.3.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
3*(1/n+0,25)
|
1.6
|
Elsevier (Елсивиэр), Brill (Брилл), CRC Press (СРС Прес), DeGruyter (ДэГрютер), Edward Elgar Publishing (Едвард Елгар Паблишинг), John Wiley & Sons (Джон Уилэй энд Сонс), McGraw Hill (МакГроу Хил), Palgrave Macmillan (Палгрэйв Макмиллан), Peter Lang (Питер Ланг), Prentice Hall (Прентис Холл), Routledge (Роутлэдж), Sage Publications (Сэйдж Пабликэйшнс), Springer Nature (Спрингер Нэйчер), Taylor and Francis (Тэйлор энд Фрэнсис), Wolters Kluwer (Уолтэрс Клууэр) баспасынан немесе Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкинг оф Уорлд Юниверситис), Times Higher Education (Таймс Хайер Эдукейшн) немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкингс) бас рейтингісінің топ-100-іне кіретін ЖОООБҰ баспасынан жарық көрген монография:
|
|
1.6.1
|
Жалғыз автор
|
30
|
1.6.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
30*(1/n+0,25)
|
1.7
|
Глава в монографии, опубликованной издательством Elsevier (Елсивиэр), Brill (Брилл), CRC Press (СРС Прес), DeGruyter (ДэГрютер), Edward Elgar Publishing (Едвард Елгар Паблишинг), John Wiley & Sons (Джон Уилэй энд Сонс), McGraw Hill (МакГроу Хил), Palgrave Macmillan (Палгрэйв Макмиллан), Peter Lang (Питер Ланг), Prentice Hall (Прентис Холл), Routledge (Роутлэдж), Sage Publications (Сэйдж Пабликэйшнс) , Springer Nature (Спрингер Нэйчер), Taylor and Francis (Тэйлор энд Фрэнсис), Wolters Kluwer (Уолтэрс Клууэр) или издательством ОВПО, входящего в топ-100 генерального рейтинга Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкинг оф Уорлд Юниверситис), Times Higher Education (Таймс Хайер Эдукейшн) или US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкингс):
|
15*(1/n+0,25)
|
1.7.1
|
Жалғыз автор
|
15
|
1.7.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
15*(1/n+0,25)
|
1.8
|
Отандық баспадан жарық көрген монография (екі ғылым докторының, профессор ғылыми атағы бар тұлғалардың рецензиялары болған кезде)
|
|
1.8.1
|
Жалғыз автор
|
12
|
1.8.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
12*(1/n+0,25)
|
1.9
|
Басқа баспадан жарық көрген монография (екі ғылым докторының, профессор ғылыми атағы бар тұлғалардың және (немесе) Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкинг оф Уорлд Юниверситис), Times Higher Education (Таймс Хайер Эдукейшн) немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкингс) бас халықаралық рейтингілерінің Топ-200-іне кіретін университеттерден штаттық профессорлардың рецензиялары болған кезде):
|
|
1.9.1
|
Жалғыз автор
|
12
|
1.9.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
12*(1/n+0,25)
|
1.10
|
Қорғау құжаты, оны берген:
|
|
1.10.1
|
АҚШ, Еуропалық одақ немесе Жапонияның патенттік ведомствосы:
|
|
1.10.1.1
|
Жалғыз автор
|
25
|
1.10.1.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
25*(1/n+0,25)
|
1.10.2
|
Халықаралық немесе шетелдік патенттік ұйым:
|
|
1.10.2.1
|
Жалғыз автор
|
15
|
1.10.2.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
15*(1/n+0,25)
|
1.10.3
|
Қазақстан Республикасының патенттік ведомствосы (артықшылықтары JUFO-ның 2-деңгейіне немесе 3-деңгейіне кіретін журналда жарияланған мақалада дәлелденген өнертабысқа патент):
|
|
1.10.3.1
|
Жалғыз автор
|
20
|
1.10.3.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
20*(1/n+0,25)
|
1.10.4
|
Қазақстан Республикасының патенттік ведомствосы (артықшылықтары JUFO-ның 1-деңгейіне кіретін журналда жарияланған мақалада дәлелденген өнертабысқа патент):
|
|
1.10.4.1
|
Жалғыз автор
|
15
|
1.10.4.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
20*(1/n+0,25)
|
1.10.5
|
Қазақстан Республикасының патенттік ведомствосы (артықшылықтары ғылыми басылымдар тізбесінің 1-тізіміне кіретін отандық журналда жарияланған мақалада дәлелденген өнертабысқа патент):
|
|
1.10.5.1
|
Жалғыз автор
|
15
|
1.10.5.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
20*(1/n+0,25)
