О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 15 декабря 2025 года № 1034 "Об утверждении Правил ведения личных дел, содержащих персональные данные сотрудника органов внутренних дел Республики Казахстан"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 20 июля 2026 года № 514

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 15 декабря 2025 года № 1034 "Об утверждении Правил ведения личных дел, содержащих персональные данные сотрудника органов внутренних дел Республики Казахстан" следующие изменения:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. При поступлении кандидата в органы внутренних дел, курсанта на очное обучение в ведомственные организации образования, кадровой службой формируется личное дело, к которому приобщаются все материалы изучения и в дальнейшем сведения трудовой деятельности и стаже правоохранительной службы и иные сведения, связанные с поступлением на правоохранительную службу, ее прохождением и увольнением с правоохранительной службы, необходимые для обеспечения деятельности правоохранительного органа";

      подпункт 3) пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "3) защита персональных данных сотрудника от неправомерного их использования или утраты обеспечивается за счет средств правоохранительного органа в порядке, установленном Законом и иными законами Республики Казахстан;".

      2. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на начальника Департамента по работе с личным составом Министерства внутренних дел (Мырзабеков О.С.).

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Министр Е. Саденов

"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің дербес деректерін қамтитын жеке істерді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №1034 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 20 шiлдедегi № 514 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің дербес деректерін қамтитын жеке істерді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 1034 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кандидат ішкі істер органдарына, курсант ведомстволық білім беру ұйымдарына күндізгі оқуға түскен кезде кадр қызметі жеке ісін қалыптастырады, оған зерделеудің барлық материалдары және одан әрі құқық қорғау қызметіндегі еңбек қызметі мен өтілінің мәліметтері және құқық қорғау қызметіне кіруге, оны өткеруге және құқық қорғау қызметінен шығуға байланысты құқық қорғау қызметін қамтамасыз етуге қажетті өзге де мәліметтер қоса тіркеледі";

      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қызметкердің дербес деректерін оларды заңсыз пайдаланудан немесе жоғалтудан қорғау Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен құқық қорғау органының қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі;".

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрлігінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаментінің бастығына (О.С. Мырзабеков) жүктелсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Саденов