Об установлении публичного сервитута для проведения работ по разведке полезных ископаемых товариществу с ограниченной ответственностью "Kazakhstan Westerfield Mining"

Постановление акимата Айтекебийcкого района Актюбинской области от 16 июля 2026 года № 199

      В соответствии с подпунктом 1-1) статьи 17, пунктом 4 статьи 69 и пунктом 2 статьи 71-1 Земельного кодекса Республики Казахстан, статьями 31, 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Айтекебийского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить публичный сервитут товариществу с ограниченной ответственностью "Kazakhstan Westerfield Mining" по лицензии № 4385-EL от 12 мая 2026 года на земельный участок, расположенный на территории Айтекебийского района общей площадью – 872,813 гектар для разведки твердых полезных ископаемых, сроком до 12 мая 2032 года, без изъятия у землепользователей.

      2. Государственному учреждению "Айтекебийский районный отдел сельского хозяйства и земельных отношений" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) Направление настоящего постановления на официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) Размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Айтекебийского района после его официального опубликования.

      3. Товариществу с ограниченной ответственностью "Kazakhstan Westerfield Mining" обеспечить компенсацию за причиненные убытки землепользователям участков и по окончанию работы по разведке полезных ископаемых, провести рекультивацию нарушенных земель.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Айтекебийского района.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Айтекебийского района Д. Тугузбаев

"Kazakhstan Westerfield Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 16 шілдедегі № 199 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына және 71-1 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Kazakhstan Westerfield Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін, Әйтеке би ауданында орналасқан 2026 жылғы 12 мамырдағы № 4385-EL лицензиясы бойынша жалпы алаңы 872,813 гектар жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2032 жылдың 12 мамырына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресмі жариялауға жіберуді;

      2) Осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "Kazakhstan Westerfield Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер пайдаланушыларға қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би ауданының әкімі Д. Тоғызбаев