|
1.10.6
|
Қазақстан Республикасының патенттік ведомствосы (өнертабысқа патент):
|
|
1.10.6.1
|
Жалғыз автор
|
10
|
1.10.6.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
10*(1/n+0,25)
|
1.10.7
|
Қазақстан Республикасының патенттік ведомствосы (өнертабысқа патент):
|
|
1.10.7.1
|
Жалғыз автор
|
5
|
1.10.7.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
5*(1/n+0,25)
|
1.10.8
|
Қазақстан Республикасының патенттік ведомствосы (авторлық куәлік, тек "Гуманитарлық ғылымдар және өнер" негізгі ғылыми бағыты болып табылатын ғылыми қызметкерлер үшін):
|
|
1.10.8.1
|
Жалғыз автор
|
5
|
1.10.8.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
5*(1/n+0,25)
|
1.11
|
Ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған, оның ішінде "Құпия" деген белгімен немесе "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгімен шығарылатын журналдағы мақала (тек "Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік" негізгі ғылыми бағыты болып табылатын ғылыми қызметкерлер үшін)
|
|
1.11.1
|
Хат-хабар алмасуға арналған автор, бірінші немесе жалғыз автор
|
10
|
1.11.2
|
Қосалқы автор (n>1)
|
10*(1/n+0,25)
|
2
|
Талдап алынған ғылыми бағыт бойынша соңғы 5 жылда импакт-факторы бойынша алғашқы үш квартильге (Q1-Q3) немесе Web of Science дерекқорындағы Arts and Humanities Citation Index-ке кіретін, не Scopus дерекқорындағы CiteScore бойынша процентилі 50-ден кем емес журналда жарияланған, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education немесе US News Best Global Universities Rankings бас рейтингісінің алғашқы 500 (бес жүз) қатарына кіретін шетелдік университеттің профессорымен қосалқы авторлықта жарияланған кемінде бір мақаланың болуы
|
≤5
|
2.1
|
Бар
|
5
|
2.2
|
Жоқ
|
0
|
3
|
Соңғы 5 жылда ЖОООБҰ-да Еуропалық кредиттерді аудару және жинақтау жүйесі бойынша жиынтық көлемі кемінде 3 болатын кемінде бір пәнді немесе бірнеше пәнді оқыту
|
5
|
3.1
|
Бар
|
5
|
3.2
|
Жоқ
|
0
|
4
|
Соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі берілген кадрларды даярлау
|
10
|
4.1
|
Жалғыз отандық ғылыми консультант ретінде
|
10
|
4.2
|
Екі немесе одан да көп отандық ғылыми консультанттың бірі ретінде
|
5
|
4.3
|
Жоқ
|
0
|
5
|
Соңғы 5 жылда өндіріске енгізілген ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері, бірақ екі нәтижеден аспайды
|
20
|
5.1
|
Ғылыми-техникалық өнімді (жаңа технологияларды, әдістемелерді, бағдарламалық қамтылымды, техникалық құжаттаманы, проблемаларды шешуге арналған ұсынымдарды, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлемелерді, географиялық, геологиялық, сейсмикалық және басқа да карталарды, жаңа материалдарды, заттарды, жабдықтарды, препараттарды, құралдарды, емдеу хаттамаларын және басқаларды) пайдалануға арналған лицензиялық шарт (екіден аспайды) (n – авторлардың саны).
|
10/n
|
5.2
|
Іргелі немесе қолданбалы зерттеулер нәтижелерін мемлекеттік басқаруға, ғылыми кадрларды даярлауға, оқу процесіне, жедел, қызметтік-жауынгірлік қызметке енгізу актісі (екіден аспайды) (n – авторлардың саны).
|
5/n
|
Ескертпелер:
1. 1-көрсеткіш бойынша ғылыми қызметкер ең жоғары балдарды беретін төртеуден аспайтын жарияланымның шығу деректерін көрсетеді (n – авторлардың санын есепке ала отырып). Халықаралық журналдардағы мақалалар үшін ғылыми қызметкер атауын (жарияланым тілінде), жарияланған жылын, Digital Object Identifier (DOI) (Диджитал Обжэкт Идентифайер, ДОЙ), не Web of Science (Уэб оф сайнс) дерекқорындағы Accession Number (Аксесшн Намбер) немесе Scopus (Скопус) дерекқорындағы Electronic identifier (Электроник Идентифаер) көрсетеді, сондай-ақ Portable Document Format (PDF) (Портабл Документ Формат, ПДФ) форматындағы оттискіні қоса береді.1.1-1.4 және 2-тармақтардың көрсеткіштері үшін журнал Web of Science (Уэб оф сайнс) дерекқорында импакт-факторы бойынша тиісті квартильге кіретін не Scopus (Скопус) дерекқорында CiteScore бойынша тиісті процентилі бар санат көрсетіледі.
Тиісті дерекқорларда бар, мақала (article) (артикль) немесе шолу (review) (ревью) деген тиісті типі бар, оларда ғылыми қызметкердің аффилиациясы ретінде қазақстандық ұйым немесе Қазақстан Республикасы көрсетілген жарияланымдар ғана есепке алынады.
Ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған журналдардағы жарияланымдар үшін ғылыми қызметкер олардың атауын (жарияланым тілінде), жарияланған жылын, DOI немесе URL мекенжайын көрсетеді, сондай-ақ Portable Document Format (PDF) (Портабл Документ Формат, ПДФ) форматындағы оттискілерді қоса береді.
Монографиялар мен олардағы тараулар үшін атаулары, жарияланған жылдары, баспалардың атаулары, International Standard Book Number (ISBN) (Интернэйшнал Стандарт Бук Намбер, АйЭсБиЭн), DOI және URL мекенжайлары келтіріледі, сондай-ақ растайтын скриншоттар немесе бейнежазбалар қоса беріледі. Монографияларға арналған DOI және URL мекенжайлары баспаның ресми веб-сайтындағы қысқаша сипаттамасы, мазмұны және монографияны қайдан сатып алуға немесе оқуға болатыны туралы ақпараты бар веб-парақшаны ашуы тиіс.
1.6-1.7 және 2-тармақтардың көрсеткіштері бойынша Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкинг оф Уорлд Юниверситис), Times Higher Education (Таймс Хайер Эдукейшн) немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкингс) бас рейтингісінің топ-100-іне кіретін ЖОО үшін ғылыми қызметкер рейтингінің тиісті парақшасына URL-сілтемені де көрсетеді және оның скриншотын қоса береді.
Ғылыми қызметкер екіден аспайтын патентті және (немесе) авторлық куәлікті көрсете алады. Негізгі ғылыми бағыты "Жаратылыстану ғылымдары", "Техникалық ғылымдар", "Медицина ғылымдары және денсаулық сақтау", "Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары" болып табылатын ғылыми қызметкер монографиядағы бірден аспайтын монографияны немесе тарауды көрсете алады..
Цитаталар саны бойынша алғашқы 1% және алғашқы 10% қатарына кіретін мақалалар олар алғаш жарияланғаннан кейін (күні көрсетілсін) кемінде 1 жыл өткен жағдайда ғана есепке алынады.
Жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар (инжиниринг және технологиялар), медицина ғылымдары және денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары бойынша Web of Science (Уэб оф Сайнс) және Scopus (Скопус) дерекқорларында цитаталар саны бойынша алғашқы 1% және алғашқы 10% қатарына кіретін мақалалардың тізімдері уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде жарияланады.
1.8 және 1.9-көрсеткіштер бойынша ғылыми қызметкер екі рецензенттің тегін, атын және әкесінің атын (бар болса), ғылыми дәрежелерін және (немесе) атақтарын, не олардың лауазымдары мен жұмыс орындарын (университеттердің атауын) да көрсетеді, сондай-ақ тиісті рецензиялардың көшірмелерін қоса береді. Бас халықаралық рейтингілердің алғашқы 200 (бес жүз) қатарына кіретін университеттердің штаттық профессорлары болып табылатын рецензенттер үшін ғылыми қызметкер рейтингінің тиісті парақшасына URL-сілтемені де көрсетеді және оның скриншотын қоса береді.
1.10-көрсеткіш бойынша ғылыми қызметкер қорғау құжатының атауын, нөмірін және берілген жылын, патенттеу елін (өңірін) көрсетеді және оның көшірмесін қоса береді. 1.10.3, 1.10.4 және 1.10.5-көрсеткіштер бойынша ғылыми қызметкер патенттелген өнертабыстың артықшылықтары дәлелденген мақаланың атауын (жарияланым тілінде), жарияланған жылын, Digital Object Identifier (DOI) (Диджитал Обжэкт Идентифайер, ДОЙ), не Web of Science (Уэб оф сайнс) дерекқорындағы Accession Number (Аксесшн Намбер) немесе Scopus (Скопус) дерекқорындағы Electronic identifier (Электроник Идентифаер) қосымша көрсетеді, сондай-ақ Portable Document Format (PDF) (Портабл Документ Формат, ПДФ) форматындағы оттискіні қоса береді.
2. 2-көрсеткіш бойынша ғылыми қызметкер мақаланың (дерекқордағы типі – мақала/article) атауын, жарияланған жылын, DOI-ін, не Web of Science-тегі Accession Number-ін немесе Scopus-тағы EID-ін, профессордың тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), университеттің атауын, рейтингтің атауын және рейтингтің тиісті парақшасына URL-сілтемені көрсетеді, сондай-ақ оның скриншотын қоса береді.
3. 3-көрсеткіш бойынша ғылыми қызметкер ЖОООБҰ-ның, пәннің атауын және оның Еуропалық кредиттерді аудару және жинақтау жүйесіндегі көлемін, оқыту кезеңін көрсетеді, сондай-ақ үміткердің пәнді оқытуды аяқтағаны туралы ЖОООБҰ-ның бірінші басшысы немесе оның орынбасары куәландырған растауды қоса береді.
4. 4-көрсеткіш бойынша ғылыми қызметкер даярланған шәкірттің тегін, атын және әкесінің атын (бар болса), диплом нөмірін (бар болса), берілген жылын (немесе қорғаған жылын), қорғау туралы хабарландыруға URL-сілтемені, не диссертациялық кеңестің сайтындағы диссертацияға URL-сілтемені, не диссертация қорғау бейнежазбасын көруге арналған URL-сілтемені көрсетеді, сондай-ақ дипломның көшірмесін (не дәреже беру туралы ЖОООБҰ бұйрығының немесе бұйрықтан үзінді көшірменің көшірмесін) қоса береді.
5. 5.1-көрсеткіш бойынша ғылыми қызметкер енгізу актісін алған жылды, әзірленген ғылыми-техникалық өнімнің атауын, әзірлеушілердің санын және олардың тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсетеді, сондай-ақ "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу (пайдалану) актісінің нысанын және оны келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 31 қазандағы № 509 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37341 болып тіркелген) сәйкес дайындалған енгізу актісінің көшірмесін қоса береді не лицензиялық шарттың нөмірі мен күнін, әзірленген ғылыми-техникалық өнімнің атауын, әзірлеушілердің санын және олардың тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсетеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Патент заңының 14-бабына сәйкес өнеркәсіптік меншіктің қорғалатын объектілерінің мемлекеттік тізілімдерінде тіркелген лицензиялық шарттың көшірмесін қоса береді.
5.2-көрсеткіш бойынша ғылыми қызметкер енгізу актісін алған жылды, іргелі немесе қолданбалы зерттеулер нәтижесінің атауын, авторлардың санын және олардың тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсетеді, сондай-ақ енгізу актісінің және тиісті ғылыми жарияланымдардың көшірмелерін қоса береді.
6. Журналдың квартилі немесе процентилі өтінімде көрсетілген үміткердің ғылым саласына сәйкес келетін санат бойынша жарияланған жылы үшін есепке алынады. Жарияланған жылы деп дерекқорда көрсетілген жыл есептеледі.
Web of Science дерекқорында индекстелетін жарияланымдар үшін жарияланған жылы деп Early Access Year (ерте қолжетімділік жылы) есептеледі. Квартиль немесе процентиль тиісті дерекқордан алынған скриншотпен расталуы тиіс. Жарияланған жылы үшін квартиль Journal Citation Reports (Джоурнал Ситешйн Репортс) дерекқорынан алынған скриншотпен расталады.
JUFO журналдар рейтингісіндегі деңгей https://jfp.csc.fi/jufoportal сайтына сәйкес жарияланған жылы үшін айқындалады. Егер журнал бағалау жүргізілген күнге 1, 2 немесе 3-деңгейге кірмейтін болса, онда бұл журналдағы жарияланымдар 1.1.2, 1.1.3, 1.1.4, 1.2, 1.3.2, 1.3.3 және 1.3.4-тармақшалар шеңберінде есепке алынбайды.
Құжаттарды тапсыру сәтінде түрлі бұзушылықтар үшін Scopus дерекқорында индекстелуі тоқтатылған журналдардағы (Elsevier (Елсивиэр) компаниясының ресми сайтындағы Scopus discontinued sources list (Скопус дисконтинюед сорсес лист) тізіміне сәйкес) жарияланымдар есепке алынбайды.
| |
Мемлекеттік тапсырысты |
| |
орындайтын немесе бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыратын ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің өзге де аккредиттелген субъектілерінің ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларына 5-қосымша |
Ғылыми қызметкерлердің жетістіктері деңгейін бағалау шкаласы
Ғылыми қызметкердің жетістік деңгейі
|
Ғалымның жетістіктерін бағалау шкаласы бойынша балдардың қосындысы
|
бірінші
|
20 – 34 балл
|
екінші
|
35 – 49 балл
|
үшінші
|
50 – 64 балл
|
төртінші
|
65 – 79 балл
|
бесінші
|
80 балл және одан жоғары
|
| |
Мемлекеттік тапсырысты |
| |
орындайтын немесе бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыратын ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің өзге де аккредиттелген субъектілерінің ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларына 6-қосымша |
Ғылыми қызметкердің жетістіктер деңгейін айқындауға арналған бағалау парағы
№__________ "___" ____________ 20 ж.
_____________________________________________________________________
Ғылыми қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ЖСН
_____________________________________________________________________
Ұйымның атауы
_____________________________________________________________________
ғылыми бағыттар сыныптауышының бірінші деңгейіндегі негізгі ғылыми бағыт
№
|
Көрсеткіштер
|
Тармақшаның нөмірі
|
Балдар
|
1
|
Тізбеленген ғылыми бағыт бойынша ғылыми нәтижелер (соңғы 5 жылда жарияланған төртеуден асырмай, n – жарияланым/патент авторларының саны):
|
-
|
|
1-жарияланым
|
|
|
2-жарияланым
|
|
|
3-жарияланым
|
|
|
4-жарияланым
|
|
|
2
|
Соңғы 5 жылда таңдалған ғылыми бағыт бойынша Web of Science дерекқорындағы импакт-факторы бойынша алғашқы үш квартильге (Q1-Q3) немесе Arts and Humanities Citation Index-ке кіретін, не Scopus дерекқорындағы CiteScore бойынша процентилі кемінде 50 болатын журналда Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education немесе US News Best Global Universities Rankings бас рейтингінің алғашқы 500 (бес жүз) қатарына кіретін шетелдік университеттің профессорымен тең авторлықта жарияланған кемінде бір мақаланың болуы
|
|
|
3
|
Соңғы 5 жылда ЖЖОӨКБ-да Кредиттерді аудару мен жинақтаудың еуропалық жүйесі бойынша жиынтық көлемі кемінде 3 болатын ең кемі бір пәнді немесе бірнеше пәнді оқыту
|
|
|
4
|
Соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі берілген кадрларды даярлау
|
|
|
5
|
Соңғы 5 жылда өндіріске енгізу бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері, бірақ екі нәтижеден асырмай:
|
-
|
|
1-нәтиже
|
|
|
2-нәтиже
|
|
|
Балдардың ЖИЫНТЫҒЫ (бүтін мәнге дейін дөңгелектеу керек)
|
-
|
|
Балдардың түпкілікті саны Ғылыми қызметкерлердің жетістіктері деңгейін бағалау
шкаласына сәйкес ғылыми қызметкер жетістіктерінің _____________ деңгейіне сай
келеді
Растаушы құжаттардың көшірмелері тізімдеме бойынша қоса беріледі:
________________________________________
________________________________________
________________________________________
Комиссия төрағасы:
__________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Комиссия мүшелері:
__________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
Секретарь Комиссии: ___________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы
Ғылыми нәтижелілік көрсеткіштері бойынша келтірілген мәліметтерді растаймын:
_____________________________________________________________________
Қосымша ақы алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) жазбаша, қолы
____________________ күні
| |
Мемлекеттік тапсырысты |
| |
орындайтын немесе бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыратын ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің өзге де аккредиттелген субъектілерінің ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларына 7-қосымша |
Базалық қаржыландыру және іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру шеңберінде немесе гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобалары бойынша бекітілген сомалар шегінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне ғылыми атағы мен ғылыми дәрежесі үшін берілетін қосымша төлемдер
Ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор
|
17 АЕК
|
Көрсетілген қосымша төлем ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғылыми қызметкерлерге базалық қаржыландыру және іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру шеңберінде немесе гранттық және бағдарламалық-нысаналы жобалар бойынша бекітілген сома шегінде белгіленеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын педагогтерге, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе жарғылық капиталындағы дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50%-нан астамы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын педагогтерге, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жағдайда, жоғары білікті ғылыми кадрларды аттестаттау саласындағы уәкілетті орган берген тиісті дипломы немесе білім туралы құжаттың танылғаны жөніндегі куәлігі болған кезде, төлем негізгі жұмыс орны бойынша жүргізіледі.
|
Ғылым докторы
|
34 АЕК
|
Ғылым кандидаты дәрежесі бар қауымдастырылған профессор (доцент), философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор
|
25 АЕК
|
Ғылым докторы дәрежесі бар қауымдастырылған профессор (доцент)
|
42 АЕК
|
Ғылым кандидаты дәрежесі бар профессор, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор және ғылым докторы
|
50 АЕК
|